«Parkour party» варкауттан облыстық турниріне шақырамыз!

0
1156

ПРЕСС-АНОНС 

Күні: 28.05.2017

Уақыты: 19.00

Орны: Байқоңыр қаласы, Ю.Гагарин ескерткіші

2017 жылы 27 маусым күні Қызылорда қаласы, Урбан парк спорт алаңында Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша «Сана» зияткер жастар мектебі» Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен «ЖАСТАР FEST-QYZYLORDA» шығармашыл жастарды дамыту орталығы қызметін ұйымдастыру (көше билері, рэп, брэйк-данс және т.б.) әлеуметтік жобасының аясында «Parkour party» варкауттан облыстық турнирі өткізіледі.

Субмәдениет өкілдерінің бірі паркур бағытындағы шығармашылықпен шұғылданушы жастар болып табылады. Паркур — бөгеттерден асу, бағындыру ұғымынан туған көркемөнер спорттың бір түрі. Бұл спорт дене бұлшық еттерінің мықты дайындығын, тез шапшаңдықты және экстремалдылықты талап ететін спорттың бір түрі. Бұл өнер бүкіл әлемде кеңінен тарап, жастар арасындағы бүгінгі әуесқой спортқа айналуда. Паркурдың басқа спорттан ерекшелігі — көптеген тосқауылдарды бағындыруда. Аталған турнир аясында облыс аймағындағы осы спорт түрімен айналысатын жастар өкілдерінің басын біріктіру, достық  қарым-қатынастарды нығайту және база жасақтау басты мақсат.

Турнир барысында қатысушылар  экстремалды көрсетілімдері арқылы сайысқа түседі. Қойылым (трюк) қиындығы, техникалық орындалуы, шеберлігі сынды критерийлері бойынша бағаланады.

Сайыста үздік шыққан жеңімпаздар мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарға ие болады.

Ұйымдастырушылар:  Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы,  «Сана» зияткер жастар мектебі» Қоғамдық Қоры

Байланыс:    +7 747 530 85 79

sabirzhan.kenshilik@gmail.com


ПІКІР ҚАЛДЫРУ