«Құпия аралдарға саяхат» — Ұйымдастырылған оқу қызметі

0
2207

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

МКҚК «№11 «Шағала» балабақшасы

Джолаева Меруерт Нурадиновна

 

Тақырыбы: «Құпия аралдарға саяхат»

Мақсаты:

  • Балаларға қызықты есептерді бере отырып балаларды ұйымшылдыққа,жылдамдыққа тәрбиелеу.
  • Балаларды 10 көлеміндегі сандарды дұрыс санай білуге сандардың рет қатарын жаңылмай айтуға көп-аз,артық-кем, биік – аласа ұғымдарын түсініп айтуға үйрету.

Оқу – қызметінің  көрнекілігі: кеменің суреті, үлестірмелі кұралдар, тапсырмалар жазылған кағаз, чунга чанга киімі, шарлар.

Оқу  қызметінің  барысы:

— Сәлеметсіздер ме балалар!

— Қараңдаршы, бізге бүгін қонақтар келіпті, кәне амандасайық!

-Сәлеметсізбе!

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қазір жылдың күз мезгілі.

-Жарайсындар күз мезгілі бізде қанша уакыт қонақта болады?

-Үш ай қонақта болады.

-Жарайсындар балалар!  Біз бүгін құпия аралдарға саяхат жасаймыз. Ол жақта біздер біз ол қиындықтарды тапсырмаларды шешу арқылы жеңеміз. Балалар біз ол аралдарға теңіз арқылы барумыз керек. Мына суреттердің ішінен қай көлікпен саяхатқа шыға аламыз?

— Кемемен.

— Жарайсындар балалар. Бәріміз алдымыздағы геометриялық пішіндерден кеме құрастырайық. Біз кандай пішіндерден кеме құрастырдық.

-Үш үшбұрыш бір төрт бұрыштан  құрастырамыз.

— Жарайсыңдар біздің кемеміз дайын болды. Ал енді мына баспалдақпен кемеге міну үшін 10ға дейін санайық.  Міне біз саяхатқа шығуға дайынбыз. Біз саяхаттап келеміз. Балалар жолда уақытты тиімді өткізу үшін көңілді жұмбақ жасырайын шешуін табыңдар.

Бір көжекке бір көжек

Келе қалды қонаққа

Бес сәбіздеп бірден жеп

Тойып алды тамаққа

Аайтыңдаршы балалар

Қанша сәбіз барлығы     (Он)

Ұлпа жүнін қыздырып

Күн шуақта бір күшік

Отыр еді жақында

Келе тағы бір күшік

Нешеу болды сен сана    (екі)

-Ой ,балалар қараңдаршы  біз бір аралға келдік.Бұл аралдың аты  — «Қызықты қалалар аралы» деп аталады екен. Балалар қараңдаршы бұл аралда көп үйлер бар екен қане санайықшы?

— (1,2,3,4,5,6,7,8,9,10) барлығы қанша үй екен?

-(10  үй)

Жарайсыңдар! Қараңдаршы мына үйлер қызықты үйлер екен. Мына үйлердің бір бірінен айырмашылықтары неде балалар?

— Бір үйде бір терезе қалғандарында екі терезе,үшінші үй басқа үйлерге қарағанда биік,төртінші үйдің шатыры тіктөртбұрыш,ал қалған үйлердің шатыры үшбұрыш.

— Жарайсыңдар! Біз «Қызықты қалалар аралын» тамашаладық! Енді біз әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық. Біздің саяхат сендерге ұнап жатырма балалар?

— Ия

-Енді біз келесі аралға тез жету ушін мен сендерге сұрактар қоямын сендер дұрыс жауап берсендер біз келесі аралға тез жететін боламыз жауап беремізбе балалар

-Ия

-Олай болса  мұқият тындандар

  1. Доп ауырма, әлде шар ауырма?
  2. Жирафтың бойы биікпе,әлде кірпінің бойы биікпе?
  3. Бағдаршамда неше көз бар?
  4. Жұдырықта неше саусақ бар?
  5. Жұлдыздың неше бұрышы бар?
  6. Неше күн балабақшаға келеміз,
  7. Сиырдың неше аяғы бар?

-Жарайсыңдар сендер барлық сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер.

-Балалар сендер катты шаршаган боларсындар ендеше орнымыздан турып, бір сергіп алайық

Сергіту сәті:

-Жарайсыңдар балалар орнымызға отырайық

— Балалар   айтканымдай біз келесі аралға келипте калыппыз ғой . Бұл Чунга Чанганың аралы екен балалар  тындандаршы біреу келе  жаткан сияқты.

-Чунга чанга залга кіреді.

Чунга чанга:

— Саламатсызба  балалар  сендер менің аралыма кош келдіңдер  менің аралымда көптеген жеміс жидектер бар сендер жегілерің келема?

-Ия

-Онда сендер менің тапсырмаларымды  орындасандар мен сендерге  жеміс жидектер беремін орындайсыңдарма балалар

-Ия

— Мен тапсырмамды апайларыңа берейін

-Қане біз Чунга чанганың тапсырмасын ашып қарайық бірінші тапсырма. Бұл алдымыздағы геометриялық пішіндерді толтырамыз. Балалар толтырғанша  жеке жұмыс жасайды.

Балалар жарайсыңдар, сендер Чунга чанганың барлық тапсырмасын  орындадыңдар. Чунга чанга :

-Ия балалар  сендер менің барлық тапсырмамды дұрыс орындадыңдар. Сендер шаршаған боларсыңдар келіңдер би билейік. Чунга чанга балалармен бірге «Чунга чанга» өлеңіне би  билейді.

Чунга чанга балалармен қоштасып, кетіп қалады.

Қорытынды:

Балалар осымен біздің саяхатымыз аяқталды. Біз кері (10,9,8,7,6,5,4,3,2,1) санау арқылы кері қайтайық.

Тәрбиеші қайталау сұрақтарын қойып, балаларды мақтап-мадақтайды. Оқу қызметін  қорытындылап сыйлық таратады.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ