С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы

0
8496

Әдебиет.  Ашық сабақ.  11 «А» сыныбы               \r\n\r\n  Пән мұғалімі Нұрманова Өрік\r\n\r\nСабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы\r\n\r\nМақсаты:                       а) Білімділік\r\n\r\nСәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығық  жолынан толық мәліметті есте ұстау, поэмадағы өзекті мәселені көтеру, өлеңдерін жатқа білу,«Мәдени мұра» бағдарламасымен таныс болу.\r\n\r\n                                          ә) Дамытушылық\r\n\r\n                            Тарихи оқиғалар, халық жадында қалған естеліктерді жинастыруға, зерттеу            \r\n\r\n                            жүргізуге ықпал жасау, шығармашылық жұмысқа (өлең,хронологиялық         \r\n\r\n                            таблица, эссе, ән, дебат, сурет) ынталандыру.\r\n\r\n                                            б )Тәрбиелік\r\n\r\n                            Мәдени мұраларды, жәдігерлерімізді сақтау, туған елге, жерге құрмет, табиғатты\r\n\r\n                            қорғау, өзін рухани байыта білуге үйрету.\r\n\r\nСабақтың әдісі:             СТО,\r\n\r\nСабақтың түрі:              Бекіту сабағы.\r\n\r\nПәнаралық баланыс:    Тарих, қазақ тілі, музыка, сурет.\r\n\r\nКөрнекілігі:                   Интерактивті тақта, компьютер, магнитті тақта, слайд, ақын кітаптары,   \r\n\r\n                                         портрет, қарағай бүрі, «Көкшетау» қаламсабы, лазер.\r\n\r\nСабақ барысы:               Ұйымдастыру кезеңі\r\n\r\n                                         Оқушылармен сәлемдесіп,түгелдеп шығамын.\r\n\r\nҮй тапсырмасын сұрау: Қызығушылығын ояту. Өткен сабақтағы үйге берілген тапсырма жауабы  23 оқушыға таратылып берілген қарағай бүрінің астына жапсырылған сұрақтар бойынша алынады.\r\n\r\nОл сұрақтар төмендегіше берілді:\r\n

    \r\n

  • Сакен қайда туылды, ата-анасы туралы мәлімет бер.
  • \r\n

  • Алғашқы сауаты,алған білімі
  • \r\n

  • Қандай газетте, қандай қызметтерде істеді?
  • \r\n

  • Алғашқы жинағы, бұнда не топтастырылды?
  • \r\n

  • Шығармаларын ата
  • \r\n

  • Оның пікірлес достары кімдер?
  • \r\n

  • «Көкшетау»поэмасы қалай туды?
  • \r\n

  • Жаңа заман жырлары, одан не күтті?
  • \r\n

  • Кез келген өлеңінен 2 шумақ жатқа айт.
  • \r\n

  • Қыз жұмбағына қатысты құстарды ата.
  • \r\n

  • Шығармалары қай жанрда жазылды?
  • \r\n

  • Оқжетпес туралы баянда.
  • \r\n

  • Жеке батыр туралы сөйле.
  • \r\n

  • Бурабай туралы аңыз не дейді?
  • \r\n

  • Қыз жасырған жұмбақ.
  • \r\n

  • Жұмбақ қалай шешілді?
  • \r\n

  • Поэманың халықтығын қалай түсіндіресің?
  • \r\n

  • Поэмаларын ата.
  • \r\n

  • Сәкен туралы жазылған зерттеу еңбектерді атап шық.
  • \r\n

  • Өлеңдерінің ерекшелігі(бунақ, тармақ, шумақ)
  • \r\n

  • Сәкен әндері, оны орындаушылар
  • \r\n

\r\n        22) Көкшенің табиғаты\r\n\r\n      23) Қаланың іргесі қашан қаланды?\r\n\r\n        Енді, Көкшетау туралы толық мағлұматқа көшейік. Кім қандай әдеби кітаптар оқыды екен?\r\n\r\nПоэманы жазудағы Сәкенге түрткі болған ойды кім айтады?\r\n\r\nКөкшені ән-жырына, шығармасына арқау еткен тағы кімдерді атай аламыз?\r\n\r\nБекіту.  (осы сұрақтарға толық жауап талап етемін)\r\n\r\nЖаңа сабақ.  Бүгінгі күн, тақырып жазылады.(барлық жұмыс интерактивті тақтада)\r\n\r\n1)       Слайдтағы жұмыс бойынша оқушыларға буын санына, тармаққа, бунаққа, ұйқасына талдау ұсынылады:\r\n\r\n                КӨКШЕТАУ \r\n\r\nАрқаның кербез сұлу Көкшетауы\r\n\r\nДамылсыз сұлу бетін жуған жауын.\r\n\r\nЖан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,\r\n\r\nЖүреді біліп кетіп есен-сауын.\r\n\r\n                 ЖЕКЕ БАТЫР\r\n\r\nБолыпты баяғыда Жеке батыр…\r\n\r\nТау бағып жатады екен тігіп шатыр\r\n\r\nБір күні қарауылда ұйықтап кетіп,\r\n\r\nСол батыр бүгінгіше ұйықтап жатыр.\r\n\r\n                    БУРАБАЙ\r\n\r\nТағы бір ақ бас бура,емес атан-\r\n\r\nЖүріпті Көкшетауды қылып Отан.\r\n\r\nМұны да көзі көрген қарт атады,\r\n\r\nТыңдаған әлеуметке алқа-қотан.\r\n\r\n                    ЖҰМБАҚТАС\r\n\r\nҚыз атты Абылайдың сөзін тыңдап\r\n\r\n«Я,тақсыр,біздікі тек мойынсұнбақ\r\n\r\nЕкінші бәйге оп-оңай, күш сынасу,\r\n\r\nОнан соң үшіншісі-жеңіл жұмбақ»\r\n\r\n                   ОҚЖЕТПЕС\r\n\r\nЕшқайсысы сыннан сөйтіп өтпеген соң\r\n\r\nҚыз қайтсін «өзің таңдау ет»деген соң.\r\n\r\nОқжетпес деген атақ алыпты шың,\r\n\r\nАтқан оқ нақ басына жетпеген соң\r\n\r\n \r\n\r\n2)    АССОЦИАЦИЯ ҚҰРУ:\r\n\r\nҚалаған осы 5 өлеңнің біріне көркемдегіш\r\n\r\n құралдарын танытатын сөздерді топтастыру ұсынылады.\r\n\r\n \r\n\r\n3) «Көкшетау қасиеттері» деген диктофонға өз  даусыммен жаздыртып қойған ақын өлеңі мәнерлеп оқылып жатқанда өзімнің арнайы Көкшетауға барып түсірген бірнеше суреттерім слайдпен беріліп жатады. Кітаппен жұмыс. Оқушылар үзінді оқиды.\r\n\r\n4)  Тақтаға тірек сөздерді көрсетіп, бір шумақ өлең жазуға тапсырма беремін,ол сөздер оқушылардың өз ішінен айтуымен таңдалады. Тірек сөздер:Табиғат, адамзат, ғажап, сурет, мен,сұлулық,(Көкшетау, Еділ, Есіл, Нұра, Жайық, Сырдария).(Өлеңі жақсы шыққан оқушының шумағы тақтаға жазылады)\r\n\r\n5)  Сәкен әндерінен бірнеше өлең орындап беремін.\r\n\r\nСабақты қорытындылау. Оқушылар, жалпы Көкшетау дегенде Сәкен, Сәкен дегенде Көкшетау бірден есімізге түседі. Оның халықтық аңызға сүйене отырып, табиғатын көз алдымызға келістіре жырлауы, небір теңеу, кейіптеулерді қолдануы сол өңірге деген перзенттік махаббатын, туған елге деген сезімін, құрметін аңғартады.Әрқайсымыз өз Отанымыздың қорғаушысы,туған жеріміздің төл перзенті екеніміздіұмытпайық!\r\n\r\nБекіту. Бағалау:\r\n\r\nҮйге тапсырма:\r\n

    \r\n

  • «Ескерткіш-тарихи жәдігер»
  • \r\n

  • «Егер мен мәдениет министрі болсам…»
  • \r\n

  • «Табиғат-ұрпаққа аманат» тақырыбының біріне шығарма жазып келу.
  • \r\n

\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ