СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ — ОҚЫТУ ӘДІСІНІҢ КӨРНЕКТІСІ

0
1816

\r\n

Нұрманова Өрік Ердәулетқызы

\r\n

Қызылорда қаласы,

\r\n

№2 І.Қабылов атындағы орта  мектеп

\r\n      «Қыран-түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне таусылмас талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген. Әр педагогтың сабақ өткізуі мен шәкірт тәрбиесінде өзіндік әдіс-тәсілі болады. Ол қандай әдіс-тәсіл болса да, шәкіртерді ойлануға жетелеуімен бірге, оны ортаға салуға, басқалармен ұтымды пікір таластыруға әкелуі тиіс.\r\n\r\n      «Бес саусақ бірдей емес» деген қазақта тағы да сөз бар. Ендеше менің алдымда да жиырма бес баланың соншалықты мінез-құлқы  бар. Осы мінез-құлық жағынан  бір-біріне ұқсастықтары болғанымен, әр оқушының өзіндік ой қорытуы, пайымдауы, пікірі бар, сондықтан бәрінің де жүрегіне жол табу бүгінгі ұстаздан ерекше әдіскерлікті, білімділікті, жан-жақты болуды талап етеді. «Мектептегі білім беру үдерісіне жаңаша оқыту идеяларын ендіру тәсілдері» тақырыбын ала отырып, көкейде жүрген сан сұрақтың жауабын ізденуге тырыстым. Бұл жерде сын тұрғысынан ойлау идеясының ұтымды жақтарын сөз етпекпін.  \r\n\r\n     Қазіргі кезде мектеп қабырғасында сабақ өткізудің сан түрлі тәсілдері қолданылуда, ұстазға сабақты былай өткіз деп нұсқау беру қиын, өйткені ол процесс мұғалімнің қиялынан туындайтын, сергек те, жаңашыл шығармашылықты қажет ететін үрдіс, яғни мұғалім өз сабағының авторы. Олардың барлығы дерлік жаңа технологиялық әдістемелерге негізделген. Мен барлық әдіс-тәсіл авторларын, олардың топтап берген жіктелуін қайталап атамай-ақ, бір сөзбен әрбір сабағымыз Нәтижеге бағытталған сабақ болуын естен шығармағанымыз абзал, яғни сабақ барысында мұғалімнің бағыт беруімен оқушылардың ізденісін көбейтуіміз керек дер едім. Өзіндік жұмыстарды меңгеру арқылы сабақта шешуші рөлді мұғалім емес, оқушы атқаруы тиіс. Міне, нақ осындай өте жақсы үлгідегі білім беру теориясын мектепте оқулықтың мәтінімен, жалпы оқулық арқылы жүргізудің жаңаша тәсілдерін шығаруға жұмсағанымыз жөн деп ойлаймын. Оқушы кітаптан алшақтап бара жатқан сияқты, өйткені ақпарат көздері көп.Қанша отыру керек, қашан отыру керек, қалай отыру керек деген сауалдарға бас қатырмай, қажетті жауап іздеп отырған сияқты болғанымен, оқушы әрі қарай мен мұндалаған өзге арналарға қалай бұрылып кеткенін де білмей қалады. Енді, тиімді жолды іздестіріп көрейік.\r\n\r\n   Ең тиімділігі, нәтижелілігі сол, дәрістің қысқаша мазмұнын жазу арқылы оқушылар алған білімдерінің қорын ұлғайтып  отырады. Ол дегеніміз оқушы қанша уақыт өтсе де, кез-келген уақытта өзіне берілген тапсырмаларды орындауға мүмкіндігі мол деген сөз. Яғни, әрбір өтілген материалдың ең негізгі қажеттілері оқушының қол астында отырады. Оған қарап жауап іздеу, оқу, шолу арқылы баланың жады, ойлау қабілеті өседі.\r\n\r\n    ЖАҢА идея дегеніміз-бұл ұмытылған ЕСКІ идея демекші , қазіргі қолданыста бұрынғы идеяның жаңа сипаты, жаңаша мазмұны, басқаша түрі қамтылып жүр. Менің айтпағым, мектеп оқушыларына білім берудегі басты тірек — оқулық болуы қажет. Ал оқулықпен сабақ өткізудегі ең басты тәсіл ол-дәріс сабақтар. Әр дәрісті өткізу барысында негізгі тақырыптың қысқаша мазмұнын, яғни конспектілеу арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру өте тиімді. Конспект- дәрістің қысқаша мазмұны. Осындай оқулық арқылы өткізілетін сабақтар мұғалімнің жұмыс аясын кеңейтеді, екінші жағынан оқушы тақырыпты оңай және тиянақты меңгереді. Мысалы, әдебиет пәні бойынша сабақта мен өзім үнемі басшылыққа алатын тиімді деген жұмыс түрлері:\r\n\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

                 \r\n\r\n             Жұмыс түрі\r\n\r\n        \r\n\r\n         Күтілетін нәтиже
1.      Тақырып төңірегінде кітапта жоқ сұрақтарға жауап алу 1.Сол шығарма туралы мазмұнды игереді                                                                         
2.     Әр оқушының бір-біріне логикалық сұрағы  2. Өзіндік ізденісі болады  
3.     Ешкім таппауы мүмкін деген тың дерек  3.Кітапты оқи отырып ,күрделі деген проблеманы табуға ұмтылады                        
4.     Сол авторды зерттеушілер  4. Автор не оның басқа да шығармалары жөнінде Ақпарат көздерінен ізденіс
5.     Жеке оқушыға  шығарманың ықпалы 5.  Ғалым не зерттеуші тұлғалармен таныса алады                                                        
6.     Автор пайдаланған теңеу  6. Өз ойын бүкпесіз көркем әдеби тұрғыда жеткізуге талаптанады                                        
7       Өзге шығарма не оның авторымен салыстыра сөйлеу  7.   Қайта-қайта қарауға,әдеби тек пен троп түрлерін есте сақтауға машықтанады                                                                                                                      
8       Саған шығарманың ұнауы не басқадай себебі 8.Тілдік қолданысқа зер салады, байқағыштық қабілетін дамытады                   
9       Шығармадағы етістік формалары 9.Тәрбиелік пікір, ұсыныс жеткізе алады,бір сөзді қайталамауға машықтанады                                                                      
10  Конспектілеу\r\n\r\n  10.Бұнда  қазақ тілінен алған білімдерін бекіте түседі, пәнаралық баланыс жүріп отырады  \r\n\r\n 

\r\n \r\n\r\n Өткен тоқсандарда 9 сыныпта өткізген сабағымның тақырыбы- «Айтыс» болды.Тақырып толық ашылды-ау деген сәтте мен өз еріктеріне салып, бір-біріңді айтысқа шақырыңдар деп ұсыныс тастадым. Басында айтыса алмаймыз, айта алмаймыз деп отырған оқушыларға «Қазақ халқы қашанда айтарға сөз, табан астында екі ауыз өлең құрастыра алатын қабілетке ие, сонысымен басқалардан ерекше, мысалы, осы оқушыларды сынайықшы  деп өзге ұлт өкілдері сендерді сырттай барлап отыр дейік, сонда осылай қол қусырып отырасыңдар ма?» деп едім, аяғы мен айтайын да, мен айтайын болып, ол келесі сабаққа жалғасқаны бар. Бәрі бірдей ақын болып кетті, екі ауыз өлеңді  керемет қиюластыра алды дей алмаймын, дегенмен тасталған ойды жақсы өрбіткен мысалдар болды. Оқушы сөздері болғасын, аздаған артық-кемі болуы әбден мүмкін, дегенмен оқып көрейік.\r\n\r\n \r\n\r\nАйтыссам, айтысайын өзіңізбен,\r\n\r\nҚарамағын маған ондай көзіңізбен.\r\n\r\nКөзіңіздің қарасы жаман екен,\r\n\r\nОнан да түйреп өткін сөзіңізбен.\r\n\r\n* * *\r\n\r\nТақырыбымыз бүгінгі «Айтыс» болды,\r\n\r\n9 «В»-ға қызықты тартыс болды.\r\n\r\nСұраққа жауап табу шешендікпен-\r\n\r\nЕстен кетпес бұл енді жарыс болды.\r\n\r\n* * *\r\n\r\n Айтысып өткен не дүлдүл\r\n\r\nБабалар сөзі хатта бар.\r\n\r\nӨсиет, өнеге — бәріне\r\n\r\nКөңіл қой, мән бер, құлақ сал.\r\n\r\n* * *\r\n\r\nАйтыс десем, Камилла көнбей отыр,\r\n\r\nСұрақ қойсам, жауабын бермей отыр.\r\n\r\nБасқалармен айтыспай ,тура сізбен\r\n\r\nКеліссеңіз, айтысқым келіп отыр.\r\n\r\n                                                          (Бұлар ең ішіндегі көрнекі нұсқалары…) \r\n\r\n \r\n\r\nМысалға алу себебім: топтық, жұптық тапсырмалар баланы ойланға, пікір алмасуға жетелейді. Қажетті деген ақпараттарды бар зейінін қойып  табуға, өзіндік жаңалық ашуға, ұйымдастырушылық пен көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыруға ұмтылдырады. Сын тұрғысынан ойлау әдісі арқылы жүргізілген әрбір сабақ  төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуге мұрындық болады. Оқушының жан-жақты танылуына, оқушының оқшауланып қалмауына, ойлау мен сөйлеуді ұштастыра білуіне, дүниетанымдық көзқарасының дамуына, өзара сыйластық пен достықтың орын алуына, көпшілік алдында еркін сөйлеу мен қойылған сұраққа ұтымды жауап беруге дағдыландырады. Яғни, оқушыға түрткі сұрақтың да  орынды қойылуы  өз кезегіне жақсы нәтижеге жол бастайды. Бұлар менің қазіргі таңдағы сабақ беруде қолданып жүрген әдістерім, көптеген нәтижеге қол жеткізгенім анық.\r\n\r\n      Сөз соңында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев бір сөзінде «Бізге интеллектуалды ұлт құру қажет. Халықаралық деңгейде бәсекеге түсетін эрудициялы адамдар керек» деген болатын. Егер осы ұстанымды шын мәнінде игеріп, өмірде ұлтқа септігі тиер бетбұрыстар жасалса , шәкірттер санасы, жастардың сапасы өсер еді. Өркениетке барар жалғыз жол, ол байлық та емес, басқа емес, қазақ ұлтының тәрбиемен сіңірілген білімі дер едім.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ