Командир міндеті. Взводтарды және атысты басқару

0
8459

Бөлімшелердің жауынгерлік міндетті табысты орындауына  командир жауап береді. Ұрыстағы командирдің маңызды міндеті – атысты басқару. Атысты басқаруға мыналар жатады: нысана барлау; оның маңыздылығын бақылап, зақымдау кезектілігін анықтау; нысананы мүмкіндігінше тиімді қирата алатын қаруды таңдау; атыспен маневрлеу; оқ – дәрінің жұмсалуына бақылау.

Взводты  басқару — взвод қимылын ұйымдастыру және ұрыс барысында оған тұрақты жетекшілік жасау. Взвод командирі ұрысты жергілікті жерде ұйымдастырады. Ол жауынгерлік міндет алғаннан кейін, қалыптасқан жағдайда оны бағалайды және түсіндіреді, шешім қабылдайды, ауызша әскери бұйрық береді және өзара қимылды ұйымдастырады. Содан кейін ұрысқа жеке құрамды, қару – жарақты, ұрыс машинасын дайындауға жетекшілік етеді.

Ұрыста взвод командирі өз взводымен көршілер қимылы, қарсылас, жергілікті жер жақсы байқалатын жерде тұрады.

Атысты басқарудың тәсілдері.

Командир жауынгерлер мен взвод  қимылын белгілер мен пәрмендер бере отырып басқарады. Пәрмендер дауыстап, радио немесе телефон арқылы беріледі. Сигнал беру үшін шартты белгілер қолданылады. Мысалы: «Шабуыл белгісі – 333», «Әуе қарсыласы белгісі – 555». Сондай – ақ, ракеталар, әр түрлі дыбыс құралдары, жалаушалар және қол шаммен беріледі.

Түндегі ұрыс. Түндегі ұрыс взвод  үшін негізінен күндізгідей жүргізіледі. Түнде ұрысты табысты жүргізу, жауынгерден, жоғары машықты, біліктілікті, батылдықты және моральдық – психологиялық дайындықты талап етеді.Жауынгер түнде жауынгерлік міндетті шешуге тыңғылықты дайындалуы керек, ол жергілікті жерде тез бағдарлай білуге машықтанып, түнгі көру аспаптары мен компастарын қолдана алуы тиіс, жеке қарудан дәлдеп атуды жүргізіп, жергілікті жер кенеттен ракета, жарықтандырғыш авиабомба және прожектор сәулелері арқылы жарықтанған кезде дұрыс қимылдауы керек.

Таудағы қорғаныс — таулы жерлер қөпқабатты қапталдан және айқастыра ату жүйесін ұйымдастыруға себепші болады және айнала қорғанысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жергілікті жердің етуге қиын тұстарының болуы, табиғи кедергілердің көптігі және өте алмайтын кедергілерді жасау мүмкіндігі болуы  қорғанысының беріктігін арттырады.

Батальон (рота) таулы жерлерде өз қорғанысын жекелеген рота (взвод) тірек пункттерін жасау арқылы қарсылас қимылына ең қолайлы бағыттарды қамти отырып кең майданшеппен, ал қырат пен кең аңғарда — әдеттегі жағдайлар кезіндегідей құрады.

Қорғаныста негізгі күш үстем биіктіктерді, белестерді, жәл тораптары мен гидротехникалық құрылыстарды және басқа маңызды объектілер мен жергілікті жер өңірлерін ұстап тұруға шоғырландырылады. Жергілікті жердің нүктесі биіктігінің 2-нүкте биіктігінен құрт артуы қорғаныс шебін дұрыс тандай білгенде атыс құралдарын сөрелеп орналастыруға жағдай жасайды, ол алғы шептің алдындағы атыс жиілігін арттырып, аралықтарға және алдыңғы жақта орналасқан әскерлер басынан асыра атыс жүргізуге мүмкіндік береді.

Бірақ қоршаған өңірдегі кез келген үстем позиция таулы аймақта мейлінше қолайлы позиция бола алмайды, өйткені әлі кеңістіктер, терең және жасырын салалардың көп болуы қарсыластың байқатпай жақындауына және кенеттен шабуылдауына жағдай жасайды.

Ал бөлімшелер ортасындағы аралық жіктер айналып өту және құрсау үшін пайдаланылуы мүмкін. Таулы аймақтағы қорғаныс кезінде қарсыластың айналып өтуі мен құрсауына қарсы әрекет ету шешуші орын алады.

Қорғанатын бөлімшелер белсенділігінің мәні артады. Белсенділік әдеттегі шараларды өткізумен бірге торуылдан батыл әрекет жасаумен, сондай-ақ шағын бөлімшелердің (взвод, бөлімше) кенеттен және батыл қарсы шабуыл жасауымен жүзеге асырылады.

Взводтар  қарсыласты кез келген бағытта шоғырланған атыспен қарсы алуға дайын болу керек. Таулы жерлердегі қорғаныс өз күрделілігімен ерекшеленеді. Қорғанысты табысты жүргізу үшін табиғи-климаттық жағдайлардың ерекшелігін, олардың әскер қимылына өзінше әсер етуін жақсы білу керек.

Тау бедерлері әскердің қозғалысын қиындатады, жүріс шапшандығын және қарқынын айырықша төмендетеді. Деңгелекті көлік, артиллерия, танк пен ЖҰМ-ның қозғалысы шектеліп, олардың тек қолайлы бағыттармен және жолдармен жүруіне мүмкіндік болады.

Таулы жерлерде үстем биіктіктер, белестер және жол тораптары қорғанысына ерекше көңіл бөлінеді. Мотоатқыштар ротасы әдетте, жекелеген биіктік немесе бірнеше биіктік кіретін қорғаныс ауданында орналасады.

Мотоатқыштар взводы тірек пунктін, ал бөлімше қарсыласқа қарсы орналасқан ылдида жабдықталған позицияны қорғайды; осы кезде взводтың атыс құралдарының бір бөлігі өз бөлімшелерінің үстінен ату үшін позициянын артында орналастырьшуы тиіс.

Батальонның (рота) ұрыстык, реті қорғанысқа көшудің нақты жағдайына байланысты екі немесе бір эшелонда құрылады, ұрыстық реттің бір эшелонда құрылған кезінде резервке мотоатқыштар ротасынан взводқа дейін қор бөлінуі мүмкін.

Батальонның қорғаныс ауданында роталық және взводтық тірек пункттері қарсылас шабуылдауының ықтимал бағыттарыл сенімді атқылауға болатындай етіп орналастырылады. Tap тау өткелдері, шатқалдар мен құздарды қорғау кезінде взводтар бірінен соң бірі, оңға және солға ығыса орналасуы мүмкін.

Батальон (рота) қорғанысының алғы шебін командир (бастық) жақсы шолу мен атқылауды қамтамасыз етуі бойынша таудың жота беткейлерінде, биіктік және тау жотасының сілемдерінде тандап алады. Барлық жағдайда да ұрыстық рет взводтар мен бөлімшелер ұрыс барысында атыспен және маневр жасаумен өзара қолдау көрсете алатындай етіп тұрғызылады.

Таулы жерлерде бір бағыттан келесі бағытқа маневр жасауды жүзеге асыру қиын болуымен катар, кейбір кездерде мүмкін де емес. Сондықтан, мотоатқыштар батальонына берілген танкілер, зеңбіректер, танкіге қарсы басқарылатын ракеталар (ТҚБР), әдетте, взводтарға бөлініп роталарға беріледі, содан соң олардың қорғаныс тірек пункттерінде орналастырылады.

Жекелеген танкілер мен жаяу әскер ұрыс машиналарын торуылдап әрекет жасау үшін пайдалануға болады, олар рота немесе взвод тірек пункттерінің өзара жіктерінде іске асырылады. Бұл кезде танк, зеңбіректер және ТҚБР тірек пункттері мейлінше маңызды бағыттарда тұрған взводтарға беріледі.

Олардың атыс позициялары тура атыс кашықтығында атыс жүргізуді қамтамасыз ететін орындарда орналасады. Зениттік құралдар, сонымен қатар, әуедегі қарсыласпен күресу үшін бөлінген батальонның мотоатқыштар бөлімшелері қарсыластын тікұшақ, ұшақ және басқа әуе нысаналарын айнала атқылауды қамтамасыз ететін биіктіктегі атыс позицияларында орналасады.

Жолы қиын бағыттарда мотоатқыштар ротасы және взвод жергілікті жердің аса маңызды әңірлерін ұстап тұру үшін тірек пункттерін жасайды. Олар жолдарды, сүрлеу-соқпақтарды, шатқалдар мен сайларды қапталдан және айқастыра атудан қалқалау үшін жекелеген биіктіктерде, сай ылдиларында, өткелдерде жабдықталады.

Жолдар мен сүрлеу-соқпақтарда, сондай-ақ, сайлар мен шатқалдарда миналы-жарылғыш және басқа да кедергілер құрылады.

Взвод (бөлімшелер) пен атыс құралдары берілген тапсырмаға және жергілікті жердің ерекшелігіне байланысты тірек пункттерінде орналасады.

Қорғаныс терендігін жасау, жасырын салалар мен өлі кеңістікті атқылау, көп қабатты капталды және айқастыра атысты жасау үшін зеңбіректер мен пулеметтердің атыс позицияларын ылдилардың әр түрлі биіктіктерінде орналастыру қажет.

Использованные литературы:

  1. http://www nvp.kz
  2. http://www http://www.wiki.kz
  3. ҚР Қорғаныс Минстрлігінің сайты

ПІКІР ҚАЛДЫРУ