Компьютердің жүктелуі

0
4264

Компьютер іске қосылған соң, ол жүктелгенге дейін біраз күту керек. Бұл компьютерге жүйелік программалық жабдықтаманы жүктеу үшін уақыт керек екенін білдіреді. Жүйелік ПЖ-ға мына программалар жатады:

1. Операциялық жүйе (мысалы, Windows). Ол компьютердің қондырғылары мен программалық жабдықтамаларының жұмысын басқарады. Операциялық жүйені өндіріс орнының директорымен салыстыруға болады. Компьютерге арналған программалардың жиынтығы программалық жабдықтаманы құрайды. Қызмет ету қасиеттері бойынша программалық жабдықтаманың келесі түрлерін ажыратады.

* Жүйелік

* Қолданбалық

Жүйелік жабдықтама деп өзіне: операциялық жүйелерді; желілік программалық жабдықтаманы; сервистік программаларды; программаларды жасау құралдарын жатқызады.Операциялық жүйелердің негізгі қызметі:

* физикалық;

* логикалық

* есептеуіш жүйелердің процестері ресурстарын басқару болып табылады.

Физикалық ресурстарға: жедел жад, процессор, монитор, баспа құрылғысы, магниттік және оптикалық дискілер жатады. Логикалық ресурстарға: программаларды, файлдарды, оқиғаларды және т.б. жатқызуға болады.Желілік программалық жабдықтама желілік есептеуіш жүйелердегі жалпы ресурстарды: магниттік дискілердегі желілік жинақтауышарды,

принтерлерді, сканерлерді, жіберілетін хабарламаны және т.б. басқаруға арналған.

Желілік программалық жабдықтамаға: желілік ОЖ, желілік емес ОЖ-лерде бар кейбір желілік программаларды жатқызады. Қолданбалы деп белгілі бір қызметтер саласының белгілі мақсаттық мәселелерін шешуге арналған программалық жабдықтама аталады. Операциялық жүйелердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін және қосымша қызметтер жиныны ұсыну үшін сервистік программалар қолданылады. Сервистік программалардың ішінен утилиталарды қарастырамыз. Утилиталар пайдаланушыларға компьютер мен оның жабдықтамасына қызмет көрсету құралдарын ұсынады.Олар келесі әрекеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді:

* магниттік дискілерге қызмет көрсету;

* файлдар мен каталогтарға қызмет көрсету;

* компьютер ресурстары жайлы ақпарат ұсыну;

* ақпаратты шифрлеу;

* компьютерлік вирустардан қорғау;

* файлдарды архивтеу және басқалары.

Программаларды жасау құралдары жүйелік те, қолданбалы да жаңа программалық жабдықтамаларды жасау үшін пайдаланылады.Қолданбалы деп белгілі бір қызметтер саласының белгілі бір мақсаттық мәселелерін шешуге арналған программалық жабдықтама деп аталады. Көбінесе мұндай програмамларды қосымшалар деп атайды.Қызмет салаларының спектрі қазіргі кезде өте кең және кем дегенде өзіне: өндірістік өрекәсіпті, инженерлік тәжірибені, ғылыми зерттеулерді, медицинаны, басқаруды, іс-жүргізуді, баспа қызметін, білім беруді және т.б. қосады.Типтік қолданбалы программалық жабдықтамаға келесі программаларды жатқызады:

* мәтіндік процессорларды;

* кестелік процессорларды;

* безендіру және іс қағаз грфика жүйелері;

* деректер базасын басқару жүйелері;

* сараптау жүйелері;

* математикалық есептеулер, эксперименттік деректерді модельдеу және талдау программалары жатады.

Программалық жабдықтама нарығында ұсынылатын қосымшалар, жалпы жағдайда, жеке программалар немесе біріктірілген жүйелер ретінде орындалуы мүмкін. Есептеу желілері операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негізгі желілік, операциялық жүйелерге NovellWare, Windows NT, OS/2, Warp Unix кіреді. Windows 95, 98 операциялық жүйелерінде құрамдас желілік құралдар бар. Желілік операциялық жүйе пайдаланушыларға желілің бір компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютерінен басқасында орналасқан деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютер жадында орналасқан программаны қосуға мүмкіндік береді. Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді: * ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі; * желінің бір ДК-сында сақталу есебінен бір ақпаратты қосарлау мүмкіндігінің жойылуы; * ақпарат сақталуы сенімділігінің жоғарылуы; * ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту; * ұйымның бөлімшелер және қызметкерлері мен арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі. 2. Драйверлер- компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар. Мәселен,компьютерге жаңа принтер қостық делік. Операциялық жүйе осы принтермен жұмыс істеуі үшін оған программа-драйвер керек. Драйверді-құрылғының компьютермен араласу тілі десек болады. Әдетте құрылғылардың драйверлері олармен бірге дискілерге жазылып таратылады. Кең тараған құрылғылардың драйверлері операциялық жүйелердің құрамына енген. Драйверлер компьютерді басқаратын операциялық жүйелердің (MS DOS, Wіndows, Unіcs, т.б.) cыртқы құрылғылармен (принтер, сканер, магниттік дискілер, лазерлік дискілер, пернетақта, курсорды өзгерткіш қолтетік, т.б.)

байланысын орнатуы арқылы олардың мәлімет алмасу процесін қадағалап, дұрыс жұмыс атқаруын жүзеге асырады. Компьютердің кеңейтілген жедел жадын басқару бағдарламасы да драйвер болып есептеледі. Әрбір сыртқы құрылғының өз драйвері бар. Мысалы, принтер драйвері компьютер процессорынан келіп түскен сигналдарды саралап, қағазға басу процесін басқарады. Драйверлер жаңадан шығып жатқан компьютер құрылғыларының қалыптағы қолданылу өрісін кеңейтіп, олардың дискіден мәліметтер алу жылдамдығын арттыруды, әр түрлі ұлттық әліпби әріптерін пернетақта арқылы енгізу, дисплей экранына шығару, қағазға басу істерін, т.б. жеңілдетуге көмектеседі. Мысалы, компьютерде басқа бір жұмыс атқарылып жатқанда, драйвердің көмегімен бір мезгілде әуен тыңдауға, факс қабылдауға, алдын-ала дайындалған мәліметтерді қағазға шығаруға болады. Драйверлер стандартты (ішкі) және жүктемелі (сыртқы) болып екіге бөлінеді. Ішкі драйверлер операциялық жүйе құрамында орналасып, компьютердің стандартты құрылғыларын басқарады. Сыртқы драйверлер немесе утилиттер магниттік дискіде орналасып, компьютердің стандартынан тыс ерекшеліктері бар құрылғыларды басқарады. Драйверлерді әрбір елдің бағдарлама жасаушы мамандары да жасай береді. Олар тексерістен өткізілгеннен кейін сол елдің стандартты бағдарламалар қорына қосылады. Қазақстанда Алси, Глотур, Ізет фирмалары жасаған драйверлер түрі кең қолданыс табуда ДК-дің минимум тізіміне мыналар жатады: Жүйелік блок; Монитор Пернетақта Қосымша құрылғылар — компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар. Дыбыс колонкалары-дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы. Сканер — қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретінқұрылғы.Принтер – компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы. Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің үш түрі кеңінен тараған: матрицалық, бүріккіш және лазерлік. Олардың ішіндегі ең қарапайымы және арзаны – матрицалық, ең жылдамы және сапалысы – лазерлік, ал бүріккіш принтерлер арзан принтерлердің ішіндегі ең сапалысы. Модем дегеніміз — компьютерді интернетпен қосып тұратын құрылғы. Жұмыс жасауы принципі — модем модулятор және демодуляторлардан тұрады, компьютерден шыққан ақпарат модем ішінде модуляциядан өтіп келесі модемге жетеді, ол жерде қайта демодуляция орындалады Компакт – дискілер. Компакт дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның сыйымдылығы өте үлкен, олардағы ақпаратты тек оқуға болады. CD — R компакт – дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды. Ал CD — RW дискілеріне ақпаратты жазуға, қайта жазуға болады. Флэшка — жинақтауыштар және жады карталары. Флэшка – ақпаратты сақтау үшін ең қолайлы контейнер болып табылады. Оларға 32 Мбайт — 8 Гбайт дейін ақпарат

сақтауға болады. Салмағы жеңіл, қолайлы флэшкаларды USB – портқа қосады, секундына 1 — 10 Мбайт жылдамдықпен ақпарат жазуға болады. Ол қазіргі заманғы компьютерлердің әрқайсысында болатын арнаулы USB — порт арқылы қосылады Дискета – ақпаратты тасымалдаушы, оларда программалар мен мәліметтерді компьютерден тыс сақтауға болады. Драйвер — компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар. Әрбір құрылғыға өзінің драйвері сәйкес келеді. мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның драйвері. Компьютерге қосылған әр құрылғы драйвер көмегімен жұмыс жасайтын көрінеді. Мәселен, шина, юзби сияқты құрылғылардың драйвері Windows операциялық жүйесінде бірге жүруі мүмкін, бірақ бізге көбіне дыбыс картасы, видеокарта, чипсет құрылғысының драйверін өзіміз орнатуға тура келеді. Драйвер болмаған жағдайда, дыбыс шықпай, монитордағы терезені жылжытқанда қалқып жылжуы, желелік сымды қосқанда желіге қосылмай қою сияқты проблемалар орын алатын көрінеді. Драйвер іздеудің жолдары әрине көп те шығар, бірақ практикада кездескен бірнеше жолын осында қарастыра өтсек: 1. Аналық тақшаның (мат. плата) қорабында бірге келетін драйвер дискісі көмегімен орнатуға болады. Кей жағдайда, дыбыс картасы мен видео карта аналықтақшаға орнатылған болып келеді. Тиісінше, олардың драйверін бір дисктен алып орната салуға болады. Бұндай орнатылып қойған құрылғылар әлсіз болып келетін көрінеді, мәселен видео карта жады 16 — 128 мб шамасы болуы мүмкін. Тек, әр компьютердің өз дискісінің драйверлерін ғана орнату керек. 2. Құрылығын ІД арқылы іздеп орнату. Ол үшін: «Мой компьютер» үстіне тышқанның оң жағын шертіп, «Управление» ашу керек, кейін «Диспетчер устройств». Тізімдегі кез — келген құрылғының үстіне тышқанның оң жағын басып, «Свойства» кейін «Сведение» деген жерінде құрылғы ІД жазылып тұрады. Сол ақпаратты көшіріп (ctrl+c) алып, интернеттегі іздеу жүйесі арқылы драйверді алуға болады. Оның жеңілдетілген түрін ұсынатын жақсы ресурс та бар: www. drp. su Сонымен қатар, driver. ru сайты да жақсы сайт, әсіресе принтер драйверлерінің көбін осы сайттан алуға болады, ондағы тиісті ОЖ қатысты драйверді алуға болатын мүмкіндігі бар. Осы құрылғылардың ішінде мысалы, сканерді орнатуға тоқталайық. Сканер — қағаз бетіндегі барлық ақпаратты компьютерге түсіру үшін қолданылатын құрылғы. Айта кететін нәрсе, сканер ақпаратты тек сурет күйінде түсіреді. Яғни, jpg, bmp, png секілді форматтарда. Сканерді қолданбас бұрын оны кей жағдайларда алдымен драйверлерді орнатып алу қажет болуы мүмкін. Сондықтан іске кіріспес бұрын, қораптағы қолданушыларға арналған кітапшаны байыппен оқып шығыңыз. Драйверді орнату қажеттілігі болса, сканер комплектінде болатын дискті қосып драйверді орнатып алыңыз. Ондай қажеттілік болмаса, құрылғыны сенімді түрде компьтеріңізге жалғай беруіңізге болады. Әдетте, бұл үшін USB шнур қолданылады.

Компьютерде орнатылған барлық бағдарламалар Басқару панелінде Бағдарламаларды орнату және өшіру категориясында көрініп тұрады. 3. Утилиталар –компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар. Утелита дегеніміз бұл шағын бір мақсатты орындайтын бағдарлама. Мысалы Касперскидің сайтында тегін утилиталар жүктеп алуға болады. Бұл утелиталар бүкіл вирусты өшіре алмайды. Тек бір ғана вирусқа бағытталып, соны тауып өшіреді.

Көптеген утелита түрлері бар, бағыты мен мақсаты басқа басқа. Вирус өшіретін, қатқыл дискпен жұмыс істейтін, компьютердегі қоқысты тазалайтын т.б. утилитаның жазылғанына байланысты.

Қолданбалы программалық жабдықтама Саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы. Қолданбалы есептерді шешуге арналғандарының бәрі қолданбалы программаларға жатады. Ол мәтінмен орындалатын жұмыстар (мәтіндік редактор немесе процессор), фотографияларды қарау (графикалық редакторлар), Интернет желісіндегі жұмыс (шолушы программалар-браузерлер) болуы мүмкін. Қолданбалы программаларды қосымшалар деп те атайды. Қосымшалар өте көп, жаңалары тұрақты пайда болып отырады. Кез келген компьютерде мәтінмен, кестелермен, тұсаукесерлермен, суретермен жұмыс істеуге қажетті офистік қосымшалар орнатылады. Мұндай қосымшалар үйде де, жұмыста да қолданылады. Интернет желісінде жұмыс істеу үшін желілік қосымшалар пайдаланылады. Оларға әртүрлі браузерлер (сайттардың мазмұнын қарайтын программалар), пошталық программалар және басқалар жатады. Көптеген қолданбалы программалар оқытушы сипатқа ие. Мұндай қосымшалар адамдарға түрлі шет тілдерін үйренуге, тестер мен емтихандарға дайындалуға тіпті жаңа мамандық алуға көмектеседі. Компьютердің үлкен көлемді ақпаратты сақтау мүмкіндігінің арқасында дерек қорлары, анықтамалықтар және энциклопедиялар сияқты қолданбалы программалар да орын алған. Кейде сканердің көмегімен қағаздағы мәтінді компьютерлік программаларға көшіру қажеттілігі туындайды. Осы мәтіннің мәтіндік форматтағы нағыз құжатқа айналуына арнайы мәтіндерді тану программалары көмектеседі.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ