Қоректік орталар, түрлері және өсу үшін қажетті жағдайларды қарастырыңыз

0
30795

Қоректік орталар, түрлері және өсу үшін қажетті жағдайларды қарастырыңыз\r\n\r\n \r\n\r\nЖоспары:\r\n\r\n1.Кіріспе бөлім\r\n\r\n1.1. Қоректік орталарға сипаттама\r\n

    \r\n

  1. Негізгі бөлім
  2. \r\n

\r\n2.1.Пайдалану мақсатына қарай қоректік орталардың топтары\r\n\r\nА) Әмбебап қоректік орта\r\n\r\nБ)Арнайы орта \r\n\r\nС) Элективті немесе таңдамалы орта\r\n\r\nД) Дифференциалды-диагностикалық орта\r\n\r\n2.2 М.Бейеринк ұсынған жинақ орта\r\n\r\n2.3. Қоректік орталарды жасау принциптері\r\n\r\n2.4. Қоректік орталарды залалсыздандыру\r\n\r\n3.Қорытынды бөлім \r\n\r\n4.Тақырып бойынша қорытынды сұрақтар\r\n\r\n5.Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме\r\n\r\n \r\n\r\n1.Кіріспе бөлім\r\n\r\n1.1. Қоректік орталарға сипаттама\r\n\r\nІргелі және қолданбалы микробиологияның дамуы микроорганизмдерді бөліп алу және оларды өсірумен байланысты. Бұл зерттеулер Р.Кохтың бактериялардың таза дақылдарын алу әдісін ұсынған соң мүмкін болды. Таза дақылдар деп бір туысқа және бір түрге жататын клетка шоғырын атайды. Таза дақылдарды алу микроорганизмдерді анықтау, оларды өсіруге қолайлы жағдай жасауға және жан-жақты зерттеуге жол ашты. [1]\r\n\r\nҚоректік орта дегеніміз- микроорганизмдерді лабораториялық және өнеркәсіптік жағдайларда өсіруге арналған белгілі бір заттектердің сұйық немесе қатты қоспасы. [2]\r\n

    \r\n

  1. Негізгі бөлім
  2. \r\n

\r\n2.1. Пайдалану мақсатына қарай қоректік орталардың топтары\r\n\r\nПайдалану мақсатына қарай қоректік орталар 4  негізгі топқа бөлінеді:\r\n\r\n \r\n\r\nА) Әмбебап қоректік орта. Бұл орталарда хемогетеротрофты, арнайы органикалық заттарды қажет етпейтін микроорганизмдердің көптеген түрлері өседі.Бұл орталарға бактериялар жақсы өсетін ет-пептонды сорпасы және ашытқы саңырауқұлақтарға лайықты сусло жатады. [1]\r\n\r\nБ) Арнайы орта. Ерекше органикалық заттарды қажет ететін және әмбебап ортада өспейтін хемоорганотрофты микроорганизмдерді өсіретін орта. Мысалы, спирохеталарға көмірсутегі мен аминқышқылдардан басқа, ұзын тізбекті майлы қышқылдар қажет. Олар қан сарысуы құрамына кіреді. Сондықтан спирохеталарға арналған қоректік ортаға қан не қан сарысуын қосады. Ал кейбір теңіздерде тіршілік ететін бактериялар, мысалы, Marinomonas туысына жататындар, теңіз суына қажетті болады. [1]\r\n\r\nС) Элективті немесе таңдамалы орта.  Бұл орта табиғи субстраттардан (топырақ, су, тағамдардан, өсімдік пен жануарлардан) микроорганизмдердің жеке топтарын бөліп алуға арналған. Оларды микробиологияға С.И.Виноградский енгізді. Элективті деп микроорганизмдердің белгілі бір тобының немесе түрінің өсуіне қажетті құрамы ерекше қоректік орталарды атайды. Элективті ортаны жасау барысында микроорганизмдердің физиологиясын және зат алмасуын, олардың қоректік зат көзіне талғамын, ортаның қышқылдылығын, оттектік мөлшерін, температураны және т.б жағдайларды ескеру қажет. \r\n\r\nМысалы, азот қоспалары жоқ минералды ортада, жарық көзі бар жағдайда, молекулярлы азот сіңіруші көк жасыл балдырлар жақсы өседі. Осы ортаға қосымша органикалық энергия көзін және көміртегі көзін қосып, қараңғы жағдайда аэробты, азот сіңіруші Azotobacter-ді өсіріп алуға болады. Ал осы ортада оттексіз жағдайда тежесе, анаэробты, азот сіңіруші Clostridium дамиды. Құрамы әр түрлі элективті қоректік орталарды пайдаланып, түрлі фототүзуші бактерияларды бөліп алуға болады. Мысалы, күкіртті фотосинтездеуші бактерияларды бөліп алу үшін органикалық заттар жоқ қоректік ортаны пайдаланады. Ол ортада сульфидтің бар-жоғына және оның мөлшеріне байланысты әр түрлі бактерияларды бөліп алуға болады.\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Күн сәулесі\r\n\r\n 
Қоректік орта
Органикалық заттары бар Органикалық заттары жоқ
Анаэробты жағдай Сульфидсіз Сульфидті
Пурпурлық күкіртсіз бактериялар Цианобактериялар\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n  Көп мөлшерде Аз мөлшерде
Жасыл күкіртті бактериялар Пурпурлы күкіртті бактерия\r\n\r\n 

\r\n[2] Сонымен, органика және сульфид жоқ  ортада азот сіңіретін цианобактериялар өседі. Ал осы ортаға сульфидті қосса, оның мөлшеріне қарай не жасыл, не қара-қошқыл күкіртті бактериялар өседі. Органикалық ортада қара-қошқыл күкіртті бактериялар басым болады. [2]\r\n\r\nД) Дифференциалды-диагностикалық орталар. Бұл орталарды жалпы микробиологияда әр түрлі субстраттардан бөліп алынған бактериялардың физиологиялық-биохимиялық қасиеттерін анықтап, оларды жіктеу үшін пайдаланады. Ал медициналық және ветеринарлық микробиологияда оларды ауруларды қоздыратын бактерияларды анықтау үшін қолданады. Бұл орталар бактериялардың белгілі бір ферменттерінің, мысалы, каталаза, оксидаза, протеаза, фосфотаза, желатиназа және гемолитикалық ферменттердің бар-жоғын анықтау үшін қажет. Оған қоса, дифференциалды-диагностикалық орталар бактериялардың энергия көзі ретінде қандай заттарды қай жолмен пайдаланатынын анықтауға мүмкіндік береді. [2]\r\n\r\n2.2. М.Бейеринк ұсынған жинақ орта\r\n\r\nЖинақ ортаны М.Бейеринк ұсынды. Мұндай орталарда қандай да бір компонент артық мөлшерде болады. Сонда сол компонетті пайдаланатын микроорганизмдер өседі, яғни олар доминантты болады. Бұл орталарды табиғи субстратта саны аз бактерияларды бөліп алу үшін қолданады. Жинақ және элективті орталарды қолдану әдістері ұқсас болса да, олардың арасында айырмашылықтар да бар. Элективті орталарды қолданғанда, зерттейтін сынамаларды тікелей тығыз қоректік ортаға егіп, колонияларды бөліп алады. Ал жинақ орталарды қолданғанда, оларды, алдымен, сұйық ортада өсіріп алып, содан кейін тығыз қоректік ортаға егеді. [2]\r\n\r\n2.3. Қоректік орталарды жасау принциптері\r\n\r\nМикроорганизмдерді лабораториялық және өндірістік жағдайда өсіру үшін жасанды қоректік орталар дайындалады. Микроорганизмдерді зерттеу барысында, көбінесе, синтетикалық (құрамы жағынан қарапайым) орталар пайдаланылады. Синтетикалық орта деп- белгілі бір химиялық қоспалардан тұратын орталарды атайды. Бұл орталардың негізін минералды заттар құрайды. Минералдардың негіздеріне энергия, көміртегі, азот көздерін қосып, күределілігі әр түрлі қоректік орталарды дайындауға болады.\r\n\r\nҚұрамында күрделі заттар, ашытқы экстрактісі, ашытқы автолизаты, пептон немесе ет экстрактісі қосылған орталарды күрделі орта деп атайды.  [2]\r\n\r\n2.4. Қоректік орталарды залалсыздандыру\r\n\r\nМикроорганизмдерді өсіруге арналған қоректік орталарда басқа микроорганизмдердің тірі клеткалары және олардың споралары мүлде болмауы керек. Бөгде микроорганизмдерді жою үшін арнайы залалсыздандыру әдістерін қолданады. Бұл мақсатта, көбінесе, жоғары температураның әсерін пайдаланады. Температура микробтардың өсуіне лайықты деңгейінен жоғарылаған сайын, оның әсері күшейе түсетіндігі бұрыннан белгілі. Температураның әсерін микроорганизмдер популяциясының белгілі бір бөлігін жою үшін қажетті уақытпен сипаттайды.\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Қорытынды
  2. \r\n

\r\nҚорытындылап айтар болсақ, қазіргі таңда микробиология саласында қолданылып жүрген қоректік орталар мен оларды өсіру,залалсыздандыру, жасау принциптерін қарастырдық. Сонымен қоректік орталар пайдалану мақсатына қарай үлкен 4топқа бөлінеді.\r\n\r\nӘмбебап қоректік орта\r\n\r\nАрнайы орта  \r\n\r\nЭлективті немесе таңдамалы орта\r\n\r\nДифференциалды-диагностикалық орта\r\n\r\nОсы оптардың қатарына М.Бейеринк қоректік ортаның тағы бір түрі жинақ ортаны қосты. Осылайша қоректік орталарды өсіру заңдылықтарын игере отырып өз қажетімізге пайдаланамыз.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n4.Тақырып бойынша қорытынды сұрақтар\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Қоректік орта дегеніміз не?
  2. \r\n

  3. Пайдалану мақсатына байланысты қоректік орталардың топтарын атаңыз
  4. \r\n

  5. М.Бейеринк қандай қоректік ортаның түрін енгізді?
  6. \r\n

  7. Қоректік ортаны залалсыздандыру мен олардың жасалу принциптерін түсіндіріңіз
  8. \r\n

\r\n5.Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме: \r\n\r\n1.М.Х.Шығаева, Ә.Т.Қанаев «Микробиология және вирусология». Алматы, «Қазақ университеті» баспасы, 2008ж. (106бет; 116 бет, 118бет)\r\n

    \r\n

  1. kk.wikipedia.org/wiki/Қоректік_орта
  2. \r\n

  3. Лекциялар жинағы (презентация)
  4. \r\n


ПІКІР ҚАЛДЫРУ