Роберт Кох жұмыстары

0
6394

Роберт Кох жұмыстары\r\n\r\n \r\n\r\nЖоспар:\r\n\r\nНегізгі бөлім\r\n

    \r\n

  1. Сібір язвасы
  2. \r\n

  3. Туберкулез
  4. \r\n

  5. Холера
  6. \r\n

\r\nҚорытынды\r\n\r\n Туберкулезбен жұмыстардың жалғастырылуы\r\n\r\nПайдаланылған әдебиеттер\r\n\r\nГе́нрих Ге́рман Ро́берт Кох (нем. Heinrich Hermann Robert Koch; 11 желтоқсан 1843, Клаусталь-Целлерфельд — 27 мамыр 1910, Баден-Баден) – неміс микробиологы. Роберт Кох сібір язвасының бацилласын, холералық вибрион және туберкулёз таяқшасын ашқан. Туберкулёзды зерттеген үшін 1905 жылы физиология және медицина бойынша Нобель сыйлығымен марапатталған.\r\n\r\nСібір язвасы\r\n\r\n1872 жылы Кох Вольштейнге (қазіргі Польшадағы Вольштын) уездік санитар врач болып тағайындалады. Ол Вольштейннің маңында ірі қара мал және қойлардың арасында эндемиялық ауру – сібір язвасы таралғанын тапты. Сібір язвасы – өкпені зақымдап, терінің карбункуласын қоздырады және лимфоузелдердің өзгеруін тудырады. Луи Пастердің сібір язвасымен ауырған жануарларда жүргізген тәжірибиелері туралы білген Кох, микроскоп көмегімен сібір язвасын болжау бойынша тудыратын қоздырғыштарды зерттеді. Нақты тәжірибиелерінің нәтижесінде, ол Bacillus anthracis бактериясы аурудың себебі болып келетінін анықтап, осы бактерияның биологиялық даму циклін зерттеді. Аурудың эпидемиологиялық ерекшеліктерін анықтады және бактерияның бір таяқшасы миллиондаған колония құра алатынын көрсетті. Осы зерттеулер  аурудың бактериальді шығу тегін бірінші рет көрсетті.\r\n\r\n1881 жылы Кохтың «Методы изучения патогенных организмов» («Methods for the Study of Pathogenic Organisms») атты жұмысы жарық көрді. Бұл жұмыста микробтарды қатты қоректік ортада өсіру тәсілдерін сипаттады. Бұл тәсілдің таза бактериальді культураны зерттеу үшін  маңызы зор болды.\r\n\r\nТуберкулез\r\n\r\nКейінірек Кох туберкулез қоздырғышын табуға күш салды. Сол жылдары бұл ауру кең тараған және өлімнің негізгі себебі болған. Шарите клиникасының жақын маңда орналасуы Кох үшін ыңғайлы болды – ол күн сайын, таңертең ауруханаға келіп, зерттеуге керек материалдарды алып отыратын: аздаған мөлшерде қақырық (макрота) немесе чахоткамен ауырғандардың бірнеше тамшы қаны.\r\n\r\nБірақ материалдың көптігіне қарамастан, Кох ауру қоздырғышын таба алмады. Кох бұл мақсатқа жету үшін бояу қолдану керектігін тез арада түсінді. Өкінішке орай, қарапайым бояулар өте әлсіз болып келді, бірақ бірнеше ай жұмыс нәтижесінде Кох өзіне керекті заттарды тапты.\r\n\r\nБерлиндегі микробиология институты – осы жерде Роберт Кох туберкулез қоздырғышын ашты.\r\n\r\n271-ші препараттағы туберкулезбен жарақаттанған тканьді Кох метилді көкте бояп, сосын теріні өңдеуде қолданылатын өткір қызыл-қоңырмен бояйды. Сонда ол ұсақ, кішікене иірілген, көкке боялған таяқшаларды – Кох таяқшаларын көреді.\r\n\r\n1882 жылы 24 наурызда Кох туберкулезді тудыратын бактерияны бөліп алғаны туралы жария етіп, бүкіл өміріндегі ұлы триумфқа жетті.\r\n\r\nХолера\r\n\r\nКохтың туберкулезді зерттеу жұмыстары тоқтап қалды, өйткені ол герман үкіметінің нұсқауымен ғылыми экспедиция құрамында Египет және Индияға холера ауруының себебін анықтау үшін жіберілді. Индияда жұмыс істеп жүріп, Кох ауруды тудыратын микробты бөліп алғаны туралы жария етті. Бұл микроб – холералық вибрион.\r\n\r\n \r\n\r\nТуберкулезбен жұмыстардың жалғастырылуы\r\n\r\n1885 жылы Кох Берлин университетінің профессоры және жаңа ашылған Гигиена Институтының директоры болады. Сол уақытта ол туберкулез бойынша жұмыстарын жалғастырады. Енді Кох ауруды емдеу тәсілдерін іздестіреді.\r\n\r\n1890 жылы Кох ауруды емдеу тәсілі табылды деп жария етеді. Ол құрамында туберкулез таяқшасы бөлетін заттары бар стерильді сұйықтықты – туберкулинді бөліп шығарды. Бұл сұйықтық туберкулезбен ауырғандарда аллергиялық реакцияны шақыратын. Бірақ туберкулинді ауруды емдеу үшін қолданбады, өйткені оның ешқандай ерекше терапевттік қасиеттері болмады. Керісінше оның ендірілуі токсикалық реакцияны шақырып, улануға әкелетін. Осының бәрі, оның қатты критикаға түсуіне себеп болды. Туберкулин пробасын туберкулез диагностикасында қолданыла алатын туралы белгілі болғанда, туберкулинді қолдануға қарсылық басылды. Туберкулин пробасын туберкулез диагностикасында қолдану, сиырлардың туберкулезімен күресте маңызы зор болд \r\n\r\n \r\n\r\nПайдаланылған әдебиет:\r\n

    \r\n

  1. http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D1%85,_%D0%A0%D0%BE%D0%B1%D0%B5%D1%80%D1%82
  2. \r\n

  3. http://www.referat-sochinenie.ru/list/medicina_zdorove/nemeckii_vrach_i_bakteriolog_genrih_robert_koh.html
  4. \r\n

  5. Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе.
  6. \r\n

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ