Критериалды бағалау – сапалы білім өлшемі

0
25701
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Критериалды бағалау – сапалы білім өлшемі

«Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»

А.Байтұрсынұлы Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудіңдеңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап беретін мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысы Н.Назарбаев мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде.

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, эконо -микалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық , терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Сапалы білім беру-оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.

Бағалау- оқытудың жүйелі және жоспарлы жинақталған куәгері ретінде оның сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін пайдаланылатын әрекеттің кез-келген түріне қатысты берілген категория оқытудың екі аспектісін қарастырады: оқытуды бағалау (суммативті бағалау) және оқыту үшін бағалау (формативті бағалау). 1960 жылдары оқытудың формативті және сумма -тивті мақсаттары арасындағы айырмашылық белгіленді, бірақ олардың әрқайысысының мағынасы осы уақытқа дейін жеткілікті анықталмаған. «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын , түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл ресми тестілер мен емтихандардан бастап, мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау түрлерін қамтиды.

Критериалды бағалау— оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін білм беру үдерісіне қатысушылардың барлығына алдын ала таныс , ұжым талқысынан өткен , нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы жүзеге асырылады. Қалыптастырушы бағалау— оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар күнделікті сабақта орындатуға арналған. Әр тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру үшін әр оқушыға кері байланыс жасайды. Қалыптастырушы бағалауда түрлі әдістерді қолдануға болады. «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағалау ағашы», «Бағдаршам», «Смайликтер». Бұл әдістерді тапсырманы орындау және оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалау оқушы бойындағы үрейленуді басады, өз ісіне баға беруге жетелейді. Сабақта қалыптастыру шы бағалауды жүйелі өткізу – жиынтық бағалаудың нәтижелі, сапалы болуы.

Жиынтық бағалау— оқу бағдарламасындағы бөлімдер (ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі. Білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындалады. Бағалау барлық пән бойынша өткізіледі. Бағалау жолдары мазмұны мен түрлеріне сай әртүрлі болады. Оқу мақсатына жету дәрежелерін анықтау үшін Б.Блумның оқу мақсаттары таксономиясына сәйкес бағалау критерийлері реттеліп қарастырылады. Бағалау критерийлері оқу мақсатында не көрсетілсе, тек соны бағалайды. Мұғалім оқушылардың жеке ерекшеліктерін, оқу мазмұнын ескеріп, тапсырма және оның дескрипторын белгілейді. Бір ерекшелігі күнделікті оқушыларға баға қойылмайды. Бағалау критерийіне сүйеніп, білім алушының оқу жетістіктерін бағалайды. Бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою кестесіне сүйенеді.

Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды: — қадағалау; — алынған мәліметтердің интерпретациясы; — бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды; Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті , яғни білім алушылардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырма- ны орындап отырған білім алушыларды қадағалау немесе олардың орындаған сынып немесе үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпарат ты алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін. Интерпретация қызығушылық тудыратын мәселелерге , мысалы, ерекше дағдылар көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбінесе критерий деп атап, оларды оқу мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Мәліметтердің интерпретациясы негізінде қорытынды жасалады, ол бағалауды көздейді.

Мұғалімнің бағалаудағы ролі: — Мұғалім тәлімгер ретінде — кері байланысты және әр білім алушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді; — Мұғaлім жетекші ретінде — топтағы ағымдағы жұмыс үдерісіне алып жүру үшін диагности -калық ақпарат жинастырушы; -Мұғaлім есепке алу маманы ретінде – білім алушылардың өсуі мен жетістіктері туралы жазу; — Мұғалiм баяндамашы ретінде – білім алушылардың өсуіне қатысты ата-аналарына , білім алушыларға және мектеп әкімшілігіне баяндау;

Оқу үшін бағалаудың негізгі сипаттамалары: А) Оқу мақсатымен бөлісу. Б) Алда не күтіп тұрғанын білм алушылардың білуіне көмектесу. В) Өзін-өзі және құрбыларын бағалау; Г) Білім алушылардың білім алуын жақсарту үшін не қажет екендігіне көмек беретін пікірлермен қамтамасыз ету; Ғ) Білім алушылардың өздерін жетілдіре алатынына сенімділігін дамыту; Д) Өзара бірлесіп бағалау туралы ақпаратты талдау және ойластыру; Оқу үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын , қалай даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін білім алушылар мен олардың мұғалімдері қолданылатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Критерийлер- оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, білім алушылар жұмыс барысында орындайтын іс – әрекеттер тізбесі.

Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде білім алушы лардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну. Білім алушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді: — Әрбір білім алушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау; — Білімді меңгерудің жыл аяғында ғана емес , күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы; — Білім алушының сабаққа қызығушылығының,белсенділігінің артуы; Бағаға теріс көзқарас- тың болмауы; — Бiлім алушының білімінің жүйеленуі, есте сақтауы. Оларды табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі; — Білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы; — Бiлім алушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы; -Білім алушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы ; -Білiм алушының білімін ағымдық және қорытынды бағалау; -Баға сапасын арттыру; Кpитериалды бағалау жүйесі білім алушының белсенділігін арттыруды ,оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.

Кpитериалды бағалаудың басты ерекшелігі: алдын – ала ұсынылған бағалау шкаласы,анық, айқындылығы, бағаның әділдігі, өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі; Критериалды бағалаудың тиімділігі: жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады, оқушы жұмысы алдын – ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады. Критерийлер- оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, білім алушылар жұмыс барысында орындайтын іс –әркеттер тізбесі. Критериалды бағалаудың маңыздылығы: бағалау критерийлері нақты оқу мақсаттарын айқындайды, сондықтан білім алушыларға баға оқып зерделенген материал бойынша ғана қойылады, өздерінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата-аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін білім алушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі, білім алушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.

Критериалды бағалаудың мұғалім үшін маңыздылығы: сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге, өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға, білім беру сапасын арттыруға, оқудың сапасын жақсартуға, әр білім алушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескеруге, бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға, оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

Мұғалім үшін бағалаудың негізгі мақсаты: 1.Оқудағы қиындықтарды анықтау: мектепте мысалы сауаттылық және арифметика саласын дағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі мүмкін; одан кейін өзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын қайта өткізуге болады. 2. Білім алушының жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер мен ата – аналар); 3. Уәж. Кері байланыс уәж түрінде көрінеді. Ынталандыру ретінде тестінің немесе емтихан ның өткізілуі кейбір білім алушылар мен мұғалімдерді ойларын жинақтап, әрекет етуге итермелейді. Мұндай сыртқы ынталандыру оқуға шабыттанып кірісуге түрткі болуы мүмкін; 4. Болжау және сұрыптау. Білім алушының білімі және дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер олардың болашақтағы мінез- құлқы мен дамуын болжайды. Мемлекеттік емтихан нәтижелері көбінесе сұрыптау мақсатында жоғарғы оқу орнында оқу немесе жұмысқа орнала су туралы шешім қабылдау үшін қолданылады; 5. Стандарттарды бақылау және орындау.

Бағалау нәтижесінде біліктілік дәрежесін, ал мемле -кеттік емтихан нәтижелері бойынша – жоғары білім алу мүмкін болады, мысылы, «білік — тілігі» бар тұлғаларда оларды тиісті стандарттарға сәйкес екендігіне негізделген кепілдіктер болуы қажет;

Критериалды бағалаудың оқушылар үшін маңыздылығы: өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға, өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге, өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға, шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлануға мүмкіндік береді.

Критериaлды бағалaудың ата-аналар үшін маңыздылығы: өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға, баланың оқудағы прогресін қадағалауға, оқу үдерісінде өз баласына қолдау көрсетуге, мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;

Критеpиалды бағалaудың артықшылығы: оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады, білім алушының жұмысын бағалау алдын – ала ұсынылған критерийлерге негізделеді, бағалау алгоритмі білім алушыларға алдын- ала белгілі, білім алушы не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі, білім алушының білімділік деңгейі анық көрініп тұрады, критерий арқылы бағалау мұғалімнің анық біліп отыруына мүмкіндік береді, білім берудің сапасы артады;

Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз: білім алушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу, білім алушылардың дайындық деңгейі мен динамикасын кез- келген кезеңде анықтау, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға болады, құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы білім алушы еңбегін бағалау, білім алушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын білеміз;

Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі: заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады; жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой – өрісін әрі қарай дамытады; білім алушылардың білім сапасын арттырады; білім алушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден – бір бағалау жолы; тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін шығармашыл баға лау жүйесі; Бағалаудың критериалды жүйесі – білім сапасына жетудегі өзекті мәселелерді шешуде маңызы зор. Критериалды бағалау оқушының өз ісіне сыни көзқараспен қарай отырып, өзін – өзі дамытуға талпындырады.

Оқушының өзіне деген сенімі артады. Критериалды бағалау жүйесіндегі ең маңызды нәрсе – оқу процесі, сол арқылы бала өзін – өзі бағалауды үйренеді, өз білімінің артықшылығы мен кемшілігін көреді, әрі қарай қалай даму керек екенін түсінеді. Критериалды бағалау әдісі арқылы оқушылардың ең алдымен қызығушылығы оянады, белсенділігі артады, өз ойын ашық айтуға үйренеді, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Өзінің жеке бағасын анықтай алады. Критериалды бағалаудың пайдасы нақтылық, әділдік, ын таландыру , белсенділік.

Дәстүрлі бағалауда оқушының жеке жетістігін белгілі нормамен немесе оқушылардың көбінің нәтижелерімен салыстыру болады да, оқушы көкейінде «Оған неге «5» ,ал маған…» немесе «Сол баяғы «4» қой», «Не үшін?» деген сауалдар болады. Ал критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекше ленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытын дысын шығару үшін қажет.

Бүгінгі заман талабы – жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтау- ға , өзіндік тұжырым жасай білуге ,өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адам-ның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты – жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып отыр.Бүгінгі білі алушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады.

Сапарова Гулжан
Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Ақжігіт ауылы
«Ақжігіт орта мектебі»КММ,мұғалім


ПІКІР ҚАЛДЫРУ