«Пішіндер әлеміне саяхат» балабақша танымдық сабағы

0
5920
Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Пішіндер әлеміне саяхат»

Білім беру саласы: Таным. Коммуникация.

Бөлім: ҚМҰҚ , Сөйлеуді дамыту

Мақсаты: Балалардың оқу қызметіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
Танымдық дағдыларын арттырып, алған білімдерін бекіту.
Балалардың ойлау және логикалық дағдыларын қалыптастыру.

Міндеті: Балаларға дидактикалық тапсырмаларды орындату арқылы
логикалық дағдыларын қалыптастыру. Ақпараттық жүйелендіру
мен онымен жұмыс жасау біліктілігін дамыту.

Кіріспе :

Шаттық шеңбері

Армысың, шапағатты күніміз!

Aрмысың, мейірімді жеріміз!

Армысың, табиғат анамыз!

Келді сізге, өзіңіздің балаңыз!

Здравствуй, небо голубое!
Здравствуй, солнце золотое!
Здрaвствуй, воздух и вода!
Здрaвствуй, матушка земля!


ІІ. Негізгі бөлім:
— Сәлеметсіңдер ме, балалар!
— Здравствуйте ребята!
— Балалар бүгін көңіл күйлерін қандай?
— Балалар бүгін бізде ерекше күн!
Ал, олай болса, біз бүгін «Пішіндер әлеміне» саяхатқа шығамыз. Сендер саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма?

— Балалар барлығымыз назарымызды Интерактивті тақтаға аударайықшы?

Тәрбиеші: Сендер нені көріп тұрсыңдар?

Балалар: Көліктерді

Көлік суреттері: көлік, поезд, ұшақ, т.б.

— Жарайсыңдар , балалар! Осы көліктердің біреуін таңдап, саяхатқа шығайық.

Тәрбиеші: Сендер қандай көлікті таңдайсыңдар?

Балалар: Поезд ( Поезд суреті жеке )

— Ал, енді осы поездбен саяхатқа шығайық.

Тәрбиеші: Поезд қандай дыбыс шығарады?

Балалар Поездың дыбысын келтіреді.

— Балалар бізге арналған тапсырма бар екен?

Ал, енді назарымызды тақтаға аударып, жұмбақты мұқият тыңдаймыз.

Жұмбақ:

Бұрыштан, сызықтардан

Құрылған бұл не екен? (Пішіндер)

(Бейне таспамен жұмбақ жасырады)

— Ал, саяхатымызды жалғастырайық.

— Балалар қараңдаршы біз «Пішіндер әлеміне» келдік. Сендер пішіндерді атай аласыңдар ма?

Ендеше тақтаға назар аударайық.

(Пішіндер туралы бейне таспа көрсетіледі)

Дидактикалық ойын: «Орнын тап»

Шарты: Балалар Интербелсенді тақтамен жұмыс жасап, пішіндерді орнына орналастырады.

— Балалар сендерге пішіндер әлемі ұнады ма?

көлеңкелі

Ендеше келесі саяхатымызға қандай көлік таңдаймыз?

  1. Барлық көліктердің суреттері.
  2. Ұшақ жеке

— Ұшақ қалай ұшады?

— Балалар әжей сендерге жұмбақ жасырады екен! Ал, сендер шешуін табуға дайынсыңдар ма?

Жұмбақ:

Кемпірқосақ қандай түстен тұрады?

(Бейне таспамен жұмбақ жасырады)

Балалар әжей сендерге жасырған жұмбақтың жауабын білесіңдер ме?

— Ал, саяхатымызды жалғастырайық. Балалар, қараңдаршы, біз «Пішіндер әлеміне» келдік.

Сендер пішіндерді атай аласыңдар ма?

Дидактикалық ойын: «Түсіне қарай топтастыр»

Шарты: Балалар Интерактивті тақтадан жалаушаларды түсіне қарай жинайды.

— Балалар, сендерге шаршаған шығарсыңдар. Ендеше біраз бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәт

(Бейне таспамен орындалады)

Ал, ендеше біз келесі көлігімізді таңдаңдаймыз.

(Көліктер, кеме, қайық, т.б.)

— Ал, енді соңғы жұмбақ қалды балалар,

— Жұмбақтың шешуін табамыз ба?

Жұмбақ

Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Жан – жағына қарамай
Айтыңдаршы бұл не? (Сандар)

(Бейне таспамен жұмбақ жасырады)

Дидактикалық ойын: «Тура және кері санау»

(Интерактивті тақтадан)

Шарты: Балалар сандарды тура және кері санайды.

Қорытынды: Балалар біз бүгін қайда саяхатқа бардық?

Сендерге ғажайып әлемге саяхат жасаған ұнады ма? Балаларға сұрақ қойып, жауап ала отырып, оқу қызметімізді қорытындыладым. Балаларды белсенділіктеріне қарай мақтап, мадақтадым.

«Балбөбек» бөбекжай-бақшасы
әдіскері: Жумагулова Г.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ