«Күз — береке бастауы» атты республикалық балалар байқауы өтеді

37
6128

«SKILLS ACADEMY» мекемесі мен Martebe.kz білім порталы республикамыздағы  мектепке дейінгі мекемелер тәрбиеленушілерінің арасында өтетін «КҮЗ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ» республикалық балалар байқауын жариялайды.

Байқаудың ақпараттық демеушісі – Martebe.kz республикалық білім сайты. Байқау жеңімпаздары martebe.kz  сайтында жарияланады.

Байқаудың мақсаты: Жас бүлдіршіндерді балабақшадан бастап шығармашылық жұмысқа баулып, олардың рухани жетілуіне әсер ету.

Қатысушы үміткерлердің жұмыстары 15 қыркүйек пен 20 қараша аралығында  balalar_baikauy@mail.ru электронды почтасына қабылданады. Ақпарат алу телефоны: 8 775 998 83 87.

«КҮЗ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ» атты республикалық балалары байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты

  • Жас бүлдіршіндерді балабақшадан бастап шығармашылық жұмысқа баулып, олардың рухани дамуына әсер ету;
  • Балабақша бүлдіршіндерінің салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу;
  • Балабақша қызметкерлерін республикалық масштабтағы байқауларға белсенді түрде қатыстыру.

Байқаудың өткізілу тәртібі

  • Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен ұйымдастыру алқасы айналысады. Ұйымдастырушы қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.
  • Байқаудың қорытындысын шығарумен ұйымдастырушылар айналысады.
  • Әділ қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Байқауға жіберілген материалдар мен жұмыстар кері қайтарылмайды.
  • Байқаудың марапаттау рәсімі жеңімпаздар анықталған уақыттан кейінгі он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
  • Байқауға 2 жастан 7 жасқа дейінгі мектепке дейінгі білім мекемелерінің тәрбиеленушілері қатыса алады.

 Байқаудың тапсырмалары

  • «Алтын күз келді бақшама» атты ертеңгілік (сценарий құрылымы, дәлел ретінде суретімен қоса) жас ерекшеліктеріне қарай барлық топ қатыса алады;
  • «Күз – береке бастауы» тақырыбында көрме (жеміс-жидектерден және көкөністерден жасалған қолөнер бұйымдары) II-кіші, ортаңғы, ересек, мектепке даярлық топтары қатысады;
  • «Алтын күз» тақырыбында сурет байқауы (байқауға қатысушылар салған суреттің сканерленген нұсқасын немесе фотосын жібереді) жас ерекшеліктеріне қарай барлық топ қатыса алады.

Байқаудың марапаттау рәсімі

Байқаудың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға жүлделі орындар тағайындалады.

Бас жүлде – диплом

І орын – диплом

ІІ орын – диплом

ІІІ орын – диплом

Байқауға қатысқан барлық балалар дипломдармен және МД ұйым басшысы мен әдіскері, сонымен бірге топ тәрбиешілері арнайы алғыс хаттармен марапатталады. Марапаттар электронды түрде жіберіледі.

Байқауға қатысу құны жас ерекшелігіне байланысты топ бойынша — 3000 тг.

Байқаудың қорытындысы Martebe.kz сайтында жарияланады.

 

Біздің реквизит:

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ; БИК: KSNVKZKA

«SKILLS ACADEMY « ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

Кнп 859

Ескерту! Төлемді кез келген банктен жасай аласыздар.

Қатысу үшін төлем жасау жөнінде және байқауға қатысты туындаған сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефоны: 8775-998-83-87; 8 (727) 229 63 69.

 

Өтініш беру үлгісі

«КҮЗ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ» атты республикалық

балалары байқауына өтініш

Мекеме атауы
Мекен – жайы, индекс (Міндетті)
Жас ерекшелігіне қарай барлық балалардың аты-жөндері толық жазылу керек топ бойынша
Мекеме басшысы және әдіскерінің толық аты-жөні, тегі
Топ тәрбиешісінің толық аты-жөні, тегі
Эл. поштасы
Байланыс номері

 

Ескерту! Өтініш word нұсқасында жіберілуі керек.

Өтініштің қате толтырылғаны үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді.

Байқаудың толық ақпараттық хатын алғыңыз келсе, пікірге электронды почтаңызды қалдырыңыз. Біз сізге жібереміз!


37 ПІКІРЛЕР

  1. Толык акпарат хатын жибересиз бе?

  2. Сәлеметсіз бе! Толық ақпарат хатын жібересіз бе?

  3. Сәлкмктсіз бе Почтамен салуга бола ма? Толык акпарат хатын жибересиз бе?

  4. Салеметсиз толык нускасын жибересиз бе

  5. Сəлеметсізбе! Толық нұсқасын жіберсеңіз екен.Рахмет!

  6. сәлеметсізбе, қатысушылырдын жіберген, салған суреттерін қайдан кай сайттан көрсе болады????

  7. Сәлеметсіз бе! Толық ақпарат жібересіздерме?

  8. Сəлеметсіздерме байқаулар болса эл почтамызға хабарлап тұрсаңыздар жақсы болар еді

  9. Саламатсыздар ма? Тапсырмалардың біреуін ғана жіберсек болама? Әлде барлық үш тапсырманы да орындау керек пе?

  10. салеметсіз бе жұмыстарымызды дүйсенбі жіберсек бола ма?

  11. касса нова банкі бізге алыс болып тур еді халық банктен төлесек 3 күнен соң дейді халық банктен төлесек бола ма кеш болып кетпей ме жұмыстарым қаралады ма?

  12. «Күз-берке бастауы» байқауының қорытындысы шығатын күнді жазып жіберсеңіз болар ма екен?

  13. «Күз-береке бастауы»атты республикалық балалар байқауының қортындысын қалай білеміз,және қашан шығады

  14. «Күз-береке бастауы»бай0ауының қорытындысы шықты ма?

  15. Күз — береке бастауы байқауының қорытындысы қашан шығады?

  16. Сәлеметсіз бе! Қабылдау 20 қараша бітті. Одан кейінгі 10 жұмыс күні ішінде результат шығады

  17. Сәлеметсіз бе! Қабылдау 20 қараша бітті. Одан кейінгі 10 жұмыс күні ішінде результат шығады

  18. Сәлеметсіз бе! Қабылдау 20 қараша бітті. Одан кейінгі 10 жұмыс күні ішінде результат шығады

  19. байқаудың қорытындысы қашан шығады

  20. Қайырлы күн! Мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілерін шығармашылық жұмыстарға баулу үшін өткізілген байқаудың басты мақсаты шығармашылыққа бейім балаларға қолдау көрсетіп, ынталандыру болатын.
    Ұйымдастырушылар алқасының шешімімен барлық балалардың жұмыстары қаралып, жүлделі орындарға (Бас жүлде, І,ІІ,ІІІ орын) лайық деп танылды.
    Дипломдар мен алғыс хаттар 10 күн ішінде барлық қатысушылардың өтінішінде жазылған электронды почтасына жіберілетін болады.

  21. Салеметсиз кортынды шыкты ма еки апта отти. Электронды почтама келмеди ?

  22. Қайырлы күн! Ережеде 10 жұмыс күні ішінде нәтиже шығарылады. Нәтиже шыққаннан кейінгі 10 күн ішінде марапаттарды жібереміз делінген. Біз қатынас хат бойынша жұмыс жасап келе жатырмыз. Сіздердің жеке почталарыңызға дипломдарды жібереміз. Қазір жасалып жатыр. Ал ең үздік жұмыстар жыл бойы сайтта жарияланып тұратын болады.

  23. жақсы күтеміз рахмет

  24. Сәлеметсіздер ме мәртебе кз ұжымы бүгін балаларымның 2 орынға ие болғанына бәріміз қуанып отырмыз,сіздерге мың алғыс ,осындай конкурстар көп бола берсін.

  25. Сəлеметсіздерме.Мейрамдарынызбен.
    Куз береке бастауы корытындысы жарияландыма екен.эл почтага жиберилдиме.

  26. Здравствуйте, скажите пожалуйста когда придут результаты конкурса? Уже прошло более чем 10 рабочих дней, а мы все ждём. На электронную почту скиньте пожалуйста результаты конкурса!

  27. Сәлеметсіз бе! Байқау марапаттары толық жіберіліп бітті. Сіздің марапаттарыңыз өтініште жазылған почтаға жіберілген болуы керек. balalar_baikauy@mail.ru почтасына жазып жіберіңізші.

  28. Кеш жарық! Сәлеметсіз бе?Сізге қояр сауалым бар .Күз береке бастауы атты байқау балалардың жұмыстарын жібердік.Ол 15.10-20.11 дейін .Енді оның қорытындысын қалай білуге болады.

  29. Қайырлы күн! Бұл байқау биылғы жылы ұйымдастырылған жоқ. Сіз қателесіп отыруыңыз мүмкін. Бұл өткен жылғы байқаудың ережесі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ