Күз туралы эссе

0
6685

Күз береке бастауы

Қоңыр салқын тарады.

Қайнаулар мен сайлардан,

Қаздар қөайтып барады,

Қайтқан елден жайлаудан.

Соңғы шуақ төгіліп,

Салқындатып тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап.

Қарашы күз келді,күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен түзеді,

Қара бұлт қабағын түйеді ,- демекші міне, қабағын түйіп жаңбырлы күз келді. Күз — молшылық, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез. Кешеден бері аспанды суық бұлт торлап алды. Түс мезгілі болса да, ауыл іші түнеріп, сұрланып тұр. Жаңбыр тамшылары есікті, терезені, қаңылтыр шатырды қаққылай жөнелді. Ауыл іші суға толып, ойық жерлерде көлшік пайда болды. Күн лезде суытты, ертең тіпті қар жауады деген болжам да бар. Өткір суық жел арық малды жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Күн қысқарып, түн ұзарады. Адамдар күзді: «жаңбырлы күз», «суық күз», «қара күз» деп айтып жатады. Ал біз оны «алтын күз» деп айтамыз. Себебі күзде жапырақтардың барлығы дерлік сары түске еніп, жерге түсіп дала алтынға оранғандай болады.

Бір жылда төрт мезгіл бар. Осы төрт мезгілдің әр мезгілінің өзіне тән қасиеті бар. Бірі жаныңа жылулық сыйласа, бірі қайтып туған жауқазындай бүршік атып жатады, бірі  айналаны ақ мамыққа бөлеп, терезеге салған өрнегімен таң қалдырса, енді бірі суығына үйретіп те үлгереді.Осы төрт мезгіл ішінде ең кереметі  менің жаныма жақыны да осы күз мезгілі деуіме  болар. Күздің кереметі сағынышқа толы жүректі жұлып алып, әуеде әуелетіп ән салдыртып, көңілді күңірентсе де ішкі жан дүниеңе шынайы бір сезімсыйлататындай. Мен үшін күзді сүю деген сағынышты аңсаумен пара-пар.

 

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Опорный орта мектебінің оқушысы Мусина Аружан


ПІКІР ҚАЛДЫРУ