Күз туралы эссе: «Күз – молшылық айы»

0
31508

 Қарашы күз келді, күз келді

                                                          Жапырақ жауыпты іздерді.

                                                          Құс біткен керуен тізеді,

                                                          Қара бұлт қабағын түйеді

Күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Күн сирек көрініп, аз жылытады.

Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып  кетіпті, құстар да жылы жаққа

ұша бастады.  Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да

тізіліп ұшып барады. Күзде күн суытып, барлық жан- жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді. Егін жиналады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі. Сонымен қатар  бұл мезгілді «Алтын күз!» деп айтып жүрміз. Өйткені жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялатыны белгілі.  Күздің  сұлулығына  көзің тоймайды.

Күздің байлығы- бау- бақшамызда  әбден пісіп  жетілген көкөністер мен жемістер, егіннің иіліп тұрған  бастары,  қап-қап картоп,  малдың, құстың, аңның   әбден семірген  кезі.  Дастарқаның  молшылыққа , ет пен майға толы кезең.  Сонымен қатар күз кезінде  қауырт жұмыс,  қысқыға дайынындық.  Күздің  соңғы күндерінде дала есігін айқара  ашып, кіріп келетін қысқа деген дайындық  кезі.  «Күздің  бір күні, қыстың  бір айын асырайды»  деп  дұрыс айтылған.  Күзде ерінбей  еңбек етсең, қыста қысылмай өмір сүресің.   Жауын – шашынның көбеюі,  күннің суытуын, желдің суық ызғарынан күздің келіп қалғанын  да білеміз.   Күзде күннің көзі жиі жылулығын жер бетіне сыйлайды.

Сол себептен  әр  адам  күздің  ашық  күнін пайдаланып, астығымызды жинауға кіріседі.  Күздің белгілерінің бірі – орманның  сұлулығынан және көңілсіздігінен  байқауға болады.  Күз бен көктем бояулары,  жалғыз күздің  өзін де – ақ көрініп тұр.  Сарғайған жапырақ  және  қурап үлгермеген шөп – күзге  әсемдік, сұлулық береді. Ағаштың бейнесінен  қуаныштың, қайғының   көңіл күйін байқауға болады. Күз келгенде біз қуанамыз . Мектепке барып білім аламыз . Бойымыз да ойымызда өседі .

Күз мезгілі мерекелерімен де керемет!  Қоңыр  күзді алғашқы  күні  барша балалар  «Білім күні»  мерекесін   қуанышпен қарсы алады. Бұл мереке барлық  буындағы  адамдардың  жанына ортақ  мереке.  Сонымен қатар  күз айының бір уақытында «Алтын күз», «Құрбан айт»  мерекелерін де ел болып  тойлаймыз.  Қыркүйек  айында тілдер  мерекесін де тасадан тыс қалдырмаймыз. Қазан айында  қарттар күнін, ұстаздар мерекесін де ұмытпаймыз. Күздің соңғы кезеңі қараша айына келіп тіреледі.

Күзіміз неткен көңілді! Күз мезгілі қандай тамаша! Күз дегеніміз –  байлық, молшылық.

 

Қарағанды облысы №1Ұлытау жалпы орта білім беретін мектебі базасындағы Тірек мектебінің 5-сынып оқушысы Далхан Ербол


ПІКІР ҚАЛДЫРУ