Құлаққапта ән ойнайды…

0
689

“Опмай – опмай” , “ Cенің миың болмағанда, кімдікін жеймін” , “ Cені мен көрген сайын, как будто тебя знаю” , “Ары-бері, бері-ары, жүріп ары-бері”, “Джәст май юнивөрс” — бұл сөздердің сізге бірі таныс, бірі жат. Мүлдем жат болып бірінші рет естіп отырсаңыз, бұл 2018 жылғы хит болған әндердің сөздері. Бұл әндердің барлығы жастар жанынан тастамайтын серіктері — құлаққаптарында қайталауда тұрады. Мағынасы кең бе, тар ма мүлдем мән берілмейді. Ал бұл әндердің сөздерін жазатын ақындар, “ақындар” деп айтуға келмес, нағыз ақын жазушылардың тіпті намысына тиер, яғни олардың басты ойлары – жастарға жеңіл жатталып және құлақтың құршынында бірден қалып қоятын сөздер жазу. Бір тыңдағаннан жатталып қалатыны және жеңіл темптері биге шақырып тұратыны да рас, оны көбісі мойындайды. Мүмкін сол үшін де шығар сөзге де, мағынаға да 1%-да назар аударылмайтыны.

Әр күн бір жаңа әннің шығуымен басталады. Олардың барлығына бірдей топырақ шашпасақ болады. Өйткені арасында шынымен де жүрекпен, жан- тәнімен жазып, шырқап жатқандар бар. Мысалыға: Қуандық Рахым, Мұзарт тобы, Дос Мұқасан, Роза Рымбаева, Роза Әлқожа, Қарақат пен Қыдырәлі, Жазира мен Жанболат тағы да басқалары. Қазіргі жастарға денені қозғалтып,би билеп, еркіндікті сезіну болса болғаны басқа нәрсені елемейді. Сонда қазақ халқының түбі кең жайылған, терең мағыналы сөздері мен кезіндегі Шәмші Қалдаяқов, Ақан Сері, Мадина Ералиева, Бибігүл Төлегенова, Алтынбек Қоразбаев, Батырхан Шукенов секілді ән шырқап, әуен жазған туындылары қайда қалғаны?!

«Бір қыз бар Маралдыда Қорлығайын, Табиғат берген екен күн мен айын. Мұратқа іздеген жан бәрі жеткен, Дариға арманым көп не қылайын»- міне мағына мен шынайы сезімге толы , құлаққа майдай жағып, жүректен орын алар нағыз ән.

Махаббат туралы әндерде бұрынғының қыздары арман болса, қазіргінің қыздары “ары- бері, бері-ары” жүргеніне мәз. Өкінішке орай өзгеге еліктеудің арқасында қазіргі жағдайымыз осындай. Мұхтар Шаханов ағамыз ескертіп айтқандай: “батыстың цивилизациясын аламын деп, канализациясына түсіп кетпейік!»

 

Жұмагүл Маратханқызы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ