«Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» атты Абай Құнанбаевқа арналған әдеби-сазды кеш

0
1345

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермендер кеш қонақтары! Абай атамызға арналған «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:  Абай Құнанбайұлы 1845 — 1904 жылы бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыс тауы баурайында дүниеге келген. Абай атамыз қазақтың әдебиетінде қайталанбас ұлы ойшы, философ, ақын. Ол  өз балалық кезін әжесі мен анасының жанында өткізген. Абай санасына қатысты бар шуақты қасиеттер мен ақындыққа деген ұмтылыс сезімі әжесі мен анасының әсерінен сіңген.

Бейне ролик: Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы

1-жүргізуші:  Шабыт көзін ұқсатам шарайнаға,

Кірлетіп алмау керек қалайда да.

Ол үшін сіздің жырмен сусындаймын,

Абай — дара қазақта Абай — дана.

Мәнерлеп оқу: «Дала данышпаны» М.Мақатаев 

2-жүргізуші:  Халқың сені мәңгі-бақи ұмытпас,

Асыл сөзің  көкіректе құлпытас.

Данышпаным, ұлы бабам сөзі деп,

Əр ойыңды, əр жырыңды ұмытпас.

Ән: «Айттым сәлем, Қаламқас»

1-жүргізуші: Нағыз ақын әрі патриот Абай халыққа оның неге қасірет шегетінін түсіндіруге тырысты. Өзінің өлеңдерінде ол феодалдық-рулық билеп-төстеушілерді аяусыз әшкерелейді және халықты өнер-білімге шақырады.

Өлең — сөздің патшасы,сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы – деп жырлаған Абай атамыздың өлеңдері халқымыздың асыл қазынасы болып әлі күнге дейін қалың қазақты тәрбиелеп келуде.

Мәнерлеп оқу: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»

2-жүргізуші:  Абай атамыздың қарасөздері оның сөзге деген өнерінің көркемдік күшін, даналығын көрсеткен прозалық шығармалар болып табылады. Абайдың қарасөздері жалпы тақырып, мазмұн жағынан алғанда, оның ақындық мұрасымен тығыз байланысты. Көп сөздеріңдегі ойлар, пікірлер өлендерімен ұштасып, солардың мән-мағынасын кейде қайталап пысықтап, кейде әрі қарай жалғастыра дамытып отырады. Ұлы Абай атамызды  өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан.

Қара сөз: Абай Құнанбаевтың 14 қара сөзі

1-жүргізуші:  Ұлы ақын, ағартушы Абай атамыз музыка саласында үлкен мұра қалдырды.  Абай әндерінің өзгешелігі — мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Абай атамыздың «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Желсіз түнде жарық ай» әндері барша елдің сүйіп орындайтын әні болып табылады.

Ән: «Желсіз түнде жарық ай»

2-жүргізуші:  Қазақ халқының мақтанышы Абай Құнанбаевтың ақындығы түпсіз терең мұхитпен тең десек, қателеспеген болар едік. Ғажайып суреткер, нәзік лирик, көркемсөз шебері, ең алдымен-ойшыл ақын. Ақын шығармашылығында өзі өмір сүрген тарихи дәуірдің тұтас бейнесі көрініс тапты.

Мәнерлеп оқу: «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?»

 1-жүргізуші:   Абай нағыз адам мұратын қалыптастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге ол мақсатқа жетудің шынайы жолын көрсетіп берді. Абай поэзиясы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Тек қана Абай атамыздың өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп, сезіледі.

Ән: «Көзімнің қарасы»

2-жүргізуші:   Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

Қарадан хакім болған сендей жанның

Әлемнің құлағынан әні кетпес!

1-жүргізуші:   Құрметті көрермендер осымен  бүгінгі «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» атты әдеби-сазды кешімізді аяқталды. Келесіде кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Дереккөз: internet-konkursy.com

Басқа материалдар:

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ