Әлемдегі ең бай тіл – қазақ тілі

0
2786

Әлемге әйгілі өзге де ұлт өкілдерінің қазақ тілі жайлы айтқан пікірлерін назарларыңызға ұсынамыз. Зерделеп оқып, ана тіліміздің «майса» сұлу тіл екендігіне көз жеткізіңіз!

В. В. Радлов, орыс ғалымы: «Қазақтардың тілі жатық та шешен әрі өткір. Көбіне іліп-қағып сұрақ пен жауап беруге келгенде таңғалдырарлықтай оралымды сөйлейді. Кез келгені, тіптен, сауатсыздарының өзі ана тілінде біздің Еуропада байқап жүргенімізден тек француздар мен орыстардың дәрежесінде сөйлей біледі».

П. М. Мелиоранский, орыс ғалымы: «Қазақ тілін зерттеушілердің  бәрі де бір ауыздан қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі ең бай тіл деп куәландырып отыр».

С. Е. Малов, орыс ғалымы: «Қазақ тілі өзінің бейнелілігі, суреттілігі жағынан басқа түрік немесе түркі тілдерінен әрдайым бөлекшеленіп тұрады. Қазақ – өзінің ауызекі көркем тілімен, айшықты әсем фольклорымен бұрын да, қазір де даңқы шығып жүрген халық. Қазақ тілі бұрын да, кейбір реттерде бүгінде де сомдалған және біртұтас тілі деп танылып келеді».

А. Жарри де Манси, француз ғалымы: «Қазақ тілі – түркі тілдері ішіндегі ең таза тілдерінің бірі».

А. Саади, татар ғалымы: «Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол – қазақ тілі және қазақ әдебиеті. Шын ғалым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек».

Хасан Туфан, татар ақыны: «Сырлы тіл, жырлы тіл, нұрлы тіл – қазақ тілін ғасырлар бойында қастерлеп сақтағандарыңыз үшін, қазақ бауырлар, сіздерге бек зор рахмет».

Дудек Гржебичек, чех ғалымы: «Сіздердің (қазақтардың) тіліңіз синонимге өте бай».

Дереккөз: Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», Алматы, «Дәуір» баспасы – 2003 жыл, 242 бет.

Мөлдір АУБЕЛ,
«Тұран» университеті
Журналистика мамандығының студенті.ң


ПІКІР ҚАЛДЫРУ