Әлемдік руханият, заманауи трендтер және инновациялық тәжірибе

0
974

85 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — еліміздің қоғамдық өмірі мен білім, ғылым, жалпы оқу ағарту саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінің куәгері.

Университет — ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген, таусылмас білім ордасы. Қасиетті қарашаңырақ тарихының әрбір кірпіші оның белгілі ғалымдары, оқытушылары мен студент жастарының творчестволық талмас қайраты мен күнделікті еңбегінің арқасында қаланған.

Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті — қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның экономикасының өсуіне, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауды белсенді жүзеге асырып отырған, ірі халықаралық деңгейдегі ғылым, білім ордасы, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ең озығы және беделдісі болып табылады.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Times Higher Education University Impact Rankings-2021 рейтингінде ең үздік, әрі осындай межеге жеткен жалғыз қазақстандық ЖОО деп танылды.

Білім ордасы Біріккен ұлттар ұйымының 2030 жылға дейін тұжырымдаған тұрақты дамудың барлық 17 мақсаты бойынша басымдық көрсетіп, қазақстандық ЖОО арасында ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Times Higher Education University Impact Rankings (THE IR) рейтингінде әлемнің 1115 университетінің көрсеткіштері сарапталған. Әлемдік рейтинг жоғары оқу орындарының тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру барысын бағалауға арналған.

БҰҰ айқындаған 17 мақсаттың қатарына кедейлікті жою; салауатты өмір салты; сапалы білім беру; гендерлік теңдік; су ресурстарын тиімді пайдалану және баршаға арналған тазалық; энергия көздеріне қол жетімділік; лайықты жұмыс және экономикалық өсу; өнеркәсіп, инновациялар және инфрақұрылым және басқа талаптар кіреді.

Нәтижесінде ҚазҰУ-дың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тепе-теңдікті жоғары дәрежеде қамтамасыз етіп отырғандығын дәлелдеді.

Бұдан бөлек, білім ордасында сандық жүйеде оқытудың жаңа әдістері енгізілуде. Бұл пандемия жағдайында аса маңызды болып отыр. Университет «баршаны қолайлы оқытуды» – кез келген уақытта және барлық құрылғыда қолжетімді етуге кірісті. Нәтижесінде оқытушы-профессорлар құрамы бағалау мен тиімділікті арттыру құралдарын қолдана отырып, жаңа педагогикалық мүмкіндіктерге жол ашуда. . Білім ордасының басшысы Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ-дың Смарт-университетке айналудың соңғы кезеңіне аяқ басқанын жеткізді.

«Бүгінгі таңда жоғары оқу орнының техникалық жабдықталуы қарқынды жүргізілуде. Кампус студенттер мен қызметкерлер үшін толықтай қолайлы ортаға айналатын болады. Барлық бизнес-үдерістер мен байланыс жүйелерін оңтайландыру, жекелеген қызметтер желісін автоматтандыру қолға алынды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен түрлі автоматтандыру жүйелерін интеграциялау жүзеге асырылады» деп атап өтті

Университеттің дәл осындай жетістіктері халықаралық әріптестер тарапынан мойындалып, ҚазҰУ СМАРТ-технологиялар мектебін ұйымдастыру мәртебесіне ие болды. Білім алаңында әлемнің 7 елінен, оның ішінде Еуропа мемлекеттерінен ақпараттық-

коммуникациялық технологиялар және автоматтандыру саласының жетекші ғалымдары қатысып, өз тәжірибесімен бөлісуде.

Мектеп жұмысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың смарт-технологияларды қолданудағы үздік жобалары көпшілік назарына ұсынылды.

Атап айтсақ, ЖОО-ның барлық коммуникацияларының сандық жүйеге көшуі, кампусқа кірген кезде тұлғаны тану технологиясы, қалашықтағы қауіпсіздік мониторингі. Сондай-ақ сабақтарды бақылау, оқушылардың үлгерімін талдау, қызметкерлер жұмысының тиімділігін сараптау, ақылды қалалар технологиялары, «жасыл» кампус және тағы басқалар. Сондай-ақ ҚазҰУ магистранттарының «ақылды жылыжай» арнайы жобасы қатысушылардың қызығушылығын оятты. Республикалық физика-математика мектебі үшін дайындалып жатқан жобаға оқушылар да тартылатын болады.

Қазіргі сәтте кампустың сандық қызметтері толығымен жаңғыртылу үстінде. Барлық ғимараттарды басқару үшін арнайы қабылдағыштар және ақылды технологиялар пайдаланылады.

Айта кетсек, Erasmus ақылды қалалар технологиясының магистрлік бағдарламасына инновациялық тәсілдерді ендіру жобасы аясында бүгінде грек университетімен қос диплом бағдарламасы әзірленіп, табысты іске асырылуда. Нәтижесінде Қазақстанның алты магистранты Грекия халықаралық университетінде білім алды. Сонымен қатар еуропалық ЖОО мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында магистрлік диссертациялар қорғалады деп күтілуде.

Осылардың барлығы Елімізге халықаралық деңгейге сай, бәсекеге қабілетті мамандар дайындауында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың алатын орны ерекше екенінің айқын көрінісі.

Әбенова Айнұр
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 4 курс студенті

Ғылыми жетекші:Андабаева Г.К.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,ЭжБЖМ профессор м.а.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ