«Lesson Study» таныстырылымы

0
5021
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

«Lesson Study» таныстырылымы

     Қазіргі әлемде болып жатқан өзгерістер білім беру саласына да әсер етуде. Білім беру жүйесін жаһандану заманында өзгерту жалпы мектептер үшін де,мұғалімдер үшін де маңызды болып отыр. Мұғалімдер жұмыстарына жеткілікті көңіл бөле білу арқылы ғана оқушының білімі мен дағдыларын дамытып,алған білімдерін жай пайдаланып қана қоймай, оларды өмірде орынды жеріне қолдана білуіне басты назар аударады .Баланың бойында қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып,оларды жеке тұлға ретінде дамытуымыз қажет болып отыр. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, баланың бәрі белгілі бір қабілетке ие. 

   Сыныптағы оқушыны зерттеудің нысандарының бірі «Lesson Study» тәсілі. Бұл  тәсіл  мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал болып саналғандықтан, оны енгізуде белгілі қағидаттар мен тәжірибелік амал-шаралар сақталынады.

     Мен «Lesson Study»тәсілімен зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Оның жүргізілуі төмендегідей:

І. L. S. туралы бейнежазба көрсетемін.

ІІ. L. S туралы түсіндіремін.

  1. ХІХғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, Батыста 70 жыл бұрын қолданылған.
  2. Мұғалімдер тобы іс-шараны бірлесе жоспарлап, өткізеді, қадағалайды, оқыту мен оқуды талдайды, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіреді.
  3. S .циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқу тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді.
  4. Қазіргі уақытта Сингапур, Ганконг, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция,Канада қолдануда.
  5. Мұғалімдер өздері жинаған күнделікті материалдары мен бағалау деректерін оқушылардың даму мен оқу басымдықтары үшін қолдануда.
  6. Оқу әдістемесін бірлесіп анықтайды.
  7. Деңгейі әр түрлі 3 оқушыны анықтайды, бірлесіп өткізілген сабақтарда зерттелетін 3 оқушы үнемі назарға алынады, нәтижелері мұқият зерттеледі.
  8. Бақылаудағы оқушылармен сұхбаттасады.
  9. S. тәжірибелі мұғалімдермен қатар, жас мамандарға кәсіби жетілуге көмектеседі.
  10. S мұғалімдерге өз жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, өмір бойғы тәжірибесінде әрбір оқушының қажеттілігін ескеруге мүмкіндік береді.

ІІІ. L.S – дің тиімділігін көрсететін слайдтармен таныстырамын.

ІҮ. Өз зерттеуімді әңгімелеймін.

     Lesson Study — мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл.  Мұғалімдердің пайдаға асырылмаған зор әлеуетін олардың кәсіби өсуіне, бірлескен кәсіби білім құруларына  ықпал ететіндей  қолдау  көрсетілген жағдайда ғана көрсете алады.  Бізге таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілденбосауымыз керек. Себебі бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет  етеміз. Оның орнына кәсібилікке  бағытталған  ұжымдық  және  кешенді  тәсіл қажет.  (Bolam, Mc Mahon, Stoll et  al, 2005)  (Нұсқаулық, 88-бет)  Бірге бас қосу – бұл бастама, бірге болу – бұл прогресс, ал бірігіп жұмыс жасау – бұл ЖЕТІСТІК ( Генри Форд)    Мектеп зерттеулеріне сай түгел дерлік бастауыш және орта мектептер Lesson  Studyді   жылына бір рет не бірнеше рет қолданады.

        «Lesson Study» — іс –әрекеттегі зерттеу сабағы.

   Өзгеріс енгізудің негізгі тетіктерін табу үшін, неден бастаймын деген сұраққа жауап іздедік.Енжар, ештеңеге қызықпайтын, тек келіп кететін оқушыларды көз алдыма елестеттім. «Неге» осындай оқушылар бар, ол «қалай» пайда болды, енді «не» істеу керек? Бұл сұрақтардың жауабын – оқыту әдісіне жаңалық енгізу, нәтижелі де сапалы сабақ беру екендігін ұққандықтан өз тобымызбен жұмыс жасауға кірістік.

Іс- әрекеттегі зерттеу мақсаты: Мұғалімдер жаңаша оқыту әдістерін пайдалану арқылы оқушыларды нақты тануға, зерттеуге мүмкіндік алатындығын түсінеді, бір- бірінің кәсіби өсуіне  ықпал ете алатындығына көз жеткізеді.

Күтілетін нәтиже: Әріптестерім осы әдісті қолданып  сабақ  өткізіп, талдап оқушыларын басқа қырынан танып білетін болады.

Бірінші айналым: қазақ тілі пәні бойынша сабағына зерттеу жүргізілді.

 1-сабақ  дәстүрлі сабақ жүрісімен өткізілді. Онда негізгі сабақты өткізуші мұғалім болды да, сабақ соңына дейін  барлық ролдерді сомдап шықты. Оқушыларда жалығу мен енжарлық байқалды. Тек ғана бес оқушы сұрақтарға жауап берді. Менің назарымда В деңгейіндегі оқушы болды. Оқушы төрт бағасын алу арқылы өз сабағына қатыса білді. Сабақта көңілсіз отырды.Басын қолымен сүйеп отырды. Бұл баланың жалыққандығын білдіреді.Тақтада жазған жазуында екі қате жіберді. Жаттығуларды бірізді орындап өте  салды.Әлия алдымен өз имиджін өзгерту  керек,балалармен тығыз  байланыста  болу керек.Мұғалім  мен  оқушы  арасында байланыс жоқтың  қасы.

2- сабақ. Бұл сабақ жартылай өзгерген дәстүрлі сабақ түрінде өтті. Оқыту таза АКТ-ны қолданумен өтті. Бағалау смайликтер арқылы жүргізілді. «А» оқушы көңілсіздеу отырды. «В» оқушы да сабақтың қызу пікірталасына кірісіп кете алмады. «С» оқушы өзін басқа қырынан көрсетті. Ол интерактивті тақтаға жазды, сұрақтарға жауап берді, тобына қолдау көрсетті. Оқушы өзіне назар аударылып жатқанын білді, өзгеріс қажеттігін түсінді. Сәтті ұйымдастырылған сабақ нәтижесін берді, «С» оқушы «4» деген баға алды. Ол өте қуанышты болды. Сұхбаттасқанда еркін отырды, ішкі сезімін жасыра алмады, яғни оның да қолынан келетін мүмкіндік бар екенін сезінді. Ол немқұрайлы оқушыдан ілгері оқушыға айнала бастады.

5 «г» сыныбында өткізілген қазақ тілі, ағылшын тілі, математика  сабақтарына қатысып,  шығармашылық топ мүшелерімен бірге        С  деңгейлі  оқушының   бүкіл сабақ   барысында  құрдастары арасында, сыныптағы, мұғаліммен қарым-қатынасын  зерделеп,зерттедім.Оқушының қимыл-қозғалысы аз, үлгерімі нашар. Қазақ тілі сабағында да толық жауап бере алмай   үндемей отырды.  Оқушының  сабаққа деген қызығушылығы төмен болды. Сол секілді  сабақта   көп    үндемей,  білгенін    ішіне  түйіп,   өзің  тап  —  дегендей    отыратын    оқушыларкездеседі. Оқушының қимыл-қозғалысы аз, үлгерімі нашар, қызығушылығы да төмен.  Ч. Қ.  ең  алғашқы сабақта   өзімен-өзі, бұйығы отырды. Сабаққа қатыспады. Мұғалімде ол оқушыдан сұрамады.Үй тапсырмасын толық орындамаған. Осылайша бүкіл сабақ барысында белсенділік танытпады .                                                                                                                    

Екінші сабағында ағылшын тілі пәні болды. Ч.Қ. ағылшын сабағында алдыңғы сабаққа қарағанда белсендірек болды. Себебі қол көтеріп, тақтаға шықты. Кітаптан сөздердің ағылшынша жазылуы мен оқылуын іздеп, жаза бастады. Жазуы өте әдемі. Қатесіз дұрыс жазды. С деңгейлі оқушының қазақ тіліне қарағанда ағылшын тілін жақсы көретінін байқалды.Бірақ  мұғалім тарапынан түрткі боларлық, қозғау саларлық тапсырмалар аз болды ма Ч.Қ. тағы да өз- өзімен  тұйықталып қалды. Бұл оқушының  бойынан байқалғаны өз бетінше   білгенін айтуға тырыспайды. Дәптерін де тексертпеді. Бірақ бүкіл сабақ бойында  сөздік  кітабын ашып, сөздің  аудармасын тауып жазып отырды .Өкінішке орай  жазғандарын дұрыс, дұрыс еместігін тағы да тексертпеді.

   Келесі сабақ  математика сабағы болды. Сынып оқушыларын топқа бөлінді.Ч.Қ.   екінші топта отыр. С деңгейлі оқушы  бұл сабақта да  өз-өзіне сенімсіз күйде отыр. Үй тапсырмасын орындаған, бірақ  жартылай. Ч.Қ.  құрдастарының көмегіне мұқтаж. Жан-жағына қарап, жалтақтап отыр, бірақ есепті  түсінген, түсінбегенін ашып айтпайды. Осылайша  тізбектелген  бірнеше  сабақтарға  қатысып, С деңгейлі оқушының   қай пәнге ерекше қызығатынын білдім..  Сабақты  пән мұғалімдерімен бірлесе талқыладым. Талқылау барысында жаңа әдістер арқылы сабақ өткізу қажеттілігіне мұғалімнің көзі жетті.Сыныптағы    С  деңгейлі  оқушыға қосымша тапсырма  беріп, сабаққа ынталандыру кажеттігі ескерілді.  Сабақ  қазақ тілі    пәні  болғандықтан    бүкіл    сабақ    үдерісінде    «оқыту    мен    оқудағы    жаңа   тәсілдер»   соның    ішінде  «диалог   арқылы  оқыту «  тәсілін    көп  қолданды. 

Бұл   тәсіл    негізгі   төрт    қағидатқа    негізделген .  олардың     ішіндегі  негізгісі  «Балалар   қалай    оқиды?»   қағидаты   болып   табылады.  Сыныптағы дарынды, талантты  оқушылар  топтық    жұмыста   белсенділік   танытып,  қасындағы  серіктесіне   бағыт   беріп,  кей  жағдайда   «үнсіз  оқушылардың»  ашылуына   көп   көмегін  тигізеді. Сыныптағы оқушылардың бәрі  бірдей болмайды..  Біреулері  ойын  ашық  айтады,  екіншілері   өлең    арқылы  немесе  сурет  арқылы  көрсетеді. Мысалы  А деңгейлі  оқушы  тез  ұққыш,  өз  ойын  жинақы  толық  жеткізеді.  Берілген  тапсырманы мүлтіксіз  істеуге    талпынады.  Ал,  Ч.Қ. болса  өте  баяу,  ол  тез  ойлап,  қимылдай  алмайды, жай қимылдайды,  өз ойын ашып айта алмайды.Шығармашылық топ мүшесі математика  пәні №1өзгертілген  сабағында  С деңгейлі  оқушы топ басшысы болды, бағалау барысында өзіне «3» бағасын қойды.

Тапсырмаға белсенді қатыспағанын мойындады.  Демек, біз дәстүрлі оқытуда оқушының бағасын дұрыс қоймаймыз немесе салыстырмалы түрде бағалайтынымыз білінді ал оқушы нашар баға алса да ренжімеді неліктен? Себебі, ол өзінің сабаққа дұрыс қатыспағанына көзі жетті.Осылайша бірнеше тізбектелген сабақтарға қатысып С деңгейлі оқушыға  мұғалім тарапынан ерекше қолдау,  түрткі керек екенін байқадым. Оқушы сабақ соңына қарай  тақтаға шығып, жазуға, өз ойын айтуға  талпынды. Мысалы:С деңгейлі оқушының ағылшын сабағында қосымша тапсырманы орындауы

   Әсіресе  оқушының қай сабақтарға ерекше қызығушылығын байқау мақсатында әдебиет сабағына қатысқанымда оқушы тақтаға шығып, өз ойын жазды. Қол көтеріп өлеңнің мазмұнын  айтуға тырысты. Бұл әрине оқушының  барлық сабақтарда нашар еместігін білдіреді. Оқушының   өзі  ұнататын сабақтары арқылы көп сөйлеуге, өз  ойын айтуға  көп мүмкіндік беру керек деп  қорытынды шығардым. Себебі сол арқылы біз тұйық, баяу оқушылардың ашылуына көмектесеміз. Мейлі  дұрыс болсын, мейлі бұрыс болсын  өз ойын,  оқығанын  еркін айта алғанда ғана ол  ашылады.      С деңгейлі оқушыны зерттей  келе мынадай ой қорытындыладым. Оқушының бойындағы қабілет, дарын әр сабақ барысында бірте-бірте көріне бастайды

Сагинова Гүлшат Сағилашқызы

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ