Әлеуметтің демі – әлеуметтік желі

0
1345

«Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы-мұғалім»

(Ғабит Мүсірепов)

«Оқу — білім бұлағы» —  деп жүргенде, IV тоқсан тосын жаңалыққа толы болды. Білім беру барысында қиындықтар кездеспесе де, тақта да тұрып түсіндіріп  қалған маман үшін, мезгілсіз кезең болғаны жасырын емес. Десе де, дегбірді қашырған қашықтықтан оқытуға бой үйреніп,тиімді тұстарын байқағаннан болар,тез төселіп алдық. Мұғалім ретінде байқағаным — бір төбе, айтарымда — аз емес. Олай болса, жылы орыныңызға жайғасып, ары қарай оқи отырыңыз…

Ел ішінде орын алған төтенше жағдайдың алдын алу барысында , Мемлекет тарапынан берілген   тапсырма  білім саласындағы бізге де әсер етті. Әлемді әлекке салған дерттің таралуына байланысты бірнеше іс-шара ұйымдастырылды. Соның ішінде, іліммен білім ошақтары бар. Қазақстанның түкпір түкпіріндегі оқу ордасы қашықтықтан оқытуға көшті. Жалпы, «қашықтықтан оқыту» — дегеніміз не? Сірә, сізге түсініксіз болар. Бұл-  оқытушымен білімгердің алыстан «online» режимде синхронды немесе «offline» асинхронды тілдесуі. Яғни, педагог «тиісті» деген тілдесу түрін таңдап алып, оқу үрдістері бойынша оқушыға тапсырма беріп отырады.

Бүгінгі күні  қашықтықтан оқыту арқылы оқушылармен жеке-жеке жұмыс жасап,бұрын соңды аңғармаған тұстарымен таныстым. Олар кез-келген сабақты ынтамен орындап,қызығушылықпен ізденіп,өз-өзін бағалап үйренді. Оқушымен мұғалім арасындағы кері байланыстың басымдылығы байқалды. Бұны сізде байқаған боларсыз? Мұғалім ретінде әлеуметтің демі-әлеуметтік желіні пайдаланып, білім беру принциптерімді  жүзеге асыра алдым. Сонымен қатар,заманауи инфрақұрылымдарды қолдану арқылы жаңа бағытқа жол аштым. Жас маман ретінде интеллектуалды қабілетке ие болып, интелегентті тұлға болудың алғашқы баспалдағына көтерілдім. Айта кету керек, қашықтықтан оқыту- қызметтегі әріптестермен ғана емес, оқушы және  ата-ана арасындағы қарым-қатынасымызды етене тығыз байланыстырды.

Білетін боларсыз, білім жолында жігер жоқ болса-жол тұйық. Осы себептен болар «Жігерім- құм болмасын, мен  білім беретін оқушы — білмей қалмасын»- деп ұранға айналған сөздерімді- әр сабағым басталғанда айтып отыруды әдетке айналдырып алыппын. Ұрандының ұрпағы — қайсар келеді. Ең бастысы, біз білім беріп, қанат қақтыратын жас ұрпақтың жалыны, сөнбесе екен деймін.

 

Бағашар Жадыра

Алматы облысы, Талғар қаласы

Ахмет Байтұрсынов атындағы № 7 мектеп-лицейдің

 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ