Лизинг туралы жалпы түсінік.

0
4753
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Лизинг экономика өмірінінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын және аренда және займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.

Жоспар

Кіріспе

Бөлім 1. Лизинг туралы жалпы түсінік.

1.1.Лизингтің шығу тегі, пайда болуы

1.2.Лизингтің негізгі түрлері

Бөлім 2. ҚР лизинг бизнесі.

2.1.Лизингтік операциялар есебі

2.2.Лизингтік келісімшарт

Бөлім 3. ҚР лизингтің сыртқы жағдайы

3.1.ҚР лизингтің даму жолдары.

3.2. Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері

3.3.Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

 

Кіріспе

Лизинг экономика өмірінінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын және аренда және займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.

Лизинг түсінігі үш негізгі аспектілерді қамтиды:

  1. Лизинг маркетингтің белсенді бөлігі ретінде қызмет атқарады:

а) машина –техникалық өндіріс ретінде ұйымдастырылады;

б) материалдық – техникалық өндірісті қамтамасыз етеді;

  1. Лизинг – ішкі нарыққа капитал салу және инвестициялық форманы ұйымдастырады:

а) банктік қызметтің жаңа формасы ретінде көрінеді;

б) лизинг – лизингтік компанияларды несиесіз қаржыландыру көздері.

  1. Лизинг – экономикалық жоспардың ұйымдастыру формасы:

а) ұлттық экономикада сыртқы нарықтық бәсекелестікті көтеру;

б) мемлекеттің сыртқы қарыздарының көбеюіне жол бермеу.

 

Бөлім 1. Лизинг туралы жалпы түсінік.

1.1.Лизингтің шығу тегі, пайда болуы.

Лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру” беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы:лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.

Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э.2000 жылдай бұрын ертедегі Вавильонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. «Юнайтед Стейтс лизин корп.» атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан Францискода (АҚШ) құрылған.Европада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМ6Х» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты.1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып келеді.

1.2.Лизингтің негізгі түрлері

Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.

  1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
  2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:

Ішкі лизинг – бұл өзінің қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.

Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.

Банктердің лизингтік операциясы несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Қаржылық лизинг – бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға беру, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары:

— лизинг беруші(жалға беруші);

— лизинг алушылар(жалға алушылар) болып табылады.

Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг – бұл инвестициялық қызметтің бір түрі; онда:

— лизинг беруші сатып алушыдан лизинг бұйымын лизинг келісім шарты бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге, белгілі бір уақытта иелік ету жағдайына және кәсіпкерлік мақсаты үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Бұл кезде лизинг бұйымы лизинг алушыға берілгенде, оның мерзімі амортизацияланатын мерзіммен шамалас немесе оның 80% бөлігіне сәйкес келуі тиіс;

— лизинг алушы келісімшартқа сәйкес төленуге жататын төлемдерді кезеңімен тиянақты түрде төлеп тұруды өз міндетіне алады. Келісімшарттың мерзімі өткен соң, лизинг бұйымылизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер бұндай жағдай шартта қарастырылған болса.

Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, құрал-жабдықтар, транспорт құралдары, жер телімі т.б. мүліктер жатады. Лизинг бұйымына бағалы қағаздар, табиғи ресурстар жатпайды.

Лизинг лизингтік мәмілеге қатысушылардың қарастырған жағдайына  байланысты және олар әрқилы болып бөлінеді:

— қайтарылатын лизинг – лизингтің бұл түрі, онда сатушы осы бұйымды кері қайтарыпала алатын болса ғана лизинг алушыға лизинг ретінде сатады;

— банк лизингі – лизингтің бір түрі, онда лизингті беруші ролін банк атқарады;

— толық лизинг – лизингтің бір түрі, онда лизинг беруші ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады;

— таза лизинг – лизингтің бір түрі, онда лизинг алушы ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады.

Лизинг өз нысаны бойынша ішкі және халықаралық болып бөлінуі мүмкін. Ішкі лизингте лизинг беруші де, лизинг алушы да және сатушы да Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Халықаралық лизингті, негізінен Қазақстан Республикасының резидентті емес тұлғалары жүзеге асырады. Лизинг берушінің де, лизинг алушының да және сатушының да жауапкершілігі лизинг келісімшартымен, сатып алу-сату келісімшартымен және Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді. Лизинг келісімшарты мынадай міндетті мәнді жағдайлардан тұруы тиіс, онсыз ол келісілген деп саналмайды, келісімшарт жасалатын нәрсесі; лизинг нәрсесін сатушының аты-жөні және сатушыны таңдауды кім жүзеге асырғаны көрсетіледі; лизинг нәрсесін лизингті алушыға берудің мерзімі мен жағдайы;лизинг төлемінің мерзімділігі мен мөлшері;лизинг нәрсесінің құны; келісімшарттың әрекет мерзімі; лизинг нәрсесінің лизинг алушының меншігіне өту жағдайы; лизинг ету нәрсесін суреттеу; лизинг нәрсесін ұстау және жөндеу тәртібі; сақтандыру; лизинг берушінің атына лизинго нәрсесін мемлекеттік тіркеуден өткізуін екі жақтың біріне жүктеу; лизинг келісімшарты бойынша лизинг алушының міндеттемесін орындауын бақылау үшін лизинг берушінің жүзеге асыратын шаралары; тараптардың жауапкершілігі. Қозғалмайтын мүліктер бойынша жасалатын келісім-шарттар міндетті түрде, заң актілерімен анықталған тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтеді. Қозғалыстағы мүліктер қойылған кепілдік ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады. Лизинг нәрсесін сатушы тікелей лизинг алушының алдында сатып алу-сату келісімшарты бойынша жауапты болады. Егер де сатушы лизинг алушының қойған талабымен келіссе, онда лизинг алушыға берілетін лизинг нәрсесінің шартын өзгерту үшін, міндетті түрде лизинг берушімен келісуі тиіс. Лизинг алушының да лизинг берушінің де сатушымен қарым-қатынасы ынтымақтасқан кредиторлар ретінде жүреді.

Лизинг бойынша марапаттау өз кезегінде екі әдісте пайдаланады: не өсіп отыратын пайыздық мөлшерлемесін, немесе алдын-ала қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін.

Бухгалтерлік есепте қаржылық лизинг бойынша жасалатын операциялар онда қарастырылған келісім-шарттың жағдайына байланысты көрініс табады.

Бөлім 2. ҚР лизинг бизнесі.

2.1. Лизингтік операциялар есебі.

Бухгалтерлік есепте лизинг беруші банктің алынған мүлікті қаржылық лизингке ұсынумен байланысты операцияларын көрсету тәртібі банктің ішкі құжаттарында қарастырылуы және есептік саясатта белгіленуі тиіс.

Лизинг келісім жасалып, мүлік мемлекеттік тіркеуден өткен соң, сатушыдан лизинг беруші меншігіне алынып, кәсіпкерлік мақсатына уақытша пайдалануға және ұстауға лизинг алушыға жалданатын мүліктік есепте келесі түрде көрсетіледі.

Лизинг берушінің лизинг затын сатушыдан алу және лизинг келісімінің шартына сәйкес жолдау:

  • Негізгі құралды алу:

Дт 1656 «Жалға беруге арналған негізгі құрал – жабдықтар»

Кт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар».

  • Алынған негізгі құралдар үшін төлем:

Дт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»

Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».

Лизинг затын лизинг келісімшарттарына сәйкес, лизинг алушыға уақытша

ұстауға және кәсіпкерлік мақсатта қолдануға беру:

Дт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі»

Кт 1656 «Жалға беруге арналған негізгі құрал – жабдықтар».

Ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей лизинг беруші лизинг бойынша сыйақыларды есептейді. Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

Дт 1730 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер»

1740 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер»

Кт 4305 «Басқа банктерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер»

4420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер».

Егер лизинг алушы өз қаржысы есебінен және лизинг берушінің жазбаша келісімімен лизинг затына зиян келтірмейтін жақсарту жүргізсе, лизинг беруші лизинг алушы алдындағы бұл жақсартудың құнын өтеу бойынша лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталғанда өз міндеттемелерін мойындайды.

Бұл кезде келесі бухглтерлік жазба жасалады:

Дт 5922 «Банктік емес қызметтен өзге шығыстар»

Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар».

Лизинг келісімімен қаралған төлемдерді мерзімінде алғанда лизинг беруші келесі бухгалтерлік өткізбелерді жүзеге асырады:

а) Лизинг бойынша қосылған сыйақыны өтеу бойынша:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Кт 1730 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер»

1740 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер».

ә) Лизинг затын алу, жеткізу және оны лизинг келісімін жасау кезіндегі баға бойынша лизинг лизинг келісіміне сәйкес мақсатында қолдану үшін жұмыс жағдайында келген шығындар мен басқа да кез келген шығындарды қапына келтіру бойынша:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі».

Лизинг алушы сыйақы бойынша төлемдерді, сондай – ақ қаржылық лизинг бойынша негізгі борыш сомасы кешіктірілгенде, келесі бухгалтерлік өткізбе құрылады:

а) Есептен сыйақы сомасына:

Дт 1731 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақылар»

1741 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақылар»

Кт 1730 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер»

1740 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер».

ә) Негізгі борыш сомасына:

Дт 1306 «Банктің қарыздары бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегі»

1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі»

Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі».

б) Негізгі борыш сомасы бойынша Ұлттық банктің нрмативтік – құқықтық актілеріне сәйкес құрылатын мжбүрлі шығын сомасына:

Дт 5452 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»

5455 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»

Кт 1339 «Басқа банктерге банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)»

1439 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)».

Есептелген сыйақы мен негізгі борыш уақтылы бір кезде төленбесе (егер бұл лизинг келісімінде көрсетілмесе) лизинг беруші айып өсімақы және тұрақсыздық сомасын есептейді. Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

Дт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»

Кт 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)».

Лизинг алушыдан мерзімі ұзартылған төлемдер қайтарылғанда, келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

а) Айып, өсімақы және тұрақсыздық сомасына:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Кт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар».

ә) Мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Кт 1731 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақылар»

1741 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақылар».

б) Негізгі борыш сомасына:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Кт 1306 «Банктің қарыздары бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегі»

1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі».

в) Алдын ала құрылған мәжбүрлі шығындар сомасына:

Дт 1339 «Басқа банктерге банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)»

1439 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)»

Кт 5452 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»

5455 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу».

Лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталған соң лизинг заты лизинг шартының келісіміне сәйкес лизинг алушыдан лизинг берушіге қайтарылады:

а) Егер лизинг заты толық амортизацияланса, онда лизинг беруші аталған лизинг затын қабылдау — өткізу акті бойынша қабылдайды және қажет болса оны одан әрі қолдану бойынша жүйеден тыс есепке кірістейді;

ә) Егер лизинг заты толық амортизацияланбаса, қалдық құн сомасына лизинг берушіде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

Дт 1652 «Жер, үйлер мен ғимараттар»

1653 «Компьютерлік қондырғылар»

1654 «Басқа да негізгі құралдар»

1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал – жабдықтар»

1658 «Көліктік құралдар»

Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі».

Егер лизинг келісімінің шарты бойынша лизинг заты қайтарылмаса және аталған лизинг заты тоық амортизацияланбаса, онда лизинг алушымен лизинг берушіге қалдық құнды қалпына келтіруі лизинг келісімшартымен реттеледі.

Лизинг алушының меншікті қаржысы есебінен жүргізген жақсарту құнын қалпына келтіру кезінде,изинг берушімен келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

Дт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар»

Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».

Жаңадан құрылған мәжбүрлі шығындар есебінен қаржылық лизинг бойынша негізгі борыш сомасын лизинг алушы өтеу кезінде келесі бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

а) Негізгі борыш сомасына:

Дт 1339 «Басқа банктерге банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)»

1439 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)»

Кт 1306 «Банктің қарыздары бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегі»

1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі»;

Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі».

Сол кезекте кіріс 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

ә) Мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына:

Дт 4305 «Басқа банктерге банктерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер»

4420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі сыйақы алуға байланысты кірістер»

Кт 1731 «Басқа банктердің ұсынған қарыздары мен қаржылық лизингтері бойынша мерзімі өткен сыйақылар»

1741 «Клиенттердің ұсынған қарыздары мен қаржылық лизингтері бойынша мерзімі өткен сыйақылар».

б) Айып, өсімақы және тұрақсыздық сомасына:

Дт 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

ә) Сыйақы сомасына:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Кт 4305 «Басқа банктерге банктерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер»

Кт 4420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі сыйақы алуға байланысты кірістер» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

б) Негізгі борыш сомасына:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Кт 5452 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»

5455 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

Қаржылық лизинг бойынша берешекті өтеу келесі жылы жүргізілетін болса, ағымды жылда мынадай бухгалтерлік жазба жасалады:

а) Айып, өсімақы немесе тұрақсыздық жне сыйақы сомасына:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Кт 4921 «Банк қызметінен өзге кірістер» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

ә) Шығындар шотында (мәжбүрлі шығындар бойынша) қаржы боған кезде, қаржылық лизинг бойынша негізгі борыш сомасына:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Кт 5452 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»

5455 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

б) Шығындар шотында (мәжбүрлі шығындар бойынша) қаржы жеткіліксіз боған кезде, қаржылық лизинг бойынша негізгі борыш сомасына:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Кт 4921 «Банк қызметінен өзге кірістер» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

Лизинг алушы банкіде операциялар келесі ретпен жүргізіледі:

Жасалған лизинг келісіміне сәйкес, лизинг алушыға лизинг заты барлық нәрселерімен және тиісті құжаттар беріледі. Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

Дт 1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құралдар»

Кт 2057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі»

2227 «Алынған қаржы лизингі».

Ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей лизинг алушы лизинг бойынша сыйақы сыйақы қосады және келесі бухгалтерлік жазбаны жүргізеді:

Дт 5057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі бойынша сыйақыны төлеумен байланысты шығындар»

5227 «Алынған қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығындар»

Кт 2705 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығындар».

Егер лизинг алушы өзінің меншікті қаржылары есебінен және лизинг берушінің жазбаша келісімімен лизинг затына зиян келтірмейтін жақсарту жүргізсе, лизинг беруші лизинг алушы алдындағы бұл жақсартудың құнын өтеу бойынша лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталғанда өз міндеттемелерін мойындайды, бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

Дт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»

Кт 4922 «Банктік емес қызметтен өзге кірістер».

Лизинг келісімімен құралған төлемдерді мерзімінде төлегенде, лизинг алушы мынадай бухгалтерлік жазба жасайды:

а) лизинг бойынша есептелген сыйақыны өтеу бойынша:

Дт 2705 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығындар»

Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».

ә) лизинг затын алу, жеткізу және лизинг келісімін жасау кезіндегі баға бойынша лизинг келісіміне сәйкес мақсатында қолдану үшін жұмыс жағдайында келген шығындар мен басқа да кез келген шығындарды қалпына келтіру бойынша:

Дт 2057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі»

2227 «Алынған қаржы лизингі».

Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».

Тозу құны банктің есеп саясатына сәйкес есептеледі. Егер жалдау мерзімінің соңында меншік құқы лизинг алушыға өтетініне толық сенімділік болмаса, өте қысқа екі кезеңнің бірінде активке тозу құны есептеледі: жалдау мерзімі немесе оны тиімді қолдану мерзімінде бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт 5784 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал – жабдықтар бойынша амортизациялық аударымдар»

Кт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал – жабдықтар бойынша есептелген амортизация».

Лизинг алушы сыйақы бойынша төлемді, сондай – ақ қаржылық лизинг бойынша негізгі борыш сомасы кешіктірілгенде, келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

а) Есептелген сыйақының сомасына:

Дт 2705 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығындар»

Кт 2741 «Алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақылар».

ә) Негізгі борыш сомасына:

Дт 2057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі»

2227 «Алынған қаржы лизингі»

Кт 2058 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек»

2225 «Банктің клиенттермен жасалған өзге операциялары бойынша мерзімі өткен берешегі».

Есептелген сыйақы мен негізгі борыш уақтылы бір кезде төленбесе (егер бұл лизинг келісімінде көрсетілмесе) лизинг беруші айып, өсімақы және тұрақсыздық сомасын есептейді. Бұл кезде:

а) Айып, өсімақы және тұрақсыздық сомасына:

Дт 5900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)»

Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар».

ә) Мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына:

Дт 2741 «Алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақылар»

Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».

б) Негізгі борыш сомасына:

Дт 2058 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек»

Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».

Лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталған соң лизинг заты лизинг шартының келісіміне сәйкес лизинг алушыдан лизинг берушіге қайтарылады, егер лизинг толық амортизацияланбаса, онда лизинг аушы аталған лизинг затын қабылдап — өткізу акті бойынша реттейді, ал егер лизинг заты толық амортизацияланбаса, онда қалдық құн сомасына келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

  • Есепелген амортизация сомасына:

Дт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал – жабдықтар бойынша есептелген амортизация»

Кт 1655 «Қаржы лизингіне қабылданған негізгі құрал – жабдықтар»

  • Қалдық құнына:

Дт 2057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі»

2227 «Алынған қаржы лизингі»

Кт 1655 «Қаржы лизингіне қабылданған негізгі құрал – жабдықтар».

Егер лизинг келісімінің шарты бойынша лизинг заты қайтарылмаса және аталған лизинг заты толық амортизацияланбаса, онда лизинг алушының лизинг берушіге қалдық құнды қалпына келтіруі лизинг келісімшартымен реттеледі. Бұл кезде лизинг алушыға лизинг затының құнын негізгі құралдар құрамына есептеуде мынадай бухгалтерлік жазба жасалады:

  • Қалдық құн сомасына:

Дт 1652 «Жер, үйлер мен ғимараттар»

1653 «Компьютерлік қондырғылар»

1654 «Басқа да негізгі құралдар»

1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал – жабдықтар»

1658 «Көліктік құралдар»

Кт 1655 «Қаржы лизингіне қабылданған негізгі құрал – жабдықтар».

  • Есептелген сыйақы сомасына:

Дт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал – жабдықтар бойынша есептелген амортизация»

Кт 1692 «Үйлер және ғимараттар бойынша есептелген амортизация»

1693 «Компьютерлік жабдықтар бойынша есептелген амортизация»

1694 «Өзге негізгі қрал жабдықтар бойынша есептелген амортизация».

Егер бұл заңда немесе лизинг келісімінде қарастырылмаса, лизинг алушы лизинг берушінің жазбаша келісімімен лизинг затын қосалқы лизингке өткізуге құқылы. Лизинг алушы үшінші тұлғаға лизинг келісімі бойынша төлемдерді төлеу міндеттемесін жолдауына болмайды. Лизинг затын қосалқы лизингке жолдау кезінде лизинг алушының банкінде жазба жасалады:

а) Лизинг затының баланстық құнына:

Дт 1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал – жабдықтар»

Қосалқы лизингке жолдаған лизинг заты құнының есебі үшін жеке дербес шот:

Кт 1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал – жабдықтар».

Лизинг заты қосалқы лизингке берілген әрбір клиент бойынша 1655 шотта жеке дербес шоттар ашылады.

ә) Есептелген амортизация сомасына:

Дт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал – жабдықтар бойынша есептелген амортизация»

Кт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал – жабдықтар бойынша есептелген амортизация».

1695 шотта қосалқы лизингке жолданған әрбір лизинг заты бойынша жеке дербес шоттар ашылады.

Ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей лизинг алушы қосалқы лизинг бойынша сыйақы төлеуді жүзеге асырады. Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

Дт 1860/1 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»

Кт 4801 «Жал бойынша кірістер».

Сонымен қатар 1860/1 шотында лизинг заты қосалқы лизингке берілген әрбір клиент бойынша жеке дербес шоттар ашылады.

Лизинг алушы қосалқы лизингке жолданған лизинг заты бойынша есептелген кірістерді өтеу кезінде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Кт 1860/1 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар».

Клиент мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына қосалқы лизинг бойынша төлемдерді кешіктірген кезде келесі бухгалтерлік өткізбе жасалады:

Дт 1860/2 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»

Кт 1860/1 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар».

Сонымен қатар, 1860/2 шотта қосалқы лизинг бойынша мерзімі өткен төлемдері бар әрбір клиент бойынша жеке дербес шоттар ашылады.

Сол уақытта лизинг алушы айыппұл, өсімақы және тұрақсыздық сомасын (егер бұл қосалқы лизинг келісімінде көрсетілсе) есептейді. Бұл кезде келесі жазба жасалады:

Дт 1860/3 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»

Кт 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімақы)».

1860/3 шотында әрбір клиент бойынша айыппұл, өсімақы немесе тұрақсыздық есептелетін жеке дербес шоттар ашылып, мынадай жазба жүргізіледі:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Кт 1860/2 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар».

  • Мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына:

Кт 1860/3 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар».

  • Айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық сомасына.

Лизинг затын қосалқы лизингке алған клиентпен қосалқы лизинг келісімшарттарын орындауда келесі бухгалтерлік жазбалар жасалады:

а) Баланстық құн сомасына:

Дт 1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал – жабдықтар»

Кт 1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал – жабдықтар».

Қосалқы лизингке берілген лизинг затының құнын есептеуге арналған жеке дербес шот;

ә) Есептелген амортизация сомасына:

Дт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал – жабдықтар бойынша есептелген амортизация»

Қосалқы лизингке берілген лизинг затының амортизациясын есептеуге арналған жеке дербес шот;

Кт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал – жабдықтар бойынша есептелген амортизация».

Клиент мерзімі ұзартылған сыйақы және айып, өсімақы немесе тұрақсыздық сомасы өтелмесе, келесі бухгалтерлік жазбалар жасалады:

а) Айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық сомасына:

Дт 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімақы)»

Кт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар». Бір кезекте, кіріс 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

ә) Мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына:

Дт 4801 «Жал бойынша кірістер»

Кт 1860/2 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар». Бір кезекте, кіріс 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

Клиентпен мерзімі ұзартылған сыйақы және айып, өсімақы немесе тұрақсыздық сомасы өтелсе, келесі бухгалтерлік жазбалар жасалады:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Кт 4922 «Банктік емес қызметтен өзге кірістер». Бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

2.2. Лизингтік келісімшарт

Лизингтік келісімшарт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция.Көптеген мәмілелерде кемінде үш келісімшарт жасалады:

1) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында;

2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында;

3) лизинг алушы мен банк арасында.

Әдетте мәмілеге келу алдында клиентті толық талдаудан өткізеді.Лизингте ең маңыздысы,бұл келісімшарт соңында құрал-жабдыұтың белгілі бір қалдық құнының қалуы.Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен,ұрлықтан және т.б.) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған көшірмесін береді.

Іс жүзінде кез келген лизингтік келісімшарт мынадай элементтерді қамтуға тиіс:

1.Объектісі.

2.Жабдықтау мерзімі.

3.Лизингке алу мерзімі.

4.Лизингке берушінің меншіктік құқы.

Бөлім 3. ҚР лизингтің сыртқы жағдайы.

3.1.ҚР лизингтің даму жолдары.

Кәсіпкер өзіне қажетті құрылғыларды лизингке алу үшін келесідей екі жағдайда шешім қабылдауы мүмкін: біріншіден, егер құрылғыларды лизингтік банкке алу банктік несие есебінен сатып алуға қарағанда неғұрлым тиімді болса, ал екіншіден, кәсіпкердің банктен несие алу үшін несиелік тарихы болмаса. Осы жерде лизингтік компаниялардың жеткілікті түрде несиелік тарихы жоқ және соған сәйкес банк несие беруден бас тартатын клиенттермен қосымша тәуекелділіктерге бара отырып жұмыс істеу мүмкіндіктерінің бар екендігі көрінеді. Бұл жағдай лизингтік бизнестің бір ерекшелігін көрсетеді.

Еліміздегі лизингтік қызметтер нарығында бүгінгі күні қалыптасып отырған жағдайларды ескере отырып,біз лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру үшін неғұрлым перспективті нарықтарды бөліп қрастыруды ұсынамыз.

 1-белгі    2-белгі
Лизингтік келісімдер:

Сегмент №1-шағын

Сегмент №2-орта

Сегмент №3-ірі

Лизингтік қызметтер нары-

ғының сегменттері

Лизингке алушылар:

Сегмент №1-шағын

Сегмент №2-орта

Сегмент №3-ірі

3.2. Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері.

Лизингтік қызметтер нарығы сегментердің бір белгісі ретінде лизингтік келісімдердің алынуына оның осы сегменттегі сұраныс ерекшеліктерін анықтайтындығы, ал екінші белгі ретінде лизингке алушылардың алынуына, олардың сұраныстарының сипатын анықтайтындығы әсер етті.

Енді, осы суретте көрсетілген лизингке алушы тұлғалардың әрбір типіне неғұрлым толығырақ сипаттама берейік.

Қаржыгерлердің үшінші Конгресінде ҚР-ң Елбасы Н.Ә.Назарбаев ҚР-ң Үкіметіне және ҚР ҰБ-не индустриялдық саясат шеңберінде приоритеттік маңызы бар салаларды нақты анықтауды және оларды қаржыландыру механизмін дамытуды тапсырғаны белгілі.Элемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай қоғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметтік сұрақтарды шешуде шағын бизнестің ерекше роль атқаратындығы белгілі. Шағын кәсіпкерлік жалпы экономиканың дамуының қозғаушы күші бола отырып, халықты жұмыспен қамту деңгейін қамтамасыз етеді және қоғам тұрақтылығының негізі – орта класты қалыптастыру көзі болып табылады.

Міне осы шағын кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлардың бірі сәйкес қаржылық қызметтер секторының дамуы болып табылады.Себебі, көптеген кәсіпорындар үшін маңызды мәселелердің бір қосымша қаражаттарының көзін іздестіру болып табылатындығы белгілі. Ал 2003 жылы қараша айындағы деректер бойынша банктік сектордан шағын бизнеске бөлініп отырған ақша қаражаттары жалпы экономикаға бөлінген несиелердің 22,7% ғана құрап отыр. Оны төмендегі кестеден көруге болады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне коммерциялық банктерден бөлінген несиелер  млн теңге

  12.99 12.00 12.01 12.02 11,03
Банктік несиелер

оның ішінде:

Шағын кәсіпкерге

— қысқа мерзімді

— ұзақ мерзімді

148830

 

39857

20423

19434

276218

 

74222

40115

34107

489417

 

121954

60153

61801

672407

 

146515

63048

83467

924283

 

210623

80953

120718

Осы кестеден көріп отырғанымыздай, соңғы бес жылда коммерциялық банктерден шағын кәсіпкерлікке бөлінген несиелер 19%-ке ұлғайғанымен, оның жалпы экономикадағы үлесі салыстырмалы түрде өте төмен. Сонымен бірге, банктерден несие алу үщін клиенттерге қойылатын талаптардың қатаңдылығы шағын кәсіпорындардың негізгі өндірісін техникалық жабдықтауға несие алу мүмкіндіктерін төмендетеді. Сондықтан бүгінгі күні шағын кәсіпкерлердің пайдаланып отырған құрылғыларының көбі техникалық және моральдық жағынан да тозған.

Осы сегментке тән сипаттық белгілердің бірі-шағын кәсіпорындарды қаржыландыру күрделі қаржылық салымдардың неғұрлым тәуекелділігі жоғары түрі болып табылатындығы. Оның себептеріне төмендегілерді жатқызуға болады.

1.Шағын кәсіпорындардың көбісінің кепілге қоятын өтімділігі жоғары мүліктері жоқ.

2.Шағын кәсіпорындарда біліктілігі жоғары мамандардың аздылығы немесе жоқтығы.

3.Қарызға алынған қаражаттардың өз мақсатына пайдалануына бақылау жүргізудің нақты мүмкіндіктерінің жоқтығы.

Осы себептерге сәйкес шағын бизнеспен жұмыс істеуге шешім қабылдаған несиелік мекемелер мынадай мәселелерге кездеседі:

1.Көптеген экономикалық қаржылық ақпараттарды талдаудағы және шағын кәсіпорындардың осы ақпараттарды берудегі кәсіби деңгейлерінің төменділігі;

2.Шағын кәсіпорындардың пайдаланатын құрылғылардың көп түрлілігі.

Осындай қаржылық инвестициялардың тәуекелділігінің жоғарлылығы шағын кәсіпорындар үшін банктерден берілетін несиелердің бағасы мен мерзіміне де әсерін тигізеді.

Ал, лизингтік қатынастар осындай тығырықтан шығудың бір жолы болып табылады,себебі лизингтік қатынастар кезінде несие беру үшін қажетті қамтамасыз ету мөлшеріне қойылатын талаптар банктік несиеге қарағанда салыстырмалы түрде төмен.

Біздің ойымызша, бүгінгі күні лизингтік компаниялар шағын бизнес сегментін игеруге неғұрлым көбірек ұмтылулары қажет. Ол үшін лизингтік компаниялардың ең төменгі шығындармен қамтамасыз етілетін перспективті инвестициялық жобаларды таңдаудың тиімді механизмін құру арқылы, шағын кәсіпкерлер сегментіне тән тәуекелділіктерді төмендетуге мүмкіндіктері болуы керек.

Міне осы стратегия осы сегментте белгілі бір жетістікке қол жеткізуге көмегін тигізеді.

Сонымен біздің ойымызша, шағын кәсіпкерлер сегментімен лизингтік қатынастар орнатудың міндетті шарттарының бірі перспективті жобаларды таңдаудың тиімді механизмінің болуы. Осы жерде ең алдымен осы механизмнің міндеттері мен параметрлерін анықтау керек. Яғни, бір жағынан өмірлік қабілеттілігі жоқ бермеуді, ал екінші жағынан өте қатаң талаптар қою арқылы барлық жобалардың тым қатты сұрыпталуын болдырмауды ескеру қажет. Бұл жерде лизингтік компанияның лизингтік келісім-шарттарды бекіту үшін қаралатын жобалар санын тәуекелділіктерді жоғарылатпай көбейтуге, яғни көрсетілген екі талапты біріктіруге мүмкіндіктері болуы қажет.

Осындай тығырықтан шығудың бір жолы біздің ойымызша, лизингтік қатынастарға әртүрлі ұйымдарды тарту арқылы қаржыландырудың көптеген схемаларын құру. Бүгінгі таңда,лизингтік қатынастарға гарант ретінде мемлекеттік органдарды немесе өмірлік қабілеттілігі неғұрлым жоғары жеткізушілерді тартудың өте үлкен потенциалы бар. Себебі,қазіргі кезде мемлекет экономиканың кейбір нақты салаларын дамытуға үлкен қызығушылық танытып отыр.

Сонымен бірге,лизингтік компаниялар құрылғыларды тиімді басқаруды ұйымдастыру арқылы өз тәуекелділіктерін төмендете алады. Яғни, лизингтік компания өз қасиетіне тән емес қызметтерді де өзіне жартылай алуы мүмкін. Ол үшін лизингтік компания лизингтік келісімді бекіту үшін қажетті көптеген экономикалық және қаржылық ақпараттарға талдау жүргізу жұмыстарын өзі атқаруы қажет. Себебі, біз жоғарыда айтып кеткеніміздей, көптеген шағын кәсіпорындарда осындай ақпараттарды беру үшін біліктілігі жоғары мамандар аз немесе мүлдем жоқ. Бірақ осындай схема бойынша әрбір жобаны таңдау лизингтік компания үшін де қымбатқа түсетіні белгілі. Сондықтан лизингтік компания өз шығындарын азайту үшін халық шаруашылығының перспективті салалары мен бағыттарын үнемі қадағалап отыру қажет. Содан кейін ол белгілі бір жеткізушіні таңдайды және сол құрылғыларды пайдалану арқылы өндірісті жүргізудің, дамытудың есептейді. Осындай жұмыстар атқарылғаннан кейін лизингтік компания перспективтілігін толық белгілі бір құрылғыларды лизингке беру үшін конкурс жариялауы керек. Лизингтік қатынастар механизмін жетілдірудің бұндай жолын лизингтік компаниялардың қосымша қызметтерін дамыту стратегиясы деп те атауға болады. Бұл жағдайда лизингтік процесті шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.

1-кезең дайындық жұмыстарын жүргізу,яғни шағын кәсіпорындар үшін перспективті құрылғыларды таңдау және талдау кезеңі. Осы дайындық кезеңіеде лизингтік компаниялар өте көп жұмыстар атқаруы қажет. Ол үшін ең алдымен құрылғыларды өндірушілерден немесе т.б. көздерден шағын кәсіпорындар мен әр түрлі құрылғылар үшін перспективті нарықтар туралы ақпараттар жинақтау қажет. Осы жинақталған ақпараттардың ішінен белгілі бір белгілерге сүйене отырып құрылғылар таңдалады. Содан кейін таңдалған құрылған лизингке беру бойынша схемалар құрастырылады. Бұл жағдайда тәуекелділіктерді басқару, қаржыландыру көздерін оптимизациялау сияқты факторлар да ескерілуі қажет. Осы кезеңнің негізгі мақсаты лизингке алынған құрылғылар есебінен өндірілетін өнімдер немесе көрсетілетін қызметтерге деген төлем қабілеттілігі бар сұраныс мөлшерін бағалау. Міне осында болжам жасау кезіндегі жіберілген қателер қаржылық шығындар әкелуі мүмкін.

Егер осындай бағалау білікті түрде жүргізілсе, онда нарықтан өз орнын тапқан лизингке берілген құрылғылар есебінен отандық нарық өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтерге тола бастайды, яғни тауарларды немесе қызметтерді сату және өткізу процестері жылдамдатылады.

Әрине, бұндай қызмет (қосымша қызметтер көрсету) лизингтік компанияның міндетіне жатпайтындығы белгілі. Сондықтан осындай сұрақтарды шешу үшін басқа ұйымдардың қызметтеріне сүйену қажет болады. Бұл жерде көптеген жұмыстарды жеткізушілердің өздері орындауы да мүмкін. Себебі, олар өз құрылғыларының нарығымен,оның болашағымен, өздерінің потенциалды клиенттерімен неғұрлым жақсы таныс.

Сондықтан олар лизингтік компаниялар үшін мейлінше толық ақпараттар бере алады. Осы механизмге лизингтік компаниялар мен құрылғыны сатушылар немесе өндірушілердің бір-біріне жақындасуы да үлкен қозғау салуы мүмкін. Осындай схеманың негізінде лизингтік компанияның құрылғыларды сатушылармен қарым-қатынастарын дұрыс ұйымдастыру идеясы жатыр. Құбірлесіп жұмыс істеу өз атынан болмаса да жарнамалау ұсыну мүмкіндіктерін тудырады.

Осындай механизмді пайдалану кезінде лизингтік компанияға төмендегідей сипаттамаларға жауап беретін құрылғылармен жұмыс істеу неғұрлым тиімді деп ойлаймыз:

— құрылғының стандарттылығы;

— құрылғыны өндіріс процесндебірнеше рет қайталап пайдалану мүмкіндігі, яғни құрылғының құны ол пайдалануға енгізілгеннен кейін тез төмендемеуі қажет;

— құрылғының өтімділігі.

Осындай сипаттамалардың барлығы мүліктік тәуекелділіктерді төмендетуге және құрылғының белгілі бір түрін бағалау процедурасын арзандатуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, белгілі бір сұранысқа ие құрылғылар түріне нарықтық бағалардың,яғни,транспорттық,техникалық қызмет көрсету бағаларының тарифтерінің өзгеруі сияқты факторлардың да әсер ететіндігі ескерілуі керек.

Сонымен, осы кезеңде жүргізілетін жұмыстарды жүйелеу үшін лизингтік компанияларда лизингке берілуі мүмкін әртүрлі құрылғылардың түрлері бойынша мәліметтер жүйесі болуы қажет. Сонымен бірге құрылғыларды сатып алу-сату туралы бекітілетін келісімдерде көрсетілген шарттарды дұрыс бағалау, құрылғылардың номенклатурасы туралы тиімді шешімдер қабылдау және лизингтік компания үшін оның тиімді шарттарын жақсарту мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Осындай жұмыстар толық орындалғаннан кейін лизингтік қатынастарды жүзеге асырудың екінші кезеңі басталады.

II-кезеңді лизингке алушыларды таңдау кезеңі деп те атауға болады. Осы кезеңде лизингтік компанияның алдында лизингке алушылар үшін осы жобаның мүмкіндіктері туралы ақпараттарды тарату,жарнамалау міндеттері тұрады. Себебі, лизинг біздің отандық нарық үшін қаржыландыру құралы ретінде әліде болса кең түрде мәлім емес. Сондықтан лизингтік компания жарнамалау жұмыстарын жүргізу кезінде осы құралдың экономикалық мәніне ерекше көңіл аудармай, керісінше өзіндік бизнесті жүргізу үшін құрылғыларды пайдалану мүмкіндіктеріне мән беруі керек.Яғни біздің айтайын дегеніміз, жарнамалау кезінде лизингтің барлық заңдылықтарын егжей-тегжейіне дейін көрсетудің қажеттілігі жоқ.

Содан кейін лизингке алушылардан өтініштер жинақталынады. Өтініштер жинақталып болғаннан кейін лизингтік компания клиенттің экономикалық қызметіне төлем қабілеттілігі тұрғысынан талдау және бағалау жүргізіледі.

Бірақ осы кезеңнің өзіндік ерекшеліктерінің бірі, егер лизингке берілетін құрылғының өтімділігі шын мәнінде өте жоғары болса және жобаның инвестициялық тартымдылығы нақты дәлелденсе, онда потенциалды клиенттер санын көбейтуге және осы сегментте лизингтік қызметтерге деген сұранысты кеңейтуге мүмкіндіктер туғызады. Осы кезеңдегі соңғы қадам неғұрлым перспективті клиенттерді таңдау. Таңдау әртүрлі белгілер негізінде жүргізілуі мүмкін. Мысалы ондай белгілерге маңыздылығының біртіндеп төмендеп отыруына байланысты мыналарды жатқызуға болады.

— ұсынылатын лизингтік төлемдер саны ( лизингтік маржа);

— кәсіпорынның ағымдық экономикалық жағдайы;

— кепіл немесе кепілдемелердің т.б. түрлерінің пайдалануы;

— персоналдың тәжірибесі мен біліктілігі және т.б.

Перспективті клиенттер анықталған кейін лизингтің құны бекітіледі және сәйкесінше лизингтік келісімшарт толтырылады да лизинг объектісі лизинг алушыға пайдалануға береді. Міне осындай жұмыстар нақты атқарылғаннан кейін III-кезең басталады. Бұл кезең міндеттемелердің орындалу кезеңі немесе лизингтік процестің соңғы кезеңі деп те аталады. Негізінен лизингтік процесті ұйымдастыру бойынша негізгі жұмыстар алғашқы екі кезеңде жасалады немесе егер олар дұрыс жасалынса,онда үшінші кезеңде кездейсоқ қиыншылықтар пайда болмайды. Лизингке алушы өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда алғашқы екі кезеңде жасалынған жұмыстарды қайта қарау туралы қажеттіліктер туады. Лизингке алушы өз міндеттемелерін орындалмаған жағдайда лизингтік компания лизингке берілген құрылғыларды конфискациялауға кіріседі. Әдетте, бұл кезеңде лизингтік операциялар бухгалтерлік есеп пен қорытынды есепте көрсетіледі, лизингтік компанияға лизингтік төлемдерді төлеу іске асырылады және лизинг мерзімі аяқталғаннан кейін мүлікті одан әрі қарай пайдалану бойынша қатынастар анықталады.

Сонымен, осындай схема белгілі бір құрылғылар үшін жетістікпен іске асырылған жағдайда лизингтік компанияларда осы құрылғыларды басқа региондарға ұсыну арқылы нарықты кеңейту мүмкіндіктері туады.

3.3. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері

Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым несиелерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:

Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ айтқанда, несиелік тәуекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді).

Лизинг 100%-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып,өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады.

Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.

Несие берушінің көзқарасымен қарағанда,несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, лизингтік компаниялардың қосымша қызметтер атқаруын дамытумеханизмі арқылы біз лизингтік қатынастарды жетілдіруге ешқандай ерекше жаңалық енгізген жоқпыз. Бірақ біз лизингті өмірлік қабілеттілігі неғұрлым жоғары қаржыландыру құралы ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін ерекшеліктердің бірі ретінде лизингтік келісімді бекіту үшін лизингтік компаниядан басталу керектігін құптаймыз.Себебі,бұл жағдай лизингтік қызметтің осы сегментін дамытуға кедергі жасайтын негізгі мәселені шешуге көмектеседі.

Әсіресе, шағын кәсіпорындар біліктілердің жеткіліксіздіктерінен жобаның инвестициялық мүмкіндіктерін тиімді бағалай алмайды, бұл жағдай олар үшін жоғары тәуекелділікті тудырады. Сондықтан да біз лизингтік компания инвестициялық жобаларды таңдау және бағалау процестеріне неғұрлым белсенді түрде қатысу қажет деп ойлаймыз. Яғни, олар шағын кәсіпорындарының тәуекелділіктерінің біраз бөлігін өздеріне алуы немесемүмкіндіктері болған жағдайларда басқаларға беруі қажет. Бұл жерде біздің көзқарасымыз бойынша, тәуекелділікті құрылғыны жеткізушіге берген неғұрлым тиімді, себебі ол өз құрылғыларының нарығымен неғұрлым толық таныс және сонымен қатар, «тәуекелділікті,оны неғұрлым тиімді басқаратын тұлғаларға беру керек» деген қағиданы ескерсек, онда жеткізушілер тәуекелділікті басқаруды лизингтік келісімге қатысушы басқа тұлғаларға қарағанда неғұрлым тиімді атқара алады. Ал, осындай қосымша қызметтерді лизингтік компаниялардың өзіне алуы шағын кәсіпорындар тұрғысынан лизингтік қызметтерге деген сұранысты жоғарылату арқылы орны жабылады.

Бұл схема белгілі бір түрдегі шағын кәсіпорындарды қаржыландырудың базалық моделі болып табылады. Сондықтан жоғарыда көрсетілген схемаға оған әсер ететін әртүрлі себептерге, факторларға байланысты өзгерістер енгізуге болады. Мысалы, құрылғылар мен жеткізушілерді таңдау кезеңінде келісімді қаржыландыруға қатысатын банктер немесе тәуекелділіктердің белгілі бір бөліктерін өздеріне алатын сақтандыру компаниялары сияқты басқа қатысушылар да тартылуы мүмкін. Сонымен,лизингтің көмегімен жасалатын қаржыландыру схемасы нақты жағдайларға және келісімге қатысушы тұлғаларға тікелей байланыста болады.

Лизингке алушылардың келесі бір типі орта және ірі кәсіпорындар болып табылады. Осы екі топты бір сегментке біріктіру себебіміз, олардың лизингтік қызметтерге деген сұраныстарының ұқсастықтары әсер етті. Айырмашылықтары тек қана қаржыландыру мөлшерінде болуы мүмкін. Нарықтың осы секторында жұмыс істеу лизингтік компаниялардан өте көп мөлшердегі қаржылық ресурстарды және арнайы қаржылық схемаларды құруға қабілеттіліктері бар біліктіліктері жоғары мамандарды талап етеді. Осысегменттерге лизингтік қатынастарды орнатудың неғұрлым перспективті механизмдерінің бірі біздің ойымызша, лизингтік холдингті дамыту болып табылады.

Сонымен, лизингтік қызметтер нарығын жоғарыда көрсеткендей белгілі бір белгілері бойынша сегменттерге бөліп қарастыру лизингтік қатынастар механизмін жетілдіруге мүмкіндіктер береді. Осы лизингтіе келісімдерді қандай сегментте болсын, жүзеге асыру кезінде міндетті түрде тәуекелділіктерді ескеру қажет деп ойлаймыз.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Бухгалтерлік есеп туралы және қаржылық есеп беру туралы». Қазақстан Республикасының Заңы. (26.06.2002 ж.).
  2. «Бухгалтерлік есеп туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы. 26 желтоқсан 1995 жыл, № 2732.
  3. «Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік үсынымдары». 19996 ж.
  4. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 12 маусым 2001 ж. №209-11.
  5. «Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік ессп бас шоттар жоспарын пайдалану бойынша нүсқау». Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп жөніндегі комиссиясымсн 18 қараша 1996 ж. № 6 қаулымен бекітілген.
  6. «Методические рекомендации о порядке выдачи доверенности на получение ТМЗ и отпуска их по доверенности» Бухгалтерлік есеп жөніндегі комиссиясымен 18 қараша 1998 ж. № 46 бүйрығымен бекітілген.
  7. Абдиманапов А.Н. «Учетная политика предприятия (рекомендацтия)». Бухгалтерлік есеп және аудит. № 2, 1998.
  8. «Аудит предприятия». Москва, 1995. Издательство «Дело».
  9. Міржақыпова. Банктегі бухгалтерлік есеп Алматы. 2003 ж.

10 Безруких «Бухгалтерский учет». М., «Бухгалтерский учет», 1999.

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ