Ұлыбритания

0
4259
Ұлыбритания

Жоспары

Табиғаты.

Тарихы.

Экономикасы

Әдебиеті.

Өнері.

Әдебиеттер

Ұлыбритания

Британия, Ұлы-британия мен Солтүстік Ирландияның Біріккен КорольдігіЕуропаның солтүстік-батысында, Британ аралдарында Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналаскан мемлекет. Құрлықтан Ла-Манш және Па-де-Кале бұғаздары арқылы бөлінген. Аум. 244, 11 мың км2. Халқы 60,3 млн., астанасы — Лоңдон. Халқының 80%-ына жуығы ағылшындар, 15%-ы шотландтықтар, уэльстер мен ирландықтар, 5%-ға жуығын Британ Достастыгы елдерінен келген иммигранттар кұрайды. Ағьшшындар англикан мемл. шіркеуі нанымдарын ұстанса, шотландтықтардың басым бөлігі — пресвитериандар, ирландықтар, негізінен католиктер, қалғандары ислам, т.б. діндерді ұстанады. Ұ-да халықтың 89,4%-ы қалаларда тұрады.

Ірі калалары: Ұлкен Лондон, Бирмингем, Лидс, Глазго, Шеффилд, Брадфорд, Ливерпуль, Эдинбург, Манчестер, Бристоль. Ұ. 4 әкімш.-саяси бөліктен Англиядан, Уэльстен ,Шотландиядан, Солт. Ирлаңдиядан тұрады. Ал Мэн аралы мен Норманд аралдары дербес әкімш. аймақтарға жатады. Бұған ан қоса Ұ-ның иеліктері: Еуропада — Гибралтар, Аме-рикада — Ангилья, Бермуд аралдары, Британдық Виргин аралдары, Кайман аралдары, Монтесеррат, Теркс пен Қайкос, Фолкленд аралдары, Африкада — Әулие Елена аралы, Океанияда — Питкэрн аралы бар. Ұ. Біріккен Корольдігі атауына қарамастан фёдерация емес, унитарлық мемлекет — парламенттік монархия болып табылады.

Елдің жеке Конституциясы жоқ Ұ. зандары көп ғасырлық конституц. дәстұрлер мен Жоғарғы сот органдарының (прецеденттердің) шешімдеріне негізделген. Мемлекет басшысы — монарх, сот жүйесінің басшысы, жоғ. бас қолбасшы болып табылады. Қазіргі патшайымы— Елизавета II.Жоғ. заң шығарушы органы — екі палатадан тұратын парламент. Парламент құрамына патшайым да кіреді. Атқарушы билік премьер-министрдің қолында. Ресми тілі — ағылшын тілі. Ақша бірлігі — фунт-стерлинг.Ұлттық мерекесі — патшайымның туған күні. БҰҰ-ның, Еуроодактың, НАТО-ньщ мүшесі. Ұ. кұрамына 53 ел кіретін Британ Достастығын басқарады.

Табиғаты.

Ұ-ны Атлант мұхитының Солтүстік және Ирлаңд теңіздері, Ла-Манш, Па-де-Кале, Солтүстік және Ксиетті Георг бұғаздары қоршап жатыр. Жағалаулары шығанақтармен күшті тілімделген. Неғұрлым үлкен түбектері — Уэльс пен Кор-нуолл. Жер бедері оңт. пен оңт.-шығыс бөлігінде ойпатты жазық болып, батысында Уэльс түбегіңдегі Кембрий тауларына Англияның солтүстігінде Пеннин және Камберленд тауларымен жалғасады. Елдің ең биік нүктесі — Бен-Невис тауы. Ұ-ның солт. бөлігіндегі таулар мен көрікті көлдер өлкесі мұздықтар әсерінен тілімделіп, әр түрлі формаларға ие болған. Геол. тұрғыдан алғанда жері түгел дерлік каледон қатпарлығы алабында жатыр. Жер қойнауында тас көмір, темір, қалайы, т.б. түсті металдар сияқты қазба байлықтары мол. Елдің шығысында, Солтүстік т-дін жағалауларынан мұнай мен газдың ірі кен орындары табылған. Ұ. климатының теңіздік сипаты жыл бойғы қалың тұмандар мен өтімді желдер болатын орнықсыз ауа райының басым болуынан байқалады. Қысы өте ылғалды және қалыптағыдан тыс жұмсақ.

Қаңтардағы орташа темпра қиыр солт,-шығыстың өзіңде 3,5°С-тан төмен түспесе, ал оңт.-батыста 5,5°С-қа жетеді, мұңда өсімдіктер бүкіл жыл бойы өседі. Оңт.-батыстан келетін жылы теңіз ауасы қысқы темп-раны көтергенмен күшті желдер мен штормдар болатын құбылмалы және жауын-шашынды ауа райын калыптастырған. Шығыс пен солт.-шығыстан суық ауа жеткен кезде аязды ауа райы ұзақ мерзімге орнығады. Қыста ел аумағына кар біркелкі түспейді, қар жамылғысы шамалы уақыт қана сақталады. Англияның оңт-нде, әсіресе, оңт.-батысында қар өте сирек түседі. Шығыс аудандарындағы қыс неғұрлым суық және құрғақтау. Жазы салыстырмалы түрде салқын. Шілдедегі орташа темп-ра оңт.-батыста 16°С-қа, ал қиыр солт.-батыста 12°С-қа тең. Атлант мұхиты жағынан соғатын жылы әрі ылғалды ауаның әсерінен Ұ-ның батыс аудандарына жауын-шашын мол түседі. Бұл аймақта оның жылдық орташа мөлш. 2000 мм-ге жетсе, шығыс Англияда 600 мм, кей жерлерінде 500 мм шамасында ғана болады. Ұ. Су ресурстарына бай.

Түсетін жауын-шашын мөлшерінің буланудан басым болуы себепті оңт.-батыстағы кейбір аудандардан басқа елдің бүкіл аумағында мол сулы өзендердің жиі тармағы қалыптасқан. Олардың ішіндегі ең ірілері — алаптары бір-бірімен шектесетін Северн мен Темза өзендері. Темза өзнің Ұ. экономикасындағы маңызы зор. Оның алабында бүкіл ел халқының 1/5 бөлігі тұрады. Ұлкен Лондон да осында орналасқан. Өзендердің көпшілігі бір-бірімен каналдар арқылы жалғастырылған. Солт.-батыс Шотландия мен Уэльстің қысқа, бірақ мол сулы өзендері электр куатын өндіруге пайдаланылады. Мұнда 60-тан аса СЭС салынған. Ұ-ның ең ірі өзендері — Темза, Северн, Хамбер, Мерси, Клайдтың эстуарийлері жасаңды жолмен терендетілген, түзетілген, кең мойнақтар. Оларда ірі теңіз порттары мен өнеркөсіп тораптары орналасқан. Ең ірі көлдері — Солт. Ирландиядағы Лох-Ней мен Шотландиядағы Лох-Ломонд пен Лох-Несс. Таулы Шотландия мен Көлдер шеңберін-. дегі көлдердің табиғаты өте әсем, туристер демалатын орталыктар. Жазық бөлігіңде ірі көлдер жоқ. Бірақ мұнда бұрын шымтезек өндірілген, құм, құмтас кеніштері болған жерлерде көптеген жасанды су қоймалары жасалған. Өсімдік жамылғысы кедей.

Адамдардың ормандарды түп-тамырымен жоюы, батпақтарды құрғатуы мен кен орындарын игеруі жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің түр құрамын өзгертті. Қазіргі уақытта ормандар ел аумағының тек 10%-ын ғана алып жатыр. Олар негізінен өзендердегі жазықтар мен тау беткейлерінің тем. белдеулерінде сақталған. Англия мен Уэльстегі тау баурайларында емен, қызыл қайың, шегіршін, шамшат өседі.Шот-ландияның солт-ндегі Грампиан тауларында және солт. -батыс таулы өлкесінде емен, шырша, қарағай аралас өскен ормандар, биігірек жерлерінде қарағай және қайың ормандары сақталған. Жазықтарды егін алқаптары мен шалғындар алып жатыр. Аң аулаудың қызу жүргізілуіне байланысты Британ аралдарында баяғыдан аю, жабайы шошқа мен ирлаңд маралы тәрізді көптеген ірі сүтқоректі аңдар қырғынға ұшырап, қасқыр зиянкес ретінде жойылды.

Қазіргі кезде сүтқоректі жануарлардың тек 56 түрі ғана тіркелген. Оңт. Англияда еліктер, таулы аудандарда жабайы ешкілер кездеседі. Биік таулардан басқа жерлердегі ормандарды түлкілер мен борсықтар, қояндар, кірпі, жертесерлер мекеңдейді. Кәмшат кең тараған, оны кәсіптік жолмен аулайды. Ұсақ жыртқыштардан ақтышқан мен ақкіс көп. Уэльсте сасыкқүзендер, Шотландия тауларында жабайы еур. мысықтар мен америка сусарлары өмір сүреді. Британ аралдарын құстардың 130 түрі мекендейді. Өзендері мен көлдері балықтардың көптеген түрлеріне бай. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін қорғауға арналған 131 резерват ұйымдастырылған. Англия мен Уэльсте жалпы аум. 12 мың км2-дей болатын 10 ұлттық бақ бар.

Тарихы

Ұ. аум-ндағы адамзат тіршілігінің ежелгі іздері ерте және орта палеолит дәуірлеріне саяды. Соңғы қола және ерте темір дәуірінде Ұ-ға құрлықтан кельттердің қоныс аударуы басталды. Келттер өздерімен бірге темір ғасыры мәдениетінің белгілерін ала келді. Британиядағы кельттер мен кельт-тердің ықпалына ұшыраған халық шартты түрде бриттер деп аталады. Болашақ Рим императоры Ю.Цезарь Галлияны жаулап алған соң Британияға екі жорық жасады.Б.з. 60-жылдардың соңында Британия Рим империясының ең шеткі провинцияларының біріне айналды. 3 ғ-дың соңында Ұ-ға солт. герман тайпаларының шапқыншылығы басталды. 5 ғ-дың бас кезіңде Рим үстемдігі жойылып, Британия қайтадан тәуелсіз кельт аймақтарына бөлініп кетті. 8 ғ-да Даниядан келген нормандар елдің солт.-батыс бөлігін басып алды.

Король Эгберт 9 ғ-да елдің үлкен бөлігін бір мемлекетке біріктіріп, ол «Англия» деп аталды. 1066 ж. Британияның ұсақ корольдіктерін нормандық қолбасшы Вильгельм басып алып, біртұтас мемлекетке біріктірді. 1265 ж. ағылшын парламенті құрылды. 1337 ж. Англия Франциямен Жүз жылдық соғысқа кірісті. Бұл соғыс біте салысымен ағылшын тағы үшін соғыс басталып, ол Тюдор әулетінің жеңісімен аяқталды. 1588 ж. «Жеңілмейтін армаданы» талкдндау Англияны дүние жүзіндегі аса ірі теңіз державаларының біріне айналдырды. 17 ғ-дың бас кезінде Ұ. жаңа құрлыктан өзінің алғашқы отарларын иемденді. 1603 ж. Шотландия королі ағылшын тағына Яков I отырып, Шотландия мен Англия бір мемлекетке бірікті.1640 — 49 ж. корольдік Стюарттар әулеті мен парламент арасындағы қақтығыс азамат соғысына ұласып, нәтижесінде Оливер Кромвель бастаған республика жарияланды. Кромвель қайтыс болғаннан кейін көп Ұзамай Монархия тез арада қалпына келтірілгенімен, король құқығы біршама шектеліп, билік тұтастай парламент жағында болды.1651 ж. Ирландия, 1652 Шотландия басып алынды.

1707 ж. Ұ-на корольдігіне бірігу жөніндегі актіге қол қойылғаннан кейін Лондон біртұтас мемлекеттің астанасына айналды. 18 ғ-да Британдық отарлық жүйе қалыптасты. 18 ғ-дың соңында Ұ. 13 америкалық отарынан айрылғанымен, Канада мен Ұндіс-тандағы жағдайын күшейте түсті. 1805 ж. Трафальгар мүйісінде адмирал Нельсон испан-француз флотын талқандап, Ұ. «теңіз әміршісіне» айналды. 1793 — 1815 ж. респ. және Наполеоңдық Францияға қарсы соғысқа қатыскан Ұ. 1818 ж. Пруссия армиясымен одақтаса отырып, Наполеон I-ні түпкілікті жеңді. Осыдан кейін Ұ. жүз жылдай бейбіт жағдайда өмір сүріп, өзінің отарлық иеліктерін кеңейте түсті. 1899 — 1902 ж. ағылшындар Оңт. Африкада бурларға қарсы соғыс жүргізді. Бірінші дүние-жүзілік соғыста Ұ. Антанта жағында Германияға қарсы соғысты. Соғыстан кейін Африка мен Азиядағы неміс отарларының біраз бөлігін иемденді. 1-дүниежүз. соғыстан кейін Ұ. ауыр экон. жағдайды бастан кешірді.

Ұлт-азаттық қозғалыстан кейін 1921 ж. Ирландия өз төуелсіздігін жариялады. Ұ. Екінші дүниежүзілік соғысқа Гитлерге қарсы коалиция жағында қатысты.1947 ж. Ұндістан мен Пәкістанға тәуелсіздік берілді. 1945 — 70 ж. британ отарларының барлығы дерлік өз тәуелсіздіктерін алды. 1949 ж. НАТО-ға мүше болды. 1982 ж. Атлант мұхитының оңт-нде Аргентина мен Фолкленд аралдары үшін қарулы қақтығыс болып, қысқа мерзімдік әскери қимылдар нәтижесінде Ұ. өзінің осы аумаққа бақылауын қалпына келтірді. 1979 — 90 ж. Маргарет Тэтчер бастаган консерваторлар үкіметі экономикада ұтымды реформалар жүргізді.

Соғыстан кейін Шотландия мен Солт. Ирлаңдиядағы ұлттық мәселелер шиеленісе түсті. Әсіресе, Солт. Ирландиядағы оқиғалар ушығып, 1969 жылдан бастап мұнда азамат соғысы жүрді. 1994 ж. тамызда Ирландық Республикалық Армия ұрыстарды біржақты тоқтататыны жөнінде мәлімдеді. Алайда 1996 ж. ИРА жауынгерлері лаңкестік әрекеттерін қайта бастады. Отарларының барлығынан айрылғанына қарамастан Ұ. әлемдегі жетекші елдердің бірі болып саналады.

Экономикасы

Ұ. — жоғары дамыған өнеркәсіпті ел. Ол халықар. еңбек бөлінісінде өнеркәсіп өнімдерін шығару-шы рөлін атқарады. Қазіргі заманғы Ұ-ның экон. рөлі тек өнеркөсіптік қана емес, сондай-ақ банкілік, сақтандыру, кемелерді жалға беру және басқа да іскерлік қызметтермен анықталады. Ұлттық жалпы өнімнің 30%-ға жуығы өңдеуші өнеркәсіп пен 45%-ы көлік пен байланыс, жеке сауда, сақтандыру, банкілер мен басқада қаражат мекемелерін, денсаулық сақтау мен білім беруді қамтитын қызмет көрсету саласынан түседі. Өнеркәсіп өңдірісінің жалпы көлемі бойынша Ұ. дүние жүзінде бесінші орын алады.

Ұ. өнеркәсібі негізінен сырттан әкелінген шикізаттарды пайдаланады. Бір жағынан Ұ. өнеркәсібіне өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың озық технологиясы, ең жаңа құрал-жабдықтар мен баскарудың жетілдірілген әдістері қолданылатын қазіргі заманғы салалардың жылдам дамуы, екінші жағынан, ескі дәстүрлі салалардың артта қалуы тән.Бірінші топқа электроника, жалпы және дәл машина жасау, химия өнеркәсібінің көптеген салалары, екіншіге — көмір өндіру, мақта-мата және жүн өнеркесібі, кеме жасау, қара металлургия жатады. Ұ-дағы өнеркәсіп орындарының негізгі бөлігі Лондоннан бастап Ланкаширге дейінгі, Батыс Йоркширден Глостерширге дейінгі графтықтарды қамтитын халық тығыз қоныстанған өнеркәсіптік белдеуде шоғырланған.

Бұл белдеуден тыс жерлердегі аса ірі өнеркәсіп-тік аудандар — Оңт. Уэльс, Англияның солт.-шығысы мен Шотландияның орт. бөлігі. Өндірістің ескі, дәстүрлі салалары Шотландияның көпшілік бөлігінде, Солт. Ирландияда, Уэльсте, Англияның қиыр солт.-шығысы мен оңт.-батысының бір бөлігіңде орналаскан. Ұ.энергия ресурстарының қорлары жөнінен Еуропада 1-орын алады. Солтүстік т-нің шельфінде мұнай мен газдың көп мөлшері өндіріледі. Шетелдік шикізатпен жұмыс істейтін түсті металдар (аллюминий, мыс, қорғасын, мырыш) қорытатын кәсіпорындар негізінен ірі порттарда орналасқан.Өңдеуші өнеркәсіптің жетекші саласы — машина жасау. Көліктік машина жасаудың орт-тары — Бирмингем, Конвентри, Үлкен Лондон, Лутон. Ұ. аэроғарыштық өнеркәсібі жөнінен дүние жүзіңде 4-орын, дөңгелекті тракторлар шығарудан 1-орын алады.

Елде 16 ірі мұнай өңдеу з-ты жұмыс істейді. Химия өнеркәсібі ғыл.-зерттеулерге негізделген өнім түрлерін, агрохимикаттар, пластмасса, дәрі-дәрмектер, хим. талшықтар мен синтет. каучук өндіруге мамаңданған. Ірі тамақ өнеркәсібі тағамдык концентраттар, кондитерлік және темекі өнімдерін, сусындар шығарады. Ұ. алкогольдік ішімдіктердің дүниежүз. экспортының 20%-ын дайын береді. А. ш. өндірісі елдің азық-түлікке деген сұранысының 80%-ын қанағаттандырады. Бұл салаға елдегі барлық жұмыс істейтіндердің 3%-ы қамтылған. А. ш. үшін ел аум-ның 24,8%-ы пайдаланылады. Ұ-ның табиғи жағдайлары егіншіліктен гөрі мал ш-ның дамуы үшін неғұрлым қолайлы.

Сүтті, етті-сүтті ірі қара, шошқа, етті қой, құс өсіру дамыған. Егін ш-нда дәнді дақылдар басым өсіріледі. Қант қызылшасы мен картоптан да мол өнім алынады. Курорттардың айналасында — көкеніс, бау-бақша өсіру, теңіздік азық-түліктер өндіру мен балық аулау дамыған. Ұ. аралдық мемлекет болғандыктан шет елдерден тауарлар тасу, мен сауда жүргізу теңіз және әуе көлігімен байланысты. Жалпы жүк ай-налымының 90%-ға жуығы теңіз көлігінің үлесіне тиеді.Батыс Мидлендтен баска Ұ-ның барлық аудандары негізгі көліктік тораптардың қызметін атқаратын теңіз порттарымен тікелей немесе жанама түрде байланысқан. Ең ірі порттары: Лондон, Саутгемптон, Ливерпуль, Гулль, Харидж. Лондон к. — дүниежүз. қаржы орт. болып саналады. Ұ. кұрлықпен Ла-Манш бұғазының түбіне салынған туннельмен, екі т. ж. паромымен және көптеген теңіздік және жолаушылар па-ромдарымен байланысқан.

Экспортындағы дайын өнімдердің үлесі 80%-ды кұрайды. Сырттан темір кен-тастарын, түсті және сирек металдар, фосфориттер, мақта, азық-түлік, дайын өнеркәсіп өнімдері мен жартылай дайын өнімдер алады. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық мөлш. 20700 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері: Германия, АҚШ, Франция, Нидерланд, Белгия мен Люксембург, Ита-лия, Ирландия. Казақстан Республикасы мен Ұ. арасындағы дипломат. қарым-қатынас 1992 жылдан бастап орнады.1994 ж. 19 наурызда Қазақстан Республикасы мен Ұ. арасында достық пен ынтымақтастық, экон. ынтымақтастықтуралы бірлескен декларацияларына, білім, ғылым және медениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

1992 ж. Алматыда Ұ. елшілігі, 1996 ж. Лондонда Қазақстан елшілігі ашылды. Ағылшынның «Бритиш Петролеум»; «Шелл» және «Бритиш Газ» сияқты компаниялары Солт.-шығыс Каспий аймағында кен барлау, оны игеру жұмыстарына 1999 жылданбастап араласты. Қазақстанмен жасалатын тауар айналымының көлемі жөнінде Ұ. Еуропа елдерінің арасында 1-орын алды. 2006 ж. екі елдің арасындағы тауар айналымының жалпы көл. 400 млн. фунт стерлингтен асты. Қазір Қазакстанда британиялық инвесторлардың қатысуымен 212 кәсіпорын тіркелген, оның 80-і бір-лескен кәсіпорындар.

Әдебиеті.

Құрлыққтан келген ағылшындардың арғы тегі — англо-сакстер өздерімен бірге ұрпақтан ұрпакқа ауызша беріліп отырған герман аңыздары мен жырларын алып келді. Христиан діні енгізілгеннен кейін ежелгі батырлық дастандар қағазға түсіріле бастады. 8 — 10 ғ-ларда британдық негіздегі англо-сакстердің діни лирикасы, кұдай ілімі жөнін-дегі еңбектері, жылнамалар пайда болды. 11 — 13 ғ-ларда үш тілді әдебиет дамыды: шіркеу шығармалары латын, рыцарьлық өлеңдер мен дастан-дар француз, ағылшындык аңыз әңгіме, жырлар англо-сакс тілінде жазылды. 14 ғ-дың ортасында жалпы ұлттық ағылшын тілі қалыптасып, әр түрлі әлеум. топтардың өмірі мен тұрмысын бейнелейтін поэзия пайда болды. Франциямен болған Жүз жылдық соғыс пен Алқызыл және Ақ раушан соғысы кезеңінде халықтық поэзия-аңыздық, тарихи, шым-шытырық оқиғалы сипаттағы балладалар дами түсті.

16 ғ-дың бас кезінде ағылшын жазушыларының басқа елдердегі гуманистермен байланысы күшейді, Томас Мордың «Утопиясы» жарияланды. Лирик. поэзияның негізін Т.Уайет, Х.Х. Сари, т.б. авторлар қалады. Эпостық поэзияның ең жоғары жетістігі Э.Спенсердің «Сиқыршылар патшайымы» атты поэмасы болды.Қилы оқиғаларға, тұрмыстық, малшылар тақырыбына арналған романдар жарық көрді. 17 ғ-дың бас кезінде эссе мен мінездеу жанрлары қалыптасты. 1548 ж. епископ Дж. Бейлдің «Король Джон» атты тұңғыш тарихи драмасы қойылды. 16 ғ-дың ортасында антик. үлгілерге еліктеп жазылған Т.Нортон мен Т.Сэксвиллдің, Н.Юдаллдың трагедиялары мен комедиялары қойылды. 16 ғ-дың 2-жартысында өзіндік ұлттық драматургия қалыптасып, оның көрнекті өкілдері К.Марло, Р.Грин, Т.Кид т.б. болды.

Гуманистік драманың негізін Дж. Мили қалады. Олардың шығармалары Ұлы драматург Ұ.Шекспир-ге игі ықпал етті. Ол Англия тарихына арналған пьеса-жылнамаларында тақ үшін күресті асқан шынайылықпен суреттеді. Шекспир шығармаларының шырқау шыңы оның трагедиялары болды.Талантты драматургтер тобына сатиралық комедиялардың авторы Б.Джонсон және Т.Деккер, Ф.Бомонт, Дж.Флетчер енді. Ағылшын бурж. революциясы гуманистік драманың дамуын тоқтатып, ағылшын әдебиетінің жаңа кезеңінің бастамасы болды. Ағартушылық басты идеялық ағымға айналды. Әдебиеттегі біріншілік поэзиядан прозаға көшті. Д.Дефоның «Робинзон Крузо» романында табиғатты бағындырған еңбек адамы, Дж. Свифттің «Гулливердің саяхаттары сатирасында сол кездегі Англияның өмірі суреттелді. Ағылшын ромаңдары бүкіл еур. әдебиетке ыкпал етті.Р.Стилдің «Арлы ашыналар» атты сентиментальдық комедиясы, әсіресе, Дж. Лиллоның «Лондон көпесі» атты трагедиясы драмада шынайы төңкеріс жасады.

Әлеум. тұұрмыстың күлкілі жағын әжуалаушы комедияның сатиралық ауқымы күшейіп, ол «Ұлы сөз мектебі» комедиясын жазған Р.Б. Шеридан шығармаларында шарықтау шегіне жетті. Ағылшын романтиктерінің екінші Ұрпағы — Дж. Т.Байрон, П.Б. Шелли, Дж. Китс саяси консерватизмді батыл сынады. У.Блейктің поэзиясына әлеум. утопизм тән болды. В.Скотт тарихи роман жанрын дамытты. Ағылшын әдебиетінің жаңа кезеңі 19 ғ-дың 30-жылдары басталды. Романшы және публицист Т.Карлейль романтизм тұрғысынан сол кездегі қоғамдық құрылысты сынға алды. Романтизмнен реализмге өту романшы әрі драматург Э. Дж. Булвер-Литтон шығарм-нан байқалды. 30 — 60-жылдар сыншыл реализмнің гүлдену кезеңі болып, ол У.Диккенс, У.М. Теккерей , Ш.Бронте, Э.Гаскелл романдарынан көрініс тапты.19 ғ-да роман жанры басым болғанымен, поэзия да дамыды.

Э.Фицджеральд Омар Хайямның шығармаларын аударды. Ю.Уайльд декаденттік, символизм эле-менттері бар шығармаларымен танылды. Ағылшын символизмінің аса көрнекті өкілі, ирландық У.Б. Йитс болды. 19 ғ-дың соңғы онжылдығы мен 20 ғ-дың бас кезі сыншыл реализмнің аса күшеюімен ерекшеленді. Б. Шоудың пьесаларында коғамды қайта құру идеялары қозғалды. Реалистік тұрмыстық драма Дж. Голуористің, Х. Гренвилл-Баркердің пьесаларында орын алды. Г. Дж. Уэллстің әлеум.-фантаст. және филос. романдарына индустриялаңдыру процесі өзек болды. Голсуорси «Форсайттар туралы сага» атты трилогиясын бір отбасының тарихына арнады.

Реалистік роман мен новелла дәстүрлерін У.Сомерсет Моэм; Э.М. Форстер, А.Э. Коппард, Кэт-рин Мэнсфидд жалгастырды.Теңіз саяхаттарының романтикасы мен ерекше елдерді сезімтал психологизммен суреттеген Дж.Конрад шығармалары ерекше көрінді. 2-дүниежүз. соғыстан кейін романшылардың жаңа ұрпағы пайда болды. Айрис Мердоктың «Тор астында», «Алқызыл мен жасыл», т.б. романдары реализмге ойысты. Б.Д. Дэвидсонның, Д.Стюарттың шығармалары отаршылдық саясатқа қарсы бағытталды. Д.Томас модернистік поэзияның елеулі өкілі ретінде танылды. 60-жылдары философия мен ғыл. жаратылыстану такырыбына К.Уилсоняың «Ми арам-тамақтары», «Философиялық тас» романдары жазылды. Ұ. әдебиетінен Шекспирдің «Сонеттер», Дефоның «Робинзон Крузо», Свифттін «Гулливердің саяхаттары», Дж. Байронның «Таңдамалы шығармалары», «Еврей саздары», т.б. кітаптар қазақ тілінде жарық көрді.

Өнері.

Көп ғасырлық даму нәтижесіңде Ұ. өнерінің сипатты ерекшеліктері — дәстүрлерінің орнықтылығы, тұрмыс және баспанамен тығыз байланыстылығы, қоршаған орта мен табиғат көріністерін тап басып, тамаша үйлестіру қалыптасты. Ұ-да энеолит пен қола ғасырларының аса ірі әдеттен тыс күрделі және біртұтас мегалитті кешендер, 1 -5 ғ-лардағы рим құрылыстарының калдықтары, кельттердің, пикттердің, англо-сакстердің тастан қашалған және металдан жасаған бұйымдары, 7 — 10 ғ-ларға тән, халықтық қаңқалы құрылыстардан пайда болған шіркеулер жене күрделі қисық сызықты әшекейлері бар миниатюралар сақталған. 11 — 12 ғ-ларда роман үлгісіндегі қуатты шаршы мұнаралары бар ғибадатханалар мен қамалдар бой көтерді.12 ғ-да дами түскен ағылшын готикасының үлгілері — Кентерберидегі, Линкольндегі, Солсберидегі, Йорк, Уэльстегі, Эксетердегі, Лондондағы Вестминстер абаттығының соборлары болып табылады.

Кейінгі готика шіркеулік және зайырлық ғимараттардың оймыштап жасалған өрнектерге бай жарық әрі кең ішкі көрінісімен [Виндзордағы Сент-Джордж, Лондондағы Вестминстердегі Генрих VII-нің, капеллалары, банкет залдары, колледждер], портреттік кескіндеменің пайда болуымен ерекшеленді. Тоқымашылықтың, кестелеу, кілем тоқу, оймыштаудың, зергерлік істің ортағасырлық ескерткіштері ерекше әсем. Реформация ағылшын мәдениетіне таза зайырлық сипат берді, ал 17 ғ-дағы Ағылшын революциясынан кейін Ұ-дағы құрылыс пен күнделікті тұрмыста тиімділік пен қолайлылыққа ұмтылу күшейді.Қайта өркендеу дәуірінде табиғатпен үндестікпен байланысқан ағаш, тас, фахверк шебер қолданылған, әшекейі мол усадьба-үй типі қалыптасты.

Мұндай ерекшеліктерді италиялық және нидерландтық сәулетшілерден көп нәрсені үйренген қамал-сарайларды салушылар да қабылдады. 16-17 ғ-лардағы кескіндемедегі негізгі орынды портрет иеленді. Ұ-ға келген Х.Холь-бейннің дәстүрін ағылшын миниатюрасының шеберлері Н.Хиллиард, А.Оливер, С.Куперлер жалғастырды. 17 ғ-да Ұ-ға қоныс аударған шетелдіктер — А. ван Дейк, П.Лели, Г.Неллерлер енгізген ақсүйектер портреттері типіне олардың ағылшындық ізбасарлары -У.Добсон мен Дж. Райли қарапайымдылық, табиғилық пен қатаңдық қосты.

Палла-дионың мұрасына сүйенген И.Джонстың айқын классик. ғимараттары байыпты, қатаң салтанаттылығымен, композициясының нақты ойлылығымен ерекшеленетін 17-18 ғ-лардағы ағылшын классицизмінің дамуына аттанар сөре қызметін аткарды. Бұған қалалық ансамбльдер, шіркеулер, қоғамдық ғимараттар, усадьбалық, секциялы қалалық үйлер, селолық коттедждер мысал бола алады. 18 ғ-дағы ағылшын өнерінің гүлденуі өмірге кұштар адамдардың портреттері, уытты сатиралық картиналар мен гравюралардың авторы У.Хогарттың шығармаларынан басталады. Осы тұста А.Рэмзи, Дж. Рейнолдс, Т.Гейнсборо, Х.Реберн, Дж. Опи сынды тамаша портретшілер тобы дүниеге.келді. Көпірлер мен ғимарат төбесін жабу ұшін күрделі металл құрылымдар қолдану, шыны қабырғалы құрастырмалы металл қаңқаларды кеңінен пайдалану жаңа архитектураға негіз жасады.

19 ғ-дың 1-жартысында У.Блейк пен табиғат суретшісі У.Тернер сияқты романтик-фантастармен қатар өмірлік пәктікке толы реалистік табиғат суреті жанрының іргетасын қалаушы Дж. Констебл, табиғаттың сезімтал суретшісі Р.П. Бенингтон, сулы бояумен салынатын табиғат көріністерінің шеберлері Дж. С.Котмен, Д.Кокс, Д.Уилки көпке танылды. Ұ-дағы музыканың кайнар көзі кельт тайпаларының музыка мәдениетінен басталады. Ежелгі халықтық ауызша ән-жыр дәстүрлерін жалғастырушылар халық жыршылары мен батырлық дастандарды шығаратын — бардтар болды. Англияда христиан діні орныққаннан кейін кәсіпқой саз өнері дами бастады.

Орта ғасырларда ағылшын шіркеулік музыка-сында католиктік хорал басым болды. 14 ғ-дың соңы — 15 ғ-дың бас кезінде қала мәдениетінің өсуі музыканттарды кәсіпқой шеберлерге айналдырды. Король сарайы мен ірі шонжарлардың қамалдарыңда вокалдық және аспаптық капеллалар пайда болды. Қайта өркеңдеу дәуірінде қалалықтар мен ақсүйектердің қоғамдық өмірі мен тұрмысында музыка маңызды орын ала бастады. Үй ішінде әр түрлі әуендер орындалатын консорттар қою дәстүрге айналды. Консорттың кұрамына кірген орындаушылардың саны біртіндеп ұлғайып, 30 — 40-қа дейін жетті. Осылайша оркестрлердің бастапқы формасы пайда болды. Махаббат тақырыбына арналған өлең-мадригалдарға музыка шығарып, аспаптарда орындау, халық әндерін вариациялау, би пьесаларын жазу, драмалық шығармаларға музыка жазу пайда болды.

Ағылшын ұлттык мадригал мектебінің негізін қалаушы — У.Берд, оның ізбасарлары — Дж.Булл, О.Гиббонс, кейінірек Дж.Блоу батыс еур. клавесинге арналған музыканың негізін қалаушылар болды. 1672 ж. скрипкашы Дж. Ба-нистер Лондонда бірінші рет көпшілікке арналған концерт берді. Ағылшын ұлттық муз. театрын құрушы 17 ғ-дың аса көрнекті сазгері Г.Перселл болды. 18 ғ-дың соңында Лондонда И.К. Бах, Й,Гайдн, италия сазгері, педагог, ағылшын пианистер мектебінің басшысы болған М.Клементи тұрып, жұмыс істеді. Көптеген муз. мекемелер, хор бірлестіктері мен қоғамдар құрылды: көп дауысты ән айтушылықтың әуесқойларынан тұратын «Кэтч-клуб», Корольдік муз. Коғам, муз. баспа ұйымдастырылды, дүние жүзіндегі пернелі аспаптар шығаратын фирмалардың ең алғашкыларының бірі — «Дж. Бродвудтың» негізі қаланды. 19 ғ-дың ортасында Ұ. сазгерлері негізінен опера жанрын дамытты. 19 ғ-да Лондон еур. музыка мәдениетінің ірі орт-на айналды.

Мұнда сол кездің аса танымал сазгерлері мен орындаушылары өнер көрсетті, 1855 жылдан муз. фестивальдар өткізіле бастады. Ұлттық сазгерлік мектептің орнығуын Э.Элгар бастады. 20 ғ-дың бас кезіндегі сазгерлер ұлттык дәстүрлерді дамыту аркылы Ұ. музыкасының мазмұны мен стилін жаңғыртуға ұмтыдды. 20 ғ-да Ұ-ның муз. өмірі қауырт дами бастады, көптеген қалаларда муз. мектептер, оркестрлер, хор қоғамдары құрылды, муз. фестивальдар мен байқаулар өткізілетін болды. 1934 жылдан бастап Глайндборңда жазғы дәстүрлі опера фестивалі өткізіліп тұрады. 20 ғ-дың 60-жылдары «поп музыка» атанған эстрада музыкасы қауырт дамыды.

Әсіресе, негр джазы мен блюзінің белгілерін ұштастыра орындалатын әуендерге ән айтатын жас әншілердің «Битлз» вокалды-аспаптық квартеті дуние жүзі жастарына аса танымал болды. Ұ. киносы 1889 жылдан бастау алады. Алғашқы фильм баржоғы бірнеше секундқа созылды. 1896 ж. У.Пол ұлттық кино өндірісінің негізін қалаған бірінші ағылшын фильмін көрсетуді ұйымдастырды.1929 ж. бірінші дыбысты фильм «Бопсалау» түсірілді. 1932 ж. реж. АКорда «Лондон филмс» фирмасының негізін қалады. Мұңда көптеген шетелдік кино қайраткерлері, талантты ағылшын актерлері жұмыс істеді. «Лондон филмстің» үздік туындылары «Елес Батысқа кетіп барады» комедиясы, тарихи-өмірбаяндық «Рембрандт», т.б. Хичкоктың шымшытырық оқиғаларға негізделген фильмдері

көпшілікке танымал болды. 2-дүниежүз. соғыс жылдары Ұ-да деректі фильм түсіру дамыды. Лондонда 1933 жылдан бастап кино саласындағы ғыл.-зерт. және насихат жұмысының орт. — Британ кино ин-ты жұмыс істейді. Жыл сайын Эдинбург пен Лондонда кинофестивальдар өткізіліп тұрады.

Әдебиеттер

  1. Мортон А.Л., История Англии, М., 1950.
  2. Азимов А., Истоия Англии, от ледникового периода до Великой хартии вольностей (пер. С англ. Н.А. Поздняковой), М.,2004.
  3. Страны мира, польный универсальный информационный справочник, М., 2004.
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ