Мұқағали – жастардың жүрегінде поэзия кешінің сценариі

0
2389
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы:  Мұқағали – жастардың жүрегінде

   Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасалады, жастар жырлары мен поэмалары, әндерімен танысады, әсемдікке,  елжандылыққа тәрбиеленді.

    Түрі: Жас мұғалімдермен жарыс
Жабдықталуы: Бейнероликтер, интербелсенді тақта, кітаптар көрмесі,көрініс құралдары

Бейнеролик қосылады  «Есіңе мені алғайсың» өлеңі ақынның өз дауысымен тыңдалады
 Алтын: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын ала сезді ме?

Жайдарлы:Шындығында Мұқағали бойындағы тамаша талантын жұртына арнайды.Ең бірінші бақытым деп білген халқына донор секілді бүкіл күш – қуатын сарп етті.

Алтын: Ендеше көріп,сезіп отырғаныңыздай бүгінгі кеш Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын тау тұлғалы  талант, дарынды дарабоз, миллион  сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевқа арналады.

Жайдарлы: Сырым да осы,
Жырым да осы
Алдыңда..
Байқадым ба,
бықсыдым ба жандым ба?
Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты,
Мұқағали Мақатаев бар мұнда – деп бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың бүгін туған күні.

Алтын: Армысыздар, қадірлі  ұстаздар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.
Жайдарлы:Иә, Мұқағали- ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол-бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстардан толы алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

«Менің анкетам» көрініс
Қымбатты ұстаздар, қонақ

тар! Ақиық ақынның шығармашылығына арналған «Мұқағали – жастардың жүрегінде» жас мұғалімдер арасындағы  жарысты  өткізгелі тұрмыз.
Жарыс мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасалады,жастар жырлары мен поэмалары, әндерімен танысады, әсемдікке, елжандылыққа тәрбиеленді.

Алтын: (Бағдарламаның шарттарын оқиды)
Бүгінгі жарысқа қазылық ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Мүшелері:
1.
2.
3.

Жайдарлы: Жырыменен жүректерді тербеген,
Жан жарсын талайлардың емдеген
Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың
Мұқағали сынды ақындар кемде кем.

«Мұқағали жастардың жүрегінде» жас мұғалімдер арасындағы сайысқа қатысушылармен таныс болыңыздар.

 «қатысушылармен танысады)
  1. Ақгүл
  2. Айдана
  3. Дания
  4. Жайнагүл
  5. Назгүл
  6. Арайлым
  7. Әсем
  8. Гүлсая
  9. Алтынгүл
  10. Ақерке
  11. Гүлсана
  12. Нұргүл
  13. Жансая

«Жас маманды тани біл!» (қатысушылар хормен таныстыруды айтады)

Алтын:Ақынның «Аманат» жыр – жинағы 2000 жылы мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Ақынның он үш кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Ақын өлеңдеріне 100 – ден астам әндер жазылды. Бұл әндер бүгінде барша жұрттың жүрегінен орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан – серігіне айналды.

Жайдарлы:Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен алып үлгі
Ұшан теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы.

Ән сал жаным, әніңмен тербет мені,
Бір сәтке
Тынсын тірлік жер —  көктегі  — деп ақын жырлағандай кезекті «Мұқағали ән-жыры жаттағаным» қатысушылар ақынның ән-жырын орындайды.

Назгүл, Ақгүл, Әсем, Алтынгүл ортаға шығады.Алтын: Қарсы алмаса,
Құрсын қарсы алмағын,
Ән салып бер,
Әніңмен жан сап маған!
Жаңғырып жасыл тау
Жөнелсін бір,
Жатсын ұйықтап,
Жапанда дел – сал далам.

Жайдарлы: Келесі кезекте «Айтатын саған сырым бұл» әнімен Базарбаева Арайлым

  1. Оқығанша жырыңды тағат таппай,
    Ауға түскен ақбауыр шабақтардай,
    Сенің жырың бәріне серік болып,
    Ішіндегі зар мұңын шын ақтарды –ай
Ортаға Жайнагүл, Жансая, Гүлсая, Айдана өлең оқиды.

2.Шын жыр үшін туылған шалқар едің,
Шындық үшін туылған арқалы едің,
Шындығыңды ұмытар кейбіреулер,
Шын жырыңды ұмытпас дархан елім.

«Қыз бейнесі» әнімен сахнаға Ермаханова Нұргүл шығады
1. Мұқағали ақынның «Бесік басында» өлеңін Дания оқиды.

«Таудай болғым келеді» өлеңімен Ақерке 

  1. Ақын өзінің «Күнделігінде 1976 жылдың 14 ақпанында былай деп жазыпты: Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды творчествамды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам соны түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар»

2.Ақын табиғатпен, тағдырмен, бәрімен адал сырласты. Оның өлеңдері бүгінде шаршағанға  — әл, шөлдегенге —  нәр, сүйгенге – сырлас, мұңайғанға – мұңдас болып, адалдық татулық белгісін тербетіп тұр.

Мұқағали өлең жазып қана қоймай, өз өлеңдерін шебер оқи алған ақын.
Ол біраз уақыт қазақ радиосында диктор болып та қызмет етеді. Оның дауыс ерекшелігін, оқу мәнерін, Әнуарбек Байжанбаев жоғары бағалап, өз қол астына алады. Ендеше ақынның өз дауысын тағы да тыңдап көрейік.
(Екінші бейнеролик. Поэзия)
  1. Жазылар естеліктер мен туралы,
    Біреулер жан еді дер өр тұлғалы,
    Біреулер тұлпар дер де мүмкін
    Бүтінделмей кеткен бір жер тұрманы.
  2. Анасы Нағиманың естелігінен: Қарасаздың Шалкөде жағы саздау, сазда қаз жақсы өсетін еді. Менен екі қаз сұрап алып, почта машинасын айдайтын орысқа қазды беріп, орыс тілінде жазылған әдебиеттерді алып қалады екен. Машина келесі қайтып келем дегенше кітаптарды оқып, белін буып дайындап қояды екен. 10 –шы класты бітірген соң өте сауатты өткір болғандықтан, ауыл кеңіске хатшы қылып алды. Аталмыш қызметін атқарып жүргенде орыс тілінен мектепке мұғалім таппай, ауыл басшыларының өтінішіен орыс тілі пәнінің мұғалімі болып мектепке орналасты.
1.Жұлдыз Мұқағали әкесі туралы былай деп сыр шертеді: «Бала күнін еске түсіру әкеме өте ауыр еді,кәдімгідей мұңайып қалады. Бізде балалық жоқ. Соғыс жалмап кетті дейтін. Әкем әжесі Тиынның қолында өскен. Әкемнің ақындығы ең бірінші – табиғи дарын, сосын соның дамуына туған жері, Тиын әжеміз қатты әсер еткен. Өзі көп нәрсені әжемнен үйрендім дейтін. Әр адамнан тереңдік іздейтін. Әңгімелескен адамы көңілінен шықпаса, кәдімгідей мұңайып таяз екен дейтін »

(Жас мұғалімдер ақын өмірінен естеліктер оқиды. Нүрия, Гүлнара. Бақытгүл, Гүлжанат, Гүлжанат, Айымгүл)

  1. Жас мұғалімдер бүгінгі сайыста өнерімен қатар, білімдерімен де сыналмақ. Менің арманымдағы сабақ… жас ұстаздардың қиял ұшқырлығын анықтамақ.

(Қатысушылар сабақтарын көрсетеді)

2.Табиғатында адамға жаманшылығы жоқ, жаны жуас, жомарт, өзін басқаның бәрінен кіші санайтын ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені.

   (Тұралина Салтанат «Отан туралы»)

1.Ақын шығармаларының үлкен бір саласы – оның поэмалары. Ең асылы, ең биігі – Аққулар ұйықтағанда. Бұл поэма 1973 жылы «Жалын» жинағында жарияланған. Ақынның «Қош, махаббат» пьесасы мен «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын қатысушылар көрініс ретінде қоймақ.

(Қатысушылар көріністерін қояды)

Қорытынды:

2.Өлең өнер, өлеңдер оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз, жүректерге ән болып, әуен болып, жетіп жатыр.Оның әндерә таңғы шықтай мөлдір сырлы әуенді. Ендеше келесі кезекті әнге жолдайық.

1.Өлең барда шырқатып мен жазамын,

Мен қызымын мына кең бай даламның
Мұқағали секілді бәйтеректі
Алып кеткен ажалға таң қаламын,

2.Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?
Әр әні толы ғой армандарға,
Шерте біоген мұңдарын жас қайыңға,
Дәл Мұқаңдай қазақта ақын бар ма?

  1. Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
    Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.

Деп бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.

Слайд «Сезім» бейнеролик.

«Есіңе мені алғайсың» хормен орындалады.

Шайхина Алтын Жамиова

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ