Педагогтің кәсіби құзіреттілігі – нәтижеге бағытталған білім берудің негізі

0
2345
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 51-бабының 5-тармағында «Педагог өзінің педагогикалық шеберлігін, парасаттылығын, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті»,-делінген.

Қазақстандағы қазіргі кездегі жүріп жатқан өзгерістер өмірлік іс-әрекеттің барлық саласын , оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру кеңістігін де жанап өтті. Сондықтан бүгінгі өскелең ұрпаққа уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық.

Мектепке дейінгі мекемеде берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан-жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Жеке тұлғаның қалыптасуында ең тиімді жол –жаңа тұлғаны қамтитын қабілет, білім, икем, дағды, тәжірибе, көзқарас болып табылады.

Балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, олардың ақыл – ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында сауаттылыққа баулу – бүгінгі күн талабы. Осыған орай мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде педагогтың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Дамыған елдердің оқу жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған «құзыреттілік», «құзырет», терминдері жаңа білім стандарты ұстанған басты бағыт ретінде біздің еліміздің білім беру жүйесіне ене бастады. Мұндай аса жауапты білім деңгейіне жету үшін оқу үрдісін соған сай ұйымдастыра білетін, білімді өз бетінше еңбек ете алатындай күйге жеткізе алатын, өзі де осы аталған құзыреттіліктерді меңгерген кәсіби құзіреттілігі қалыптасқан педагогтар даярлау міндеті тұр.

Құзыр ұғымы тұлғаның даму деңгейі немесе білім беру нәтижесі ретінде қарастырылады. Ал құзіреттілік – құзыр ұғымының туындысы. Сондықтан құзырды, құзыреттілікті білім сапасын бағалаудың негізгі критерийлерінің бірі деп қарастыруымызға болады. Бұл жағдайда білімдер, іскерліктер, дағдылар сырт қалмайды. Керісінше, олар жаңа сапалық мәнде, жаңа жағдайда бақыланады.

Өмірдің өзгермелі жағдайында құзіретті тұрғы білім берудің практикасы мен теориясының дәстүрлі мақсаты ретінде алға шығады. Құзіретті болу мен құзіретсіз болудың себептері бірдей, ол адамның жеке тұлға ретіндегі жай-күйі. Мұның мағынасы педагог мамандар өз әрекеті мен орындаған жұмысы кәсіби іс- әрекеттін белгіленген талаптарына жауап беретін және орындай

алатын болса, кәсіби құзіретті болып саналады. Н.Г. Милодарованың айтуынша білім беру жүйесінде құзіреттілікті тудыратын төрт негіз бар (біріншісі – кәсіби –әдістемелік құзіреттілік, екіншісі – іс-әрекет негізіндегі құзыреттілік, үшіншісі- әлеуметтік қарым-қатынас құзыреттілігі және төртіншісі – жеке тұлға негізіндегі құзіреттіліктер) сыншыл ойлауды, рефлексияны, өз ұстанымын анықтау қабілеттілігін, өздігінен бағалайтын ойдың дамуын және өмір бойы үйрену қабілеттілігін талап ететіні анық.

Педагогтың шығармашылық тұлғасын қалыптастырып алмай, мектепке дейінгі білім берудің мазмұнын жаңарту мүмкін емес, оның алдына мынадай негізі міндет қойылады: мектепке дейінгі білім беру бағдарламасының талаптарын орындаудан тәрбиеленушілердің толыққанды және тұтастай дамуын жүзеге асыруға, олардың білім берудің әр саласында біліктілігі қалыптасуына және балалардаң алдағы өмірде табысты болуын қамсыздандыратын жалпы қабілеттерін дамытуға көшу.

Педагог өзінің білім беру қызметін жоспарлаған кезде, баланың кішкентайынан айналысып жүретін қызмет түрлерінен алған тәжірибесі оның алдағы өмір бойында білім алуына жұмыс істеуі қажет. Іс –әрекеттік тәсілді жүзеге асыру осы заманғы білім беру үрдісінің басқа да артықшылығы — білім беру салаларын шоғырландыру қағидасымен тығыз байланысты.

Педагог мектеп жасына дейінгі балаларға жақсы дамуға қажетті ақпараттар беріп қана қоймайды, оған қоса тәрбиеленушілерге өз бетінше іздену тәсілдерін, қажетті мәліметтерді іріктей білуді үйретеді, яғни оның қызметінде негізгі таным субьектісі бала болып табылады.

Білікті педагог баланы тәрбиелеу мен дамыту міндеттері тұрғысынан келе отырып, білім беру мазмұнын сауатты біріктіруді ғана біліп қоймай, ол дер кезінде түзетіп, олардың алдағы даму бағыттарын айқындау үшін балалар жетістіктеріне болжау жасай білуі тиіс.

Педагогтың басты міндеті – тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім бері үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйсіндегілерден педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал педагогтардан негізгі кәсіби құзіреттіліктерін дамытуды талап етеді.

Қолданылған әдебиеттер:

1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы.

2. Байжуманова Н.С. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі/Білім әлемінде, 2008 №5

3. Маркова А.К. Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі – 2009 ж.

4. Мектепке дейінгі ұйым басшылығының анықтамалығы – 2011ж.

 

Алпысбай Аққу Рымтайқызы

КММ №88 ЖББОМ жанындағы шағын орталық әдіскері, педагог-психолог


ПІКІР ҚАЛДЫРУ