«Ойын – баланың негізгі әрекеті» тақырыбында іскерлік ойын

0
1530
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Мақсаты: «Ойын — мектепке дейінгілердің негізгі «іс-әрекеті» тақырыбында педагогтармен жұмыс жасауда белсенді әдістерді қолдана отырып МДМ педагогтар ұжымының тәжірибесін дәріптеу.

Іскер ойынға қатысушылар: әдіскерлер, тәрбиешілер.

Үйлесімді жеребе тастау:

Қатысушылар 1 және 2 санымен белгіленген жетондар таңдайды.

Жүргізуші:

Әділқазылар:

0 ұпай – қатысушылар тапсырманы орындай алмады

1 ұпай – қатысушылар толық жауап бермеді

2 ұпай – жауапты толықтыруға болады

3 ұпай – толық жауап

1-кезең: Топтың аты, ұраны, лозунг, топ басшысын сайлау.(парақтар, қалам, қарындаштар) 6 минут уақыт

2-кезең: Топ жұмысы (ватмандар) тақырыптарға тұсаукесер (топ басшылары тақырып таңдайды)

Ойынның дамуы мен желісін ойластыру (аспаздар н/е теңізшілер)

Қағидалар:

1. Бастапқы кезеңде балалармен бірге тәрбиеші ойнайды.

2. Әр кезеңде ойын құрылымының жаңа тәсілдерін «ашу» және меңгеру.

3. Ойындағы әріптестермен ойын барысындағы әрекеттердің мағынасын түсінуге және ойын әрекетін жүзеге асыруға бағытталу.

4. Тәрбиеші ойынды жүргізу шеберлігін шыңдайды, балалар ойынды өрістетіп жібереді.

Жұмысқа 10 минут уақыт беріледі.

3-кезең:

Блиц-сауалнама: «Ұлттық ойындар» және «Орыс халық ертегілері»

Сұрақ-жауап:

— Ұлттық ойындарда қандай атрибуттар қолданылады?

— Ұлттық ойындардағы басты рөл?

— Балалардың мінез-құлқы мен әрекеттерін, жалпы ойын барысын не анықтайды?

— Ойындарда санамақты не үшін қолданады?

— Ұлттық ойындар қайда қолданылады?

— Ұлттық ойындар неге тәрбиелейді?

— Ұлттық ойындардағы сөйлеу материалдары қайдан алынған?

— Ұлттық ойындарда әрекет етуге белгі не болып табылады?

Келесі кезекте орыс халық ертегілерін еске түсірейік:

— Қай балықтың атымен сиқырлауға болады? (шортан балық)

— Т.с.с.

Уақыт 7 минут

4-кезең: Жағдаяттан ұтылып қалу және проблеманы шешу жолын табу. (Топ капитандарымен 2 жағдаят таңдалады). Әділқазылар шешімнің нақтылығын, дұрыстығын және әдістемелік сауаттылығын бағалайды.

Уақыт 5-7 минут

5-кезең: жаттығу «Сөйлемді жалғастыр»

Қатысушыларға кезекпен сөйлемді өз нұсқаларымен жалғастыру ұсынылады.

— «Маған дидактикалық ойындар ұнайды, өйткені……»

— «Мен балалар ойында …………..үйренеді деп санаймын» т.с.с.

6-кезең: Синквейн құрастыру

Уақыт 3 минут

Нәтижесі, құттықтау.

Аннотация: Берілген материалда МДМ педагогтарына арналған іскер ойын ұсынылған. Материал тәрбиешілерге, әдіскерлерге, психологтарға МДМ мамандарына пайдалы. Тапсырмалар педагогтардың бір-бірімен педагогикалық тәжірибелерін алмастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында әзірленген.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ