Өмірге шуақ төккен өлеңменен (ашық сабақ)

0
1285
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Дөңгелек үстел тақырыбы: Өмірге шуақ төккен өлеңменен

Мақсаты :   М.Мақатаевтың   өмірімен  жан-жақты таныстыру, шығармашылық  жолынан  мәліметтер беру, ақын жырларының  құдіретін сезіну.Оқушыларды ақынның  өлеңдері  арқылы  халқын сүюге , туған жерін  қадірлей  білуге  , адал болуға тәрбиелеу.

 Сабақтың  әдісі :  сұрақ-жауап , баяндау

Сабақтың  көрнекілігі : Ақын  портреті, буклет, кітаптары, ноутбук

Өтілу  барысы : 

1.Баяндама « Бала  Мұхамедқалидан  ақын  Мұқағалиға  дейін»

  1. Мектеп кітапханашылары ақын кітаптарымен таныстырады

3.Сұрақ-  бізден,  жауап- сізден.

 4.Ақын  шығармаларын оқу

 5.Қорытынды

   Мұғалім сөзі:  Қалың  қазақтың  аяулы  ұлына  айналған  Мұқағали Мақатаев  көзі тірі  болғанда 88 жасқа толар еді.Артына өлместей өміршең  өлең-жырларын   қалдырған  ақиық  ақынға  арналған  «Өмірге шуақ  төккен  өлеңменен» атты дөңгелек үстелімізге  қош келдіңіздер!
  1. « Бала Мұхамедқалидан  ақын  Мұқағалиға  дейін» баяндаманы тыңдау,  талқылау.
  2. « Жылап қайттым өмірдің базарынан», «Жырлайды жүрек», « Қош  махаббат» т.б. кітаптарымен таныстыру.
  3. Сұрақ- бізден,  жауап- сізден.

А) « Тіл-өнері»  ақын  өлеңдерінен  үзінділер  оқылып,жыр жолдарында жасырынған  сөздерді  тауып, үш тілде жауап береді.

1.Алаулатып  тойдың шоғын үрлемей,

Құшақ-құшақ ……..шоқтарын  лақтырып,

Мынау  шапан, мынау  атың , мін демей. (гүл- цветок-flower )

2.Жігітінен  қазақтың  …….таба алмай,

Қыз да болсаң  мен саған  мұң  шағамын.( дос- друг- friend)

3.Ең ………..бақытым-  халқым  менің ,

Соған берем ойымның  алтын  кенін.(бірінші- первый- first)

4.Жапырақ  жүрек жас қайың ,

   Жанымды  айырбастайын.

  Сен……..  бола  бастасаң ,

  Мен  қайың  бола  бастайын. (адам-человек- people)

5.Ақ ұлпа жерді жапқанда,

  ………..  сырға  таққанда.(ағаштар-деревья- trees)

6.Нұрын төккен  маған шуағымсың сен,

 Айналайын  мама …………….(туған күн- день рождение-happy  birtday )

Ә)Берілген сұрақтарға  жедел жауап беру керек.

1.Ақын   өлеңді алғаш  рет  неше жасында жазды?(10 жасында )

  1. « Аққулар ұйықтағанда » поэмасындағы көлдің аты? (Жетімкөл)

          3.Мұқағали  өлеңдеріне ең көп ән  жазған сазгер  кім? (Н.Тілендиев)

           4.Мұқағалимен  тағдырлас  орыс ақыны  (С.Есенин)

5.Ақынның   алғашқы  өлеңдері («Қырман  басында», «Қойшы бала- Әкітай»)
  1. Ақын неше жасында дүние салды ? (45 жасында)

7.Мұқағалидың  прозалық шығармасы («Қош махаббат»)

8.Мұқағалидың  әкесінің  аты  ( Сүлеймен)

9.Ақынның  әжесі мен  жарының аттары  (Тиін , Лашын)

  1. Мұқағалидың туған күні , жылы  ( 9 ақпан,1931жылы )

4.Поэзия минуты. Оқушылар  ақын өлеңдерін  мәнерлеп оқиды.

Ақынның   « Мені өз өлеңдерімнен  бөліп  қарамауларыңызды  өтінемін.Естеріңізде болсын , Менің өлеңім  жеке тұрғанда  түкте емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы мен аяғы бар. Ол кейде күлімдеген , кейде түңілген жанымның құдды дауысындай» деген   сөзіне өз ойларын  эссе түрде жазу. 

Қорытынды.   1976 жылы  26 наурыз . Бұл күні  қазақ  поэзиясының  басына  қара бұлт  үйірілген  , орыны  толмас  өкініш  пен  қайғыға   толы  қаралы  күн  болды. «Ажал » атты келешектің  кемесі  өз «Барсакелмесіне » өр тұлғалы  , ғаламат ақынымызды  мәңгілікке алып кетті.  

«Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім ,

Жыр жазсам оған , жұртым , елеңдестің.

Өлсе –өлер Мұқағали  Мақатаев ,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім » ,-деген  еді ол. Расында  да, Мұқағалидың өлеңдері  де, өзі де ешқашан өлмек емес.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ