Мұғалім не үшін өзгеруі қажет (шығармашылық жұмыс)

0
1692
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты
 «Мұғалім не үшін өзгеруі қажет»

Менің ойымша  мұғалім- оқушыларға білім беру мен тәрбие берудегі жауапкершілік жүгін мәңгілік сезімтал  қасиет иесі.  Ұстаздар қауымы елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын, «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыратын ұрпақ тәрбиелеуде үлкен жүкті арқалай отырып, қоғам алдындағы зор жауапкершілік жүктелгенін бүгінде нақты сезінген деп ойлаймын. Өзім де сол жауапкершілікті сезіне отырып, оқушыларға деген сүйіспеншілік, оларға қамқор болу, олардың жан дүниесін түсіну, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнату, олардың әрқайсысына мән беріп, назарда ұстау мен үшін әдетке айналған. Менің бойымдағы баланы жақсы көру жасандылық емес, бұл менің табиғатымнан берілген қасиет. Оқушыларға қамқорлық сезіммен қарап, мейірімді, төзімді болуға және құрметпен қарауға тырысамын. Сондықтан да болар шәкірттерім мені  жақсы көреді. 

Қазіргі қоғам тез қарқында дамып қана қоймай, өз даму үдерісімен барлық саланы жандандыруда. Соған байланысты білім беру саласы да бірқатар өзгерістерден шет қалған жок. Уақыт өткен сайын оқу үдерісінде болып жатқан өзгерістермен бірге мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынас пен әрекеттер де өзгерді, сондықтан бүгінгі мұғалімге қойылатын талап пен  жауапкершілік  жоғары. Мұғалім алдында жаңашыл әдістерді анықтау, әр оқушының жеке қабілетін тану, білімін, іскерлігін, дағдысын жетілдіру; жаңашыл әдістемелердің мүмкіндігін мақсаткерлікпен пайдалана білу міндеті тұр. «ХХІ ғасыр мұғалімі» — балалардың әлеуметтік және жеке тұлға түрінде дамуы үшін өзінің жауапты. Мұғалім үшін бүгінгі маңызды сұрақ – «Мұғалім үшін не құнды?»  ХХІ ғасырдың «Көшбасшы  мұғалімі» — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға және ол өз кәсібінің майталманы, мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын жұмсайтын шыдамды адам . Ұстаз күн сайын өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын- ала сезіп, болжап, оның оң шешімін табуға дайын болуы тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танушы, жеке тұлғаны  қалыптастырушы, болашақтың  мүсіншісі деп атайды.  

Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның ар-ожданын, намысын, тұлғасын  сыйлау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. 

Менің педагогикалық ұстанымым – сапалы білім беру, жаңалыққа ұмтылдыру, ынталандыру, баланың бойындағы қабілет-дарынын көріп,  аша білу, биік мақсаттарға жетелеу. Егер әр шәкіртім өмірде бір кірпіш болып қаланып, өз жолын айқын тапса төккен тер мен еңбектің ақталғаны деп ойлаймын.   

Сыдыкова Алтынгул Сыражовна

ПІКІР ҚАЛДЫРУ