Мұғалімдердің жалақысы қанша пайызға көбейеді?

0
1064

Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы 25% артады.  Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына арналған жолдауында мәлімдеді.

«Мен тамыз конференциясында мұғалімдердің жалақысын төрт жылда екі есе көбейтуді тапсырдым. Бұл келесі жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға артады деген сөз», — деді президент.

Айта кетейік, мемлекет басшысы тамыз конференциясында үкіметке төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді тапсырған болатын.

«Бүгінде мұғалімдердің жалақысы ең төмен деңгейде қалып отыр және экономика бойынша орташа жалақының 65%-ын ғана құрайды. Мұнымен, әрине, біз келіспейміз. Сондықтан үкіметке білім саласына білікті мамандарды тарту үшін және мұғалім мәртебесін көтеру үшін жалақыны төрт жыл ішінде екі есеге көбейтуді тапсырамын», — деген болатын.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ