Мұғалімдерге арналған 3 таптырмас сайт

0
2499
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақты қызықты жүргізу оңай шаруа емес. Оған дайындалудың өзі қиындауда. Біз дайындаған сайттар тізімі Сіздерге іш пыстырмайтын сабақтарды құрастыруға, оқушылардың белсенді қатысуына көмектеседі. 

1. LearningApps

LearningApps сайтының көмегімен сіз оқушылардың өзін-өзі тексеруіне арналған жаттығулар жасай аласыз. Сайттың арсеналында тек классикалық сауалнамалар ғана емес, сонымен қатар көптеген басқа пайдалы құралдар бар: мәтіндегі бос орындарды толтыру, хронологиялық тізбек құру, картада орын табу және сөзжұмбақ құрастыру. Сіз тіпті LearningApps-та видео курс жасай аласыз!

Мұны істеу үшін сізге бейне қосу керек (мысалы, YouTube-тан). Одан кейін оқушы бірнеше сұрақтар немесе басқа да тапсырмалар орындай алады. Қызметтің ерекшелігі: мұғалім оқушының тапсырманы қалай орындағанын көрмейді, жаттығулар тек өзін-өзі тексеруге арналған.

2. Kahoot

Интерактивті сынып викториналарын өткізуге мүмкіндік беретін сайт. Мұғалім оқушыларға ауызша сауалнама жүргізген кезде, ол бірнеше оқушыдан ғана сұрап үлгереді. Барлығына уақыт жеткіліксіз. Kahoot көмегімен мұғалімдер барлық оқушылармен бір уақытта сұхбаттасып, олардың күшті және әлсіз жақтарын бірден біле алады.

Мұғалім сайтта сауалнама жасайды. Оқушылар сыныпта смартфондар немесе компьютерлер арқылы жауап береді. Мұғалім оқушылармен бірге жауаптардың статистикасын көреді және олардың қандай проблемалары бар екенін түсінеді.

3. ПостНаука

Иә, бұл орысша сайт, алайда мұнымен оның пайдасы кеміп қалмайды. Ғалымдар қысқа бейнематериалдарда барлық ғылыми құбылыстар туралы айтады. Мұнда сіз жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқытатын мұғалімдерге арналған материалдарды таба аласыз.

Мысалы, физик Дмитрий Казаков қазіргі физика тілі туралы айтады,ал лингвист Анастасия Бонч-Осмоловская лингвистикадағы үлкен деректер туралы сөз қозғайды. Постнаукада 15 тақырыптық бөлім бар: астрономия, биология, тарих, ми, психология, құқық, әлеуметтану, физика, тіл, мәдениет, математика, медицина, экономика, философия, химия. Видеодан басқа сайтта мақалалар, тіпті ойындар бар?

Осы берілген сайттар тізімі сіздердің сабақтарыңызды қызықты өткізуге көмектеседі деп сенеміз!

Ұқсас материалдар:

  1. Ұстаздар қалай қосымша табыс таба алады?
  2. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  3. «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
  4. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  5. 11 сынып оқушыларына арналған тренинг- сабақ
  6. Жас маманға 8 кеңес

ПІКІР ҚАЛДЫРУ