Қоғамдық көлік мәселесі

0
1390
Қазіргі уақытта, заманның дамуына байланысты, адамның өмір сүруіне деген барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Соның бірі қоғамдық көлік болып табылады. Қала (қала сыртында тұратын адамдар да) тұрғындарының айтарлықтай көп бөлігі бұл көліктің түрін күнделікті өмірде жиі пайданалы. Жұмыс, оқу орындарына, басқа да маңызды жерлерге барып-қайту мақсатында қоғамдық көлікке  отыруға асығамыз. Алайда, өзімізді А пунктінен В пунктіне дейін жеткізіп салатын, қаражат жағынан да тиімді бұл көлік түрі әрдайым ыңғайлы болып табылады ма? 


Өздеріңіз байқап жүргендей, екі күннің бірінде осы қоғамдық көлікпен байланысты бір оқиға орын алып жатады. Оның ішіне қоғамдық көліктегі жанжалдар, ұрлық, жарақаттар тіпті қан қысымы жоғары, жасы үлкен кісілер мен денсаулығы нашар адамдардың ауаның жетіспеушілігі әсерінен талып қалуы және т.б кіреді.

 

Студент ретінде, қоғамдық көлікті қолдану мен үшін тиімді болып табылады. Дегенмен, төлем ақысын есептемей бұл мәселеге басқа жағынан қарап көрейік.  Қоғамдық көліктегі адам санының нормадан тыс болуы, мен үшін ғана емес өзгелер үшін де қиындықтар туғызатыны рас. Адам санының көп болуына байланысты жоғарыда айтылып кеткендей ұрыс-керіс, егде жастағы адамдардың отыратын бос орын болмағаны үшін жастарға айтатын сөздері т.б жағдайлар орын алады. Осының барлығы дерлік көлік жүргізушісі адам санына қарамай көп мөлшерде көлікке толтырып алуында. Адамдардың да үйге тез қайту мақсатында, тіпті кіретін орынның жоқтығына қарамастан, итерілісіп тқрып алуы да бар.

Ал енді “неліктен осындай жағдай орын алады” деген сұрақ пайда болады. Бір жағынан, теледидардан тамашалап отырған жаңалықтардан белгілі бір автопаркке 100 дана автобус сатып алынды деген хабарларды естіп, көріп жатамыз. Соның өзінде бұл мәселе шешіле қойған жоқ. Себебі, автобустардың жүру жиілігі, яғни уақыты 20-30 минутқа дейін барады. Әсіресе жұмыстан/сабақтан шыққан уақытта немесе таңертен автобустағы адам саны нормадан 2, одан аса 3 есе көп болады.

 

Осының барлығы, автобус паркінің жұмыс істеу  принциптеріне келіп тоқталады. Әр автобус жүргізушісінің тарифы, жолаушы санының неғұрлым көп болуы оның жалақысына тура пропорционал. Сондықтан оларға негізінен адам комфорты маңызды емес. Осы жайыттарды еске ала отырып, қоғамдық көлік маселесін төмендегідей жолдармен шешуді ұсынамын:

1) барлық жүргізушілерді тарифқа қатысы жоқ тұрақты жалақымен қамтамасыз ету;

2) автобустар арасындағы жүру жиілігінің катаң сақталуы.

Қорытындыға келетін болсам, осы талаптар орындалған жагдайда қоғамдық көлікпен байланысты туындайтын мәселелер жартылай болса да шешіледі деген ойдамын.

                                                                                                                                                                  Әнел САДЫҚ


ПІКІР ҚАЛДЫРУ