Мәдени мінез-құлықты қалыптастырудың негізі

0
9309
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Жаңа адам әр уақытта жеке басының мүддесін қоғам мүддесіне бағындырады. Басқа психикалық процестер сияқты мінез де объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстардың әсер етуі нәтижесінде қалыптасады.

МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе

I-тарау. Мәдени мінез-құлықты қалыптастырудың негізі

1.2. Мәдени мінез-құлқының негізгі көрінісі — адамгершілік қатынас

1.3. Мәдени мінез-құлық ережелері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

 

Кіріспе

Жаңа адам әр уақытта жеке басының мүддесін қоғам мүддесіне бағындырады. Басқа психикалық процестер сияқты мінез де объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстардың әсер етуі нәтижесінде қалыптасады.

Қазақтың ұлы ойшылдары мен ағартушылары  Әл-Фараби, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің еңбектері мен философиялық, психологиялық, ой-талғам толғаныстарынан, өлеңдері мен қара сөздерінің жалпы адамзаттық қадір-қасиет пен адамгершілік тәрбиесінің өзекті мәселелеріне көп көңіл бөлген.

Қазіргі уақытта М.Жұмабаев, Қ.Жарықбаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердиевтің дана ойлары халықтың адамгершілік тәрбиесі мен балалардың тәрбиесіне үлес қосатын таптырмас қазына-мұра.

Оқушылардың мәдени мінез-құлқы мен адамгершілік тәрбие беру мәселелерін ұлы педагогтар Н.Крупская, А.С.Макаренко, А.В.Луначарский, Я.А.Коменский, О.С.Богданова қарастырған.

Әрбір адам өзінің өмір жолында «абыройым төгілмесін» деген әрбір адам мына бір аса қажет ақиқатты-көңіліне берік түйіп алғаны жөн. Ол

— адамгершілік мінез-құлықтан бастау алатын әдептілік нормаларын әрқашанда да ықтиятты болу.

Әл-Фараби бабамыз білім мен тәрбиенің бір еместігін айта отырып, тәрбиесіз берілген білім адамға таяқ болып тиеді деген тұжырым жасайды.

Мұның өзі көпқырлы, терең сырлы дүние, оның мәнін, табиғатын тануға арғы-бергі замандарда әр елден шыққан талай-талай данышпандар аз көңіл бөлмеген. Бұл жұмыста адамзаттың кісілік жаратылысын сипаттайтын нәзік те келісті әрі күрделі құбылыстың тұңғиық терең табиғатын, мәнін, жалпы адамзаттық және ұлттық сипаттарын, алуан тұрлі көріністерін, олардың озық үлгілерін ата мұраға адал осы замандық жас ұрпақтың бойына дарыту жолдарын ғылыми тұрғыдан жан-жақты қарастыруды, сол арқылы мәдени мінез-құлықты қалыптастыратын мұғалімдер мен ата-аналарға көмектесу мақсатын көздейді.

І-тарау. МӘДЕНИ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

Мінез-құлық мәдениетінің әдеттері мен дағдыларын тәрбиелеу жөніндегі бағытты, жүйелі жұмыс балалардың мектепке келісімен басталады. Бастауыш сыныптарда мұқияттылық пен жинақтылықтың, сыпайылылықтың, дәлдіктің негіздері қаланады. Жақсы мінез, өзін мектепте, үйде, көшеде және қоғамдық орындарда мәдениетті ұстай білу әдеттері бойға сіңеді. Егерде мәдениетті мінез-құлық нормалары балаларға өте жас кезінде үйретілмеген болса, кейініректее оның орнын толтыру үшін әлдеқайда күрделі жұмыс атқаруға тура келеді, теріс әдет дағдыларға ие болған баланы қайта тәрбиелеу керек болады. Балалардың бойында бұл саладағы ең қарапайым деген әдет-дағдылардың болмауы мәдени мінез-құлықтың әдептілік, сыпайыгершілік, еркіндік, қимыл әсемдігі сияқты күрделі көріністерін тәрбиелеуді мейілінше қиынға түсіреді.

Мінез-құлық мәдениеті адамның ішкі мәдениетімен, эстетикалық талаптарымен, жалпыға ортақ бағыттармен және дәстүрлермен тығыз байланасты. Ішкі мәдениет көп ретте адамның сыртқы тәртібін анықтайды, алайда сыртқы мінез-құлық та ішкі мәдениетке әсер етіп, адамды ұстамды, іштей жинақы болып өзіне-өзі ие бола білуге бастайды.

Оқушылармен жұмыс кезінде алдымен мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін игеруге назар аудару керек. Ал бұған оқушыларды тиісті ережелерді тұрақты тұрде орындатқызып отыру арқылы қол жетеді.

Мінез деп адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерімен қалыптасып, оның ерік күшінен, өзіне және қоршаған өмірге қатынасынан байқалатын күрделі психикалық процесті айтамыз.

Адамның мінезі оның барлық қимыл-әрекетіне, қызметіне әсер етеді. Оның сырын терең талдай отырып, адамныц өмір тіршілігіндегі қиын қыстау жағдайлардағы күресетін, жолдарын іздеу ерте дүниедегі ғалымдардың зерттеулерінде де бар болатын.

Мінездің қалыптасуына ең негізгі әсер ететін объективтік факторлар — қоғамдық орта, тәрбиелеу, оқыту.

Мінез басқа психикалық процестер сияқты объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстардың адамның сезім мүшелеріне әсер етуі нәтижесінде қалыптасады. Мұнда ең негізгі шешуші факторлар — тәрбие, оқыту, қоғамдық орта.

Мінездің физиологиялық негізіне жоғары нерв қызметінің тума қасиеттер мен өмір жағдайларының әсер етуі нәтижесінде қалыптасқан мидағы уақытша нерв байланыстары жатады.

Бірақ мінез ерекшеліктерінің қалыптасуында биологиялық факторлардан   гөрі   тәрбиенің   ролі   күшті.   Бұл   жөнінде   академик И.П.Павлов: «адамның мінез-құлқының бейнесі нерв жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды. Сонымен бірге организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек, кең мағынасында айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады».

И.П.Павлов өзінің жоғары нерв қызметі туралы ілімінде адамның мінез ерекшеліктері оның өмірлік әсерін, ой-түйінін білдіретін жоғары нерв қызметінің типтік ерекшеліктері мен уақытша нерв байланыстары жүйесінің «құйындысы» деп түсіндірген болатын.

Жоғары нерв қызметінің типтік ерекшеліктері мен динамикалық стереотип әр уақытта бір бірімен байланысты болып, бірін-бірі толықтырып тұрады. Өйткені: 1) динамикалық стереотиптің жылдамдығы тұрақтылығы жоғары нерв қызметінің тума типтік ерекшеліктеріне байланысты; 2) өмір тәжірибесінің нәтижесінде қалыптасқан динамикалык стереотип жоғары нерв қызметінің типтік ерекшеліктеріндегі кемістіктерін жөндеуге жәрдем етеді.

И.П.Павловтың айтуы бойынша динамикалық стереотиптің қалыптасуы өмірдегі заттар мен құбылыстардың күшіне, маңыздылығына, жаңалығына және адам нерв жүйесінің жеке типтік ерекшелігіне, адамның хал-жағдайына байланысты. Мидағы уақытша нерв байланыстарының оңай немесе қиын тұрде қалыптасуы адам нерв жүйесінің типіне байланысты.

Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың әсерімен пайда болған мидағы уақытша нерв байланыстары, олардың күрделі жүйелі тұрде қалыптасуы — дикамикалық стереотип және нерв жүйесінің типтік ерекшеліктері мінез-құлықтың физиологиялық негізі болады.

Ерте дүниедегі ойшылдардың айтуы бойынша қалыптасқан мінез — адам мөрі. Шынында да адам мінезі қандай болса, оның өмірдегі іс-әрекеті де сондай болады. Мінез негізінде адамның өмір тәжірибесінен алған әсерлі нәтижесінде қалыптасатындығын бұрын да айтқан болатынбыз. Бірақ адам барлық нәрсеге бірдей жауап бере алмайды. Өзіне керекті, кажетті нәрселерге айырықша қызыға қарап, олардың мазмұнын, мәнін терең қабылдайды. Ал өзіне керексіз нәрселерге мән бермейді. Демек, адамдағы өмір тәжірибесінің қалыптасуы оның мұрат-мақсатына, арман-тілегіне, ниетіне байланысты екендігі айқын. Осыған орай адамның мінез ерекшеліктерін зерттеуде ең алдымен оның мақсатына байланысты туған қызығуын, қажеттілігін анықтап алған жөн.

Ал мінез құрамына нелер жатады. Мінез құрамына адамның сенімі, қажеттілігі, қызығуы, ақылы, ерік күші, сезімі, темпераменті жатады. Сенім деп адамның өмір мектебі және тәрбие әсерімен белгілі жағдайдағы қалыптасқан берік көзқарасын айтамыз.

Сенімнің күштілігі, тұрақтылығы адамның түсінігіне, ой-өрісіне, бір мақсаттылығына байланысты. Адамның өз әрекетіне сенімділігі оның сол әрекетінің орындалу негізіндегі тындырымдылығын, принциптілігін, тиянақтылығын байқатады. Күшті сенім адам әрекетінде алдына қойған мақсатына жету үшін батыл шешім қабылдауға, кездескен қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік туғызады.

Сенімнің мықты, тұрақты болуы адамның дене және ақыл-ой әрекетінің жемісті аяқталуына негіз бола алады.

Адам мінезінің ерекшеліктерін анықтауда оның неге қызығатынын, қандай нәрселерге айрықша назар аударып қарайтындығын байқау қажет. Әрине, қызығу адамның қажеттілігіне, арман-тілегіне, мақсатына байланысты мазмұны  жағынан әртұрлі болып келеді. Адам қоғам талаптарына сай келетін ізгі ниетімен, талап тілегімен өз бойындағы қызығудың терең, тиянақты болуына мүмкіндік жасайды. Танымдық қызығудың саналылығы адам мінезінің байсалды, салмақты болуына әсерін тигізеді.

Эстетикалық қызығулар мінездің сынық, сыпайы, жібектей болуына өз үлесін қосатындығын байқауға болады.

Адамның қызығуы оның қажеттілігі мен тығыз байланысты болады. Қажеттілік негізінде материалдлқ және рухани болып екіге бөлінеді. Қажеттіліктің тууы, өсуі және қалыптасуы қоғамнын тарихи дамуына, Қоғамдық қатынастардың әсер етуіне, адамыың жеке талап-тілектеріне байланысты. Қоғамда адамдар қажеттілігі қоғамдық, ұжымдық, талаптарға сай келіп, мазмұны жағынан қоғамдағы негізгі жеке адамның мақсатына сай келетін эгоистік қажеттіліктен бүтіндей басқаша.

Еліміздің адамдарының материалдық және рухани қажеттілігі халық шаруашылығының қарқындап дамуына байланысты ойдағыдай Қанағаттандырылып, мазмұны жағынан байи түсуде.

Адамның ақыл-парасаты да мінез ерекшеліктерінің қалыптасуына өз үлесін қосады. Кейбір адамдар қиын-қыстау жағдайда ақылдылығына байланысты сары уайымға салынбастан, жол тауып қапастан шыға алады. Ал ақылы кем топас-надандар қиыншылықтан құтылу былай тұрсын, басқаларды да өз арқасына ертіп, олардың қолын байлайды. Адам өз алдына қойған мақсатына жету үшін аса тапқырлықпен ұтымды шешім қабылдау немесе шешімнің орындалуына ой-ерісінің ұшқырлығын, тиянақтылығын байқатса парасатты екендігін білдіретіні сөзсіз. Сол үшін мінездің ақыл-парасат бітістеріне адамның байқағыштығы, тапқырлығы, зейінділгі, езіндік ой-пікірінің болуы, ойшылдығы, сыншылдығы жатады.

Адамның еріктік сапалары жағымды мінездің жотасы деп аталады. Адамда күшті жігер-қайрат болса, өзінің көздеген мақсатына жету үшін батылдылығы, шыдамдылығын, тәртіптілігін байқытады. Жігерсіз, ерік күші жоқ адамды нашар мінезді адам екен деп те атайды. Ондай адам тіпті: білімді, қабілетті болса да іс-әрекетінде өз мүмкіншіліктерін толық пайдалана алмайтындығы белгілі.

Ал адамда ерік күші жоқ болса өзіндік әрекет болмай, кім көрінгеннің жетегінде кетеді. Оның үстіне жігерсіз, қайратсыз адам кездескен қиыншылықты жеңу үшін әрекет жасаудың орнына сары уайымға салынып, бар мүмкіншілігінен айырылады.

Мінездің еріктік сапалары адамның өз ісіне сенімділігін арттырып, ©те хауіпті жағдайда да ақыл-естен танбауға, тіпті өліммен күресуге де мүмкіндік тудырады.

Екінші дүниежүзілік соғыста екі аяғынан, екі қолынан айырылып,  кеудесі қалған Австрияның солдаты Та Рама аса күшті ерік күшімен  аман қалды. Соғыс майданында сондай мүшкіл халде жатқан Та Рама тастап кетіп бара жатқан медсестраларға жалынып, өзін емдетеді.  кезінде қандай ауыр қиыншылық болса да шыдап өзіне өзі «Мен өлмеуім керек, мен тірі қалуым керек» деп айтып жатады. Оның мұндай сөзі өзіне қатты әсері етіп, қанына сіңеді. Ең ақырында жазылып, тісімен жазу дағдысын меңгереді. Кейінірек барып өз басынан өткендерді кітап етіп те жазады. Міне, осындай ерік күшін адам мінезінің нағыз тиянақты да осерлі кұрамы деп айтуға болады.

Адамның мінез бітістерінің қалыптасуында оның өзіне әсер еткен ,аттар мен құбылыстарға қатынасы да, көңіл күйі де үлкен роль атқарады. Әрине, адамның көңіл күйі, жалпы айтқанда сезімі оның қажеттілігіне, қызығуына, алдына қойған мақсатына байланысты екендігі мәлім. Бірақ сезімнің өзі мінез бітістерінің қалыптасуына арқау бола алады. Адамдағы күшті-моральдық сезімдер адамның адамшершілік қасиетін, отан илдындағы борышын ақтаудағы шынайы қатынасын білдіреді.

Интеллектілік сезім адам мінезіндегі тындырымдылықты, ұқыптылықты, байымдылықты білдіретіні сөзсіз.

Ал эстетикалық сезім болса, адам мінезіндегі жібектей жұмсақ катынастың нәтижесінде қалыптасқан бауырмашылдықты, сұлулықтың, көркемдіктің терең сырын анықтаудағы талғампаздықты дамытады.

Мінез ерекшеліктері адам темпераментінің табиғатына да тікелей тәуелді болады. Адам темпераменті жоғары нерв қызметінің типтік ерекшіліктеріне байланысты төрт тұрге бөлінеді:

1) Сангвиник — қимыл-әрекеті тез, көңіл күйі тез-тез өзгеріп тұратын, ақ көңілді, ақжарқын адам. Сангвинктің ішкі сыртқы көрінісінен: мимикасынан, пантомимикасынан анық байқалады. Сангвиник бала тиісті тәрбие әсерлерін алмаса, бір жұмысты бастап, аяғына дейін орындауға шыдамы жетпей, басқа жұмысқа ауысып кететін тұрақсыз, ұшқалық болып өседі. Жақсы тәрбиелеу нәтижесінде сангвиник бала кеңіліне кір сақтамайтын ақпейілді, шыншыл адам болып өседі.

  • Холерик — қимыл әрекеті тез, төзімді, сыртқы тітіркендіргіштерге
    жылдам реакция бере алатын, жүйесінің ерекшілігіне қараганда
    тежеуден қозуы басым ұстамсыз типтегі адам. Холерик темпераментіндегі
    бала тәрбиеленбей, өз бетінше өссе, мінез ерекшелігінде өркөкіректік,
    менмендік, шыдамсыздық,   жеңілдік   сияқты   жарамсыз    қылықтар
    байқалады. Тиісті тәрбие беру     нәтижесінде холерик өте  алғыр,  іс-
    әрекетінде өз мақсатына жету үшін шапшаң шешім қабылдай алатын, ойы
    ұшқыр, таусылмас күші иесі болып қалыптасады.
  • Флегматик — қимыл-әрекеті баяу, кездескен қиыншылыққа
    төзімді, көпшілік   ішінде  ұстамдылығын  байқата   алатын   сабырлы,
    байсалды адам. Әрине, тиісті тәрбие берілмесе флегматик бала өзбетінше
    дербес әрекет етуге батылы бармайтын, тәуекелінен гөрі уайымы басым,
    іс-әркетінде сылбырлықты байқататын адам болып өседі. Жақсы тәрбиелеу
    нәтижесінде    флегматик    бала    бастаған    жұмысын    ыждаһаттықпен
    аяқтайтын, шыдамды, сабырлы адам болып өседі.
  • Меланхолик —    сыртқы    көрінісінен    көңіл    күйін    білдіре
    қоймайтын, қимыл-әрекеті баяу, байсалды, шыдамды адам. Тиімді тәрбие
    берілмесе, меланхолик темпераментіндегі бала жалқау, уайымшыл, өмірге
    бейімсіз  болып  өседі.  Ал  тиісті  тәрбие төзіне  салуға  байланысты
    меланхолик бала өте сабырлы, төзімід мінез көрсетеді.

Демек, мінез бітістерінің қалыптасуы адамға әсер ететін барлық нәрселерге байланысты екендігін олардың күрделі құрамынан байқадық.

Мәденн мінез-құлқының негізгі көрінісі — адамгершілік қатынас

Балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мәселесі сонау алғашқы заманда-ақ басталған еді. Бірақ таптық қоғамның пайда болуына байланысты кісіні кісі қанау арқылы қанаушы таптың моралі адамгершілік қасиеттерге қайшы келе берді. Қаналушы таптағы қарапайым абзал жандар шынжыр балақ шұбар төсердің зорлығына шыдай алмай адамгершілік арды аңсап, әр уақытта күреске шығып тұрды. Бірақ қанаушылар адамгершілік арды аякқа басып, адал ниетті адамдардың ащы терінен шыққан жемістерін жыландай сорып, күйедей жалады. Міне, мұндай жағдайда екі тұрлі мораль пайда болды: 1) қанаушы таптың мүддесін қорғайтын зорлық-зомбылық моралі; 2) азатыққа ұмтылған нағыз шындықты, адамдықты қаналушы таптың моралі.

Баланың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына объективтік және субъективтік факторлар әсер етеді. Объективтік факторларға қоғамның тарихи дамуы, оқыту, тәрбиелеу, өмір сүру ортасы және уақыты жатады. Бұл факторлардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста болып, бірі екіншісінің дамуына әсер етеді. Субъектвтік факторларға адамның сенімі, дүниеге көзқарасы, қабілеті, мінезі, типологиялық ерекшеліктері, қызығуы, арман-тілегі жатады. Мұндай субъективтік факторлардың барлығы да объективтік факторлардың әсер етуі арқылы қалыптасады. Демек, объективтік факторлар адамының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуында ең күшті материалистік негіз болып саналады.

Баланың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына айрықша әсер ететін объективтік факторлардың бірі — қоғамның тарихи дамуы. Тарих сырларына үңіліп қарасаңыз қоғамдағы ең негізгі күші — еңбек құралдарының дамуына байланысты адамдардың қатынасы да өзгере бастайды. Баланың адамгершілік қасиеті оның жеке басының қамы үшін жасалған әрекетінде емес, қоғамдық қатынасында, қоғам үшін күресінде байқалады. Сондай-ақ баланың адамгершілік қасиеті оның алдына қойған мақсатынан да айқын белгілі мақсат қоғам мүддесіне, талабына сай болып келсе, адамның жан дүниесіне, талабына сай болып келсе, адамның жан дүниесін байтады. К.Маркстен «адамдардағы сіздің ең артық бағалайтын қасиетіңіз не?» деп сұрағанда — кішіпейілділік деп жауап берген. Демек кішіпейілділік баланың бір-бірімен қатынасындағы ең негізгі абзал қасиет. Абзал жандардың адал ісі — жастардың адамгершілік қасиетін қалыптастыруға зор әсер етеді. Адамгершілік қасиеттің көрінісін кешегі ¥лы Отан соғысы кезінде әке-шешесі соғысқа кетіп баспанасыз қалған он екі баланы өз баласындай етіп тәрбиеленген Шахмет Шамахмудовтың жанұясынан толық байқауға болады. Біздің елімізде жанұяда тату тәтті өмір сүріп, жастарға үлгі болып жүрген кісілер аз емес. Бірақ сырт көрінісінен қарағанда тұрмыста, мәдениетті көрінген кейбір кісілердің ішкі дүниесінде жарамсыз қылықтар кездеседі. Мұндай жарамсыз қылықтар тұрақсыз, принципсіз адамдарға тез әсер етіп, оларды ез шырмауына алады. Сол үшін адамның адамгершілік қасиетін, оның сыртқы бейнесін емес, ішкі жан дүиесінен іздеу керек.

Адамгершілік қасиеттің неғізгі ерекшеліктерін адамның қарым-Қатынастарынан байқауға болады. Шын мәніндегі шынайы қатынас адалдық пен шындықты талап етеді. Адал адам жұмыста болсын, үйде болсын өз ойын, сезімін білдіргенде қоғамның алдына қойған моральдық нормаларын бүзбастан, мәдениеттілік пен әдептіліктің сәнді сипаттарын байқатады. Бірақ сырт көрінісінде адалдықтың белгілері байқалмайтын  қулардың кейбір қатынастарын шын- көңілді білдіретін шынайы  деп қате қабылдау кезеңдері де кездеседі. Әрине,  мұндай қателіктер адамның тәжірибесінің аздығын, кісі қарым-қатынасын терең талдай алмайтындығын білдіреді. Сырт көрінісінен жағымпазданып күле сөйлеп, сырт айнала күңкілдей жамандайтын адамсымақтардың қатынастарын жалған қатынас дейміз. Осындай жалған қатынастардың келіп шығуына қандай жағдайлар әсер етеді? Мұндай қатынастың қалыптасуына негізгі себепші болатын жағдай — жанұя мүшелерінің бірін бірі сыйламауынан, тиімді тәрбие алмауынан болады. Мысалы, нәресте дүниеге келгенде әке мен шеше шілдехана тойын өткізіп, қуанышты сезімге бөленеді. Бұл кеште нәрестенің келешекте жақсы адам болып, бақытты болуына жақсы тілектер айтылады. Әрине, сол айтылған тілектер ата-анасының жүрегінен орын алып, баласының келешегі  үшін оларды қуанышты сезімге бөлейді. Бұл сезім әке мен шешенің ынтымақ достығына да, қарым-қатынасына да, тұрмыс жағдайына да, іс-әрекетіне де айтарлықтай үлес-қоса алатып тұрақты сезім. Бұл сезім кездейсоқ кездесетін кейбір қиыншылықтарды жеңуге жәрдемін тигізе алатын рухани азық. Демек бала қуанышы балдан тәтті болып, адамнын өмір сүруіне бағыт беретін қайырымды жағдай екен. Бірақ бала тәрбиесінде ағаттық жіберіп, бастапқы қуанышты сезімнің орныны қайғы-қасіретке жолығып, екі көзіне ғана әлі жететін, өз қателігін түсініп, бармаған кайта-қайта шайнап жүрген әке-шеше де табылады. Демек өз уақытысында баланы тәрбие төріне салмау адамның адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы жіберілетн олқылықтардың бірі екенін түсіну қиын емес. Адамның адамгершілік қасиеті өте жас көзінен бастап-ақ қалыптаса бастайды. Адамгершіліктің негізгі бір тұрі әділеттілік, шыншылдық болса, бұл жанұя мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасына, ата-апаның балаға қойған талабына байланысты. А.С.Макаренко балаларда моральдық қасиетті қай уақыттан бастап тәрбиелеу керек деген сұраққа: мүмкіндігінше неғұрлым ертерек бастау керек» — деген болатын. Бала тәрбиелеу уақыт күттірмейтін негізгі мәселе болғандықтан, оны жүйелі, саналы тұрде белгілі жоспармен орындап отырған жөн. Бала тәрбиесі -күрделі процесс. Баланы тәрбиелеуден бұрын тәрбиелеушінің өзі тәрбиеленген болу керек.

Баланың   адамгершілік   қасиетінің   қалыптасуына   негізгі   үлгі боларлық жағдай — әке мен шешенің бір-бірімен шынайы, адал қатынаста болуы. Осындай қатынасты қабылдап жүрген жас бала да адал, шыншыл болады. Керісінше, жанұяда ерлі-зайыптылар арасында ұрыс-жанжалдар болып, бірін-бірі балағаттау әдетке айналған болса, мұны естіп отырған бала да оны бұлжытпай қабылдап алып, өз айналасына тартады. Осындай жәйттің  бірі  —  бұрынғы  бай-феодалдық  қатынастың  шіріген  әдет-ғұрыптары. Өйткені ғасырлар бойы адам санасына сіңген улы қылықтар мен әрекеттер бірден кете қоймайды. Мысалы, әйел теңдігін аяққа басып, оны қорлау немесе жас жанды сүймесе де, шырылдатып алып қашу сияқты, ескіліктің сарқыншақтары әлі де табылады. Ондай зиянды әдеттермен уланған адамдардың қылықтары мен әрекеттері өзінен кейінгі жастарды да жолдан тайдыруы мүмкін. Адамгершілік арын сатып жас жанның бақсы, балгерше арбайтын пасық, топас жандар да бар. Оларға адам деген ат коюға да аузың бармайды. Өйткені М.Горкийдің айтуы бойынша «Адам деген зор атақ». Адам деген атаққа ие болу үшін, оған тән қасиеттерді бойына сіңіру керек.

Жақсы мұғалім өз оқушысына өмірлік жолдас болады, өз ақылымен оның келешегіне тура жол салады. Қошқардың қылығы ұлы Абайдың «Жаман дос көлеңке: «басыңды бұлт алса іздеп таба алмайсың, күн шалса қашып құтыла алмайсың» — деген нақыл сөзін еске түсіреді.

Атақты математик Н.И.Лобачевский: «Өмірдің тасқынына надандық қана бөгет жасайды, надандық тура жолмен өмірді  бесіктен  көрге сүйрейді, топас сезімді адам өмірдің қызығын кере алмайды. Ондай адамға табиғат — өлі зат. Оған поэзияның әдемілігі, архитектураның  жат болады қасиетті кезінде өмірді қадірлей білейік. Өмір сүру дегеніміз — өмірдің қызығын көре білу, әрқашан жаңалықты сезіп отыру деген сөз» — деген болатын.

¥лы жазушы М.Горький : «Тіпті адам өзінің кішкене кемістігің жеңе білсе, күшті болады» — дейді. Өмірдің қиын қыстау жолдарында кездескен қиыншылықтармен белдесіп күресе білу шыдамдылықтың белгісі. Ал бірінші кездескен қиыншылықтан қорқып, қол көтеру — әлсіздіктің, тұрақсыздықтың, шыдамсыздықтың белгісі.

Шыдамды болу адамның алдындағы мақсатының орындалуына оның өзінің көзі жетіп, тұрақты сенімінің қалыптасуына байланысты. Бірақ сенім әр тұрлі болады.

Сенім — қиыншылықты жеңудің нағыз тиімді құралы болып, адамның аңсаған арманына жетіуіне мүмкіндік туғызады.

Баланың адамгершілік қасиетінің қалыптасуына жанұя мен мектеп тәрбиесінен басқа өмір мектебі де үлкен әсер етеді. Бала жанұядағы алған тәлім-тәрбиесін, мектептен ұққан өнер-білімін өмір мектебінде сынап көреді.

Кейбір кезеңдерде жанұя тәрбиесі нашар болған жағдайда өмір мектебінің өзі-ақ адамды тезге салады. Қазақтың «қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол, ұлың өссе ұлы жақсымен ауылдас бол» деуі өмір мектебіне жолдаған жалдамасының бір көрінісі. Өмір мектебі деген ұғым мазмұны жағынан өте кең, шалғайлы ұғым. Бұған адамның төңірегіндегі ортаның да, атқаратын қызметі де, қоғамдық қатынастырдың ісері де жатады. Әрине, ел болғансын кемістіксіз жағдайлар болмай қоймайды. Баланың адамгершілік сезіміне қайшы келетін жэйттерді де өмір мектебінен кездестіреміз. Бұндай жағдайда баланы жарамсыз жағдайлардын аулақ ұстаған жөн болады. Баланың адамгершілік қатынастыар тума қасиеттке ие болмастан, объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстардың әсерінен қалыптасады. Шынайы, ізгі қасиеттер жанұя мен мектеп тәрбиесінің дұрыс жолға қойылуына, өмір мектебінің тиімді әсер етуіне байланысты туады. Керісінше, жалған, әдепсіз қатынастар өз уақытысында бала тәрбиесін естен шығарып, ал ересек болғаннан кейін қайта тәрбиелеуге әрекет еткенмен де оған шамасы келмей., қиындыққа душар болатын жағдайларды кезедесетіндігі байқалады.

Бала мінезінде кездесетін үлкендерді сыйлау, дәрменсіздерге жәрдем беру сияқты адамгершілік қатынастарды қалыптастыру қазіргі таңның абзал міндеттерінің бірі екенін естен шығармаған жөн.

Мәдени мінез-құлықтың ережелері

  1. Жеке бастың гигиена, жинақылық пен тазалық ережелері.

Күн сайын бір мерзімде тұрып бөлмеңді желдетіп ал және ертеңгілік дене шынықтыру жаттығуларын жаса.

Ертеңгілік жуыну, тісті тазалау, құлақ пен мойындарын жуу керек.

Ұйықтар алдында жуынып, бөлмені желдетіп алу керек.

Тамақ ішер алдында, жұмыстан соң және дәретке барғаннан кейін қолынды жу.

Бет орамалды пайдалан, мұрныңның әр кез таза болуын қадағала.

Түкіргенде және жөтелгенде ауызыңды бет орамалмен жауып, теріс қара.

Шашыңды тәртіпті ұста: ол әр қашан жақсы қырқылған, таралған және өрілген болуы керек.

Төсекті әдемілеп жинау, ақ жаға тігу, оны жуып үтіктеп, алу, түйме қадау, бәтеңке тазалау сияқты жұмыстарды үйрен, мұны әрқашан өзің істейтін бол.

Стол жасауды, стол басында дұрыс отыруды, құралды пайдаланып, мәдениетті тамақтануды үйрен.

Әр кез жинақты, таза киініп жүр. Киім таза, үтіктелулі болуы тиіс.

Мектепте мектеп формасын, үйге арналған киімді  кию  керек.

Қонаққа барганда ерекше жинақы, мерекедегідей, әдемі киінеді.

Үйден шығарда айнаға қарап ал: Бәрі орнында ма екен?

Өз киімін мен аяқ киіміне ұқыпты бол, олардың тазалығын өзің қадағалап жүр.

Киімді әдемі киюге үйрен, киімің қыспайтын болсын, таза және үтіктеулі болсын.

Өзіңнің үйіңдегі және мектепке апаратын заттарыңды дұрыста.

Өзіңнің жұмыс істейтін бұрышыңды таза ұста: шаңын сүртіп отыр, кітаптарын мен дәптерлеріңді сабақтан кейін ылғи да бір орынға қойып жүр.

Алған барлық заттарыңды: қайшыны, инені, тарақат, кітапті өзінің тұрақты орнына қойып үйрен.

Сырт киіміңді стол үстінде тастай салмай, өз ілгішіңе іліп қой. Үйге киетін киімің әр қашан өз орнына жатуға немесе форманың үстіне ілінуге тиіс.

Ойыншықтарыңды да ретті ұста. Ойнап болған соң олардың бәрінде орны орнына қой.

  1. Сыпайылық пен сөйлеу мәдениетінің ережелері

Сыпайылылық арқылы өзінің басқа адамдарға қатынасын біледі. Сыпайы адам басқаларға ыңғайсыздық жасап өкпелетпейді.

Сыпайы адам ылғи да сәлемдесіп қоштасып жүреді. Сәлем жауап бермеу әдепсіздікке жатады.

Сен отырған бөлмеге үлкен кісі кірсе, оған сәлем беру үшін орныңнан тұр.

Үлкен кісіге бірінші болып сәлемдесу керек, бірақ бірінші болып қол ұсыну дұрыс емес. Егерде үлкен кісі қол ұсынса, сенде қолыңды бер. Сәлем бергенде амандасқан адамның бетіне тура қарап тұру керек.

Үлкен кісі саған қарап сөйлесе отырған орныңнан тұр да тұрегеп тұрып сөйлес.

Өз жолдастарыңмен сыпайы бол оларға ат қойып, айдар тақпа, айқаламай сөйлес, «Сыйқырлы сөздерді» («Рақмет», «рақым ет») айтуды ұмытпа.  Дөрекі   болма,   айқалама.   Жолдастарыңмен   ұсақ-түйекке дауласпа, ұрысып-керіспе, жұмыс, ойын үстінде тату болуға тиіс. Өсек айтпа. Досың қателік жасаса, бірден өзіне айт. Сыпайы адам дөрекілікке дөрекілікпен жауап бермейді.

Сыпайы адам басқаларымен жылы шырайлы, ілтипатты болады. Егер одан басқа біреу бір жайды сұраса немесе әлде қандай көмек беруін (бірдеңе әкелу, әперу, біреуге көмектесу т.б.) өтінсе, ол мұны құлшына орындайды.

  1. Дәлдік пен міндеттілік ережелері.

Сен бұл жарық дүниеде жалгыз емессің, адамдар арасындасың. Сондықтан сенің қылықтарың біреулерді қуаттанып біреулерді ренжітіп жатуы мүмкін.

Онсыз өмір сүру қиынға түсетін, жалпыға ортақ ережелерді әр адам орындауға тиіс.

Жұмыс, ойын, ойын сауық көп ретте ұйымдасқан тұрде болады. Мұндайда жалпы тәрбие табыс әр адамға байланысты, сондықтан да жолдастары жерге қаратпау үшін ортақ ережелерді міндетті тұрде орындау керек. Өз уақытыңды және басқа үлкендер мен жолдастарыңның уақытын бағалай біл.

Кез келген істі бастай отырып уақытыңды дұрыс есептей біл, сабаққа дайындалуға, үйірмелер жұмысына, ата-аналарыңа көмектесуге, саяхатқа, жолдастарыңмен ойнауға, кітап оқуға, теледидар хабарларын көруге қанша уақыт кететінін біліп ал.

Күн тәртібін орындауға тырыс. Дер уақытында ұйықтап, орныңнан тұр. Оқу-оқуға бір мезгілде отыратын бол, саяхатқа шығатын, ойын сауық пен спортпен айналысатын уақытты біл.

БАЛА МІНЕЗІН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ

Тәрбиенің алғашқы бастамасы отбасынан басталады. Ата-ананың баламен жасайтын қарым-қатынасының үлкен тәрбиелік мәні бар. Әсіресе отбасындагы ата мен ананың өзара қатынасы үлкен тәрбиелік мәнге ие. Мәдениетті отбасындагы ерлі-зайыпты кісілердің бір-біріне айтқан игі ниеті, кішіпейілділігі, сыйласуы, жанұя қажеттілігінен туған мәселелерді ақылдаса отырып, шешуі бала мінөзіне жағымды әсер етеді. Мысалы, ретінде Қызылқүм ауданында қарасты «Арыс» ауылының тұрғыны ерлі-зайыпты Жұмаш пен Зүбайраның келтіруге болады. Осындай қарапайым жанұя өз балдарына адал еңбегімен адамгершілікті, саналылықты үйретуде. Жанұя мүшелерінің адамгершілік қасиеттері олардың тұрмыс құру жағдайларынан да айқын көрінеді. Әрине, таза, мәдениетті, тұрмыс жас ұрпақтарда адалдықты шыншылдықты қалыптастырады. Бірақ бізде барлық ата-ана бірдей емес. Сырт көрінісінен қарағанда тұрмыста таза, мәдениетті болып көрінген кейбір кісілердің ішкі дүниесінде бықсып жатқан жарамсыз қылықтар табылады. Ондай қылықтар жас балаға тез әсер етеді.

Бала тез еліктегіш, иланғыш болғандыктан, жаман қылықтарды да тез үйренеді. Соның үшін жанұядағы ерлі-зайыптылар жарамсыз сөздердің, қатынастырадың бала тәрбиесіне үлкен нұқсан келтіретінтігін айтпай кетуге болмайды:

Әсіресе маскүнемдікке салынып, балардың көзінше әйелін балагаттап ұратын еркексымақтар да кездеседі. Мұндай кезде жас бала анасының дәрменсіздігінен шыдай алмай, жылап та жібереді. Осындай мәдениетсіздік өзімізді қошаған немесе ағайын туыстар арасында өте жиі адамгершілік қасиеттен айырыларда адам ең алдымен жанұясын. Содан барып халық алдынада абыройсыз, құнсыз халге түсе бастайды.

Баланы тәрбиелеу тек сөз, ақыл айту арықлы ғана емес, әрбір ересек  ісінің қимылынан,  іс-әрекетінен,  қызметінен байқалып тұрған жөн. С.Макаренконың «балаға тәрбие беру үшін тек үгіт пен ақыл жеткіліксіз. Егер сіз өзіңіз мақтаншақ болсаңыз, жолдасыңызды сөксеңіз, сіздің балаға айтқан үгітіңіз, ақылыңыз түкке де керек емес» — деген сөздерін әсте естен шығармау керек.

Бала мінезі көпшілік жағдайда әке-шешесінің мінөзіне өте ұқсас келеді. Осы жағдайға қарап кейбір ата-аналар мінез тума қасиетке ие емес іе екен деген ойға келеді.

Психология ғылымы мінез ортаның, оқыту, тәрбиелеу процестерінің әсерімен қалыптасатын жеке кісідегі дара ерекшелік деп түсіндіреді. Академик И.П.Павловтың жоғары нерв қызметі туралы ілімінде мінез ерекшеліктері емес, нерв жүйесінің типологиялық ерекшеліктері, шшандардың ғана тума қасиетке ие екендігі дәлелденген. Демек, мінез зірден қалыптаспайтын, өмір тәжірибесіне қарай оқыту, тәрбиелей нютижесінде бір жүйеге келетін күрделі психикалық құбылыс.

Бала мінезінің әке-шешесінің мінез ерекшеліктеріне ұқсас келуі, біріншіден, жанұяда барлығына ортақ жалпы жағдайдың әсер ететіндігі болса, екіншіден, баланың ересек кісілерге еліктеуінен болады. Бірақ айта (ететін бір мәселе — бір жанұядағы балалардың мінез ерекшеліктері әр тұрлі болуы да мүмкін. Қазақтың бір биеден ала да туады, құла да туады дегені сиқты бір жанұяда ожар да, жуас та бала болуы мүмкін. Олай болса себебі де тәрбиеге байланысты. Тіпті егіз баланың мінездері де әртұрлі болады. Атақты психолог Ковалев А..Г. егіз Валя мен Вераның мінез бітістерін мектеп жасына дейінгі уақытысынан байқаған. Валя  мен Верадан бес-он минут бұрын туса да оны үлкен деп санап, оған әртұрлі тапсырмалар берілген. «Вераға қарап тұр, жылап қалмасын, ол кішкентай, сен оның апасы боласың. Сен дүкенге нан сатып ала ғой» деген сияқты тапсырмалар Валияны шынықтырады. Өзіндік дербес әрекетін қалыптастыру арқылы мінездегі батылдық, шешімдік қасиеттерін дамытады. Демек әр балаға әртұрлі талаптар қою олардың мінез бітістерінің әртұрлі болуына алып келген.

Егер жанұяда талап қойылмастан өз бетіне жіберілсе, бала мінезінде шолжандық, қыңырлық, қисықтық, тартыншақтық сияқты жарамсыз қасиеттер қалыптаса бастайды. Оның өзі бала келешегін бұзықтықтың шыңырау құдығына сүйрейтіндігі жалпы жұртқа аян. Сол үшін біздің тәрбиемізде ақау болмауы тиіс. Тәрбие жұмысымен тек ата-аналар ғана шұғылданбай, бүкіл жұртшылық шүғылдануы керек.

Балаға қойылатын талаптар барлық жанұянда бірдей бола бермейді. Кейбір жанұяда жай жалынып, айтқанын істететін болса, екінші біреулерінде, баланың қызығуына, жас ерекшелігіне, қабілетіне қарамастан, қатаң талап қойылады. Бірінші жағдайда ата-ананың жұмсақтығын пайдаланып, бала ерке, шолжаң болып өссе, екінші жағдайда өз еркінен айырылып, амалсыз мойындайтын жалған қатынастар қалыптасады. Әрине,  жанұя  жағдайында  балаларды  әкесі  мен  шешесі   ғана тәрбиелеп  қоймайды, сонымен  қатар, жанұяның басқа мүшелері  де тәрбиелейді. Сол үшін барлық жанұя мүшелерінің балаға қоятын талабы алдын ала ойластырып алынған жөн. Егер әкесі баладан бір жұмысты талап етсе, ал шешесі оны қуаттамаса, балада әке-шешесіне жалған қатынас пайда болады. Мысалы, Болат деген кісі жұмысқа кетіп баратып сегізінші сынпта оқыитын ұлына бүгін кешке киноға бармай-ақ қой, сабағыңды дайында дейді, ал шешесі әкесі кетісімен баланы киноға жібереді. Онымен тұрмай, Талғат папам ұрсады деп қауіптенбей-ақ қой, мен айтпаймын дейді. Міне, мұндай қатынастар арқылы баланың әкеге деген мейірімі жоғалтып, үлкендерді сыйлау қасиетінен айырыла бастайды.

Ерлі-зайыптылар арасындағы ондай қатынастар баласын аяудан келіп шығады. Бірақ шын мәнінде ол достық емес, өзіне істеген қатыстығы іспептті.

Баланың мінез ерекшеліктерінің қаііыптасуына және оларды тәрбиелеуге ата-ананың басқа кісілермен қарым-қатынасы да күшті әсер етеді. Сол үшін ата-ана өзінің айтқан сөзіне, жасаған әрекетіне, қимылына аса жауапкершілікпен қарауы керек.

Кейбір ата-аналар баламыз әлі жас, әзірге не түсінер дейсің деп оның көзінше өз жолдастырының, оқытушылардың жарамсыз қылықтарын айтып отырады. Ондай кісілердің көпшілігінің сөзі мен іс-әрекетінің арасында бірталай алшақтық болады. Мысалы, жарамсыз қылықтарын айтқан жодастары үйіне келіп қалса, оның асты-үстіне түсіп, бэйек болады да қалады.бұрын бұл келген кісінің тек жарамсыз қылықтарын ғана есіткен балаенді әке-шешесінің кейінгі әрекетіне таңдана қарап, нашар пиғылды кісілерге де осындай қатынаста болу керек екен деген ойда қалады. Міне, содан барып сыртынан өсек-өтірік айтып, көзінше шындықты айта алмайтын, жалтақ мінезді, жағымпаз адам шығады. Кейбір кісілер тіпті баласына: «Мені үйде жоқ деп айта сал» — деп оны тікелей өтірік айтуға баулиды. Мұндай жағдайдың алғашқы кезеңінде көңілінде ешқандай кір болмағандықтан, баланың ойында: «Осы папам біреуді алдамақшы ма? Үйде деп шынымды айтсам қайтеді?» деген сұрақтар туады. Кейде алдаудың шырмауына әлі орала қоймаған жас бала әкесінің айтқаны есінен шығып кетіп, сұраған кісіге: «Маған папам үйде жоқ деп айт деді» деп те қалады. Осындай жағдайда шынын айтам деп, сөгіс естіген бала алғаш қынжылып жүрсе де, кейін папасы үйде бар болса да «жоқ» деп айтуға дағдылана бастайды. Мұндай жалған қатынас бала мінезінде шындықты жасырып, өз пайдасына қарай өтірік айтатын зымияндықты қалыптастырады.

Бала психологиясын жақсы білмейтін кейбір жанұяда ойнап айтқан болып, бірін-бірі жамандап отырады. Оған сене қоймайтын бала «Ия етірік айтасың, алдайсың» деп өзінен үлкен адамга қарсы дау айта бастайды. Содан барып балада сөзге сенбеушілік, күмәндаушылық келіп шығады. Кейде етірік айтып, онысы білініп қалса, «Ия, алдадым, ойнап айттым» дей салатын болады. Бала мінөзіне жанұя мүшелерінің көңіл күйі, қатынастары да айырықша әсер етеді. Бірақ барлық жанұяда баланың көңілді тұруына жағдай бола бермейді: кейбіреулердің шешесі болса, әкесі болмайды, әкесі болса, шешесі болмайды. Әсіресе, шешесіз бала өте қамкөңіл, тез ренжитін күйгелек мінезді болып келеді. Ол аналық мейірімді қатты аңсайды. Сондай жағдайда кейбір өгей шешелер аналық мейірімі аз болса, не тіпті болмаса, балаларды болмашы нәрсені сылтау етіп, ренжіте береді. Соның салдарынан бала мінезінде жалтақтық, зиянкестік, ашуланшақтық сияқты жарамсыз қылықтар қалыптасып, екінші рет жазаланудың қаупі төнгенде өтірік айтуға да мәжбүр болады. Кейбір жанұяларда баланы пұшық, қортық деп атау кездесіп тұрады. Міне, мұндай сөздер баланың көңілін көтермейді, керісінше, налу сезімдерін тудырады. Бала тәрбиесіне мұндай ұқыпсыздықпен қараушылық оның кесір, қыңыр, жасық мінезді болып өсуіне себепші болады.

Жас балаларда достық сезімінің күштілігінен өз жолдастарының жарамсыз қылықтарын жасыру, жақсы қылықтарын әсірелеп есіру күшті болады. Мұндай жағдай балалардың ойын үстінде сырлас-мұңдас болып, бір-бірінің кемістігін ата-аналарына білдірмеуге тырысқанда байқалады. Ал ойын үстінде бір бірімен келіспей қалатын жағдайда олар әр уақытта шындықты айтып, кемістіктерін жасырмайды. Кейбір ата-аналар өз балаларының мінез ерекшеліктерін толық түсінбегендіктен, өз балам дұрыс болса болды деп, баласын жарамсыз қылықтары бар балалардан ажыратып ала бастайды. Бірақ бала ондай балалармен ойнауын, әрине, тоқтатпайды. Себебі, ойнау үшін оған серік керек. Негізінде баланың достық, ұжымшылдық сезімін арттыру үшін, оны бірге ойнаған жолдастарынан ажыратпай, қайта сол жолдас балаларын олардың әке-шешелерімен бірлесе отырып тәрбиелеу тиімді нәтиже береді. Баланың жолдастарындағы мінез кемістіктерін олардың ата-аналарымен бірлесе отырып талқылағанда, олардың ар-намысына тиместен, баланың ерекшеліктерін еске ала отырып, келешекте жөнделетіндігіне сенім білдіре отырып тәрбиелеу керек.

Балаларда өмірдегі барлық нәрселерге қызығушылық күшті болатындығы себепті олардың арман-мүддесі, қиялы әлдеқайда алысқа шырқайды. Содан барып балалардың ойы мен әркетінің арасында көптеген алшақтық білініп тұрады. Ондай жағдайда жас балардың творчестволық ойын дамыту үшін олар тарабынан қойылған сұрақтарға қысқа да анық, дәйекті жауаптар беріп, балаларды олардың ой арнасын керней шалқыған қиялы мен арман-мүддесі орындалуы мүмкін болатын салаға сілтеп отыру қажет. Кейбір ата-аналар балаларын жастайынан ерке етіп тәрбиелейді. Ерке бала бетін ешкім қайтармағандықтан, керексіз талаптардың бәрі екі айтылмай орындалғандықтан шолжаң да қыңыр болып өседі. Сонымен бірге сәл нәрсеге кеңілі қалғыш, ызақор, менмен, көпшілікке жанаспайтын болады. Ондай бала көңіліне үнамағанын істемейді, қоғамдық пайдалы еңбектен бас тартуға әрекет жасайды. Сол әрекетінде арзымайтын нәрселерді сылтау етіп, мұғалімдерді, ата-анасын алдай бастайтын болады.

Баланың мінез ерекшеліктерінде Мұндай кемістіктерді болдырмау үшін жанұя тәрбиесінде оны тым еркелетпей, ұрып-соғып жазаламай ата-аналық мол мейіріммен, оның барлық қимыл әрекеттерін терең талдай отырып, жарамды қылықтарын айрықша атап көрсетуден жалықпау керек.

Әрбір ата-ана өз баласының мінез ерекшеліктерін тәрбиелеумен бірге басқа кісілердің балаларындағы жарамас қылықтарды сезе қалған жағдайда, оларға да өз басындай көңіл аударып, кемістіктерін жөндеуге жәрдем бергендері жөн. Бірақ кейбір кісілер өзінің жеке басының қамын ойлап, басқа балалардың тәртіпсіздігін көре тұрып байқамағансиды. Мысалы, Шымкент қаласындағы №47 орта мектептің 6-сынып оқушысы Бекжан, Әліби төменгі сынып оқушыларының түскі тамаққа алған теңгелерін алып қойып, қыдырып жүргені жайында сұрамағанда.

Баланың мінез ерекшеліктерін қалыптастыруда жанұядағы еңбек тәрбиесі айырықша орын алады. Еңбектің барлық тұрі баланы қызықтыра бермейді. Сол үшін балаға тапсыратын жұмыстар олар ойнайтын ойындардың мазмұнына қарайлас болғаны абзал.

Жанұядағы еңбек тәрбиесін баланың сәби көзінен-ақ бастау керек. 2-3 жасар бала қолынан келмесе де ата-анасының әрекет — қимылдарын қайталамақшы болып, көп әуреленеді. Өз ойыншықтарымен ойнап жатқанның өзінде ересек кісілердің іс-әрекетін қайталап, бірде «шофер» болып машина айдаса, бірде «қүрылысшы» болып үй қалайды. Мұндай ойындардың мәнінен түсінбеген кейбір ата-аналар «не бар сендерге топырылап, бүлдірме мына нәрселерді» деп жазғыра бастайды. Қиял дүниесінде өз әрекетіне мәз болып, қуаныш сезімінде отырған балалар, Мұндай жағдайдан кейін, ызаланып жылап та қалады. Содан барып, бірде болмаса бірде ата-анасына қарсы дау айтып, қарсыласа кететін дөрекі мінезді жағымсыз қылықтар шығара бастайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын процесін еңбекке тәрбиеленумен үштастыра отырып жүргізген дұрыс. Әрине, баланың еңбек ету кезіндегі бірінші әрекеттері сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Бірақ бірінші жолы нәтиже шығара алмады деп, баланы еңбек етуден шеттеуге қате болады. Баланың іс-әрекетіндегі қателіктерін ұрсып, зекіп емес, оған әсер ететін сөздермен түсіндіру керек. Бала психологиясының бір ерекшелігі — ересек кісілердің еңбек әрекеттеріне қызыға қарайтындығы. Бәрімізге белгілі: жұмыс істеп жатқан уақытта жас сәби қасыңа келіп еңбек құралдарын ұстағысы келіп, араласа бастайды. Сондай кезде «жағаласпа, қолыңнан келмейтін нәрсеге ұмтылма» деп, жекіріп тастайтын кісілер де кездеседі. Еңбек процесіне қызыға қарап тұрған жас сәбидің нәзік көңілі сондай дөрекі сөздің әсерімен суый бастайды. Ең негізгі кемістік — еңбекке деген ынтасы жоғалып, көңілі ойынға ауады. Тіпті бала 2 жасынан-ақ өз бетінше еңбектенуге әрекет жасайтындығы байқалады. Соның үшін баланы еңбекке баулу сәбилік дәуірден-ақ басталатындығы мәлім. 2 жасар баланың аяқ киімімді, сырт киімімді өзім кием деп әрекеттенуі еңбектенудің бастамасы екендігін білдіреді. Бірақ кейбір ата-аналар жас баланың ондай әрекетін қолдаудың орнынан, жекіріп, ұрсып тастайды: «адам асығып тұрғанда, сәнденбекші осы, тез-тез киіндірейін» деп жұлқылай бастауы баланы кесірлікке, қиқарлыққа бастайды. Егер бала іс-әрекетінде білмейтіндігін білдірсе, оған жекірместен шыдамдылықпен үйрету — оның еңбекке деген ынтасын арттырады. Баланың қолынан келетін нәрсесін өзіне істетпей, ата-ананың « жаны ашып», өздерінің орындай салуы еңбектің қүнын төмендетеді де, бала мінезінде жалқаулық, салақтық сияқты жарамсыз қылықтарды қалыптастырады.. Баланың-еңбкке ынталылығын арттыратын жағдайлардың бірі   -оның еңбегін бағалай білу. Жұрт алдында мадақтау, оның еңбекке ынтасын арттырумен бірге, оны өз бетінше жұмыс істеуге құлшындырады. Бірақ орынсыз мақтау баланың дандайсуына, менмендік жасауына алып келеді. Сол үшін әрбір ата-ана бала еңбегінің эділ де орынды бағалай білуі керек. Әрине, баланы еңбкке баулу үгін жанұяда баланың жас ерекшеліктеріне, қызығуына, қабілетіне байланысты түзілген режим болуы шарт. Ондай тәртіптің болуы баланы ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелейді. жанұяда балаларға жасына қарай жеке-жеке тапсырма беріп, оның орындалуына тексеріп отыру баланың жауапкершілігін күшейтеді. ұяда не көрсең, үшқанда соны іледі дейді халқымыз. Сондықтан баланы жастайынан дербес әрекет етуге үйрету керек. Оның жұмысына қызығып, шамадан тыс көп істете беруге де немесе қолынан келмейтін ауыр жұмысқа жіберуге де болмайды. Өйткені ондай жағдайлар баланы қатты жшіықтырады немесе өз күшіне, қабілетіне сенімсіздік тудырады. Содан барып бала мінезінде жалтақтық сияқты жағымсыз жақтар қалыптасады. Сонымен қатар балаға тек жеңіл-желпі жұмыстар істеу де оның еңбекке деген қүштарлығын кемітеді. Балаға тапсырма беріп, артынан оны «аяп», өзі істей қоятын ата-аналар да табылады. Шымкент қаласының №47 орта мектептің 6 сынып оқушысы Бекжан оқу жылының соңында сыныпты тазалау жұмысында оның анасы келіп партасын тазалап, сырлап отыр. Ол баласын еңбек еткізудің орнына, оған берілген тапсырманы өзі атқаратын мұндай кісілер балаларының ақсаусақ болып өскенін көргенде барып санын бір-ақ соғады. Еңбексіз өскен балалардың ақсаусақ болып жүргені аз ба? Еңбек сүймейтін жалқаулардың мінез ерекшелігінде еңбек адамдарын сыйламайтын менмендік сияқты жарамсыз қылықтар айқын байқалады. Сондықтан мектеп мұғалімдері, ата-аналар атақты педагог К.Д.Ушинскийдің: «Өзі еңбек етпейтін адам ілгері баса алмайды, ол бір орнында тұрып та қала алмайды, кері кетеді. Адамның денесі, жүрегі, ақыл-ойы еңбек етуді тілейді. Егер адам өз өмірінде қандай себептен болсын қол қусырып бос отырса, онда ол дурыс жолдан адасады, оған енді амалсыздықтан келіп түсетін екі-ақ тұрлі жол бар және оның екеуі де адамды мерт қылатын жол. Оның бірі — қабақ ашпай, өмірден түнілу жолы, қаратүнек басқандай торыгу жолы, түпсіз терең жабығу жолы немесе майы таусылған шырақтай бара-бара сөну жолы. Ал еңбек- адамның өзінің еркін еңбегі — ол нағыз тіршілік — деген аталы ақылын зердесінде берік ұстағандары жөн. Баланың мінез ерекшілктерін семьяда тәрбиелеу мектеп тәрбиесімен үштасып жатса, ойдағыдай нәтиже беретіні даусыз. Бірақ кейбір ата-аналар балалары мектепке барғаннан кейін, ендігі тәрбие мектептің мойынында, біздің міндетіміз баланы асырап кинідіру деп қарайды. Өйткені одан арғысын мектептің өзі игеріп әкетеді деп қате түсінеді. Бала мектепке барганнан кейін де күнбе күн бақылап тұрмаса оқуында олқылық, тәртібінде тиімсіздік туады. Мысалы, Шымкент қаласындағы №47 орта мектептің б-шы сынып оқушысы Бекжан әке-шешесінің бақылауында болмағандықтан сабаққа бірде келсе, бірде келмейді. Оқудан суып қалған кейбір балаларға қосылып, күні бойы көшеде салақтап жүреді. Әрине, ондай балаға ата-ананың күделікті бақылауы қажет-ақ.

Кейбір ата-аналар баласының оқудан нашар екендігін біліп тұрса да ата-аналар жиналысына келмейді.

Мысалы, №47 орта мектептің 6-шы сынып оқушысы Бекжан, Ерзат, Әлиби, Ержігтің көптеген пәндерден үлгермеген. Өздері бір сыныпта екі жыл отырғандар, тәртіптері нашар. Сондай бола тұрса да, олардың әке-шешелері ата-аналар жиналысына бір рет те қатыспаған. Ондай ата-аналар Қазіргі кезде балаларының нашар оқитындығын ғана білсе, олардың келешегінде қандай қиыншылықтар болатындығын ойламайды да. Осы күйінде   ата-ананың   бақылауынсыз   тәрбиеленген   балалар   тәртіпсіз балаларға қосылып, олардың мінез ерекшелігіндегі кейбір жарамсыз қылықтарын қабылдауы мүмкін. А.С.Макаренко айтпақшы, ондай балалардың ата-аналары кәрілігінде қайғы-қасіретке ұшырайды.

Ата-аналар жиналысына кейбір жауапты қызметте жүрген кісілер де келмей қалады. Олардан неге келмедіңіз деп сұраса, қолым тимейді деп жауап береді. Ондай ата-аналар өз жұмысын негізгі деп санап, бала тәрбиесін екінші дәрежелі жұмыс деп қарайды. Бұл кешірілмес қателік. Мектепте балаларға қойылған талаптар ата-аналар тарапынан қүпталып, оның орындалуына жәрдем беріліп отырса, олардың іскерлігі де арта түседі. Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың оқуға ынталылығы, үғынуы, жалпы сабаққа қатынасы бірдей бола бермейді. Әрбір оқушының өзіндік мінез ерекшелігі, сыртқы дүниеге қатынасы, қимыл-әрекеті болатындығы белгілі.

Міне, соған орай оқушылардың мінез ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан талдау да олардың оқу-тәрбие жұмысындағы ақыл-ой әрекеттерінің қалыптасу кезеңдерін түсінуге жәрдем етеді.

Мектептегі оқыту-тәрбие процесінің жақсы жолға қойылуы, жоспарлы жүргізілуі де балалардың мінез ерекшіліктеріне әсер етеді. Шәкіртке ғылымның негізін үйретумен бірге біз олардың дүние танымын, ақыл-ой әрекетін, творчестволық ізденуін, қабілеті мен дарындылығын дамытамыз. Әрине, бұл жәйттерді оқушыларға толық жеткізу әрбір мұғалімнің сабақ беру шеберлігіне, материалды жан-жақты толық қамтуына, көрнекі және техникалық құралдарды дұрыс пайдалануына байланысты. Міне, сондықтан біз мұғалімнің педагогикалық процестің негізгі түлғасы деп санаймыз. Мұғалім әрекеті мазмұны жағынан оқушылар әрекетімен органикалық байланысқанда ғана тәрбие тиімді де Нәтижелі болады. Бір сыныптың өзінде мұғалімдердің сабақ беру тәжірибесіне қарай сабақ үстіндегі шәкірттердің мінез ерекшеліктері кейде олай, кейде бұлай болып құбылып отыратыны педагогикалық тәжірибеден белгілі. Сабақ қызықты, шеберлікпен өткен жағдайда оқушылардың зейіні басқа нәрсеге аууға мүмкіндік тумайды. Осындай кезеңце шыдамсыз, ұшқылақ оқушылардың қимыл-әрекетінде де байсалдылық байқалады. Сабақ тартымсыз, нәтижесіз болса, оқушылар қанша зейін қоюға әрекеттенгенімен шаршап, жалыға бастайды. Мұндай жағдайда жеңіл мінезді балалар өздері ғана тәртіп бұзбастан, басқаларға да теріс әсер етеді.

Оқытумен бірге оқушының жас ерекшелігіне сай келетін ақыл-ой әрекеттері мен қабілет ерекшелігін де ескерген жөн. Мұндай айрықша ескеретін бір жәйт оқушының сабақ үлгеріміндегі түсінігін дұрыс бағалаумен бірге, оның ықыласын жетілдіру мәселесі.

Педагогикалық тәжірибеде кейде оқушылардың кейбір пәндерден үлгермеуіне қарап, олардың жалпы қабілеті, сабаққа қатынасы туралы қате қорытынды жасалады. Шымкент қаласындағы №47 орта мектептің б-шы сынып оқушысы Асқаров Нү.рдәулетті кейбір пән мұғалімдері сабағынан үлгермеуіне қарап, сол пәндерден келешекте мағлү_маты шамалы болар деп күмәнданып келген. Бірақ сынып жетекшісі оған көп көңіл аудармайды. Бірақ басқа пән мұғалімдері оның оқуына толық үлгере алатындығына сенім білдіру арқылы Асқаровқа оқуға ынталалығын қалыптастырады. Нәтижеде бала психологиясына тэн қасиет мадақтау тәсілімен оның толқы үлгерімге жеткендігін байқадық. Бұл фактіні ұлы педагог А.С.Макаренконың балаға талап қоюмен бірге оны қүрметтей білу керек деген сөзін дәлелдеп отыр. Олай болса, оқушылардың мінез-құлқын жете түсініп алмай жатып,асығыс қорытындыға келуге болмайды.

Оқыту процесінде оқушылардың білімін дұрыс бағалаудың олардың мінез ерекшеліктерін тәрбиелеуде үлкен маңызы бар. Оқушы мүталімнің сұрағына жауап беруде өзінің ой-өрісімен ғана. өлшеп, қойған бағаға ренжитін кездері де болады. Мұндай жағдайда оқушыға қойылған бағаның дұрыстығын аңғартып отыру үшін кемістігін дер кезінде ескертіп отыру керек. Сондай-ақ баланың көңілін аулау үшін өне бойы бағаны көтермелеп қою да жарамайды. Себебі — мұндай жағдайда оқушының өзіне қоятын талабы тежеліп, ой процестеріндегі даму кезевдері бэсеңси бастайды. Сол үшін оқытушының бағасы оқушының білімін өлшейтін мысқал таразы болу керек. Мү.ғалім бағасы эділ болғанда ғана оқушылардың оқуға деген ынта-жігері арта түседі, ұстаз әрекетіне зор сеніммен қарап оны әр уақытта құрметтейтін болады. Оның өзі шәкірттің мұғалімді сыйлауын күшейтеді. Мұғалімнің кемістігін ересек кісілер байқағанда; шәкірттерінің көзінше жамандаудың қажеті жоқ. Кейбір мұғалімдердің кемістіктерін шәкірттерге айту арқылы жалпы олардаң ұстазға деген сыйласу қатынасын төмендетіп жіберуіміз де мүмкін.

Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың мінез-құлқын тәрбилеудс ең негізгі түлға мүгалім екендігі белгілі. Тіпті бірінші, екінші сынып оқушылары мұғалімнің айтқанын өз ата- аналарының айтқандарынан да артық көреді. «Ия, бізге апай былай деген», «Біздің апай осылай үйреткен» деген сияқты сөздерді шын ықыласпен айтады. Демек оқушылардың мінез-құлқын тәрбиелеуде мұғалімнің білімділігі, мәдениеттілігі, ұстамдылығы, тапқырлығы, байсалдылығы ең негізгі фактор болып саналады. Барлық мұғалімдер шәкірттердің аңсаған арманынан шыға бермейді. Ксйбір мұғалімдер сабақ беруде оқұлықтағы материалдардың көлемінен ұзап кете алмайды. Ондай мұғалімдер оқушылардың түсінбей қойған сұрақтарына жауап берудің орнына, «Осыны да білмейсің бе», «Басыңмен неге ойламайсың» деп жекіріп тастайды да, баланың білімге құмарлығын тежейді. Осыдан барып оқушылардың оқуға деген ынтасы темендей бастайды. Өйткені мінез тұйық, жасық оқушы мұғалім тарапынан көңілге кір келтіретін жекіру сезін немесе эділетсіз айыптау әрекетін байқаса, біліп тұрған нәрсесін айтқысы да келмей қалады. Ал осындай жағдай жақсы оқитын қайсар, ожар мінезді балаға әсер етсе, ол сабаққа салқын қарап, тәртіпсіздер қатарына қосылуы мүмкін.

Баланың мінез-құлқын тәрбиелеуде ең негізгі көңіл аударарлық мәселе — адалдықты, шыншылдықты, сыйластықты қалыптастыру. Әрбір тәрбиеші, әрбір ата-ана балага болсын, басқаға болсын, айтқан сөзіне, жасаған әрекетіне, қимылына аса жауапкершілікпен қарауы керек. Сонымен бірге олардың кішіпейілділігі, адамгершілігі баланы адалдық пен шындыққа бағыттайды.

Баланы шыншылдыққа, адал ниеттілікке тәрбиелеуде көршілердің, бірге ойнап, бірге жүретін балалардың қарым-қатынас әрекеті қимылы үлкен роль атқарады. Ата-ананың балаға берген тәлім-тәрбиесін бірге ойнап. жүрген өзге балалардағы жарамсыз қылықтар бұзуы мүмкін. Мысалы, бес жасар Қанат бір күні бір уыс өрік алып келді. Жүзінде қорқыныш сезімі байқалып тұр. «Мұны қайдан алдың, Қанат» деп сұрағанымызда: «Самат пе Бағдат екеуіміз Олжастың қорасындағы өрік ағаштан алып едік» деп жауап береді. Самат өте ерке бала болып өскен. Бүдан кейін Саматтың ата-анасымен әңгімелесіп, балалардың жүріс-тұрысын қадағалауды ойластырдық. Балаларға біреудің қорасына кіріп өрікті үрлауға, жүлуға болмайтындығын түсіндіргеннен кейін олар жарамсыз әрекеттерін тастады.

Бала мінезіндегі адалдыққа қайшы келетін қылықтарды дер кезінде дұрыс тәрбиелеу жолымен қүртып отырмаса, халықының алдында кешірілмейтін кінэға дүшар ететін дөрекі қимыл әрекеттерге алып баруы мүмкін.

Бала сөзіндегі өтірікпен шындықты ажырата білу керек. Өмір тәжірибесінің, білімнің жеткіліксіздігінен жас балалар қолынан келмейтін жұмысты, «мен мұны істей аламын» деп шын көңілмен айтады. Мысалы, алты жасар Ерлан үйіне келіп, тоқтаған жеңіл машинаға қызығып, «мен машинаны айдай аламын» дейді. Немесе жазғы каникулда көп жерлерді көріп жақсы демалу нәтижесінде шаттанған кейбір балалар көрмеген нәрселерін де көрдім деп артық сөздер айтып қоюуы мүмкін. Міне, мұның бәрін өтірік деп айтуға болмайды.осындай жағдайды кейбір ата-аналар «Біздің осы бала отірікші бола ма деймін» деп айтып та қояды. Осындай орынсыз сөздер көңілінде кіршік жоқ жас баланың мінез-құлқындағы саналы қасиеттерге зиянын тигізеді.

Қазіргі уақытта еліміздің әрбір азаматы, әрбір ата-ана жас буынды адалдық пен шыншылдыққа, сыйластыққа баулу арқылы жаңа адамды тәрбиелеу жөнінде алға қойып отырған зор міндетін орындап шығуға үлес қосатынын естен шығармау керек.

Қорытынды

Балаларды тәрбиелеу — өте күрделі, нәзік те жауапты іс. Баланың қалай болып өсетіні: ары бар және адал қызметкер, жақсы адам болып шығуы коп ретте мұғалімнің балалармен жүргізетін тәрбие жұмысының мазмұны мен әдістемесіне байланысты.

Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу ісіне бастауыш сынып мұғалімдері түгел қатысса, жұмыс жемісті болады. Сыныптағы бұл жұмысты бір ғана мұғалім жүргізсе, тұрақты да тиімді нәтижелерге қол жетпейді.

Оқушылардың тәртібіне бірыңғай талаптар қою мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу жұійысының басты шарты болып табылады. «Тәрбиешілері бір үжымға бірікпеген жерде, бұл үжым бірыңғай жұмыс жоспарына, бірыңғай екпінге, балаға деген бірыңғай дәл талапқа ие болмаған жерде ешқандай да иәрбие процесі болмақ емес» — деп жазған болатын А.С.Макаренко.

Мінез-құлық мәдениетін белгілі бір жүйе бойынша жүргізілсе ғана тиімді болады. Бұл жүйелілік, балалардың бойында мінез-құлық, пайдалы әдет-дағды тәжірибесін жинақтауда, адамгершілік мағлүматтарды сіңіруді қамтамасыз етеді.

Мұғалімнің мінез-кұлық, оның сырт бейнесі, басқа мұғалімдермен, ата-аналармен, оқушылармен қарым-қатынас стилі оқушы тәрбиелілігін қалыптастыруда шешуші маңызға ие. Мұғалімнің мінез-құлық оқушы Ү-Қсауға тырысарлық үлгі болуға тиіс. Балалармен қарым қатынастағы дөрекілік, ашушаңцық, мектепте ата-аналар әлі де естіп қалатын орынсыз ескертпелер, сөз жоқ, мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуді қиындадатады. Егер мектепте жалпыға бірдей достық қарым-қатынас, өзара ілтипат, жолдастық  ынтымақ  бірдей   достық  қарым-қатынас,   өзара   ілтипат, жолдастық ынтымақ пен қамқорлық қалыптасқан болса, сыпайылылық, сөйлеу мәдениеті, дәлдік, міндеттілік ережелері әлдеқайда тез жүзеге асады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. — Алматы, Қазақ университеті,
  2. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. —
    А., 1991.
  3. Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т.б. Балаларды семьяда адамгершілікке
    тәрбиелеудің кейбір мәселелері. — Алматы, 1985.
  4. Айтмамбетова Б., Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. — А.,
  5. Айғабылова Н. Бала   мінезінің   қалыптасуы   және   оны   тәрбиелеу
    жолдары. — А., Өнер. 1972.
  6. Ахметов Ж.     Балаларды   мәдениеттілікке     тәрбиелеу   жолдары.
    //Қазақстан мұғалімі, А., 1994.
  7. Алмаханова X.    Жас    өспірімдерге   эстетикалық   тәрбие    бері.
    /Методикалық нұсқау. А., 1990.
  8. Ақназаров Б. Класс жетекшісі. — А., Мектеп, 1973.
  9. Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. —
    А.,1992.
  10. 10. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. — А., 1999.
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ