Сабақтың тақырыбы: «Мәңгілік ел – біздің күш қуатымыз»
Сабақтың мақсаты:
1. «Қазақстан — 2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік ел –идеясының маңызын ұғындыру.
- Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілін ояту.
- Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру.
Сабақ көрнекілігі: Презентация, видеоролик
Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты
Сабақтың әдісі: Сұхбат, сұрақ-жауап, баяндау
Мұғалім сөзі:
Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым,өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!
Қайран, қазақ елі… Жас ұрпаққа айта алмаған жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізнтін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ исі мүңкіп тұр.
2014 жылдың 17 қантарында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы.
Ол –«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық –тұңғыш мемлекеттік ресми идеология , яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйын –тұжырым .
Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.
Қазақстанның бүгінгі жетістіктері:
Томирис:
1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Лейла:
Бүкіл халықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті.1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.
Маржан:
1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.
Сөйтіп, төл теңгеміз 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға түсті.
Дамира:
1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола
қаласына көшіруге шешім қабылдады.
Жазира:
1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты — қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды.
1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.
Аяжан:
2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды. Еліміздегі жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар салынды. Әуежайлар мен Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды.
Бағжан:
2011 жылғы халқымыз үшін ең басты мереке бұл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы. Бұл –Тәуелсіз еліміздің тарихындағы осы күнге дейінгі ең атаулы оқиға. Елбасымыздың тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға және еліміздің болашақта дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қырмызы:
Қазақстан – 2050 стратегиясының логотипін таныстыру
2050 Стратегиясының жаңа логотипі бірліктің мазмұны. Ол қазақтың ұғымындағы бірлік пен қауымдастық белгісін бейнелейтін әлем аллюзиясының бірігуі мен үндесу идеясын көрсетеді.
Мұғалім сөзі:
Нұрсұлтан Назарбаев Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алды. Біз өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекетсіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Біз өзгенің қателігенен , өткеннің тағылымынан сабақ алуымыз тиіс.
Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің қолымызда! Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек! Елбасының «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша президенттің жалпы ұлттық идеясы — болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды.
Слайд көрсетіледі: Еркеназ,Ұлжан,Меруерт
Сұрақ – жауап барысы:
1.Мәңгілік ел дегенді қалай түсінесіздер?
2.Мәңгілік елдің сіз үшін маңызы қандай?
3.Мәңгілік ел идеясына сіз қандай үлес қосар едіз?
4.Қазіргі Қазақстан мен бұрынғы Қазақстанды салыстырып көрініздерші?
Ендігі кезекті өлең шумақтарын айтайтын білім алушыларға берсек:
Алуа:
Мен қазақтың жерінде туып өскем,
Талай сынды басынан елім кешкен.
Сол зұламаттан аман қалған бүгінде,
Айдарынан қазағымның жел ескен.
Зар заманнан өттік біз толқымалы,
Айтыңдаршы қай жүрек толқымады?
Бастан өткен тарихты отты желдей,
Ұмытпастан жырлайды халқым әлі.
Қазағымның тарихы өмір дастан,
Талай алып жеріме табан басқан.
«Мәңгілік ел» арманы бабалардың,
Бүгінде қолға айналып,іске асқан.
«Мәңгілік ел» ұғымы ежелден бар,
Бастауы сол ұғымның түрік көкжал.
Аяла:
Мәңгілік ертек емес епке келер,
Қозғалсақ қол ұстасып көппен егер.
Тәңірім,бармақтай бақ,таудай талап
Баянды бола берсін деп бере гөр!
Қош айтып ескі өкпе көп есепке,
Қол создық берешекті келешекке.
Барыстай ел боламыз жүрек жұтты,
Ғарышты еншілейміз демесек те.
Ұлы елдер іргемізде,
Бір тілек,бір лебізде.
Жұптасып мәңгі қатар,
Жасаймыз біз де бірге!
Қорытынды:
Біз 21 — ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенеміз. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азаттығымыз бен тәуетер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!
«Мақсаты мен мүддесі бір Қазақ елін жарқын болашаққа жетелейтін «Қазақстан 2050» стратегиясы – біздің жолымыз, біздің күш- қуатымыз!» -деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымызды аяқтаймыз. Тыңдап сабаққа қатысқандарыңыз үшін рахмет! Сау болыңыздар!
Өмірбек Мадина Өмірбекқызы
№1 Алматы қазақ мемлекеттік
гуманитарлық-педагогтік колледжі