Мәңгілік ел-біздің күш қуатымыз тақырыбында тәрбие сағаты

0
4189
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мәңгілік ел-біздің күш қуатымыз»

Сабақтың мақсаты: 1. «Қазақстан — 2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік ел –идеясының маңызын ұғындыру.

  1. Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілін ояту.
  2. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру.

Міндеттері: Білім алушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге үйрету

Көрнекі құралдар: Презентация, видеоролик

Тәрбие сағатының барысы: Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге өз үлестерін қосуға баулу.

Оқытушы: Біз бүгін «Мәңгілік ел-біздің күш қуатымыз» атты ашық тәрбие сағатын бастаймыз.

Оқытушы: 2014 жылдың 17 қантарында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол –«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің  кемел келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық –тұңғыш мемлекеттік ресми идеология , яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйын –тұжырым . Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған  мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.

Адинай: Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес. Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы өол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңінен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету болып табылады. Мәңгілік ел дегеніміз – мемлекеттің ғасырлар ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады. Орхон өзенінің бойында Түрік қағанатының Ордабалық деген астанасы болған. Қағанаттың хан ордасы мемлекеттің ішкі ядросы. Оны қорғайтын арнайы полиция (тұрғақ деп аталған) және оған қоса тұрақты әскер ( шерік деп аталған) пайдаланылды. Ішкі қорғаныс деп атаған екінші шеңбер белдеуін түрлі тайпалар қорғап т ұрды. Үшінші шеңберде он-оқ Түркештер тұрды. Қырғыздар, Татабилер, Қидандар, Таңғыттар, Басмылдар да үшінші шеңбердің қорғаушысы болды. Осы үш шеңбер тұтас империяны қорғап тұрды. Түріктер осы үш шеңберді орнатып болған соң «Мәңгілік ел» идеясын нық бекемдейді.

МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ — қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыс-

тардың ұлттық идеясына негіз-

делген идеология болатынына сенуге болады.

Оқытушы: Мәңгілік елдің 7 басты құндылығы

1.Қазақстан мен Астананың тәуелсіздігі

2.Қоғамымыздағы ұлт бірлігі, бейбітшілік және келісім

3.Зайырлы қоғам және жоғары рухани байлық

4.Индустрализация мен инновация негізіндегі экономикалық өсу

5.Жалпы еңбек қоғамы

6.Тарих, мәдениет және тілдің ортақтығы

7.Ұлттық қауіпсіздік және әлемдік, аймақтық мәселелерді шешуге бүкіл елге араласу, қатысу.

Балауса: Мәңгілік елдің 1 басты құндылығы

Мәңгілік Ел, бұл-Тәуелсіздік және Астана.

Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссия­сына адал боламыз.

Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуа­тының жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз.

Баян: Мәңгілік елдің 2 басты құндылығы

Мәңгілік Ел, бұл — Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Біздің Отанымыз бір, ол — Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір — тағдырымыз ортақ. Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады.

Хадиша: Мәңгілік елдің 3 басты құндылығы

Мәңгілік Ел, бұл — Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.

Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді.

Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық үнқатысуын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.

Баян: Мәңгілік елдің 4 басты құндылығы

Мәңгілік Ел, бұл — Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім.

Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.

Дильнура: Мәңгілік елдің 5 басты құндылығы

Мәңгілік Ел, бұл — Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Елдің барлық табыстары мен жетістіктері — барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.

Нұрсәуле: Мәңгілік елдің 6 басты құндылығы

Мәңгілік Ел, бұл -Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.

Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз.

Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз.

Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті

Елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын боламыз. Біз — Үлкен Ел — Үлкен Отбасымыз.

Арай: Мәңгілік елдің 7 басты құндылығы

Мәңгілік Ел, бұл — Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады. Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз. Біз Мәңгілік Елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз. Біз Отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, еліміз жеткен жаңа биіктерде желбірететін боламыз.

Бұл — біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақстан халқының амандығы мен гүлденуі үшін жасаған саналы таңдауымыз!

Оқытушы: КӨНЕ ТҮРКІЛЕРДІҢ МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕяСЫНЫҢ ҮШ НЕГІЗІ:

Карина: Біріншісі – Түр­кі қағанаты билеушілерінің (Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ескерткіште­рін­де) саяси акт – «ма­ни­фест» ре­тінде әзірлеп, тарих сахнасына шығаруы;

Екіншісі – Әл-Фарабидің «Қайырымды қалада» философиялық шығармасында идея­ның теория­лық-философиялық тұр­ғы­дан не­гіз­делуі

Үшінші – Жү­сіп Бала­сағұнның «Құтты білік» дидак­тикалық дастаны.

Сонымен, бағзы заманалардан бастау алған ұлттық идеямыз қазірде тарихи сабақтастықты бастан кешіріп, тәуелсіз мем­ле­кетіміздің рухани тұр­ғыдан тұрақты даму ресурсына айналып отыр. Оны Елбасы  жария еткен  2015 жылға арналған Жолдауында айқын көрсетіп берді: «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық.

Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры, болашақтың бағдары»

Мадина: 2014ж 18 сәуірде өткен Ассамблеяның ХХІ сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті, Ассамблея төрағасы Н.Ә. Назарбаев, алдағы жылды Қазақстан халқы

Ассамблеясы деп жариялады. Ассамблея жылы — бұл Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституциямыздың 20 жылдығы,

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Ассамблея жылының басты идеясы «Менің елім – Мәңгілік ел»

Гульфиза: Мәңгілік ел идеясымен тәрбиеленген тұлға моделі

Мәңгілік ел – ортақ тағдыр

Мәңгілік ел – жалпы қазақ үйінің ұлттық иедясы

Мәңгілік ел – қазақстанадық ұлттарды біріктіретін және болашығымыздың қалауын құрайтын басты құндылықтары.

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ

ПАТРИОТ

БІЛІМ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ

ҰЛТТЫҚ РУХТЫ

Оқытушы: Сұрақ-жауап

1сұрақ:ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанжолы – 2050: Бірмақсат, бірмүдде, бірболашақ» аттыҚазақстанхалқынаЖолдауында «Мәңгілік ел» идеясыныңмазмұнынтереңтарқатыпберді. БұлреттеДенсаулықсақтаусаласындақандайауқымдыістержолғақойылды?

Баян: Өз Жолдауында ҚР Президенті еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуда нақты міндеттер қойды. Олар: медициналық-санитариялық алғашқы көмектің дамуын қамтамасыз ету; міндетті сақтандыру мәселесін зерделеу; ана мен нәрестелер өлімін, қанайналымы жүйесінің, онкологиялық аурулардан, жарақаттанудан, туберкулезден өлімді төмендету жөніндегі жұмысты жалғастыру;Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мыңжылдан бергі арманы. Әрбір Қазақстандық өз жұмысымен осы идеяның іске асырылуына үлес қосуға тиіс.

Оқытушы: 2сұрақ «Мәңгілік ел» эмблемасыныңмағынасы?

Айдана: Көкбайрақ пен «Мәңгілік ел» эмблемасы бейнеленген туды желбіретіп, ұлттық рухтағы әндер шырқалды. «Мәңгілік ел «эмблемасында шаңырақтың стилизацияланған суретін пайдаланған.

Оқытушы: 3 сұрақ «Мәңгілік елдің болашағы» дегеніміз не ?

Мадина: Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық». Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!

Оқытушы: видео –ролик «Мәңгілік ел-біздің күш қуатымыз»

Жанеля: Мәңгілік ел — арманымныңасқары,

Мәңгілік ел — бақытымныңбастауы.

Мәңгілік ел — тарихымныңдастаны,

Мәңгілік ел Нұрлыжолғабастады.

Мәңгілік ел — меніңаппақмұратым,

Болашаққанұрыншашыптұратын.

Мәңгілік ел — нұрлыжолықазақтың,

Бар әлемгемойындатарқуатын.

Мәңгілік ел — шежіресідаламның,

Мәңгілік ел — ақтілеуіанамның.

Мәңгілік ел — мәңгілікке аманат,

Мәңгілік ел — нұрлыжолыбабамның.

Мәңгілік ел — бейбітөмірәуені,

Мәңгілік ел еңадамдайәдемі.

Мәңгілік ел — тәуелсіздіктірегі,

Мәңгілік ел — бүкілхалықтілегі.

Мәңгілік ел Нұрағамныңтілегі,

Нұрағамдыбүкіләлембіледі.

Қазақелібейбітшіліктірегі,

Нұрағамныңнұржолыменжүреді»

Ықпал: Өткенкүндерізіқалыптарихта,

Өмірөзенжылжыпжатырақырын.

Тәуелсіздікәперемдепхалыққа,

Көзінжұмдынебірқайсарбатырым.

Қайсарердіңескеалыпрухын

Бірсәтқанаорнатайықтыныштық.

Бүгінміне -Тәуелсіздік! Ұлыкүн!

Елімізгеалыпкелгенырыс-құт.

26 жыл… жаснәресте, жасжігіт.

Адам болды ел намысынқорғайтын.

Елменбіргеөсіп, дамыпжасшыбық.

Саябаққаайналарыбұлайқын.

Аяжан: Биылғыжылмәңгілік ел жастаржылы

Жолдеукерекертеңгебастармұны

Елбасыныңкемеңгерақылы мен

Жастарүшінбірүндеутасталдыұлы

Осы жыл мол мүмкіндікжастарүшін

Ақылдыжасдәлбүгінбастарісін

Биылөзінтабалғанкөпжастарды

Күтудеабыройдыңасқарышың

Жастарүшінарайлыбасталдыкүн

Алға на надейтұғынбасылдыұғым

Меңгеругетиістіотанүшін

Инфатциятетігінжастарбүгін

Мәңгілік ел жастаржылыжайқарапотырмастан

Қадамдыдұрысәрінықбасқан

Ежелденақданагөйатамқазақ

Асылтастандемеймеақылжастан

Оқытушы: Қорытынды:

Біртұтас Еліміз — Мәңгілік Ел қуатты болсын!

Қазақстанның мәңгілік мекені — Ұлы Дала Еліне бата қонып, бақ дарысын!

Алға, Қазақстан!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ