«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында оқушыларда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру

0
1437
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында оқушыларда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру

        Ата–бабамыздың ұрпағына мұра еткен бар асылының қаншама ғасырлар бойы көшпейтіндей етіп,артына із қалдыруы көрегенділіктің көрнісі. Адамзат баласының өз тіршілігінде көрген–білгенін, тоқып–түйгенін, қорытып келешек ұрпағына мирас етіп қалдырғаны-табиғи заңдылық. Адам бойында қалыптасқан имандылық қасиеттерді рухани құндылықтарға жатқызуымызға болады. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы-Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму жолын айқындайтын, стратегия, Президентіміз Тәуелсіз Қазақстанымызды дамытудың, әрбір Қазақстандықтың, әр отбасының, жастардың және келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды.

«Мәңгілік Ел-жалпы Қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы болатын. Ендігі ұрпақ-Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің ұлттық идеясы-Мәңгілік Ел!» деп елбасымыз нақты атап өтті. Әлеуметтік маңызы зор құндылықтың мән-мағынасын ұғындыру,баланың санасына, сезіміне, түйсігіне, мінез-құлқына әсер ететіндей дәрежеде жеткізу ұстаздық шеберлікті талап етеді. 
Қазіргі қоғамда бізге жетіспей жатқаны өзіміздің қазақи өмір сүруімізбен шығыстық дүние танымдағы ұлтттық мектебімізді құру. Қазақылық дүние танымның өзегі-адамшылдық. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің ұлағатты сөздерінен, іс-қимылынан танылып, сезім арқылы жүректен-жүрекке беріліп отырған. Егеменді ел жастарының санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің маңызы зор. 

Қазақстан Республикасының баянды тәуелсіз ел болуы үшін ұлттық құндылықтар, тәрбие арқылы халық педагогикасынан нәр алып адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген, таза елжанды азаматтар қажет. Қазақ елі үшін бар білімі мен қабілетін сарып ететін, елін, туып өскен жерін, тілін, халқының салт-дәстүрін,тарихын, дінін, мәдениетін құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу.Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу дегеніміз-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгілік қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру. Бүгінгі таңда жаhандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық құндылық, ұлттық рухымызды сақтап қалу — алдымызда тұрған үлкен міндет. Ұлттық тәрбие дегеніміз — сана сезім мен сенім қалыптастыру. Бүгінгі ұрпағымызды бірнеше ғасырлардан жинақталған ата-бабамыздың мол мұрасымен, ұлттық құндылықтарымен сусындату-біздің басты парызымыз.

Қазіргі қоғамда құндылықтардың алар орны ерекше.

Осы мақсатта Мұхит атындағы жалпы білім беретін мектебінде  түрлі деңгейдегі үйірмелер мен факультативтер, қолданбалы курстар арқылы жүзеге асуда. Атап айтсақ: «Мәдени мұра», «Атамекен», «Тарихи тұлғалар», «Қазақ халқының мәдениеті», «Қазақстан халықтарының тарихы», «Мәңгілік ел ­ел мұраты», «Абайтану»,  т.б.

Қазақ педагогикасында құндылықтың түрі мен маңызына, сыры мен сипатына алғаш философиялық мән беріп, оныц жан-жақты талдай білген Абайдан асқан зор тұлғаны атау мүмкін емес. Абай — қазақ халқы үшін парасат биіктігінің ақыл-ой толықтығының, адамгершілік пен рухани байлықтың өлшемі. Абайдың қара сөздерінің жас ұрпақ үшін маңызы зор.

Сөзімді қорыта келе еліміздің болашағы жарқын болып қалыптасуы үшін ұлттық құндылықты санасына терең меңгерген білімді, инабатты жас ұрпақты тәрбиелей отырып, қол жеткізсек бұл ұстаздар қауымы үшін үлкен жетістік болары айдан анық. 
Күтілетін нәтиже 
-Ұлттық құндылықты бойы игерген тұлға қалыптастыру; 
-Ұлт болашағы мен ел тағдырынкелешек ұрпақ қолына сенімді етіп тапсыру; 
-Бүгінгі ұрпаққа берілетін тәрбиеден күткен нәтижеге қол жеткізу; 
-Ұлттық тәрбиені қаз-қалпында атадан балаға ұластырудың сабақтастығы тұрақты сақтау

–оқушы жастарда қазақстандық патриотизмді, азаматтық сананы, толеранттылықты және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырудың өсіп отырған деңгейін;

–жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардағы мәдениет негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті;

–рухани дамыған және жоғары адамгершілікті тұлға қалыптастыруда отбасы институтының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді;

–өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тәрбиелеуге жан-жақты саналы түрде қатысуды, табысты әлеуметтенуді, өз бетінше білім алуды және өзін жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс.

Қаратөбе ауданы
Мұхит атындағы ЖОББМ
Қазбаева Айгүл Сатбайқызы
Тарих пәні мұғалімі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ