Тарих сабағында оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу

0
3084
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Тарих сабағында оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу

«Өз Отанының патриоты болу дегеніміз-Қазақстанға жан тәнімен қызмет ету.»

Н.Ә.Назарбаев.

      Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» деген еңбегінде аса маңызды идеологиялық міндетіміз- Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір адамзаттың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру екеніне баса назар аударған.

Қазақстандық отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, елдегі барлық халықтарды достық қатынасқа тәрбиелеу-аса маңызды міндет. Сондықтан мектеп оқушылары  арасында  жүргізілген жұмыстарымызда, сабақтард ларды қазақстандық отаншылдық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беруіміз керек.

        Тарих пәнінің оқшыларды отансүйгіштікке тәрбиелеуде мүмкіншілігі мол. Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстардың халық үшін жасаған қызметін баяндайды. Осылардың барлығы оқушылардың жүрегіне, сезіміне күшті әсер етеді, адамгершілігі жоғары, сапалы азамат болып қалыптасуына үлес қосады.

Мысалы 5-6 сыныптарда Сақ тайпасы, Томирис, Шырақтың ерлігі, Ғұндардың Европаға жорығы, Мөде, Аттила патша,  7-8 сыныптарда алғашқы орта ғасырлық мемлекеттер, Ұлы Жібек жолы, Қазақ хандығы және қазақтың ұлы хандары,батырлар, билер,  9-11 сыныптарда қазіргі кезеңге дейінгі ұлы оқиғаларға байланысты нақты  деректерге негізделген қосымша тарихи, көркем шығармалардан үзінді, қосымща түрлі тапсырмалар берілсе, оқушылардың еліне, жеріне деген отаншылдық сезімдерінің оянуына ықпал етеді.

Сонымен қатар тарих сабағында қосымша әдеби әдебиеттерді пайдалануға көңіл бөлген жөн. С.Өтениязов «Аттила», М.Мағауин «Қазақ хандарының тарихы», Д.Кэстель «Әбілхайыр хан ордасында», С. Сейфуллин «Тар жол тайғақ кешу», С.Мұқанов «Ботагөз», Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріповтың еңбектері, М.Әуезовтың «Абай жолы», І.Есенберлин «Көшпенділер», Д.Қонаев «Өттің, дүние  осылай», Елбасының еңбектері, осындай құнды-құнды еңбектерді тарих сабағында дереккөздер ретінде пайдаланып, оқушыларға шығармашылық жұмыс беріп, сол шығарма туралы өз ойын, өз қөзқарасын білдіруді тапсырса, тәрбиелік мәні өте зор болар еді.

        Тарих пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың түрі сан алуан болып келеді. Жас ерекшеліктеріне қарай оларды дұрыс таңдай білу керек. 5-8 сыныптарды «Ауылым – алтын бесігім», «мен елімнің ертеңімін», «Тарихтың адам өміріндегі маңызы», «Отанды сүю дегеніміз не?», «Туған өлкем-неткен көркем», ал 9-11 сыныптарда «Үздік тарихшы», «Тәуелсіздік тұғыры», «Жастар және Қазақстан», «Ұлы тұлғалар» т.б. тарихи көрністер, пікік сайыстар, дөңгелек үстел, кештер, дебаттар, интеллектуалды ойындар өткізуге болады.

Тарих пәнін оқытуда өмірмен тығыз байланыстыруда оқушылардың туған ел тарихына деген құштарлығын оятып, жерін, Отаның сүюге баулуда, оларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу міндеттерін атқаруда мектеп мұражайы және мұражайдын, мұрағат, мұрағат құжаттарының атқарар рөлі үлкен.

        Ұлттық құндылықтарымыз арқылы оқушыларды отаншылдыққа тәрбиелеу нәтижесінде біз:
  • Оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастырамыз;
  • Жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық, рухын дамытамыз;
  • Ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеуге үйретеміз;
  • Жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты басты мақсаттарға қол жеткіземіз.

ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың көз ілеспес жылдамдықпен даму заманы, сондықтан уақыт талабына сай, білімді, парасатты, жан дүниесі кемел, намысшыл, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу баршамыздың алға қояр мақсатымыз.

     Ұлы ағартушы М.Дулатов айтқандай «мектептің мақсаты жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру».

Кез-келген мемлекеттің қуаттылығы, оның әскери күшінде ғана емес, оның ұлттық рухының күштілігінде. Мемлекеттің байлығы табиғи қорының молдығында емес, оның рухани байлығы отансүйгіштік, Отанға адалдық, қазақстандық патриотизмнің қалыптасуында.

Жаңа ғасырда білім мен ғылымның дамуы шарықтау биігіне жетті деуге болады. Бірақ тәрбиені ешқашан естен шығармауымыз керек. Өйткені қазір ақпарат көп, ал тәрбие аз.

Қаратөбе ауданы
Мұхит атындағы ЖОББМ
Қазбаева Айгүл Сатбайқызы
Тарих пәні мұғалімі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ