Мұхиттың арғы жағындағы Испанияның экспансиялық себептері

0
1255
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

        Мұхиттың арғы жағындағы Испанияның экспансиялық себептері

XV ғасырдың ІІ жартысында Батыс Еуропадағы феодализм ыдырау кезеңінде еді.Бұл кезде ірі қалалар көбейді,сауда-саттық дамыды. Айырбастау құралы ақша болып,оған деген сұраныс бірден көбейді. Сондықтан Еуропадағы алтынға деген сұраныстың үлкеюіне байланысты алтыны көп деген Индияға ұмтылысты күшейтті. Бірақ та сол кездегі түркілердің жаулап алуына байланысты бұрынғы шығыстағы теңіз және жердегі жолдарды пайдалану қиынға түсе бастады. Ол заманда оңтүстік теңіздік жолдарды іздеумен Португалия ғана айналысты. XV ғасырдың соңында,басқа атланттық елдерге,батысқа қарай жол зерттелмеген мұхит арқылы болатын. Бұл жол туралы ой Еуропада Қайта өрлеу дәуірінде жердің шар тәрізді екендігінен кейін пайда болды,ал алысқа жүзу XV ғасырдың ІІ жартысындағы кеме құрастырудың және навигацияның дамуына байланысты мүмкін болды.

Испанияның бірінші болып 1492 жылы батысқа Христофор Колумбты жіберуі XV ғасырдың аяғындағы сол елдегі жағдаймен түсіндіруге болады. Соның бірі бұрында шектеулі Испаниядағы патшалық биліктің күшеюі болды. Өзгерістің басталуы 1469 жылы Кастилияның патшайымы Изабелланың арагон тағының мұрагері Фердинандқа үйленуінен басталды. Он жылдан кейін ол Арагонның патшасы болды.1479 жылы ең ірі пиренейлік мемлекеттердің бірігуіне байланысты тұтас Испания пайда болды. Қаладағы буржуазияның көмегімен бағынбаған дворяндар мен феодалдарды ауыздықтады.1480-1485 жылдары патшалар инквизицияны құрып шіркеуді абсолютизмнің қаруына айналдырды. Мұсылмандардың пиренейлік мемлекеті — Гранадтық эмират олардың қысымына ұзаққа шыдай алмады.Гранада 1492 жылдың басында құлады. Сегіз ғасырлық Реконкистік үрдіс аяқталып,«Біріккен Испания» әлемдік аренаға шықты.

Патша билігі және олардың жақтастары қала буржуазиясы мен шіркеудің мұхиттың арғы жағындағы экспансияға қызығуы оларға пайдалы болып еді. Өйткені буржуазия өздерінің бастапқы байлықтарын ұлғайтуға ,ал шіркеу өзінің билігін басқа діндік елдерге таратуға тырысты.Индияны жаулап алатын әскери күшті испандық дворяндар бере алатын еді.Бұл олардың және абсолюттік патшалық билік пен қаладағы буржуазияға пайдалы болатын.Гранаданы басып алу Испаниядағы маврлармен үздіксіз соғысты тоқтатып мыңдаған идальголарды бос қалдырды.Енді олар бос отырғаннан кейін монархияға және қалаларға өте қауіпті бола бастады.Олардың күшін жұмсайтын жол табу керек болды.Тақ пен қалаларға және шіркеу мен дворяндарға пайдалысы мұхиттың арғы жағындағы экспансия болды.

Патшалық кастильдік қазына әрқашан бос болды,ал Азияға сапар ертегідей пайда әкелетіндей болды.Идальголар мұхиттың арғы жағындағы жерлерді иемдену және «Қытай» мен «Индияның» алтынына,қымбат тастарына үміттенді.Өйткені дворяндар ростовщиктерге қарыз болатын.Жеңіл олжаға ұмтылумен діни фанатизмнің бірігуі христиандардың мұсылмандарға қарсы көп ғасыр бойы соғысуының да әсері болды.Алайда оның мағынасын испандық колониальдық экспансияда асырып айтуға болмайды.Мұхиттың арғы жағындағы экспансияның бастаушылары мен ұйымдастырушылары Конкистілердің көсемдеріне діни ұмтылысы үйреншікті және ыңғайлы бетперде олардың билікке және өздерінің жеңіл олжаға ұмтылысын жасырды. «Католиктердің патшалары» шіркеудің мүдделерін тек қана өздерімен сәйкес келгенде ғана жақтады.Колумбтың бұл жағына келгенде олардан айырмашылығы жоғы өзінің жазған құжаттарынан жақсы көрінетін.

                      Христофор Колумб және оның проекті      

Аз ғана күмәнмен Колумбты 1451 жылы Генуядағы өте бай емес католиктік жанұяда туған деп айтуға болады.Өйткені оның 1472 жылға дейін Генуяда және Савонда тұрғаны белгілі.Колумбтың қандай-да бір мектепте оқығаны белгісіз,бірақ ол бірнеше тілде(италянша,испанша,португалша және латынша)оқи алатын және кітаптар көп оқитын.Колумбтың бірінші экспедициясы 70 жылдарға жататын документе: оның генуялық сауда экспедициясымен бірге 1474 және 1475 жылдарда Эгей теңізіндегі Хиос аралына  барғаны  айтылады.

1476 жылдың мамырында Колумбты генуялық сауда мекемесінің қызметшісі ретінде теңіз арқылы Португалиядағы Лиссабон,Мадейре және Порту-Сантуда 9 жылдай тұрады.Колумбтың айтуы бойынша ол Англия және Гвинеяның «Алтын жағалауларында» болады.Біз оның кемеде кім ретінде(сауда мекемесінің қызметшісі немесе теңізші)жүзгенін білмейміз.Бірақ Колумб өзінің бірінші экспедициясы кезінде жолы болмағанмен ол бойындағы капитандық,астрономдық және штурмандық қасиетімен өзін нағыз тәжірибелі теңізші қылып көрсетті.Ол навигация әдістерін меңгеріп қана қоймай оны одан да жоғары сатыға  көтерді.Колумб 1474 жылдың өзінде-ақ Индияға қысқа жолды білу үшін астроном әрі географ Паоло Тосканеллиден ақыл сұраған.Флоренциялық жауап ретінде хаттың көшірмесін португальдық ғалым-монахқа жіберді.Ал бұл ғалым бұрын   V Афонс патшаның бұйрығымен Паолодан ақыл сұраған.Бұл хатта Тосканелли португальдықтардың  Африканың  батыс жағалауымен  жүзіп отырып іздеген жолынан басқа  қысқа жол бар деп көрсетті.«Мен мұндай  жолдың болуын Жердің шар тәрізді екен деген дәлелге сүйене отырғанымды білемін.Бірақ та мен жасап жіберген картада сендердің аралдарын мен жағалауларыннан  тек қана батысқа  жүзіп отыруларын,тоқтайтын жерлерін;және экватор мен полюстан қандай қашықтықта  жүзіп отыруларын және қымбат тастар көп жерлерге жету үшін қандай қашықтық жүрулерін көрсетілген.Бірақ та мен батысты шығыс десем таң қалмаңдар,өйткені батысқа жүзгендердің бәрі мұхиттың арғы жағындағы шығыс жартышардан шығар».

Мүмкін сол кезде Колумб Тосканеллиге өзінің жобасы туралы айтқан болатын,өйткені ол генуялыққа жазған екінші хатында былай деген:«Мен сіздің шығыстан батысқа жүзу жобаңызды игі және әйгілі деп есептеймін.Мені  жақсы түсінгеніңізге қуаныштымын». XV ғасырда құрлық пен мұхиттың қалай орналасқанын ешкім дұрыс білмеді.Тосканелли Азия материгінің ұзындығын екі есе көбейтіп, соған сәйкес мұхиттың көлемін кішірейтті және Япония Қытайдың шығысында  2000 шақырымдай жерде жататынын көрсетті.Ал Португалиядан  Японияға баратын жол 10000 шақырымдай болып Канар  немесе Азор аралдарынан және аңызды Антилия арқылы өтуі мүмкін.Колумб бұл есептеуге астрономиялық  және  географиялық кітаптарды пайдалана отырып түзетулердебылай делінген:Шығыс Азияға ең ыңғайлы жол Канар  аралдары  арқылы 4,5-5 мың шақырымдай жүзіп Японияға жетуге болатынын  айтты.XVIII ғасырда француз географы Жан Анвилдің айтуынша бұл «үлкен  қателік үлкен жаңалыққа әкелді».Бізге Тосканеллидің картасының не түпнұсқасы да,не көшірмесі де жеткен жоқ,бірақ ол оның хаттарының негізі арқылы қаншама рет қайта жасалды.

Колумб өзінің жобасын ІІ Жуанға ұсынды.Ұзаққа созылған әуре сарсаңнан кейін португальдық патша 1484 жылы оның жобасын жаңа ғана ұйымдастырылған навигацияға көмекші құрал құрастыратын ғылыми кеңеске тапсырды.Кеңес Колумбтың дәлелдерін қабылдамады.Колумбтың егер өзінің  ойлағаны орындалғанда өзіне шамадан тыс құқықтар мен артықшылықтарды алғысы келгені патшаның қарсы болуына ықпал етті.Генуялық кіші жастағы баласы – Диегомен Португалиядан кетті.Әдеттегі болжамға қарағанда Колумб 1484 жылы Палос қаласына Кадис шығанағы арқылы келді де,қала маңындағы Рабида шіркеуіне орын тепті.Дін қызметшісі жобаға қызығып Колумбты беделді монахтарға жіберді,ал олар оны кастильдік грандтарға,әсіресе герцог  Мединаселиге кеңес етті.Олар жетістікке жеткен жағдайда оның саясаттағы қарсыластары – ірі феодалдардың байлығы мен билігінің ұлғаюынан Изабелла сезіктеніп бұл кепілдемелер іске тек қана кедергі келтіреді деп есептеді.Герцог Изабелладан экспедицияны өзінің есебінен қаржыландыруды ұйымдастыруды сұрады.Патшайым жобаны арнайы комиссияға қарауға жіберуге бұйрық берді.

Монахтардан және патша маңайындағы адамдардан құралған комиссия төрт жыл өткен соң теріс қорытынды жасап берді(ол бізге жеткен жоқ).Егер XVI ғасырдағы Колумбтың биографтарына сенсек комиссия әр түрлі қисынсыз дәлелдерді келтірді,бірақ жердің шар сияқты екеніне қарсы болмады.Алайда патшалар әлі өзінің соңғы пікірін айтпаған еді.Колумб қазынадан жәрдемақы алғанымен оның ісі жылжымады,өйткені патшалар соғыспен болған еді.Бірақ та ол нағыз қорғанысты монахтар көмегімен испандық финансистермен жақындасу арқылы тапты.Бұл оның жеңіске жетуіне тура жол еді.1491 жылы Колумб қайтадан Рабида шіркеуіне келіп дін қызметшілері арқылы тәжірибелі теңізші әрі палостық Мартин Алонсо Пинсомен танысады.Бір мезгілде Колумбтың патшаның финанстық кеңесшілерімен,севильдік саудагерлер және банкирлермен байланысы орнығады.

1491 жылдың аяғында Колумбты4 жобасын комиссия қайтадан қарап,онда діндарлар және космографтармен қатар көрнекті юристтер де қатысады.Бұл жолы да жоба қабылданбай, Колумбтың талабы қанағаттандырылмады.Патша мен патшайым шешімге келіп,Колумб Францияға жөнелтілді.Сол кезде Изабеллаға ірі сауда мекемесінің бастығы әрі патшаның жақын финанстық кеңесшісі Луис Сантанхель келіп оған экспедицияға қажетті жабдықтарға несие беруге уәде беремін деп жобаны қабылдауға сендірді.Колумбтың артынан полиция жіберіліп,оны Гранада маңайында қуып жетті және сарайға дейін шығарылып салды.1492 жылдың 17 сәуірінде патша Колумбтың жобасына жазбаша түрде келісім берді.Бұл документтің негізгі бабында:«Ұлы  мәртебелі  теңіз бен мұхиттың билеушісі есебінде дон Кристобал Колумты өзінің  адмиралы қылып  барлық  арал мен  құрлықтарды өзі жеке … ащқан немесе  тапқан  бұл  теңіздер  мен мұхиттарды, ал оның өлімінен кейін оның мұрагерлері  мен  әулетіне өмірлік бұл лауазымды барлық артықшылықтары  мен  ерекшеліктерімен оған қатыстылары …  аралдар мен құрлықтарды өзі …   ашса немесе тапса және олардың әрқайсысын басқару үшін сайлауға лайықты кім бұл қызметке тура келеді … »(Колумбтың ұсынған үміткерлерінен).

30 сәуірде патша мен патшайым ресми түрде Колумбқа  және  оның мұрагерлеріне  «дон»  атағын берілуін және сәтті жағдайда адмирал, вице-король және губернатор атақтары мен осы қызметтеріне сыйақы алу құқығы және жаңа жерлерден тапқан таза табыстың оныншы бөлігі мен қылмыстық және азаматтық істерді қарастыруға құқық берді.Мұхиттың арғы жағына жасалған экспедициясы сол кезде  тәуекелге бел буған сауда кәсібі есебінде патша маңында қаралды.Патшайым бұл жобаны ірі финансистердің қолдағанын көріп өз келісімін берді.Луис Сантанхель севильдік саудагерлердің өкілімен кастильдік тәжге 1 400 000 маравед берді(1934жылғы 9.7 мың долларға тең).Буржуазия өкілдері мен шіркеудің беделділерінің қолдауы Колумбтың жетістікке  жетуіне  көмектесті.

Бірінші экспедицияның құрамы және мақсаты

Колумбқа екі кеме ұсынылды.Экипаж Палос тұрғындарынан және басқа да порттық қалалардың қатарынан алынды.Колумбтың үшінші кемені жабдықтауына Мартин Пинсон және оның ағайындылары көмектесті.Флотилия командасы  90 адамнан тұрды.Колумб Флотилиядағы ең ірі кеме «Санта-Марияда» адмиралдың жалауын көтерді.Колумб бұл кемені «ашылуларға жарамайтын нашар кеме» деп суреттеді.«Пинтаны» үлкен Пинсон – Мартин Алонсо;ең кіші кеме «Ниньяны»  кіші Пинсон – Висенте Яньес басқарды.Кемелердің көлемі туралы документтер сақталмаған,бірақ тарихшылардың ойлары әртүрлі: С.Э.Морисон «Санта-Марияның» салмағын 100 тонна,«Пинтаныкін» 60 тонна,ал «Ниньяныкін» 50 тоннаға шамалас көрсетеді.

Колумбтың бірінші экспедициясы қандай мақсатты көздегені туралы көлемді әдебиет бар.Тарихшылар арасындағы скептик-«антиколумбиандықтар» тобы Колумбтың 1492 жылы Азияға жетуге мақсат қоюын Колумбпен келісілген «католиктік патшалардың» келісімі мен «атақ беруі туралы куәлікте» Азия немесе оның бөліктері көрсетілмегенін айтады.Ол жақта тіптен географиялық атаулар да жоқ.Бұл документтерде 1479 жылы Кастилияның Канар аралдарының оңтүстігіндегі ашқан жаңа жерлері Португалияға берілгені айтылған.Сондықтан  Колумб аралдарынан кейін Йерро аралынан тура батысқа  бағыт алды.Бірақ материк туралы естелік тек қана Азияға ғана қатысты , өйткені  ежелгі  және ортағасырлық  болжам бойынша  солтүстік жартышарда  Еуропадан батысқа қарай басқа  континент  болуы мүмкін емес     еді.Сонымен қатар келісімде патшалар мен Колумбтың өзі мұхиттың арғы жағынан тапқысы келген тауарлардың тізімі беріледі.Онда: жемчуг  немесе асыл тастар, алтын  немесе  күміс және т.б. заттар бар.Бұл тауарлардың бәрі ортағасырлық географиялық әдетте «Индияға»қатысты болатын.

Бірақ та негізгі мақсат аты  аңызға айналған аралдарды ашу емес еді.Бразил аралын сол кезде қымбат бразильдік ағашымен байланыстырды,бірақ ол туралы документтерде еш нәрсе айтылмаған.Антилия аралын «Жеті қала» туралы аңызында епископтар негізін қалаған айтылады.Егер Антилия бар болса да оны Кастилия заңға сәйкес ала алмайды,өйткені ол христиандық басшылармен басқарылып отырған еді.

Флотилияның экипажы тек қана христиандық емес елмен сауда қатынасын орнату мақсатымен жинақталған.Бірақ экипаж үлкен аралдарды ашуды мақсат етпеді, керісінше, кіші аралдарды өздеріне алып  алу мүмкіндігі болды.Мүмкін флотилия ірі жаулап алу  операцияларға арналмаған шығар,өйткені онда аз ғана экипаж және үлкен соғысқа жарамайтын қару-жарақтар болды.Мұнда мамандандырылған әскерлер болмады.Патша мен патшайым «Индиямен»  тауарлық байланыс орнатуға ұмтылды,өйткені осы бірінші экспедицияның негізгі мақсаты еді.Испанияға келген Колумб батыста «Индияны»  ашқанын хабарлады және ол дәлел ретінде сол жерден үндістерді алып келді.Ол уәде етіп тапсырған жерге бардым және сол жерде  болдым деп сенді.Бірінші экспедицияға қатысқандар да осылай ойлады.Осы кездегі дереу үлкен экспедиция ұйымдастыру осымен түсіндіріледі.

Атланттық мұхит арқылы өту және Багам аралдарының ашылуы

1492 жылы 3 тамызда Колумб кемелерді Палос жағалауларынаналып щықты. Канар аралдарының маңында «Пинтада» тесіліп, соның жөнделуімен тек қана  1492 жылдың қыркүйегінде флотилия Гомер аралдарынан алыстады.Бірінші үш күнде қатты жел болып тұрды.Содан кейін  қарсы соққан дауыл  кемелерді батысқа тез жөнелткені сонша теңізшілер тез арада Йерро аралын жоғалтып алды.Колумб отанынан алыстаған теңізшілердің үрейі күшейетінін біліп, кеменің журналына экипаждың жүрген жолының кіші көрсеткіштерін хабарлап тұрады, ал дұрысын өзінің күнделігіне жазады.10 қыркүйек күні ғана  күнделікте бір тәулікте 60 лиг (360 км-ге жуық) жүргені атап өтілген,бірақ адамдарда үрей болмау үшін бұл көрсеткіштен 48-і алынып тасталған.Осындай өтірік көрсеткіштермен күнделіктің келесі беттері де толтырылған.16 қыркүйекте тңізде көптеген жасыл шөп шоқтары көрінеді.Бірақ та флотилия үш апта батысқа осы су кеңістігі арқылы жүзіп отырды.Кей жерлерде шөптің көп болғаны – сонша  теңіздің барлығы сонымен құжынаған сияқты.Осылай Саргасс теңізі ашылған еді.

Қазанның басында матростар мен офицерлер бағытты өзгертуді талап етті,бірақ Колумб оларды тыңдамайды.7 қазан күні Колумб бүлік болу мүмкін деп кемені батыс, оңтүстік – батысқа бұрды.Бұл кезге дейін ол батысқа ғана ұмтылған еді.11 қазанда теңізшілерге қалқып жүрген ағаш бұтағы, ұшып жүрген құстар көрінеді.Теңізшілер түнімен ұйықтамай батыс жаққа қараумен болады.Колумб бірде жылт еткен от көреді.Түн ортасында жағалау белгі бергендей болады.Кешікпей 11 қазанда түнгі сағат 2-де «Пинтаның» матросы  Родриго Триана алыстан  жер көреді және салют береді.Теңізшілер таң атуын асыға күтеді.Колумб 12 қазанда көптен арман еткен «Жаңа жер» жағасын көредіАрал туралы Колумб былай айтқан: «Бұл арал өте үлкен  және  өте тегіс, әрі мұнда жасыл ағаштар  мен су көп, ал арал ортасында  өте үлкен көл орналасқан.Таулар мүлдем жоқ»,-деді.Гомер аралынан субтропикалық белдеумен осы аралға Атланттық мұхит арқылы бірінші өту 33 күнге созылды.Колумб он жолдасымен қайыққа отырып, аралға аттанады.Колумб ту ұстап жағаға шығып, жаңадан ашқан осы аралды Сан-Сальвадор (құтқарушы) деп атайды.

Осы сапарында Колумб Индия жеріндегі аралды аштым деп ойлап, онда тұратын адамдарды  үндістер деп атады. Жер шарындағы мәдениеті  төмен барлық адамдарды да  осылай атады.Еуропалықтарды алғаш көрген арал адамдары  олардан қорқатын, оларға таңырқап қарайтын. Бірақ Колумб үндістерді тартып, олармен тілдесіп сөйлесетін.

Колумб жолдастарымен бірге аралда  жүргенде жапырағы жайқалған ағаштарды, сан түрлі ғажайып құстарды, пальма жапырағымен жабылған күркелерді көреді. Тұрғын халықтар ақ адамдарды көргенде әйел, еркек демей бала-шағасымен жүгіріп алдарынан шығады.Испаықтар олардың танауындағы, құлағындағы алтын-күміс сырғасын көріп, оның мәнісін сұрайды, олар қолын сілтеп оңтүстікке көрсетеді.

Бұл аралды осы жердің тұрғындары Гуанахани деп атайды.Испандықтар бұл аралдың батыс және солтүстік жағалауын екі күнде зерттеп шықты.Алыстан басқа аралдарды көргеннен кейін Колумб архипелаг аштым деп ойлады.Содан кейін ол оңтүстіктегі жерлерге жол табу үшін  6 үндісті ұстап алуды бұйырды.Солардың нұсқауымен теңізшілер біртіндеп оңтүстікке жылжып отырды.Гуанахани аралының оңтүстік-батысындағы ашқан аралдарды Колумб Санта-Мария-де-Консенсьон (Рамки) және Фернандина (Лонг-Айленд) деп атады.Испандықтар мұнда алтын іздеп таппады.Флотилия  Багам аралдарының арасымен 2 апта бойы жүзіп отырды.

Колумб ашқан жерлерінің оңтүстігіндегі алтынды аралды «Жапония» аралы болар, — соған аттанады. Ол  15 қазанда екінші аралды ашып, оны «Дева Мария» деп атайды.Одан әрі жүзіп, 20 қазанда үшінші аралды ашып,оны Испания патшайымының  есімімен «Изабелла»(Крукед-Айленд) деп атайды.Колумб қайтадан батысқа қарай жүзіп, тағы да жеті аралды ашып, ақыры ең үлкен арал Кубаға келіп тоқтайды.

         Кубаның солтүстік жағалаулары мен Гаитидің ашылуы  және Испанияға қайта оралу

   Үндістерден  теңізшілер Куба деген аралды естіді.Олардың сөзі бойынша арал өте ірі және үлкен сауда-саттық жүргізеді екен.28 қазанда Колумб «өте әдемі өзеннің сағасына» келіп тоқтады(Бариэй бухтасы, Кубаның солтүстік-шығысы,76°б.б.).Колумб бұл аралдың табиғатына, әдемілігіне, байлығына таң қалады. Ол аралды аралап жүріп, жергілікті адамдардың аулына кез болады, олармен ыммен сөйлескенде,алтынды арал оңтүстікте, — дейді. Енді Колумб Азия материгін аштым деп ойлайды да, Қытай ханына өз елшісін жібереді, әрине, ол ештеме таппай оралады. Колумбты арал жағдайын жақсы білетін екі адам ертіп жүреді, солар арқылы ол аралдағы адамдарды шақыртып, өзінің Испания патшалығынан келгендігін айтып, олардан өз ықтиярымен христиан дінін қабылдауын сұрайды. Мұнда еуропалықтардың бір таң қалғаны, жергілікті адамдар бір шөпті домбалдап орайды да, оған от қойып, екіншісі оның жалынын ішке тартып, түтінін танауынан шығарып жатады. Оны өздері «табак» деп айғайласады.Бұл кереметке испандар таңырқай қарайды, кейіннен табакты өздері Еуропаға әкеліп, дүние  жүзіне  таратады. Колумбқа көптеген жергілікті адамдар келді.Олардың абызы Кацик та Колумбқа келіп алтынды аралды көрсетеді.

Сөйтіп, Колумб Атлант мұхитының  Америка жағалауының  аралдарын бірінен соң бірін ашты, сап алтын жер бетіне шығып жатқан аралды да  тапты. Сөйтіп жүргенде оның бір кемесі жағалаудағы тасқа соғылды, мұны естіп үндістердің абызы Кацик өзі келіп көмектесіп, суға кеткен кемедегі тамағын, бұйымдарын жағаға шығарысады. Бұл жағдай Колумбқа үлкен ой салды.Енді, үндістер  мен  Колумб арасында достық  бірте-бірте нығая берді де, Колумб осы Эспаньола (кішкене Испаниядейтін аралға бекініс орнатты(Навидад бекінісі).Жолда Тортуга аралын ашты.Мартин Алонсо Пинсон командасындағы «Пинта»  дейтін жүйрік кеме бәрінен озып, өз бетінше зерттеу жүргізді.Жергілкті адамдар Колумбқа сап алтын әкеле берді.Колумб зеңбіректен оқ атып, керемет көрсетті. Кацик бұл кереметті бізге қолданба, бізді атпа, Кариб аралынан анда-санда бізге келетін, кісі жейтіндерді ат – деп өтінді.1493 жылы 3 қаңтарда Колумб Эспаньоладағы отар-бекіністе 39 адам қалдырды.1493 жылдың 4 қаңтарында адмирал теңізге шығып 2 күннен кейін «Пинтаны» Эспаньоланың солтүстік жағалауынан күтіп алды.Екі кемеде де дұрыс  жөнделмегенддіктен барлығы отанына оралғысы келіп, 16 қаңтарда «Нинья»  мен  «Пинта» ашық мұхитқа шықты.Бірінші төрт аптадағы жүзу жақсы өтті, бірақ 12 ақпанда боран болып 14 ақпанның түнінде «Нинья» «Пинтаны» жоғалтты.Күн шыққаннан соң жел күшейіп, теңіздегі толқу  өте  қаһарлы  болды.Болайын  деп тұрған қазадан ешкім құтыламын деп ойлаған жоқ.15 ақпанның таңында жел бәсеңдеген соң теңізшілер жерді көріп, Колумб Азор аралдарындамыз деп тура анықтады.Үш күннен кейін «Ниньяға» Санта-Марияның бір аралына жақын келуге мүмкін болды.

Азор аралдарын артта тастап 24 ақпанда «Нинья» тағы да дауылға түсті де,Португаль жағалауындағы Лиссабон  маңайынан бірақ шықты.Әбден шаршап-шалдыққан атақты теңізші Колумб 1493 жылы 13 наурыз күні Испания жағалауына тоқтады.1493 жылдың 15 наурызында адмирал «Ниньяны»  Палосқа жеткізді, оның артынан «Пинта» да келді.

Бүкіл испан халқы Колумбты асқан қуанышпен қарсы алды. Мыңжаған адам жағаға шығып, одан  соборға  дейін, екі жақта қаз-қатар тізіліп үлкен құрмет көрсетті.Патша көп адам жинап, асқан салтанатпен Колумбты сарайына шақырды.Колумб Испания патшасы мен патшайымына келіп, оларға байлығы  мол   «Индияны»,»Азия»  жағалауларын ашқанын баяндады. Әкелген сап алтынын, ақ күмістерін алдына төкті, алуан түрлі өсімдікті, жануарларды, жабайы құстардың қауырсының, үнддістердің  8 адамын  көрсетті.Патша  мен  патшайым риза  болып, экспедиция жайын бастан-аяқ  мұқият тыңдады. Енді сарайда той басталды, бұған Колумбтың достары да, дұшпандары да қатысты, бәрі де оған бас иді.Сөйтіп, Американы ашқан, география ғылымына теңдесі жоқ жаңалық әкелген Колумбтың  бірінші  экспедициясы  осылай үлкен табыспен аяқталды.

Әлемді  бірінші  бөлісу

Колумбтың  «Батыс Индияны»  ашқан туралы хабар португальықтарды алаңдатты. Олардың пікірі бойынша римдік папалардың ( V Николай және II Каликст)  1452-1456 жылдары берілген құқықтары бұзылды;1479 жылы Кастилияның өзі мойындаған және Бохадор мысынан оңтүстік және шығысқа «үндістерге дейінгі» ашылған жерлерді билеуін 1481 жылы ІV Сикст папа растаған еді.Енді Индия олардан қашықтап кеткен сияқты. Кастильдік патшайым мен португальдық португальдық патша өздерінің мұхиттың арғы жағындағы жерлеріне құқықтарын сақтап тұрды.Кастилия бірінші ашқан құқығына, ал Португалия папаның берген құқығына сүйенді.Бұл таласты бейбітшілік жолмен католиктік шіркеудің басшысы ғана шеше алатын еді.Ол кезде папа ІV Александр Борджия болған еді.Португальдықтар испандық бұл папаны (Родриго Борха)  бейтарап төреші деп санамады, бірақ олардың оның шешімімен санаспауына болмады.

1493 жылдың 3 мамырында папа булла  Inter cetera («Между прочим») бірінші әлем бөлісуді жасап Кастилияға қандай-да бір христиандық патшалардың иелігіндегі жерлерден басқа батыс аймақтаран келешекте жер ашуына құқық берді.1493 жылдың 4 мамырында жаңа буллада (екінші Inter cetera)  папа Кастилияның құқығын тура анықтағысы келді.

1494 жылдың 7 маусымындағы  Тордесильястық келісімде: Португальдықтар сол кезде-ақ Колумбтың Азияға жеткеніне күмәнданды және испандықтардың мұхиттың арғы жағындағы жүзулеріне қарсы болмады, бірақ «папаның меридианының» батысқа қарай жылжуына мүмкіндік алды.Көпке созылған таластан кейін испандықтар үлкен ымыраға келіп,линия Жасыл Мыс аралдарынан 370 лиг (1лиг = 6 км)  батысқа қарай жүргізілді.Тарихшылардың пікірінше,1493 жылы папаның булласы және 1494 жылғы келісімдегі көрсетілген бір ғана демаркациялық линиясына қарамастан, Португалия және Кастилия өздерінің алдына жер шарын шыныменен бөлу мақсатын қойды.Бірақ та 1495 жылдың өзінде-ақ қарсы пікірлер айтылды.Онда кастильдіктердің батыс бағытына қарай ашылулар, ал португальдықтардың «папаның меридианынан» шығысқа қарай ашылулар жасауына құқығы болды,өйткені линия сол үшін жүргізілген болатын.Басқа сөзбен айтқанда, демаркацияның мақсаты жер шарын бөлу емес,ал тек қана қарсы теңіздік державаларға әр түрлі жаңа жерлердің ашылуына жол көрсету еді.

                                            Жоспар   

1492 жылы Колумб  дүние жүзіне әйгілі  болу мақсатымен алыс сапарға шығады.Ол  бұл сапар үшін өзі бір кемені жасатады,ал екеуін Испания патшасы  береді.Колумб Батыс жолымен  тұңғыш рет Атлант мұхиты арқылы белгісіз Индияны, Қытай  жерлерін,  Жапония аралдарын, Азияның шығысын ашуға аттанады.

Ашық теңіз айдынына түскен соң Колумб флоты  оңтүстік – батысқа қарай жүзіп, Канар  аралдарына жетіп, одан тіке батысқа қарай ұдайы 19 күн жүзіп,  Гомера аралына келеді. Бұл жерден олар азық – түлік, су, отын алып, 9 қыркүйекте  Канар аралдарының ақырғысы – Ферро  аралынан шығып, белгісіз мұхит суымен жүзе береді.

Колумбтың үш кемесі  Атлант мұхитында ұзақ жүзеді, толқын шайқап, матростар арасында қорқыныш туады, тіпті Колумбқа қайтадан Испанияға қайтамыз деушілер де болған. Бірақ Колумб мұның  бәрін жуып – шайып,алдағы ашылатын жерді, оның байлығын бейнелеп айтып, оларды қызықтырады.Олар  жолда Сан – Сальвадор, Дева Мария, Изабелла, Эспаньола, Куба, Гаити және т.б. аралдарды ашады.Ондағы тұрғылықтылармен кездеседі және достық қарым – қатынас жасайды.Алтын және асыл бұйымдарды іздейді және дегеніне жетеді.Жолда кемелері тесіліп тоқтаған жерінде бекініс жасайды.Ол талай дауылдар мен борандардан қорықпай өтіп, өзінің бойындағы қажымас қайратын және матростық қасиетін көрсетеді.

Колумб  отанына 1493 жылдың 13 наурызында оралады.Жиналған қауым оны асқан қуанышпен қарсы алады.Патша мен патшайым сарайға шақырып, онда үлкен той жасайды.Патша мен патшайым оған риза болып, үлкен құрмет көрсетеді.Сөйтіп, Американы ашқан ғұлама ғалым – Колумб тарих беттерінде мәңгілікке қалды.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ