Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің негізін салушы

0
3941
D:\Users\индира\Desktop\37d89115d4cc9dc9b862fdb9db66e671_resize_w_205_h_.jpg
Мұхтар Әуезов

Жоспар :

1 . Негізгі бөлім :

Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің негізін салушы

2 . Кіріспе :

А )  « Еңлік – Кебек »

Б ) « Қарагөз »

С ) « Түнгі сарын »

3 . Қорытынды : Абай трагедиясының айрықша орны

                                           Мұхтар Әуезов

Мұхтар Әуезов Қазақ әдебиетіндегі драматургия жанрының негізін салушылардың бірі болды. 1926 жылы Қазақтың мемлекеттік драма театры оның « Еңлік – Кебек » пьесасымен ашылады. Драмашы бұл шығармасын кейінне әлденеше рет өңдеп , жетілдірді, соның арқасында пьеса театр репертуарының тұрақты орын алған классикалық туындыға айналды .

« Еңлік – Кебек » трагедиясы ел ішінде кең тараған тарихи аңыз негізінде жазылған. Ол – ескі рулық-феодалдқ әдет-ғұрып шырмауын үзіп , жүрек қалауымен бір-біріне қосылған екі ғашық – жас Еңлік қыз бен Кебек батырдың ру шонжарларының қатал үкімімен өкінішті қазаға ұшырап , арманда кеткендіктері туралы аңыз еді . Мұхтар Әуезов аузша айтылып келген аңызды идеялық бағыты айқын , көркемдік қуаты мол трагедиыға айналдырды . Пьеса жазылған кезеңде қазақ ауылында көне кертартпа салт-сана айығып болмаған еді . Қызды сүймеген адамына айттырып , күйеуі өлген жесірді сол елден шығармай , ағайын-туған рулас біреуге зорлап қоса салатын әмеңгерлік әшкереленуге тиіс болатын . Алғаш рет жайлауда , жалғастырыла тігілген киіз үйде қойылған « Еңлік – Кебек » пьесасы қазақ сахнасында мүлде жаңа бір түрінің – драматургияның пайда болғанын әйгілейді , дала өңірінде талай жылдар бұрын өткен қайғылы оқиғаның кейіпкерлері тұңғыш рет сахнада  көрермендер алдына шықты . Пьесе тек әдеби оқаға ғана емес , халқымыздың рухындағы ұлттық рухани , мәдени оқиға да болды . Шығарма толық , сенімді ашылған көркем  тұлғаларымен де , қазақтың байырғы шешендік өнерінің жарқырап көрінуімен де тартымды .

Мұхтар Әуезовтың әйгілі трагедияларының бірі – « Қарагөзде »         ( 1926 жылы ) көне заманда бас бостандығына жете алмай ескі ғұрып – драматургиясының алтын қорына қосылған бұл шығарманың идеялық мазмұнын жазушы былайша ашып   көрсетеді : « Жалпы пьеса тақырыбы – беймезгіл заманды жолсыз өмір кешіп , ерте тартқан қайғы зардың уынан қаза тапқан өнерлі жастар жайы ; асықтық пен ақындық құмарлығында елтіген уыз жастар жайы . Пьесаның екінші айқындаған идеясы … азатан туған ақындық , қан-қайғыдан туған қаза , жеке бастың ғана шерінен басталып барып , халықтық қайғы-қамды ұсынуға беттеген шабытты көрсетпек » .

Мұхтар Әуезов дараматургия жанырыныа ерекше көңіл бөліп , творчестволық жолының әр кезенінде бас-аяғы жиырмаға жуық пьеса жазды . Оның бұл жанырдағы қалам қуаты 30-жылдардағы шығармаларында көбірек танылды .   Жазушының  « Абай жолы » роман эпопеясына дейінгі идеялық-көркемдік өресі неғұрлым биік шығармалары драматургияда жасалды . Драмашының « Еңлік – Кебек » пен « Қарагөзден » басталған творчестволық ізденісі 50-жылдардың екінші жартысында жазылған « Дос- Бедел Досқа » дейін жалғасты . Бұл аралықты М .Әуезов тарихи адамдар өмірінен де , замандастар жайынан да , фольклорлық шығармалар сарынымен де алуан тақырыпта қалам тартты . Солардың бәріне ортақ сипат – уақыт алға қойған мәдени , көркемдік талаптарға жазушының дер кезінді сергек үн қатып отырғандығы , тұтас бір жанрдың ауыр жүгін қайыспай көтергендігі еді

Оның соғысқа дейінгі 5 жылдықтар дәуірінде жазылған пьесалары Қазақстандағы революциялық өзгерістердің , шаруашылықпен салт – санадағы жаңарулардың терең сырларын ашуға арналды . «Түнгі сарын » мен «Ақ қайында» олхалықтың азаттық үшін күресін көрсетсе , « Тас түлек » , « Тартыс » , « Алма бағында » , « Шекарада » сияқты шығармаларында совет адамдарының жаңа өмір қалпын жасампаз еңбегін бейнеледі .

Бұл – қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысы оқиғаларына құралған драма . Пьеса негізіне алыннған тартыс , үстем тап пен езілген тап арасындағы тартыс . Мұның бір жағында жебір болыс  Майқан , оның болыстыққа кандидат інісі Нұрқан , ажарлы да айлалы Бибіш ( Жүзтайлақ ) , бай Қыдырбай , оқыған Жүніс , адвокат Кәрімдер көрінсе , екінші тарапта Жантас , Тәнекерлер , осылардың бағытындағы Сапа , Мөржан , Бойбермес , Бөрібасар бейнелері беріледі . Бұл топтарды бір-бірімен  бітімсіз күреске киліктіріп , араларын шиеленістіре түскен жағдай – патшаның қазақ жігіттерін империалистік соғыс майданының қара жұмысын алу туралы 1916 жылғы июнь жарлығы болады . Ертеден екі жақты қанаудан – патша әкімдерінен , әрі жергілікті болыс-билерден зәбір көріп келген халық алыс майданға барып , жат мүдделер үшін құрбандық болуға көнбейді . Осыдан барып халық кегі лаулады , таптық және ұлт азаттық мақсат қосылып , дала төсінде бостандық ұраны көтерілді .

Түнгі сарын – қазақ драматургиясында азаттық үшін күрес тақырыбын үлкен шеберлікпен суреттеген , кесек адам мінездерін көрсете алған жазушының революциялық дүниетаныммен қаруланып , тарихи оқиғалардың көркемдік шындығын терең толғап ашатын биікке көтерілгенін , жанрдың шарттары  мен  заңдылықтарын қапысыз игергенін көрсететін үздік шығарма .

« Шекарада » ( 1938 жылы ) – М . ӘУезовтың жаңа заман тақырыбына жазған пьесасы . Оқиғалық құрамы « Шатқалаң » әңгімесімен үндес бұл шығарма драматургия жанры талаптарына сай шыққан . Драмашы тартыс табуда , сюжет дамытуда ысылған шеберлік танытады . Тартыс мұнда колхоздың жасырын жаулары мен тоаншыл совет азаматтарының арасында жүреді . Аудандық партия комитетінің секретарі Мұрат , шекара отрядының командирі Ганшин , дәрігер қадиша — әрқайсысы өзінше тартымды шыққан бейнелер . Пьеса совет жұртшылығын империалистік күштердің қастандықтарына қарсы қырағылыққа үндеу идеясына құралған . Отызыншы жылдардың орта тұсында , халықтардың қас жауы – фишизм зұлым әрекеттері бой көрсете бастаған шақта мұндай тақырыптағы   шығармалардың   маңызы   зор   болды .« Шекараданың » ширамаған босаң жерлері пьесада кейіпкерлердің шамадан тыс көптігіне , олардың бәріне бірдей әрекеттік жүк жете бермейтіндігі , олардың бәріне бірдей әрекеттік жүк жете бермейтіндігіне байланысты .

Мұхтар Әуезовтің драматургиялық шығармаларының қатарында Л . Соболевпен бірігіп жазған « Абай » ( 1939 ) трагедиясы айрықша орын алды . Бұл пьеса тек М .Әуезовтың ғана айтулы туындысы емес , бес жылдықтар дәуіріндегі жалпы қазақ драматургиясының жетістігі .  Шығарма шын мәніндегі тартыс туғызарлық , адам   характерін   ашарлық   түйінді   оқиғаларға құрылған . « Абай да » замана қайшылықтары ең ұрымтал тұсынан көрінеді . Пьесаның құрылысы мен тіл щеберлігі – драмашының биік творчестволық мәдениетінің дәлелі . Трагедия жесір дауы , әйел еріксіздігі мәселесі зор көркемдік күшпен көтерілді . Орталық қаһарман Абайдың тұлғасы бірін-бірі сүйген жазықсыз жастар – Айдар мен Ажарды өлім қаупінен алып қалуы үстінде ірілініп көрінеді . Бай ауылдың қалыңдығы Ажардың ғұрып « бұзуы » , кедей жігіт Айдарды сүйюі ескі феодалдық заман ұғымы бойынша адам естіиеген сұмдық болып көрініп , қиян-кескі дау тудыратын оқиға . Міне , осындай шытырман тартысқа Абай батыл араласып , сүйіскен жастардың басына азаттық әперді .

Қазақ эпосының сарынымен жазылған « Айман – Шолпан » ( 1934 жылы ) , « Қарақыпшақ Қобыланды » ( 1945 жылы ) пьесалары М .Әуезовтің драматургия жанырындағы елеулі шығармалары . 1934 жылы қазақ музыка театры шымылдығының « Айман – Шолпанмен » ашылуы үлкен мәдени оқиға болды . Қазақ фольклорын терең зерттеген драмашы эпостың қазынасынан жаңа мағыналар таба білді , оның қазіргі заманға үндес келетін қырларын ашты .

« Қарақыпшақ Қобыланды » — халықтың қаһармандық жырлаындағы өшпес идеялары – асқан оотаншылдық , теңдесі жоқ ерлік сарындарын жаңғырта көрсету арқылы мәдени мұраның сарқылмас көздерін ашудың жақсы үлгісі . Сонымен қатар бұл ауыз әдебиеті шығармаларының көркемдік тәсілін дүниедегі ең өскелең социалистік реализм әдебиетінің қажетіне жаратудың да жаңа дәстүрі болып табылады . Пьесадағы Қобыланды – ел азаттыған ту қып көтерген үлгі тұрар бейне .

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Қазақ әдебиеті газеті 1990 жыл

2.Қазақ әдебиеті 11-сынып 2003 жыл

3.Ахаң туралы ақиқат «Қазақстан» «Шапағат» 1992 жыл


ПІКІР ҚАЛДЫРУ