Мұхтар Әуезовтың «Қараш-қараш» оқиғасы (Сабақ жоспары)

0
1508

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі – оқиға мазмұнын пайдалана отырып, оқушылардың кейіпкерлерге толық мінездеме беруіне, тағдырына ортақтаса алуына мүмкіндік туғызу, кейіпкерлер арасында ізгілік қарым-қатынасты талдау.

ә) дамытушылығы — оқушыларды көркем әдебиетті оқуға   ынталандыру; ой-өрісін кеңейту, сөйлеу тілін дамыту, тіл мәдениетіне көңілдерін аударту.

в)тәрбиелігі — Шағын топпен бірлесе ынтымақпен жұмыс атқаруға,   салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуге, қастерлеуге, бірігіп қорытынды  жасауға  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ
Типі: СТО

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, ойлау, дәлелдеу, топтастыру

Көрнекілігі: кестелер

Сабақтың өту барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі:
-Сәлемдесу
-Оқушы назарын сабаққа аудару. Оқушыларды топқа бөлу.

Қызығушылықты ояту. 
— Балалар, өзіміз оқып жүрген сүйікті пәніміз әдебиеттің адам өмірі үшін қандай маңызы бар? Қалай ойлайсыздар.

І.  Үй тапсырмасын тексеру


1.М.Әуезов «Қараш-Қараш» оқиғасының тақырыбы неде?
2.Оқиғаның басты идеясы не?
3.Повесттің жазылуына негіз болған кім?
Оқиғаның композициялық құрылымына талдау

Оқиғаның композициясы Дәлелдеме
1 Оқиғаның басталуы
2 Оқиғаның байланысы
3 Оқиғаның дамуы
4 Оқиғаның шиеленісуі
5 Оқиғаның шарықтау шегі
6 Оқиғаның шешілуі

 

ІІ Мағынаны тану
Оқиғаның кейіпкерлеріне талдау жұмыстары

Оқиғаның кейіпкері Іс-әрекеті Адами қасиеті Баға беру

 

ІІІ «Алтын сақа» (2 топқа ойын) номерленген асықтар бойынша тапсырмаларды орындау.

  • 1.     Ұзаққа созылған сары ауруға шалдыққан шағында Тектіғұл ағасы мен жеңгесінен нені тілек ететін еді?
  • 2.      Бақтығұл іздегенім «осы дегендей» көп ойланбастан, атына жабысқан бойда қаршыға тастайтын аңшыдай қисайыңқырап келіп,… мойнына  қыл арқан бұғалықты тастап кеп жіберді. Қандай  малға бұғалықты салды?
  • 3.     Арада тағы бір-екі  жұма өтер — өтпесте Тектіғұлдың қатал тағдыры, маңдайына жазылған қазасы жетті. Артында өксіп-өксіп кеп жылап, Бақтығұл інісінің қазасына не деп қайғырды?
  • 4.     Бақтығұлдың үш баласының атын ата.
  • 5.      Тектіғұл анығында қандай еді? Бізге жазушы болып Тектіғұлдың портретін айтып беріңдер?
  • 6.     Ауру жігітті қолына көтерген ағасы енді  төсекті салған әйелі Қатшаның қасына алып келді де былай деді.(ойды өрбіт)
  • 7.     Арада қанша уақыт өткенін Бақтығұл білмейді. Ол есін   жинағанда, ең алдымен сезгені не еді?
  • 8.      Ел ішіне келген қалың аурудан әке-шеше қатар тартып жығылып, араларына екі-ақ күн салмай, әуелі шеше, артынан әке өлді.Қандай аурудан қайтыс болды?
  • 9.      Он жылғы еңбегім бір жылғы киімге татымаса, малыңның құлағын… Мені қырып ал, өлер жайым жоқ дейді. Соған долданған Сәлмен бай Тектіғұлды қалай жазалайды?

ІҮ Ой-толғаныс
Екі түрлі түсініктеме күнделігі


1. Бақтығұлдың бес жасар баласы кім?
2. Тұрар Рысқұловтың әкесі.
3. Абайдың туған өлкесінде дүниеге келген кім?
4. Бақтығұлдың жары кім?
5. Мұхтардың әкесі кім?
6. Бақтығұл кімді өлтірді?
Ү. Үйге тапсырма.
Ұнаған кейіпкерлерге хат  жазу
ҮІ. Бағалау
— Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

Ұқсас материал: 

  1. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
  2. І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жақтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па?
  3. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз
  4. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сы туралы түсінік (І том)
  5. Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы»,«Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
  6. Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз
  7. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз
  8. А. Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психологиясын талдап жазыңыз
  9. М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма?
  10. М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дəлелдеңіз
  11. Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
  12. Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын жазыңыз
  13. Жаяу Мұсаның қиянатқа жазылған “Ақ сиса” өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңдар
  14. Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз
  15. Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз
  16. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  17. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ