Құм терапиясы — үйіңізде

0
1845
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

Барлығымызға, балалардың құм алаңқайында мәз-мейрам күйде отырып алып, құштар қызығушылығымен ойнап кететіні және үйге қайтар уақытта «ойнаймын» деп байбалам салатыны белгілі шығар. Иә, балалар құммен ойнағанды жақсы көреді.  Олар ұзақ уақыттап су жағасында құмды сумен араластырып әр түрлі формалар мен шелектерге салып, неше түрлі қамал, қалашықтар, бейнелерін жасап, тіпті, кейде өздері құмға аунап ойнайтынына да куә шығарсыз.

Ал, бұл ойынның қандай тұстары тартымды екеніне үңілейікші…

Құм — борпылдақ, сусылдақ және түрлі формаға келетін иілгіш табиғаттың медициналық пайдасы бар сыйы.  Тіпті, ежелгі үнді адамдары да құм арқылы жағымсыз энергиядан арылуға құмды пайдаланған. Тибет монахтары әлі күнге дейін әр түсті құмды жағымсыз энергиядан арылу мақсатында қолданып келеді.

Біз құмды арттерапияда жиі қолданамыз. Психотерапевттер пікірінше құм ең жоғарғы ассоциацияларды шақыратын,жан дүниеңдегіні сыртқа шығаратын керемет материал екен. Ал, арнайы арттерапевт мамандар құм-баланы агрессиядан арылтып, саусақ рецепторларына медициналық ем – шара жасағандай, жайлылық қасиетін беретін ешбір таптырмас құрал деп , құм терапиясын балабақша қабырғаларында пайдалануды ұсынады.

Балаға тек жаз мезгілінде немесе теңіз жағалауына барып қана емес, үй бұрышынан «құм алаңқайын» жасауға болатынын әрбір ата-ана білуі тиіс. Ол үшін бізге төртбұрышты жәшік немесе поднос жетеді. Пайдаланатын құмымыз сарғыш немесе ақшыл-қоңырқай түсті  және залалсыздандырылған болуы тиіс. Ол үшін, алынған құмды духовкада қыздырып алғанымыз жөн.

Әдетте ,құм терапиясын арнайы мамандар жүргізеді. Бірақ,ата-аналар қолдануға болатын көптеген модификациялар да бар. Мәселен, құмды формаларға немесе шелекке құю,сүзгіден өткізу, ожау-қасықтармен аударып-төңкеріп, басқа ыдысқа төгу, ылғал құм бетіне саусақпен із қалдыру немесе «қалашық, қамал, үшбұрыш» формаларын жасау т.б.

Ата-ана назарына әртүрлі жастағы балаларға арналған терапиядағы әдістерді ұсынамыз. Бұл құм терапиясындағы әдістер, тек ойнауға ғана емес:

  • Эмоциялық көңіл-күйін қалпына келтіруге;
  • Тактильді-кинестетикалық және қол моторикасын дамытуға;
  • Танымдық қабілеттерін арттыруға септігін тигізеді.

Құммен танысу (3 жастан бастап)

Мақсаты: психофизикалық ауырлықты жеңілдету

Балаға құммен өзі «танысуды» ұсыныңыз: яғни, өзінің жан дүниесі қалағанын жасасын: сипау, аударып-төңкеру, құм бетінде сурет салу; бала құмның күйі қандай екенін сезінуі керек: салқын немесе жылы, жұмсақ немесе кедірлі т.б.

Осыдан кейін, өзіңіз, әуелі оң қолыңыздың бір саусағын ,кейін, сол қолыңыздың бір саусағын , одан кейін екі алақаныңызды бірдей салыңыз.  Құмды алақанмен жинап алып, кері, құм бетіне баяу құйыңыз.  Осыдан кейін, жұдырықпен алып, саусақтарыңыздың арасынан құмды өткізіңіз. Құмды алақаныңызды ішіне, сыртына құйып көрсетіңіз, құмның қытықтағанын бала сезінуі тиіс.  Бала осы әрекеттерді қайталату керек. Кейін, осы құрғақ құммен жасаған қимылды ылғал сумен де өткізіп көрсетіңіз. Бала құрғаө және ылғал құмның айырмашылығын сұрап-түсіндіру жұмысын жүргізіңіз.

Бөтелкеге құмды құю (3 жастан бастап)

Бөтелкеге түтікше (воронка) арқылы құмды белгілі бір сызылған деңгейге дейін құю керек.  Алдын-ала бөтелкелерге өлшем ретінде фломастермен сызып қою керек (бөтелкенің төменгі жағы,ортасы, жоғарғы жағы). Енді, құмды бөтелкелерге бір-біріне түтікшесіз құю ұсынылады.

«Құм жауыны» (3 жастан бастап)

Құм елінде жаңбыр жауатыны және құм дауылы соғатыны жөнінде әңгіме құрыңыз. Құмды жұдырықпен алып, құм жәшігіне , екі алақан сыртына құю керек. Осы жерде « жаңбыр баяу басталды» деген, ісөқимылды сипаттап отыру керек. Осыдан кейін, балаға көзін жұмуын сұраңыз. Баланың бір саусағына құмды құйыңыз. Бала көзін ашып, қай саусағына құм құйылғанын табу керек. Енді, түтікшені алып, құмды үріп көрсетсеңіз,. Осы жерде, мұқият болу керек, өйткені, құмның тыныс алу жолдарына түсіп кетпеуін қадағалаңыз. Құмға үру арқылы , құм бетіне неше түрлі сызықтар, шұңқырлар жасауға болады.бала шынымен де жақсы әсер алатынын байқайсыз.

«Құмдағы іздер» (3 жастан бастап)

Ылғал құм бетіне жануарлар ізін өрнектеуге болады:

« аю ізі»- жұдырықпен басмыз

«жылан ізі»-саусақпен құм бетіне толқын іздер қалдыруы тиіс

«жәндіктер ізі»-алақанды аша саусақтарымызбен тез-тез із қалдырамыз.

 

«Құмдағы жасырынбақ» ( 4 жастан бастап)

Құм арасына кішкентай ойыншық жасырылады. Бала ойыншықты табуы тиіс.

 

Медиативті сурет (4 жастан бастап)

Біз құмды әртүрлі түске бояй аламыз.  Ол үшін акварель краскасы мен су қажет.  Кепкен уақытта құммен әртүрлі суреттер сала аламыз.

 

Дефектолог: Жандауова Гулнафис

Орал қаласы №48 «Мұрагер» бөбекжайы

 

 

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ