Қазақстанның құстары. Үкі мен құр

0
1236
Freepik.com

Үкі — орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ.

Ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. Ұясын жасыруға болатын жерге салады. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Дене мөлшеріне қарай 2-ден 12 ге дейін жұмыртқа басады. Қоян, тышқан секілді кемірушілерді аулап, пайда келтіреді.

Үкіні қазақ халқы қасиетті құс санайды. Оның қауырсынындағы бедер Құранның құпияланып жазылған нұсқасы деп баланың бесігіне, бас киіміне таққан. Сонымен қатар бақыт, табыс әкеледі деген сеніммен ақын,әншілер бас киімдерін, домбыраларын үкілеген.

Құр. Ол орман құсы. Қазақстанда құр, ақ құр, тундра құры, сұр құр, меңіреу құр деген түрлері кездеседі. Ұяларын көбіне қайың ағашына салады.

Құрлар тобы қыс бойы бірге  жүреді. Көктемнің басында бір-бірінен бөлініп, ерекше құрқылдап қораздана бастайды. Орман алаңқайында қораздардың бірі құйырығын желпуіш тәрізді көтеріп, мойнын аспанға созып, айдарын үрпитіп, қанатымен жер тырнап, секіріп, айналып жүреді. Осы кезде алаңға ұшып келген басқа қоразбен жойқын талас басталады. Құрлар арасындағы бұл шу бірнеше күнге созылады.

1-2 жасарлары қораздануға ересектерден кейін қатысады. Жеңгені мекиендері иемденіп,жұптасып ұя салуға кіріседі. Бұл жұп уақытша ғана сақталады. 1-12 арасындағы жұмыртқаны аналық құр басып шығарады.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Биология пәні бойынша басқа да ақпараттар: 
  1. Қоқиқаз бен аққу құсы

  2. Қазақстанның құстары. Шырша қайшыауызы мен самыркеш туралы

  3. Бекіре мен табан балығының айырмашылығы

  4. Көксерке мен қортпа балығы

  5. Алабұға және сазан балығы

  6. Қазақстанның балықтары. Жайын мен шортан туралы мәлімет

  7. Қазақстанның өсімдіктер дүниесі. Тораңғы, қырыққұлақ, арша туралы
  8. Үштүсті шегіргүл, күймесгүл, атпақияр өсімдігі

  9. Дүңгіршек пен таушешек өсімдігі туралы мәлімет
  10. Қамыс және ақ тұңғиық өсімдігі

  11. Биологиядан тест тапсырмалары жауабымен
  12. Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Биология пәнінен сабақ жоспары


ПІКІР ҚАЛДЫРУ