Қоқиқаз бен аққу құсы

0
2116
Freepik.com

Қоқиқаз — дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құс. «Қызыл қанат» деп те аталады. Қорғалжың қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып, сүзіп алып қоректенеді.

Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады. Қоқиқаздар жүздеп, мыңдап бір  маңға ұя салып, жұптарын жазбайды. Ұядағы 2-3 жұмыртқаны кезектесіп басып шығарады да, алғашқы екі айда құрамы дәрумендерге бай «құс сүтімен» асырайды.

Жеген тамақтарын асқазанында өңдеп, тұмсығын  балапан аузына апарғанда 29%-ы қаннан тұратын ашық қызыл түсті сұйықтық тамшылап ағады екен. Ересектері ұшып кеткенде балапандарға қарауға қалған 1-2 «тәрбиеші» қоқиқаздардың  мыңдаған балапанды жүзуге апарып, ұясына қайтаруды адамдарды таң қалдырмай қоймайды.

Аққу. Құстардың ең әдемісі, көлдің сәні — аққу. Оның түсі аппақ, мойыны ұзын, салмағы 7-13 килограмға дейін жетеді. Ел аузындағы аңызға айналған талғампаз, тәкаппар сұлу құс. Халық оны «құс падишасы» дейді. Қазақ халқы аққуды қасиетті құс деп, оған тимей, қайта оның маңында көбірек жүруін ұнатады. Аққудың сұңқылдап ұшқаны, айдын көлде кербездене жүзгені, кіршіксіз денесімен маң-маң басқан сазды қимылы — бәрі сұлу көрінді.

Олар наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айында ұшып кетеді. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшелігіне байланысты сұңқылдақ, сыбырлақ деген екі түрі кездеседі. Тұмсығының жиегінде үлкенді-кішілі тісшелері болғандықтан, тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады.

Негізінен, су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді. Аққу ұясын жұптасып, қамысы нулы, суы таза, тұщы көл жағасына салады. 3-7 жұмыртқаны 35-40 күнде басып шығарады. Балапандары ширақ келеді. Ал аталығы ұясын, балапандарын қорғайды. Бір ерекшелігі — жұптарын өлгенше жазбайды. Халқымыз жас жұбайларды қос аққуға осы себептен теңеген.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Биология пәні бойынша басқа да ақпараттар: 
  1. Қазақстанның құстары. Шырша қайшыауызы мен самыркеш туралы

  2. Бекіре мен табан балығының айырмашылығы

  3. Көксерке мен қортпа балығы

  4. Алабұға және сазан балығы

  5. Қазақстанның балықтары. Жайын мен шортан туралы мәлімет

  6. Қазақстанның өсімдіктер дүниесі. Тораңғы, қырыққұлақ, арша туралы
  7. Үштүсті шегіргүл, күймесгүл, атпақияр өсімдігі

  8. Дүңгіршек пен таушешек өсімдігі туралы мәлімет
  9. Қамыс және ақ тұңғиық өсімдігі

  10. Биологиядан тест тапсырмалары жауабымен
  11. Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Биология пәнінен сабақ жоспары


ПІКІР ҚАЛДЫРУ