Магистратура мен докторантураға қабылдау қай уақытта басталады?!

0
1816

2018 жылы магистратураға, резидентураға және докторантураға өтініштерді қабылдау мерзімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына өтініштерді қабылдау шілденің 3-нен 31-не дейін жүргізіледі.

Шет тілі бойынша магистратура, резидентура және докторантураға түсу емтиханын және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу 10-15 тамыз аралығында өткізіледі.

2018 жылы оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар үшін таңдау бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен және мамандық бойынша ағылшын тіліндегі тесттен тұратын кешенді тестілеу жүргізіледі.

Дереккөз: Ұлттық тестілеу орталығы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ