Мамандықты дұрыс таңдай біліңіз

0
1479
Иллюстрация: Freepik.com

Бүгінде кейбір түлектер бір парақ диплом үшін ғана оқу орнына түседі.Олар үшін қандай маман болатының емес,көк қағаз ғана маңызды.Олар үшін өзіңнің болашақтағы жұмыс орныңа қандай жаңа идея беретінің емес,жұрттың «дипломы жоқ» деген қауесет сөзі маңыздырақ.

Оқу бітірген түлектер  «юрист,экономист,инженер » т.с.с мамандықтарды бітіріп алып,өздері ол салаға мүлдем қатысы жоқ жұмыстарды жасап жүргендер қаншалық.Бармен,официант, сатушы,сату бойынша менеджер т.с.с вакансияладың иелері-бүгінде сол жоғарыдағылар. Жоғарыдағы жоғары білімі бар адамдар.Ондай адамдарды мен тым әлсіз дер едім…Ондай адамдар бір саланың жілігін шағып, майын ағызып түбіне жетудің орнына, оңай жолды іздейді.

Әрине ,60 мыңдық бастапқы юристің айлығын алғанша,200 мыңдық айлығы бар бармен болған тиімдірек. Біріншісінде, өзіңнің еңбегіңе, талабыңа орай өсесің. Тек шыдамдылық,уақыт керек.Екіншісінде, бір орында тек қайталана беретін сусындарды білсең болды, артық миға салмақ салудың қажеті жоқ. Бірақ, екіншісінде өсу жолы да жоқ.Біздің әлсіздігіміз де осы.Шыдамдылық жоқ,күткенді ұнатпаймыз. Дайын тұрған піскен алмаға қол соза салғымыз келеді.Ал,сол алма ағашының қалай өніп, өсіп, гүлдеп,алма бергені ешкімге маңызды болмауы мүмкін.Ешкім ол туралы ойламауы да мүмкін.

Жоғарғы оқу орны түлектерінің өз мамандығы бойынша жұмыс жасамау статистикасынан да біршама сол оқу орындары жабылды.Біз оған тек білім бере алмайды деген оқу орнын ғана емес,тарыдай талпынбаған ,өз мамандығына бейжай қарайтын студентті де кінәлауымыз керек.

Қазіргі заман-ізденістің,бәсекелестіктің заманы.Түсінемін, барлығы бір мәжбүрліктен, ақша тапшылығынан не әркім өз уақытын,күш-қуатын үнемдеуінен осындай жағдайлар көрініс тауып отқан болар. Бірақ, әркім өзі сүйіп, жақсы көріп,қызығып түскен мамандығында ғана жеңіске жететініне сенімдімін. Мамандық таңдарда алдын-ала «анам айтты, әкем айтты,көрші айттыны «қою керек.

Көп түлектер оқу бітірерде нақты не қалайтынын білместен танымал мамандықтардың біріне тапсыра салуы мүмкін.Осындай жайттар болмауы үшін біз баланың кішкентай кезінен қандай салаға икемді екенін біліп,сол салаға бейімдеуіміз керек.Биге жақын болса,биге беріңіз.Ән айтам десе,баланың сол жолда дамуына ерте бастан ата -ана ретінде септігіңізді тигізу керексіз.Сонда ғана жиырмаға жетістікпен жетіп,өзіне сенімді тұлға қалыптасады.

Дипломын енді қолына алып,оқуын жаңа бітірген студент хабарландырулардан жұмыс іздегенде «жұмыс тәжірибесі болу керек» деген талапты көреді.Оқуды кеше бітірген студентте қандай жұмыс тәжірибесі болсын.Сосын университетте оқығаным мүлде басқа,жұмыста жасайтынымыз мүлдем бөлек деп көзі шарасынан шығуы да ғажап емес.Мамандығына көңілі суып қалуы да мүмкін.Сол үшін түсетін мамандығыңызды жан -жақты зерттеңіз.Мамандық таңдауда сырттай бақылаушы ғана емес,тереңіне үңілген сарапшы болыңыз.

Қандай мамандық таңдасаңыз да,қалауды жүрекке салыңыз.Ақылмен де өлшеген жөн.Өз таңдауымызға сенімді болып, күдік туған жағдайда, оны жойғанда ғана біз өз мамандығымыздың дамуына кішкене де болсын ықпал ете аламыз.

                                                                                                                        Тұрлыбек Ұлжан
  Тұран университеті
   3 курс


ПІКІР ҚАЛДЫРУ