Мәңгілік ел — тарих шежіресіндегі шынайы шындық

0
2825

         Мәңгілік Ел болу- біздің өз қолымызда.Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек…

\r\n

                                                                                        Н.Ә.Назарбаев

\r\n«Мәңгілік Ел» деген ұғым ,менің ойымша, мәңгі өшпейтін дүние, мәңгілік ғұмыр, мәңгілік мұрат, мәңгілік атамекен, яғни сан ғасыр өтсе де тарих сахнасының бір қалтарысында қалып қоймайтын, « Мәңгі мемлекет» дегенді білдіретін сияқты. Сияқты емес- ау, дәл солай….\r\n\r\n    Бір сәт, өткен күндердің сары ала парағына көз тастар болсақ, кең даланы мәңгі қонысым деп, еркін жайлаған ұлы түркі бабаларымыз «Мәңгілік Ел» идеясын үш тұғырда, үш негізде қарастырған.\r\n\r\n    Бірінші, көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік»немесе « Ел» сөзінің бірлік мағынасында қолданылып отыруы. Екінші, ұлы ойшыл, дана ұстаз Әл- Фарабидің шығармаларында «Мәңгілік» сөзінің мазмұндық тұрғыда анық талдануы.Үшінші, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында мемлекетшілдік мәселесі арқылы мәңгі бірлік идеясының насихатталуы. Демек, бұл үш негізді сонау бағзы замандағы ғұлама, ойшылдардың айтып кеткен пікірлерімен бүгінгі таңдағы жасампаз ұрпақтың мазмұндық сабақтастығы деп айтуға толық дәлелдеме  бар.\r\n\r\n    «Мәңгілік Елміз» деп бүгінгі таңда бөркімізді аспанға атқанмен сол  «Елдік» деген атауға қалай жеттік десеңізші? Қиыны мен нәубеті мол қазақ тарихының толқынында «бірлік» деп жырлап бір жерге қайырлай алмай кеткен ұлыларымыздың тағдырын оқысақ, ащы өксік көмейіңе тығылары сөзсіз. Ақ киізге көтеріліп,елдің бейбіт өмір сүруін аңсап,күрескен, ақылына ерлігі сай хандар мен сары даланың сайын төсінде қазақтай  ұлы халық бар екендігін сазды сөздің сиқыр –күшімен паш еткен  Абайдай даналардың , жайбарақаттықтан оянатын, жасампаз ұлт болу үшін алға ұмтылатын, білім мен ғылымның терезесін басқа ұлттармен тең ұстайтын кезің келді деп шырылдап, шарқ ұрған Мағжан, Сәкен, Ахметтей зиялылардың жанымен, қанымен келді- бұл ұғым…\r\n\r\n«Бір сөзге тұрған, бір ақ сөз шешкен қазақтың қилы тағдырын» деп бағзы замандағы ғұламаларымыз айтып кеткендей, дуалы ауыздан шыққан киесі мол сөздердің шебер иелері ел бірлігі мен тыныштықты сақтап отырды. Олай дейтінім, «Абылайлап» жыр төгіп, ұлы Абылай ханның тұсында өмір сүрген Бұхар бабамыздың жырлаған жырларына назар салсақ елдік ұғымы, бірлік , татулық ұстанымы туралы айтқан ақыл, нақыл сөздерін көре аласыз. Шешен, шебер сөздің майталмандары  қарапайым халықтың бейбіт өмір сүруіне, баласының өзге елдің құлы, қойнындағы жарының күң болмауына жан ұшыра араласып, ел мен елдің ынтымағын сақтау үшін дипломатиялық негізде қызмет атқарған десем де болады.\r\n\r\nОйланып отырсам, адам өзінің кеудесіндегі жанын оңайлықпен қия салмайды ғой. Яғни айтқанда, жан беру оңай емес.Елімізді хандар мен билер, болыстар мен старшындар басқарған заманда да, ұлы Отан соғысы жылдарында да, Желтоқсан оқиғасында да елін шын сүйетін, халқын құрметтейтін талай батырлар мен оқыған зиялылар, қыршын жастар мерт болғанын бәріміз білеміз. Бұл оқиғалардың болу себебін тарих сахнасы ешқашан өшіре алмайды. Бұл біздің – өткеніміз. Сондықтан да біз өткенге қарап, ой түзейміз. Мәнді өмір сүру үшін жақсылықтарға талпынамыз.\r\n\r\nМен мектеп табалдырығында оқитын жас бозбала , бойжеткен болсам да, ауызбіршілік дегеннің не екенін жақсы сезінем. Егемендікке қиындықты тықсыра отырып жеткен қазақ халқының «Мәңгі Ел» атануына толық мүмкіндігі бар деп есептеймін. Олай дейтінім, әлем елдері арасында көрегенділігімен  оқ бойы озық тұратын Елбасымыз бен оның сарабдал саясатының арқасында біздей оқу мен білімге жаны құмар, тәні сау, қабілеті қарымды, ойлау қабілеті зерделі ұрпақтың нұсқалған жолдан тайып, қателесуі мүмкін емес! Ешкімді өмір бойы жатсынбай, бір үзім нанын бөліп берген ардақты халқымның ертеңі болар біздей жастардың арманы мол, асуы зор!\r\n\r\nИә, алда алар асуымыз бен шығар биігіміз мол! Тек « Ел мен Жер» деген  астарлас ұғымның мән- мағынасына тереңірек зер сала отырып, жалқаулық пен бойкүйездік деген адам бойына жат бәледен аулақ ұстанып, тек алға ұмтыла беруіміз керек деп ойлаймын…\r\n\r\nБір орында тұрып қалған судың да бұзылатыны белгілі болғандықтан, қамшының сабындай қысқа өмірде әрбір қазақ деп соғатын кеудесінде жұдырықтай жүрегі бар адамзат көрінген шыңның шынар биігіне қарай ұмтылуы тиіс қой. Сондықтан да, дүниежүзінде қазақтай халықтың , тегеуріні мықты мемлекетіміздің мәңгі жасауына және ұрпақтан- ұрпаққа өшпестей із қалдыруына  Мен өз үлесімді қосамын! Өйткені, Мен- елімнің нағыз патриотымын! Бұл- шынайы шындық!\r\n\r\n \r\n\r\nЖамбылов Бекен