ХИУАЗ ДОСПАНОВА АТЫНДАҒЫ ТУРНИР ӨТЕДІ

0
2530

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай, қазақтың алғашқы ұшқыш қызы, «Халық Қаһарманы» Хиуаз Доспанова атындағы қалалық математикалық турнир өтеді. Турнирге 5 — 11-сынып оқушылары қатыса алады. \r\n\r\nТурнир тапсырмалары «Алгорифм» журналы бетінде жарияланған есептерден беріледі. Турнир жеңімпаздары «Алгорифм» республикалық физика-математика журналының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. \r\n\r\nТурнир 19-20 қараша күндері «Алгорифм» физика-математика лицейінде өтеді. Лицейдің мекен-жайы: Алматы қаласы, «Алғабас» ықшам ауданы, Қазтуған жырау көшесі, 30-үй (№178 лицейге қарама-қарсы орналасқан).\r\n\r\nТіркеу қараша айының 16-жұлдызына дейін жүргізіледі. \r\n\r\nҰйымдастырушы — «Алгорифм» республикалық физика-математика журналы.\r\n\r\nТурнирге қатысу құны — 1000 теңге. \r\n\r\nБайланыс телефондары: 392-54-44, 392-54-42, 392-54-39, 8-708-805-08-03.\r\n\r\nЭл.пошта: algorifm-2015@mail.ru 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ