МӘРТЕБЕЛІК жастар жеңіс тұғырынан көрінді

0
1328
Қызылорда қаласы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-де  университет түлегі С.Бермағанбетовті еске алуға арналған студент-жастар арасында   «Құмда қалған сағыныш» атты ақындар мүшайрасы және «Жарқ еткен жасын ғұмыр» деген тақырыпта эсселер байқауы өткізілді.
 Шара мақсаты журналист С.Бермағанбетовті  еске алу, жастарды қолдау және олардың шығармашылығын дамыту.
 Сыр елінің өнерлі жастары сайыстың көркін қыздырып, жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.  Бұл сайысқа біздің «Мәртебелік өрендер» де қатысқан болатын. Ақындық өнерімен көпшілікті тәнті еткен, «АЙСЕР еріктілер жасағының» мүшесі Совет Төрехан І орынды иеленсе, «Ізденіс жолы» журналының жауапты хатшысы Айдана Махамбет эссе байқауында ІІ орынға ие болды.
 Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз. Тек жеңіс тұғырынан көрініңіздер! 
 
Ізгі ниетпен МӘРТЕБЕ.kz сайтының ұжымы 
 
                                                    Сайыстан фоторепортаж
10408938_1409912459312166_2847922027675140372_n
Әділ қазылар алқасының құрамында ф.ғ.д. , профессор Бағдат Кәрібозұлы, белгілі ақындар Дүйсенбек Аяшұлы, Толқын Қабылша, кафедра меңгерушісі Ғабит Әнешұлы болды
11024957_1410390679264344_462571349_o
                 Суретте  Айдана МАХАМБЕТ 
 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ