Мәтін түрлері

0
103368
«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ МӘТІН ТҮРЛЕРІН ИГЕРУДІҢ ТИІМДІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫРЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Сабақтың тақырыбы: Мәтін түрлері.
Мақсаты:  Мәтіннің түрлері туралы ұғымды талдау. Оқушылардың өз-ара байланыстырып сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Мәтін түрлерін бір- бірінен ажыратып, оны дұрыс құра білуге машықтандыру; Мәтінді түсініп оқуға дағдыландыру, сөздік қорларын молайтудың жолдарын қарастыру; шәкірттерді өз бетінше ойлай білуге, ізденуге үйрету; ұйымшылдыққа, достыққа, білімді терең меңгертуге ынталандыру.
Әдістемелік бағыттар: сұрақ-жауап, талдау, проблемалық ізденіс, салыстыру, ойындар ойнау.                                              
Көрнекілігі: мәтін түрлері, суреттер, кестелер.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
Психологиялық сәт:  Ана тілің арың бұл,
                                     Ұятың боп тұр бетте.
                                     Өзге тілдің бәрін біл,
                                     Өз тіліңді құрметте.
ІІ. Топқа бөліну: Дауыссыз дыбыстардың түрлеріне қарай 3 топқа бөліну.  (23 оқушы)
   1 топ: Үнді: л, м, н, ң, р, й,  (у);
   2 топ: Ұяң: б,в, г, ғ, д, ж, з;
   3 топ: Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, һ,    ц, ч, ш, щ.
Топ ережесін ұсыну.

  • Тәртіп сақтау;
  • Ой қосу;
  • Біреудің ойын тыңдау;
  • Ашуға жол бермеу;
  • Топты қолдап отыру.
(Жұмыс барысында тәртіп бұзған оқушыға ескерту беріліп, жақсы жауап берген оқушының жақсы бағаға ие болатынын хабардар ету.)
ІІ. Білімді тексеру:
 Әр түрлі сөйлемдердің ішінен керекті сөйлемдерді таңдап алып, мәтін құрастыру.
Мысалы: Теміржол маңында байқа! Рельстерге отыруға болмайды. Жалбыздан дәрі дәрмек жасалады. Жүріп келе жатқан поездан түсуге, мінуге болмайды.
-Қай сөйлем артық?         
-Сол сөйлемді алып тастасақ, қандай өзгерісті байқаймыз?
-Мәтін деген не?
-Мәтін құрылымын ата?
-Мәтіннің басталуы, негізгі бөлімі, соңы болады.

         Мәтін бөліктері
Басы

    • Негізгі бөлім
  • Соңы
 
 
 ІІІ.Дәптермен жұмыс: Бүгінгі күнді дәптерге жазу. Көркем жазу жолдарын толтыру.
Жиырма жетінші қазан.
Х х
 Хат  хайуанат саяхат  шах
 ( Х дыбысы сөздің басында, ортасында да, аяғында да кездеседі).
ІV. Мақсат қою кезеңі:
«Хатшы» ойынын ойнау. Мәтіннің түрлерін ажырату.
Әр топтан бір хатшыдан шығып үш түсті хаттың бірін алып тобына тапсырады.
Әр хатта жаңадан басталған сөйлем жолдары бар. Оқушылар топ болып сол сөйлемді сұрақ бойынша аяқтап, жазу керек. Соңында ереже шығарады.
    • топ
  • топ
  III-топ

Дәулет мектептен келді. Әжесі аулада жүр екен.

Ол көмек керек екенін айтты. 

  Біздің ауыл көлдің жанында орналасқан. Балқаш көлі Қайнамаған суды ішуге болмайды.
Дәулет не істеді? Ол қандай көл? Неліктен?
…     …      …..      …. Әңгімелеу мәтіні. …    ….     ….      …… Сипаттау мәтіні.  ……       ……       …… Пайымдау мәтіні.
 Ереже шығару:
  1. Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер іс-қимылды білдіреді. Сұрағы: Не істеді?
  2. Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер заттың сынын білдіреді. Сұрағы: Қандай?
  3. Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Сөйлемдер себебін ашып көрсетеді. Сұрағы: Неліктен?
 

       Мәтін  түрлері

Әңгімелеу  мәтіні

Не істеді?

Сипаттау мәтіні.

Қандай?

Пайымдау мәтіні.

Неліктен?

    1. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.
149-жаттығу. Әңгімелеу.
-Мәтін не туралы?
-Мәтінге қандай ат қоюға болады?
-Мәтін неше бөліктен тұрады?
-Әр бөліктің қандай жолдан басталып жазылғанына назар аудару.
-Әр бөлігіндегі сөйлемге сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін ажырату.
 
Түрлері:      Әңгімелеу                   Сипаттау                      Пайымдау.
                   Не істеді?            Қандай?                        Неліктен?
 Мәтіннің басқы бөлігін көшіріп жазу.
Оқушылар көшіріп болған соң барыс жайлы қосымша мәліметтер айту.
Қазақстанда барыс Іле Алатауында мекен етеді. Барыстың саны тым азайып кеткендіктен Қызыл кітапқа енгізілген.
VІ.Сергіту сәті:  
VII.Қорытынды бойынша түсінгендерін бекіту: Топтық жұмыс:
 Әр топтың хатшылары өз тобына ашық хат әкеледі. Онда бір жануардың суреті бейнеленген тәж болады. Әр топ сол жануарды сипаттап мәтін құрап жазады да қорғайды. «Қандай?» сұрағын ескереді. Суреттер топтық ретке байланысты болмайды.
I-топ II-топ III-топ
Бүркіт Ақ аю Жолбарыс

…    …..     ….   …..

Мысалы: Бүркіт жыртқыш құс. Оның денесі ірілеу, көзі қырағы болады. Ол қанатын кең жайып ұшады.

……     ….    ….    …..

Ақ аюдың денесі ірі, терісі ақ түсті болады. Ақ аю жыртқыш аң.

…..     …..     ….    ….

Жолбарыстың терісінде қара жолақтар болғандықтан солай атаған. Оның тістері мен тырнақтары өткір болады.

VIІІ. Қорыту.
-Мәтіннің қандай түрлері болады?
-Мәтіннің қандай бөліктері болады?
-Мәтінді құру үшін не қажет?
      Рефлексия:

    1. Үйге тапсырма: 153-жаттығу.
    2. Бағалау: Сабақта белсенділік көрсеткен, тақтада және ауызша жаттығу жұмыстарын орындаған оқушыларды бағалап, мадақтау.

 ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫН ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛУ ҮШІН «ЖҮКТЕУ» БАТЫРМАСЫН БАСЫҢЫЗ!

                                                               ЖҮКТЕУ 
 
«Ұстаздар күні» мерекесіне ұстазыңызға немесе әріптестеріңізге ерекше сыйлық жасаңыз!
«Қазақстан үміті» және «Қазақстан ұстазы» төсбелгілері туралы толық ақпарат (сілтеме үстін басыңыз)
ТАПСЫРЫС БЕРУ
 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ