«ҚАЗАҚСТІН ҮМІТІ» ТӨСБЕЛГІСІ — БІЛІМДІ ЖАСТЫ ЫНТАЛАНДЫРАДЫ

7
3170

SKILLS ACADEMY мекемесі жыл сайын білім саласында жаңалық болатын жобаларды жүзеге асыруда. Соның бірі педагог мамандар мен оқушы жастарға арналған «Қазақстан ұстазы» және «Қазақстан үміті» төсбелгілері. Төсбелгілердің негізгі мақсаты: қоғамдағы білім саласы қызметкерлерінің рөлін айқындау және жастардың білімге, оқуға, ізденуге деген құштарлығын арттыру.

Еліміздегі жетекші оқу орындарының бірі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры Клара Қабылғазина жобамыз туралы өз пікірін білдірді.

профессор Клара Қабылғазина

SKILLS ACADEMY мекемесі жүзеге асырып жатқан жобаларының бірі — жастарға рухани дем, қуат беретін  «Қазақстан ұстазы» және «Қазақстан үміті» төсбелгілерін шығару. Шетелдерде, мысалы, Жапонияда ұстаздарды көпшіліктен ерекшелеп тұратын төсбелгі шығарылған. Халық сол белгіге қарап ұстазды таниды, сый-құрмет көрсетеді. Біздің елде де оларға деген  құрмет ерекшеленсе, сапалы білім деңгейінің артуына бұдан да зор үлес қосылатынына күмән болмас. «Қазақстан ұстазы» төс белгісін əрбір ұстаз кеудесіне таққанда өз қызметінің мəртебелі мамандық екендігін сезінеді, мұғалімді қоғамнан ерекшелеп, оған деген құрметтің артуына себепкер болады. Ал «Қазақстан үміті» төсбелгісі əр салада жетістікке жетіп жүрген оқушы, студент жастарға арналған. Жастар төсбелгіні кеудесіне тағу арқылы елдің үміті екенін сезіне алады, Отанға деген сүйіспеншіліктері оянып, елдің болашағы үшін қызмет жасауға ұмтылатын болады. Төсбелгілер ұстаздар мен жастардың күнделікті өмірде тағып жүруіне ыңғайлы етіп жасалған. 

«SKILLS ACADEMY»  мекемесінің алдағы уақытта да тартымды жобаларды іске асыруына, еліміздің білім саласының өркендеуіне  үлес қоса берулеріне игі тілек білдіремін.

Құрметпен, Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Клара Қабылғазина 

«Қазақстан үміті» төсбелгісі

Оқырмандарға түсінікті болу үшін толығырақ тоқталып өтейік. «Қазақстан ұстазы» және «Қазақстан үміті» төсбелгілерін алу үшін құжаттар талап етілмейді. Бұл белгілер педагог мамандарды көпшіліктен айқындап, оларға деген құрметті арттыру мақсатында шығарылған төс белгі. Төсбелгілерді сыйлық ретінде де сыйлауға болады. Егер мектеп жасындағы балаңызды оқуға ынталандыруды ойласаңыз, «Қазақстан үміті» төсбелгісі ерекше сыйлық болары сөзсіз. Сәйкесінше, ұстаздар қауымына да тосынсый жасасаңыз, қуанып қалары сөзсіз.

Ұстазы мен шәкірті

Бұл төсбелгілерді шығарудағы мақсатымызды жоғарыда айтып өттік. Төсбелгілерді халық жаппай тұтынса деген арманымыз болды. Бастамасы жаман емес. Алушылардың көпшілігі өз алғыстарын білдіруде. Төсбелгілерді мамыр айында жарық көрген OZATTAR — білім саласы үздіктерінің энциклопедиясына енген педагог мамандар мен оқушылар алған болатын.

Төсбелгілер

Төсбелгіні алушылардың пікірі

Алма (ата-ана):  Төсбелгі керемет! Ұлыма жақсы оқып жүргені үшін сыйлық жасағым келіп еді, төсбелгі керемет сыйлық болды. Балам формасынан шешпейді. Сапасы да  ұнады, дәл суреттегідей. Сатушыға рахмет, тапсырыс жылдам әрі уақытылы келді.

Әсел (оқушы): Сәлеметсіздер ме! Төсбелгіні уақытылы алдық. Сыныппен жиналып сүйікті ұстазымызға сыйға тарттық. Ұстазымыз риза болды. Меніңше, ұстаздарға алғыс білдірудің ең керемет жолы. Бағасы да, сапасы да керемет екен. Рахмет сіздерге!

Бақыт (ұстаз) :  Біз 6-сыныптың ата –ана комитетімін бірлесе отырып,  соңғы қоңырау кешінде үздік бітірген оқушыларға сіздердің төс белгілеріңізді сыйға тарту мақсатында тапсырыс бердік. Көп рахмет, уақытылы келді! Оқу жылы соңында оқу озаттарын осылай ынталандырсақ деген ойымыз бар. Үздіктерді осылай мадақтап отырғанымыз дұрыс деп ойлаймын.

Данияр (студент) : Сәлем! Ініме төс белгіге тапсырыс беріп едім, ұнады рахмет! Інім төс белгіні таққалы оқу үлгерімі жоғарлады. Ініме керемет мотивация болды. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін.

Алия (ата-ана) : Сәлеметсіздер ме! Сіздің сайттан ұстаздарға арналған төс белгіге тапсырып беріп едім, ұнады. Басында сапасыз зат келе ма деп қорқып едім, дегенмен сатушыларыңыз барлығын түсіндірген соң қорқынышым сейілді. Сапасы да жақсы екен. Рахмет сіздерге! Жұмыстарыңызға табыс тілеймін.

Марапатын алған қатысушылар

 

7 ПІКІРЛЕР

  1. Жақсы бастама. Бірегей форма тəрізді бұл төсбелгілерді де тағуға болатын сияқты

  2. Ауылдық жерге жеткізіп бере аласыздар ма?

  3. керемет маған ұнады тапсырыс беремін

  4. Сəлеметсіздер ме.Келген жаңа жылдарыңыз құтты болсын.Мəртебе КZ .ұйымдастырушыларына алғыс айтамын.2018 жыл мамыр айында Озаттар энциклопедиясына жəне Қазақстан төсбелгісіне ие болдым.Осындай балабақша педагогтарына жəне Ұстаздарға құрмет көрсетіп игі істеріңіз жалғасын таба берсін!!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ