Медиа-этика кітабы туралы

Ақпарат тарату, ақпарат беру, жөнді ақпарат қабылдау – бүгінгі қоғамның басты мәселелерінің бірі. Медиа саласындағы мәселелерді шешу мен ортақ тәртіпті сақтау, тығырықтардан шығу да жас журналистер мен ақпарат саласының мамандарына көп кезігетін қиыншылықтар қатарында.

Әрбір саланың өзіндік ортақ ережесі болатыны іспетті, медиа саласының да өзіндік этикасы, тәртібі бар. Мен бүгін «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағыты бойынша аударылған, Ли Энн Пек және Гай С.Рил есімді журналистер топтастырған «Медиа этика» кітабына пікір айтпақпын.

Мен Тұран университеті журналистика мамандығының  студентімін.Біз негізінен медиа саласының этикасын осы «Медиа-этика» кітабынан бастадық. Сырты түрлі-түсті бұл кітап басында маған өте қызық болып көрінді.Бұл кітап негізінен студенттер мен жас мамандарға бұқаралық ақпарат құралдары саласында кездесетін этикалық мәселелерді шешу жолдарын көрсетуге арналған.Еңбекке жарнама,жаңалықтар,қоғамдық қатынастар саласында жұмыс істейтін жас мамандар тап болған күрделі мәселелер мен шынайы оқиғалар арқау болған.Әрбір жағдаят кеңінен баяндалып,қатысушылар әрекеті арқылы жан-жақты ашылып көрсетіледі.Сондықтан оқырман «Мұндай жағдайда мен істер едім?» — деген ой үстінде болады.

Кітапта қамтылған мәселелер барлық медиа мамандарына ұшырасуы мүмкін,сондықтан тараулар мамандық бойынша емес,адалдық,сезімталдық және тепе-теңдік сияқты тақырыптарға бөлінген.

Менің пікірімше кітапта барлық мүмкіндіктер қарастырылған яғни,болашақ журналистке керекті ақпараттар көбірек кездеседі.Алайда сол жазылған ақпараттардың кейбірі түсініксіз болды.Яғни,ұғынуға қиындық соқтырды.
Кітап – студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен оңтайлы ұштастырып,өмірде кездесетін тосын,күрделі мәселелерден жол тауып шығуға баулитын тағлымды еңбек деп білемін.

 

Ерсайынова Бибақыт

Тұран университеті

3 курс студенті


ПІКІР ҚАЛДЫРУ