Механикадағы сақталу заңдары (сабақ жоспары)

0
4435

Дәрістің түрі: Теориялық сабақ (Жаңа сабақ)
Оқыту әдісі: Ақпараттық дамытушылық
Жаңа білімді меңгеру , құрама сабақ.
Дәрістің тақырыбы: Механикадағы сақталу заңдары.
Дәрістің мақсаттары:
Білімділігі: Оқушыларға күш импульсі, дене импульсі, қозғалыс мөлшері жөнінде түсініктер беру. Импульстің механикадағы  рольін және оның түрлерінің  өзара әсерлесу уақытына байланыстылығын сонымен қатар тұрмыста, практикада қолданатындығын түсіндіру.
Дамытушылығы: Импульстің заңдарының басқа заңдардан  айырмашылықтарын салыстыра білу  қабілеттерін дамыту.  Импульстің  сақталу заңдарын  пайдаланып, физиканың айла тәсілдерін қолдана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
Дәріс жабдығы: Инновациялық сызба материалдар, есептер жинағы, тест сұрақтары
Пәнаралық байланыс: химия, информатика.
Әдебиет:
Негізгі: Башарұлы Р., Байжасарова Г.З., Тоқбергенова У.К. Физика 10 сынып. Алматы: Мектеп 2014, 1-тарау,4-тақырып. 58-71бет, Импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс.Механикалық энергия және оның түрлері
Қосымша: ЖОО түсушілерге арналған оқу әдістемелік құрал. «Физика » пәнінен тест тапсырмалары мен есептер шығару жолдары.

Дәрістің барысы

1

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу; сынып болмесінің тазалығын тексеру; оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері); 
Оқушылардың назарын сабаққа аудару

5 минут

2

Білімдерін тексеру

Білім бағалау өлшемі

оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру

ІІІ топ «Зерттеушілер»

ІІ топ «Қолданушылар»

І топ «Аналитектер»

Бес балдық бағалау.

25 минут

3

Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі

Түсіндірілетін сұрақтар тізімі.

Қойылған сұрақтар бойынша тақырыпты өздігінен игеру.

 І топ «Аналитектер»

1Дене импульсі деп (дене массасы мен жылдамдығының көбейтіндісіне тең физикалық шама)

ІІ топ «Қолданушылар»

Берілген құрал-жабдықтармен маятникті жасап көрсетіңіздер

ІІІ топ «Зерттеушілер»

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Неліктен хоккейде қорғанушыны салмақтылау, ал шабуылшыны жеңілдеу әрі ептілеу болатындай етіп таңдайды?

25 минут

4

Оқушылардың өздік жұмысы

Жазбаша шығармашылық жұмыстарды орындау.

Тест  тапсырмаларын орындау.

1. Өзара әсерлесетін денелер жүйесі үшін импульстің сақталу заңы қандай жағдайда

орындалады?

А) құйынды өріс

В) тұйықталмаған

С) тұйықталған

15 минут

5

Тақырыпты бекіту

Үлестірмелі жазбаша деңгейлік тапсырмалар.

І Деңгей

1. 6 км/сағ жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан массасы 60 кг адамның импульсі қандай?

ІІІ Деңгей

1. Массасы 5кг денеге 10 Н күш 2 с бойы әсер етеді. Дененің күш әсерінен кейінгі импульсін анықтау керек. Дененің бастапқы жылдамдығы 3 м/с.

ІІ Деңгей

1. Массасы 50 кг бала 5 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатып,2 м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 100 кг арбаның үстінде қарғып мінді.Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады?

15 минут

6

Сабақ қорытындысы

Әр топ постерлерге «Инерция» деген тақырыпқа өз білімдерін жазады.

3 минут

7

Үй тапсырмасы

Башарұлы Р., Байжасарова Г.З., Тоқбергенова У.К. Физика 10 сынып. Алматы: Мектеп 2014, 1-тарау,4-тақырып. 58-71бет, Импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс.Механикалық энергия және оның түрлері

2 минут

Оқытушының қолы:_________________

Кафедра меңгерушісінің қолы: ______________

Әдіскер:______________

Сабақтың тақырыбы: Механикадағы сақталу заңдары.
Сабақтың мақсаты:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а. Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу,
в. ІІІ топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру:
І топ «Аналитектер»

Кестені толтырыңыздар

ІІ топ «Қолданушылар»

  1. Ньтонның І заңын практикада көрсетіңіздер
  2. Ньтонның ІІ заңын практикада көрсетіңіздер.
  3. Ньютонның ІІІ заңын практикада көрсетіңіздер.

ІІІ топ «Зерттеушілер»

 

Балалар қандай сөз шықты?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы.

ІІІ. Жаңа сабақ
Кітаппен жұмыс §12-13 оқу, керек анықтамаларды, формуларды дәптерге жазу.
Видеобейне көрсету. Импульстің сақталу заңы. Маятник.

І топ «Аналитектер»

  1. Дене импульсі деп (дене массасы мен жылдамдығының көбейтіндісіне тең физикалық шама)

2.Импульстің формуласы__(   = m  ) өлшем бірлігі: (кг м/с)

3.»Импульс»ұғымын енгізген  француз ғалымы (Рене Декарт)

4.Күш импульсі; I=(   )__ өлшем бірлігі _(Н·с)_

5.Тұйық жүйе дегеніміз не (өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің векторлық қосындысы өзгеріссіз қалады

6.Импульстің сақталу заңының формуласы (  )

ІІ топ «Қолданушылар»

Берілген құрал-жабдықтармен маятникті жасап көрсетіңіздер

ІІІ топ «Зерттеушілер»

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Неліктен хоккейде қорғанушыны салмақтылау, ал шабуылшыны жеңілдеу әрі ептілеу болатындай етіп таңдайды?

2. Мылтықтан атқанда неге кері серпілу болады?

3.Массасы әртүрлі екі вагон бірдей жылдамдықпен қозғалады. Егер бірдей күшпен қозғалысқа қарсы әсер етсе, вагондардың жылдамдығы қалай өзгереді?

Оқушылардың өздің жұмысы.

Тест тапсырмаларын орындау.

1.Дене импульсінің формуласы

А)   B)   C) 

2. Күш импульсі деп

А) Күш пен әсер ету уақытының көбейтіндісі

В) Күш пен жылдамдықтың көбейтіндісі

С) Дене массасы мен жылдамдығының көбейтіндісі

3. Импульстің сақталу заңының формуласы

A)

B) 

C) 

4. Күш импульсінің өлшем бірлігі

A) Hc B) Hм C) Н/с

5. Өзара әсерлесетін денелер жүйесі үшін импульстің сақталу заңы қандай жағдайда

орындалады?

А) құйынды өріс

В) тұйықталмаған

С) тұйықталған

6. Дене импульсінің өлшем бірлігі

А) кгм В) кгм/с С) кгм/с2

7. Денеге 10 с бойы 5 Н күш әсер етеді. Күш импульсін табыңдар.

А)50 Н с В)5 Н с С) 0,5 Н с

8. Күш импульсі мен дене импульсінің арасындағы байланыс қандай?

А)   B)   C) 

9.Массасы 10 кг дененің импульсі 50 кг м/с болғандағы дененің жылдамдығын табыңдар

А) 4 м/с В) 5 м/с С) 3,5 м/с

10. Импульс терминін білдіретін шамалар

А) Күш импульсі және дене импульсі В) Дененің жылдамдығы С) Дененің массасы.

Дұрыс жауаптар: 1.В, 2.А, 3.В, 4.А, 5.С, 6.В, 7.А, 8.C , 9.В, 10.А.

ІҮ. Сабақты бекітуге арналған есептер.

І Деңгей

1. 6 км/сағ жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан массасы 60 кг адамның импульсі қандай?

Бер:      1,6 м/с   60кг   96 кг  м/с

Т/к: 

ІІ Деңгей

2. Массасы 50 кг бала 5 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатып,2 м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 100 кг арбаның үстінде қарғып мінді.Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады?

Бер:       ( )

   3 м/с

  

Т/к: 
ІІІ Деңгей

3. Массасы 5кг денеге 10 Н күш 2 с бойы әсер етеді. Дененің күш әсерінен кейінгі импульсін анықтау керек. Дененің бастапқы жылдамдығы 3 м/с.

Бер:         35 Н

   

  +

t = 2 c 

Т/к: 

Ү. Қорытындылау: Әр топ постерлерге «Инерция» деген тақырыпқа өз білімдерін жазады.

ҮІ. Үйге тапсырма: Башарұлы Р., Байжасарова Г.З., Тоқбергенова У.К. Физика 10 сынып. Алматы: Мектеп 2014, 1-тарау,4-тақырып. 58-71бет, Импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс.Механикалық энергия және оның түрлері.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ