Мектеп құндылықтарының оқушының тұлға болуына ықпалы

0
3717
Иллюстрация: Freepik.com

 

Пән: тәрбие сағаты Педагог-ұйымдастырушы: Шәкірбаева Ә.С.
Күні: 20.01.2021 Қатысушылар:

7L сынып оқушылары мен ата-аналары

Қатысушылар саны: 50
Сабақтың тақырыбы «Мектеп құндылықтарының оқушының тұлға
болуына ықпалы»
тақырыбында ата-аналар мен оқушыларға
арналған кураторлық сағат
Мақсаты Мектеп шаңырағы, ата-аналар және оқушылар
бірлесе отырып, мектеп құндылықтарын
оқушылар санасына сіңіре отырып,
олардың тұлғалық қасиеттерін арттыру
Міндеттері ·     Мектеп шаңырағы, ата-ана,
оқушы арасында диалог құру;

·     Өмірде кездесетін жағдаяттар
бойынша  кейс стади жасау;

Түрі кураторлық сабақ
Құндылықтарды

дарыту

•      Құрмет;

•      Ашықтық;

•      Қазақстандық патриотизм
және азаматтық жауапкершілік

  • Ынтымақтастық
  • Өмір бойы білім алу
Қолданылатын заттар Платформа MicrosoftTeams, бейнебаян, презентация,

Edpuzzle cайты

Қолданылған әдебиеттер 1.
Сабақтың

барысы

1.      Ұйымдастыру бөлімі;

2.      Негізгі бөлім;

3.      Рефлексия.

Сабақтың жүргізілу барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру бөлімі:

Сәлеметсіздер ме,
ата-аналар мен оқушылар?
Бүгінгі кураторлық сағатты
ұйымдастырудағы мақсатым:
мектеп, ата-ана, оқушылар
арасында диалогқа
негізделген активитилер
ұйымдастырып, оқушылардың
бойында мектеп құндылықтарын
қалыптастыру арқылы
табысты тұлға болуларына ықпал ету

 

https://www
.youtube.com/watch?v=t8BaqbW8eSM
Сабақтың ортасы

35 минут

 

 

 

 

 

 

 Ұйымдастыру кезеңі.

Куратор: Ата-ана мен мектеп арасында тәрбие бағытындағы байланыстар берік қалыптасқан жағдайда ғана сіздермен біз оқушыларды қоғам үшін, отбасысы үшін қызмет жасап, қоғамды жақсы жағына өзгертуге әсер ететін тұлға ретінде дамыта аламыз. Бүгінгі кураторлық сағатта біз 5 құндылық туралы ата-аналардың ойлары мен ақыл-кеңестерін тыңдап, оқушылардың пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап береміз,. Осы тақырыптағы бейнероликті көріп, пікірсайыс ұйымдастырамыз. Өмірде жиі кездесетін жағдаяттарды талқылап, шешу жолдарын қарастырамыз.

Куратор: Қазір барлығымыз осы бейнероликті көріп, онда қандай құндылық жайлы баяндалғанын анықтайық!

Ата-аналар және оқушылармен бейнероликті көру.   https://www.youtube.com/watch?v=t8BaqbW8eSM

Осы бейнероликті отбасы болып тамашалап, балалардың жүрегіне құндылық пен тәрбиені қалыптастыруда қандай әдісті қолданар едіңіз? Әр топтың жауаптары тыңдалады және ең жақсы жауап жұлдыз және лүпілмен белгіленеді.

Кейс стади:

Сынып оқушылары арасында қазақ тілі пәнінен кһбірек қиналатын оқушылар бар, сондай-ақ қазақ тілінде жақсы сөйлей алатын оқушылар да жеткілікті. Сынып ынтымақтастығын арттыра отырып, осы пәннен білім сапасын көтеру мүмкіндігі бар. Ынтымақстастықты арттыра түсу үшін қандай іс-шаралар қажет? Жоғарыдағы мәселені шешу жолдарын ұсынып көріңіздер.

Әр топ өздеріне берілген құндылық бойынша кейстті зерттеп, шешу жолдарын ұсынады.

1. Жағдайдың проблемалық  мазмұнын талдау.

2. Жағдайдың проблемалық шарттарын талдау.

3. Жағдайдың проблемалық нәтижесін талдау.

4. Шешу жолдарын ұсыну

Әр топ өз жауаптарын қорғайды.

Ал, енді ата-ана болып, топтық жұмысымызды бастайық. Берілген маңыздылық пирамидасына өз топтарыңызбен талқылай отырып, осы құндылықтарды орналастыруды ұсынамын.

Сіздердің ойларыңызша, дәл біздің сыныбымыздың балалары үшін ең алдымен дамыту керек деп санайтын құндылықтарыңызды маңздылығына қарай орналастырсаңыздар. (5 минут)

Әр топ өз жауаптарын түсіндіруіне 2 минут беріледі.

Топтық жұмысқа таратпа ресурс:

І. Өзіне және қоршаған ортаға деген құрмет: әлеуметтік бейімделу мен салауатты өмір салтын меңзейді. Өз мәдениеті мен тіліне деген құрметті ұстана отырып өзге мәдениеттердің тіліне, салт-дәстүрлеріне құрмет білдіреді.

ІІ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: жақсы қарым-қатынас орнату, ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру, сындарлы тіл табу, қоршаған ортамен байланыс орнатуда сыни тұрғыдан ойлану сынды қасиеттерді қамтиды.

ІІІ. Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік отансүйгіштік қасиетті қамтиды. Жауапкершілігі мол азаматтар адал, сындарлы, белсенді болады. Олар қоғамды дамыту, ұлтты қорғау, қоршаған ортаны сақтау үшін жауапкершілікті сезіне алады.

ІV. Ашықтық. Өз білгенімен бөлісу, ойын ашық білдіру, сыныппен қарым-қатынаста ашық болу, Жаһанданған заманда бәсекеге қабілетті бола білу.

V.Өмір бойы білім алу. Таным, талант, сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Ақыл-ой, дене бітімі мен қарым-қатынас, мінез-құлықты үнемі дамыту. Оқушылардың өз бетімен білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру. Жаңаны танып білуге қызығушылықты жоймау.

 

 

 

https://www.
youtube.com
/watch?v=t8BaqbW8eSM

 

Сабақтың соңы

10 минут

—          Балалар, мектеп сіздердің сапалы білім және саналы тәрбие алуларыңызға барлық оңтайлы жағдай жасауда. Ал, сіздердің парыздарыңыз — сол миссия мен құндылықтарды әрдайым естеріңде сақтап, мектебіміздің атын әрқашан асқақтатып, еліміздің болашақта дамуына үлес қосу.

 

Оқушылардың кері байланысы. Үшбұрышқа нені түсінді? Дөңгелекке құндылықтар бойынша өз ұстанымын, төртбұрышқа алдағы уақытта нені жасайтындығын жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 
Сабық бойынша рефлексия

1.  Сабақтың мақсаты дұрыс қойылған ба? Қатысушылардың
сабаққа қатысуында белсенділік байқалды ма? Жетпесе, неліктен?

2.  Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ  жоспарынан
қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз.
Өз сабағыңыз туралы берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Кураторлық сағат жоспар негізінде өткізілді. Барлық ата-аналар мен
оқушылар түгел қатысты. Көрсетілген бейнеролик барлық қатысушылардың
көңілінен шықты. Өз ойын айтуға тілек білдірген оқушылар және
ата-аналар көп болғандықтан, бұл активити белгіленген уақыттан
асып кетті. Ең жақсы жауаптарға жұлдызшалар мен лүпіл басу
нәтижесінде қатысушылар ынаталана түсті. Кейс стадиді шешуде
әр топтың қорғауы мұқият тыңдалып, қойылған сұрақтарға жауаптар
берілді. Шешу жолдары алуан түрлі, олардың барлығы да тиімді,
сол себепті алдағы уақытта бұл әдістер назарда болады.
Кураторлық сағаттың соңында  жалпы бүгінгі іс-шарадан
түсінгендері жайлы тағы бір активити ұйымдастырылды:
үшбұрышқа нені түсінді? Дөңгелекке құндылықтар
бойынша өз ұстанымын, төртбұрышқа алдағы уақытта
нені жасайтындығын толтырды. Сабақ барысында
уақыттық кезеңдерінде ауытқулар болды, бірақ жалпы
уақыт аралығы сақталды.

Жалпы баға

Сабақтың  жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да,
оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Бейнематериал арқылы құндылықтар жайлы болған миға шабуыл
мен өмірлік жағдаяттармен байланыстыра отырып берілген ақпарат
пен жаттығу ата-аналардың да, оқушылардың да қызығушылықтарын туғызды;

2: Кейс стадидің шешу жолдарын талқылау өте пайдалы болды.
Осы арқылы бірнеше құнды идеялар ұсынылды. Мысалы:
оқушыларға шефтік көмек ұйымдастыру, сабақтан тыс
уақыттағы тим билдингтер, бірге киноға бару,
рейтингтік тақта жасау т.б ұсыныстар болды.

Сабақты  жақсартуға не ықпал ете алады?

1: Ата-аналардың оқушылардан бөлек тимс
платформасында аккаунттары болса, жұмыс барысын
қолайлы етуге мүмкіндік аламыз.

2: Қатаң регламентті сақтау.

Сабақтың талдауы: 2021 жылдың 20 қаңтары күні 7L сынып оқушылары
мен ата-аналарының оқушылар бойындағы құндылықты арттыру арқылы
табысты тұлға қалыптастыруға бағытталған кураторлық сағат өткізілді.
Сабаққа барлығы 50 оқушы мен ата-аналары қатысты. Ұйымдастыру
бөлімінде оқушылармен және ата-аналары амандасып, оларға бүгінгі
өткізгелі тұрған сабақтың мақсаты мен міндеттері туралы қысқаша
айтып өттім. Оқушылар мен ата-аналарды тақырыпқа тереңдету
мақсатында бейнеролик арқылы миға шабуыл жасалып,
сұрақтар талқыланды. Онлайн тақташада жауаптар жазылып,
пікір алмасу болды. Ең құнды ойларды өзара бағалау
әдісімен ата-аналар мен оқушылар жұлдызша және лүпіл
қою арқылы бағалады. Негізгі бөлімде тақырыпты ашатын,
теориялық ақпараттар берілді. Осыдан соң, оқушылар мен
ата-аналарға кейс стади ұсынылды, жағдаятты шешу
жолдарын топта талқылап, өз ұсыныстарын беру сұралды.
Ата-аналар, оұушылар өз сыныбымызда кездесетін мәселенің
шешу жолдарын ұсыну арқылы оқушыларға ой тастады..
Ата-аналардың ойларын түсінген оқушылар осы жағдаятты
бірлесе шешетіндіктерін және алдағы уақытта сыныптың
білім сапасын көтеру үшін ынтыақтастықты арттыратындықтарын
айтты. Бұл біздің сабақтың басында қойған мақсаттардың
орындалғандығын айтуға болады. 

Шәкірбаева Әсемай Сазбергенқызы,
Шымкент қаласы Назарбаев Зияткерлік
мектебінің педагог-ұйымдастырушысы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ